Талаптарды түрге келтіру және талдау


Өзара тәуелсіз атрибуттар



бет2/2
Дата02.12.2022
өлшемі21,38 Kb.
#160902
түріСабақ
1   2
Байланысты:
11 lek
5-нұсқа оқу сауат жауапсыз
Өзара тәуелсіз атрибуттар. Бір немесе бірнеше атрибуттар өзара тәуелсіз атрибуттар деп аталады, егер олар басқа атрибуттардың бір де біреуінен тәуелсіз болса. Олар былай белгіленеді: А - - Б, Б - - А.
Атрибуттар арасындағы тәуелділікті табу. Атрибуттардың арасындағы тәуелділікті анықтау МҚ-ң дұрыс жобалануына көмектеседі. Қатынастарды құрғанда алдымен осы тәуелділікті табу керек.
Оқытушылар қатынасындағы атрибуттар арасындағы тәуелділікті қарастырайық. Мысал үшін 1 оқытушы 1 топта 1 сабақ түрін (лекция немесе практика) жүргізетін шарт орындалсын. Онда 1.5.а-суреттегі тәуелділікті аламыз.
ФИО – Жалақы
ФИО – Қызметі
ФИО – Стаж
ФИО – Стаж-қ
ФИО – Каф
Стаж – Стаж-қ
Қызметі – Жалақы
Жалақы – Қызметі
ФИО.Пән.Топ – Сабақ түрі
Бұл тәуелділіктер туралы келесі тұжырымдар шығады:
- оқытушылардың аты-жөні уникальды – кілттік. Әр оқытушыға стаж сәйкес келеді: ФИО – Стаж ФТ бар, ал керісінше ФТ жоқ, себебі, стаж ФИО-дан тәуелсіз, бірдей стаж әр түрлі оқытушыда болады.
- Әр оқытушы стажына байланысты қосымша алады: ФИО – Стаж-қ ФТ бар, ал кері ФТ жоқ, себебі бірдей қосымшаны басқа да оқытушылар алуы мүмкін.
- Әр оқытушы қызмет атқарады: ФИО – Қызметі ФТ бар, кері ФТ жоқ.
- Әр оқытушы тек қана бір кафедрада жұмыс істейді: ФИО – Каф ФТ бар, кері ФТ жоқ.
- Әрбір оқытушыға қызметі бірдейлігіне қарай жалақы сәйкестеледі: ФИО – Жалақы, Қызметі – Жалақы, Жалақы – Қызметі ФТ бар, себебі қызметі әртүрлі болса, жалақы ешқашан бірдей болмайды.
- Бір оқытушы 1 топта әртүрлі пәннен сабақтың әр түрін береді. Оқытушының қандай сабақ түрін жүргізетінін біле алмаймыз, егер оның пәні және тобы көрсетілмесе: ФИО, Пән, Топ – Сабақ түрі ФТ бар. Мысалы: Петрова 256 топта лекция да практика да жүргізеді, бірақ ол лекцияны Проектир. пәнінен, практиканы СУБД пәнінен жүргізеді.
Сонымен біз ФИО, Топ, Пән атрибуттары кілттік болғандықтан арасындағы ФТ-ті анықтадық. Сосын 1.4.-суреттегі қатынас пен 1.5.-суреттегі ФТ-ті толық сәйкестікке салыстыру қажет. Мысалы: Қызметі= «Оқытушы», Жалақы = «500» деген сәйкестік барлық картеждерде бірдей болуы керек, сонда Қызметі – Жалақы ФТ дұрыс болады. Осылайша барлық ФТ-терді салыстырып шығу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет