Тамақ өнімдерінің сапасы



Дата07.02.2022
өлшемі16,58 Kb.
#87658
Байланысты:
Тамақ өнімдерінің сапасы
reshebnik-volkenshteyn, Сож 7, тағамдық құндылық ТК-181, тағамдық құндылық ТК-181, 7-8 денгейлик Бакынов (2), 7-8 денгейлик Бакынов (2), 2 СӨЖ тақырыбы тілдік білім, Квалиметрия-Силлабус 21-22 каз весений сем, диктанттар, 111 032454, жауап парак емтихан

Тамақ өнімдерінің сапасы

1 Тағам өнімдерінің сапасына қатысты негізгі түсініктемелер
2 Тағам өнімдерінің сапасын бағалау

Сапа аумағындағы негізгі түсініктер: өнім, өнім сапасы, өнім қасиеті, өнімнің сапа көрсеткіштері, сапа деңгейі.


Өнім – белгілі бір қажететтілктерді қанағаттандыруға бағытталған халық шаруашылығы әрекетінің заттық нәтижесі.
Өнім түрлеріне бұйым және өнімдер жатады.Бұйымға машина, құрал-жабдықтар, тігу құралдары және т.б жатады. Өнімдерге шикізат, мысалы, жанармай, астық түйірлері,көкөністер, тірі мал және т.б. жатады.
Өнім қасиеті – бұл оның тұтынуда, жасау кезінде көрінетін объективті ерекшелігі. Өнім қасиеті қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Өнімнің қарапайым қасиетіне массасы, сыйымдылығы, жылдамдығы жатады.
Өнім сапасы – мақсатына сәйкес белгілі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оның жарамдылығын негіздейтін өнімнің қасиетінің жиынтығы. Еліміздің экономикалық дамуының негізгі мәселесі- өнім сапасын жақсарту мәселесін шешу, отандық өндірістің өнімдерінің саны мен ассортименттері көлемін жоғарылату, импортталатын шикізатпен дайын өнім сапасын,өндірістің экологияға әсерін бақылау және т.б. Тағам өндірісі приборлы парк дамуын және аналитикалық өлшеу ақпаратын алу, қолдану және көрсетуде қажетті метрологиялық тәртіптің болуын қажет етеді.
Метрологиялық көзқарас тұрғысынан салар арасында айырмашылққа қарағанда, көп ұқсастық барлығын көруге болады. Осыған сай, көптеген мемлекеттік және салалық стандарттарда өлшеудің бірдей әдістері ұсынылған.Өлшеу бірлігінің стандартталған анықтамасы 5 құрылымдық элементтерден-талаптардан тұрады:
1) физикалық өлем анқыталған болуы керек;
2) өлшеу бірлігі жүйелік болуы керек (бірдей);
3) бірлік өлшемі көрсетілген және заңдастырылған болуы керек;
4) нәтиженің ауытқу қателігі белгілі болуы керек;
5) қателіктің рұқсат етілген шекралары бектілген болуы керек;
Базалық көрсеткіш – бұл өнімнің сапасын салыстырмалы бағалау көрсеткіші. Білім мақсатынан тәуелсіз, сапа базасына мыналарды қолдануға болады:

  • Сапа көрсеткіші, нормативті құжаттарда өнім сапасы көрсетілу (нақты сапа);

  • Перспективті түрде сапа көрсеткіші, теориялық немесе тәжірибе жолымен көретілген;

  • Зарубеж аналогының сапа көрсеткіші;

  • Сапа көрсеткіші, алдыңғы кезеңде жеткен жетістіктер.

Қатыстық көрсеткіш – бұл қатынас сапалық өнімге баға беретін базалық мәндегі көрсеткіш, ешқандай өлшем бірліксіз немесе процентсіз. Өнім сапасының қатыстық көрсеткіші, базалық көрсеткішпен салыстыруға негізделген, сапаның дәрежесін анықтайды.
Қаныққан көрсеткіш – өлшемсіз көрсеткіш, сапаның барлық бірлігіндегі сипатталатын қасиеттерің есебі. Көрсеткіш сапа квалиметриялық нәтижесімен анықталады.
2 Тағам өнімдерінің сапасын бағалау
Өнім сапасын бағалау кез –келген басқару жүйесіндегі міндетті элемент болып табылады. Жалпы олар келесі этаптан тұрады:

  • номенклатура таңдау көрсеткіші және оның қажеттілігі мен жеткіліктігін негіздеу;

  • сапа көрсеткішін таңдау және шығару әдістерін анықтау мәні;

  • бағаланатын өнімнің алғашқы сапалық көрсеткіші базалық мәндегі көрсеткішпен анықталатын факт;

  • сапа дәрежесін анықтайтын әдіс таңдау. Өнім сапасының көрсеткіші.

ГОСТ 22851 -77 талаптарына сай, өнімде сипатталатын қасиеттерді келесі топтарға біріктіруге болады:

  • көрсеткіш белгілері;

  • шикізатты, материалдарды, энергияны пайдаланудың экономикалық көрсеткіші;

  • сенімділік көрсеткіштері (жауаптылық, көпке шыдамдылық, жөндеуге келетіндік, сақтау ұзақтығы);

  • эргонимикалық көрсеткіштер;

  • эстетикалық көрсеткіштер;

  • технолгиялық көрсеткіштік;

  • экологиялық көрсеткіштер;

  • қауіпсіздік көрсеткіштері.

Көрсеткіш белгілері өнімнің толығымен қолданылуымен сипатталады. Бұл топқа классификациялық, функциялық, құрам және құрылыс көрсеткіштері кіреді.
Классификациялық көрсеткіштер өнім әр түрлі атауына тәуелді болуы мүмкін. Мысалы, шұжық сырттарын органалептикалық көрсеткіштеріне байланысты анықтайды, ішектің кесілген көлемі, ауа қысымы түскендегі шыдамдылығы т.б.
Фукнциялық көрсеткіштер қажеттілікті қамтамасыз ететін қабілетпен сипатталады. Тағамдық өнімдерге бұл – адам ағзасын пайдалы заттармен қамтамасыз ету. Осы жерде фукнциялық көрсеткіштегі топтарға энергетикалық құндылықтағы өнімді, сіңімділік коэффицентін, азот сіңіргіштік коэффицентін, ақуыздың сапалық көрсеткішін және т.б. жатқызуға болады.
Көрсеткіштің құрамы мен құрылымы өнімнің химиялық құрамы, сонымен бірге макро – және микроэлементтер, дәрумеендер және т.б.
Әр бір көрсеткіш өзінің қызметі мен ерекшелігімен ерекшеленетіні өз атауларынан байқауға болады.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Өнім»терминіне анықтама беріңіз.

  2. Өнім қасиетін қалай түсінесіз?

  3. «Өнім сапасы» түсінігіне анықтама беріңіз?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет