Тандамалы


Әңгімені жүргізген Рақымжан ӨТЕГЕНОВ



бет17/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы
Gurenge - E Minor - MN0233612
Әңгімені жүргізген Рақымжан ӨТЕГЕНОВ.
АЛЫП АҒА
Бір күні Жұмакеңді (Саинды) іздеп Жазушылар одағына бардым. Ол кезде Одак Пролетар көшесіндегі 11-үйде болатын. “Жұмакең Сэбеңце отыр” деді біреу. Сәбеңнің кабинетіне кіруге бата алмадым, Жұмакең: “қазірде Сәбең бар жазушының бастығы” деген. “Ол кісіге тек жазушылар ғана кіре алатын шығар” деп ойлап, Жұмакеңнің шығуын күтіп, шағын кабылдау бөлмедегі екі-үш орындықтың біріне отырдым. Өмірі көрмеген Сәбеңді көз алдыма елестетпек боламын. Кітаптарынан, оку кұралдарынан соғыстан бұрын көрген суреттеріндегі бейнесін есіме сақтай алмаппын. Өзім оқыған “Адасқандар”, “Жұмбак жалау” оқиғаларын да елден кеткен алты-жеті дауылды жылдар есімнен ескіртіп, көмескілеп жіберген сияқты. “Сөз - Советтік Армиясы” эр кезде кайталап жүргендіктен, ойыма орнығаұялып қалыпты. Дегенмен Сэбең көз алдыма алып адам боп елестейді. Сөйтіп отырғанымда:




-Сіз кімді күтіпотырсыз?-деді қабылдау бөлмеде машинка басып отырған ақсары өйел.

  • Сайынды, - дедім оның аумакты көзіне тура карап.

  • Онда кірмейсіз бе, Сайын мұнда,- деп кабинет есігін нұскады.

  • Қолайсыз болар, күтемін ғой, - дей бергенімде, есік ашылып Жұмакең шыкты. Орнымнан тұрып, куанып кетіп, оны құшақтай алдым. Ол да көңілденіп кетті де:

  • Эва Владимировна, бұл - партизан. Мұны бастыкка таныстырайын, - деп, мені ертіп кабинетке кайта кірді.

  • Сэбе, элгінде айтқан партизан, міне, сізге сәлем берсін деп ертіп экелдім, - деді Жұмакең.

  • Дұрыс. Амансың ба? Келін, бала-шаға тегіс аман ба, - деп Сәбең мені бұрыннан білетіндей амандасып, екеумізге “отырыңдар” дегендей иегімен қаз-катар тізіліп тұрған орындықтарды нұсқады. Біз отырдық. Жұмакең еркін отыр. Мен болсам қолайсызданып, көбінде өзім үйренген Жұмакеңе қарай берем. Сэбең амандықтан кейін біраз жөн сұрады. Кысқа жауап беріп отырмын.

  • Сәбе, бұл сіздің біраз өлендеріңізді жатқа біледі. Сонау Киев қаласында алғашкы рет кездескенімізде ел-жұртты, ана тілін сағынған болуы керек: “Сөз - халыктың қымбаттан кымбат кені, Жүректің шахтасынан халық оны...” - деп, тіпті соғысқа шығар алдында мұның тілін карулас достары түсінбесе де:

Отанды фашизмнен тынбай қорып,
Қайтарып жаудың бетін жасап жорық... ”
деп, сіздің өлеңіңізді ұран кылып аттанатын көрінеді, - деп соқты Жұмакең. Мен қысылып отырмын.

  • Дұрыс. Онда өзі дұрыс екен, - деп, Сәбең бүкіл алып денесімен маған бұрылып жымиып күліп, көңілденіп кетті. Ол мені жартылай әскери киімдеріме ойлы көзімен қарайды. Ортадан жоғарылау бойы бар, алып денелі адам екен. Барлык дене мүшелері біріне-бірі сай, сомдап кұйып койғандай. Үлкен басы, етті де дөңгелек жүзі, аумақты да ойлы кара көзі, қалың ерні үстіндегі кара мұрты, жуан да қайратты білектері, добалдай жуан саусақтары каукар-кайраты мол адамды танытқандай. Әркашанда ой кешіп отыратын адам сиякты. Тіпті біреудің сөзін тыңдап отырып, басқа ойда отыр ма деп де калдым.

Сол күні Сәбеңнің алдынан Жұмакең екеуміз көңіліміз көтеріңкі шықтык. Жұмакенді үйіне дейін апарып, үйге кайттым. Асыл үйге қызметтен келіпті.


  • Асыл, ойбай, айтпа, керемет болды, - дедім есіктен кіре.

  • Е, не болды?

  • Ойбай, Сәбеңнің өзін көрдім.

  • Кімді?

  • Сәбит Мұканов ағаны көрдім. Сөйлестім. Амандастым. Кабинетінде болдым. “Келін аман ба?” деп сені де, “Бала аман ба” деп, анау Лэззатымды да сұрады.

  • Сәбенді сырттан көруін көрген шығарсың. Ал амандасып, сөйлескен, мені, Лэззатты сұраған жерін бөсіп кетіп, өзің жай соғыптұрғаншығарсың-дейді Асыл.Қалайкездескеніміздіоған түсіндіріп айтып едім, сенгендей болды. Онан кейін сөз кезегі Асылға тиді. Ол Сэбеңнің сол кезде шыккан шығармаларын түгел оқыған екен. Әр шығармасының оқиғасын, оның басты кейіпкерлерін өзі көріп сөйлескендей неше күн маған аңыз қылып айтты. Мен тындай бердім, тыңдай бердім. Асыл Абай ата әндерінің, нақыл сөздерінің көбін жатка білетін болып шықты.

  • Сен мұның барлығын қайдан біліп жүрсің? - деймін.

  • Сен хабарсыз кетіп, жалғыз зарығып-жабығып жүргенде, менің сенімді серігім Абай ата мен Сәбеңнің шығармалары болды. Солардан нэр алып, солардан демеу көріп, күн кештім,- деп, ол өксіп-өксіп жылады. Мен оны аяп кеттім. Абай ата болсын-болмасын жок кой, ал Сэбеңді эр сэті түскенде көріп, сәлем беріп бас иіп жүрдім. Ол кісі де көпшіл, шын мөніндегі халык адамы еді. Өзі бірінші көріп тұрған адамын да іш тарта жылы амандасатын. Өзін халыкка жақын ұстайтын. Саин Жүмағали ағамыз таныстырған акын-жазушылардыц ішіндегі жасы үлкені, шоктығы биігі Сэбең ағаға да бауыр басып кеттім. Ол эрқашан өзінің ерекше, тамағынан қарлығып шығатын дауысымен: “Әй, партизан амансың ба?” деп бастап, үй- іші, отбасының денсаулығын түгел сұрап шығатын. Бертін келе ол кісіге етім үйреніп, оң қолымды шекеме апарып: “Жолдас маршал” деп алдына кейде тұра калсам, мэз болып күліп: “осының өзі дүрыс” деп, жанындағы Мәриям апайға карайтын. Кейін бұл кісімен кей жерлерде қонақта бірге болып, тіпті табақтас болып, қолынан ет те асадым. Ол кісінің ет асататынына тап болу оңай емес еді. Ет асататын адамның атын атап, жанына шақыратын. Жанына барған соң, алақанына салған майлы, қара кесегі аралас ет дәрменді жігіттерге онша көп көрінбейтін. “Аса” деп аузыңа еті бар қолын жақындатқанда желкеңнен екінші бос колымен өзіне қарай тартып асатып кеп,




алаканындағы етті жуан бармағы аузыңа күреп жібергенде, тұншығып кете жаздайсың. Ол кісінің қолынан етті эркім асай алмайтын. Бөліп асап әзер кұтылатын. Сэбең ет жеп отырып, ет асатпаған кезі есімде жок.
Бас кессе, ол бастың кеңсірігіне кұмар еді. Кеңсірігін алып, барбиған саусақтарымен шеміршектерінен тазартып, түгел жейтін.
Бір жылы жол түсіп, мені еліне ертіп барды. Ол кісіні ресми адамдардан гөрі ел адамдары карсы алып жүрді. Сол барған жолы қонақүй болмады ма, элде Сәбеңнің қалауы солай болды ма, бізді облыстық атқару комитетінің бір үлкен бөлмесіне түсірді. Екі төсек арасына аумақты жазу столы койылған. Бұл Петропавл каласында орыс-казағы бар, Сәбеңді білмейтін адам жок па деп қалдым. Түскен күннен бастап Сәбенді кезектесіп қонаққа шақыру басталды. Барлығы да - Сэбеңнің замандастары, жолдастары, құрметтейтін інілері. Жатқан жерімізде де күндіз кеңсе кызметкерлеріне арналған шағын асхана бар екен. Бірак Сәбең оған бармайды. Күніне үш рет қонакка бару оңайға соқпады. Бірақ Сэбең шаршамайды. Барған жерде ол кісі үй иесімен ас үстінде ұзак эңгімеге кіріседі. Біраз тындап отырамын. Әңгіме өткен өмір, бастан кешкен оқиғалар. Кейбір үй иелері болған окиғаның ай-күніне дейін, оған қатысқан адамдардың аты-жөніне дейін айтады. “Сәбең жазғалы жүрген шығармасына материал жинап жүр екен ғой” деп ойлаймын. Бірак эңгіме үстінде еш нәрсе жазып алмайды. Тек мұкият тындап отырады. Сөз арасында оның әңгімелесіп отырған адамына сұраулары да көп. Бірақ көбінде тыңдап, ой үстінде отырады. Ешбір эңгіме үшығын жазып алмай отырған соң, “бұл кісі басынан кешірген оқиғасын қайта есіне түсіріп, ойын пысықтап алып отыр екен” деген ойға келемін. Көп уақыттан кейін жалығамын. Оны Сәбең байқайды-ау деймін:
- Ал біз қайтайық, ертең маған келіп кет, - деп үй иесімен қоштасады. Жататын жерге келген соң, үйықтап қаламын. Кейде түннің бір жерінде оянып кетемін. Сэбең үстел басында жазу жазып отырады. Ояу жатканымды білдірмей, оған қарап жатамын. Қалың ерні жыбырлап, өз-өзімен сөйлеп отырып жазады. Кейде оңнан солға қарай жазады, демек арабша жазып отыр, кейде солдан оңға қарай жазады. Әр сөзді жазған сайын қолын жоғары окыс көтеріп отырады. Олай жазу жазған адамды көрген емеспін. Осылай Сэбеңнің жазу жазғанын тамашалап жатып, үйықтап кетемін. Ол кез де өзім ешнәрсе жазбаймын.




Сәбең еңбекқор адам екен, қолы босап кетсе, жазу үстінде көресің. Жаза береді, жаза береді.
Кейде екеуміз отырғанда менен партизан соғысы жайлы әнгіме айтуымды қалайды. Мен ол кісіге әбден үйреніп алғамын, корғанбаймын, әңгіме айтамын. Бұл кісі Тәкең (Жароков), Қасекең (Аманжолов), Жұмакең (Саин) сияқты эңгіме өрісіне карай өзгеріп, дүрлігіп отырмайды, жай отырып тыңдайды. Енді менің эңгімемді тыңдауды өзінің күнделікті жұмыс графигіне енгізіп алған сияқты сезіндім. Ол кісі қағазын жинап, креслосына жайланып отырып, маған қараса болды, мен эңгіме бастаймын. Ол кісіге келетін адамдар әңгімелесуге ғана келеді. Ресми адамдарды жанында көп үстамайды. Олар да Сәбеңе кедергі жасамайық дей ме, келіп сәлемдесіп, рұксат сұрап кетіп калады.
Сол жолы Сэбит аға туған жерінен қомақты колжазба алып қайтты. “Өмір мектебінің” оқиғалары шығар.
Бір жылы катты наукастанып, көзімнен басыр болып қалдым. Алматы дәрігерлері Одессадағы Филатов атындағы экспериментальды көз аурулары институтына баруга ақыл берді. Жолға әзірлендім. Москва аркылы поезбен жүретін болдым. Көңіл-күйім нашар. Қоштасып кетейін деп, Жұмакең үйіне бардым. Тәкең (Жароков) сонда отыр екен.

  • Е, Қасым, кел, “кімді айтсаң сол келеді деген” - деп, Жұмакең қарсы алды. Бірақ екеуі де бұрынғьщай емес, көңілсіз. Біріне-бірі қарай береді. Мен жол жүретінімді айттым. “Бар, жолың болсын. Әлі жассың. Жазылып, сауығып кетесің. Уайымдама, онан пайда жоқ” десіп жатыр екеуі. Екеуі қоштасып тұрып:

  • Москвада Сәбең жатыр. “Москва” қонақүйінен табасың. Ол кісіге сэлемдесіп, жолығып кет, ұмытпа, - деп қатарласа сөйлеп, шығарып салды.

Москваға келген соң, Сәбең жатқан конақүйге бардым. Нөміріне есік қағып кірсем, ол кісі әдеттегісінше үстел басында жазу жазып отыр екен. Сэлем бердім. Сәбең орнынан тұрып:

  • Е, қашан келдің, - деп амандасты.

  • Осы бүгінгі поездан түстім. Жүмакең мен Тәкең сіз осында деген соң, сәлем берейін деп келдім.

  • Е, олар аман ба? Өзінің әдеті бойынша көп амандықгарды сүрай бастады да, маған ойлы карап, кідіріп калды.

  • Сәбе, көзімнен ауырып қалдым, дәрігерлер жақсы атамайды, - дедім.




  • Дұрыс, анада Жұмағали айтып еді. - “Дұрыс” деп менің ауырғанымды мақұлдағаны емес, ол кісінің сөз басы - бісміллөсі “дұрыс” деген сөз болатын. - Осындағы Г элмгольс институтына келдің бе?

  • Жоқ. Одессадағы академик Филатовтың институтына бар,

  • деді дәрігерлер.

  • Ия, ол академикті дүние жүзі білетін адам, ол да жөн екен. Билет алдың ба, қаражатың бар ма еді?

  • Билет аламын ғой. Қаражатым бар, - дедім.

  • Онда төменге түсіп ертеңге, не арғы күнге билет алайық,

  • деп, Сәбең киіне бастады.

  • Мен өзім аламын ғой, Сәбе, - деп қолайсызданып қалдым.

  • Саған бермеуі мүмкін, - деп, мені ертіп қонақүйдің бірінші қабатындағы кассаға барды. Билетті ақшасын төлеп өзі алды да:

  • Арғы күнге алдым. Оған дейін менімен бірге бол,

  • деп, қайта нөміріне алып келді. Ол кісіге екі күн тағы еріп жүрдім. Екі күнде екі-үш жер қонақка шақырды. Сәбең мені тастамай ертіп жүрді. Үй иелері жас жағынан Сәбеңнен үлкен адамдар. Москвалықтар. Олардың әңгімелері әр түрлі авторлардың шығармалары жайында. Ол шығармаларды өзім оқымаған соң, маған әңгімелері түсініксіз. Әңгіме кейде ұзаққа созылады. Мен екінші бөлмедегі дивандарына барып, ұйықтап қаламын. Мен ұйықтасам, қатты ұйықтаймын. Мені ояту қиын. Үйқымның қаттылығынан Сәбең алдында үятқа да қалып жүрдім. Бір күні Сәбеңнің бір досының үйінде ұйықтап қалып, қонақүйге қайтуға машина шақырып қойған Сәбең мені оята алмаған соң:

  • Ей, қалай партизан болғансың,- деп мені көтеріп алып бара жатқанда, оянып кеттім. Бұл қолайсыз әдетімнен жау тылында жүргенде жолдастарым да талай азап шеккен.

  • “Поезға шығар уақыт жақындағанда келемін, мен келмей кетпе” деген Сэбенді күтіп отырдым. Сәбең келді.

  • Жолыңа керек болар, - деп маған ақша берді. Қанша бергені есімде жоқ.

  • Рахмет, Сэбе, ақшам бар еді, сіз онсыз да мені...

  • Сен Киевте бір-екі күн тоқта. Ковпакқа кір. Жайынды айт. Бүкіл Украина оны сыйлайды ғой. Филатовтың қабылдауына да көмегі тиер. Мен осында элі он бес күндей боламын. Осы уақыт ішінде ол жақтан кайтып орала қалсаң, маған соқ, - деп мені ем сапарына шығарып салды. Кейіннен ойласам, Жүмағали, Тайыр




ағалардың “Москвадағы Сэбеңе жолық”, ал Сәбит ағаның “Ковпакқа жолық” дегендері бір ағалық қамқорлық ниеттері- нен айтқандары екен. Сол жолы мені қасына алып, суретке түскен еді Сәбең. Сол сурет осы эңгімелерді есіме түсіріп, Алып ағаны зор құрметпен бүл күнде атын атап отырмын.
¥ЛЫ АҚЫННЫҢ ЖЕРІНДЕ
1964 жылы Украинада Тарас Григорьевич Шевченконың 150 жылдығы тойланатын болды. Сол салтанатты тойға Әбекеңе (Тәжібаев), Тэкеңе (Жароков) еріп мен де баратын болдым. Украинаға барудың сәті түскен соң, қуанып кеттім. Тойға қатысып, партизан достарды аралап қайтуға Асыл екеуміз жолға эзірлендік те, делегация мүшелерінен төрт-бес күн бұрын жол жүріп кеттік. Киевтегі партизан жолдастарды аралап жүргенімізде, Әбекең Сара апаймен, Тәкең бір өзі ғана келді. Украин ССР Жоғарғы Советі Президиумының мэжіліс залында өтетін СССР Жазушылар одағы мен Украин ССР Жазушылар одақтарының бірлескен салтанатты пленумы ашылады екен. Бүкіл қала транспарант-плакат, жалаулармен безендірілген. Радио тораптары Шевченконың ұлағатты өсиет өлеңдерін, оның өлендеріне жазылған әндерін шартарапқа жеткізіп тұр. Әредікте салтанатты тойға эр елден, эр одактас республикадан келген құрметті қонақтардың аты-жөндерін хабарлайды. Одактас республикадан басқа елу-алпыс шет мемлекеттерден, социалистік елдерден әдебиет-мәдениет қайраткерлерінің келгенін радиодан естіп білдік. Киев каласындағы ең сәулетті жиырма бір қабатты “Москва” қонак үйіне түскенбіз. Тэкең өз нөмірінен телефон соғып, мені шақырды. Барсам көңілді отыр екен. Сэлем бердім. Амандасып болған соң:

  • Бүгін екеуміз атқаратын жұмыс бар, - деп маған қулана қарап қойды. Мен айтыңыз дегендей, ол кісіге қарап отырмын.

  • Бүгін салтанатты жиында Тәкең туралы сөзді Әбділда сөйлейтін болды, — деп бір кідірді. “Бұл кісі туралы Әбекең мұнда неге сөз сөйлейді” деп түсінбей отырғанымда, тағы маған басын бір жағына қисайта қарап мырс етіп күлді:

  • Тәкең деп мен өзімді айтып отырғаным жок. Анау, ананың өзін айтып отырмын, - деді тағы. Мен элі де түсінбеген кейіп білдірдім.

  • Үлкен Тәкеңді айтып отырмын. - Сөйтсем Тарас атамызды “Тәке” деп куланып отыр екен.






  • Ал екеуміз шамамыз келмесе, Федор Моргун үшеуміз Әбділданың сөзінен кейін Украин еліне деп мәжіліс Президиумына кілем тапсырамыз, тапсырғанда былай дүрыстап, орауын жазып, кілемге салған Тарас Григорьевичтің бейнесін бүкіл залға көрсетуіміз керек, - деп, енді түсіндің бе дегендей, дауысын көтере айтты.

Салтанатты мәжіліс залында отырмыз. Залдың төріне Тарас Григорьевич Шевченконың үлкен портреті ілінген. Мұнда да жүрт аузында - үлы ақынның есімі. Міне, Президиумға карай партия, үкімет, қалам қайраткерлерін үзын бойлы, ашаң, шашына ақ дендеп кірген, бір жетідей сақал-мүртына ұстара тимеген адам бастап келеді. Тэкеңнің айтуы бойынша, бүп Одақтың юбилей комиссиясының председателі Константин Федин. Оның соңында шашы аппақ, төртбақ, орта бойлы, мығым денелі Николай Тихоновты, шагын денелі Александр Корнейчукті, зор денелі, көзілдірік киген Микола Бажанды, орта бойлы, келбетті Олесь Гончарды өзім танып отырмын. Бүкіл залдағылар орнынан түрып, ұзақ қол соғып құрметтеді. Ол Президиум мүшелері арқылы ұлы ақынға деген шексіз қүрмет белгісі еді. Константин Федин Президиум мүшелерін бастап келген бойы тебірене сөйлеп кетті де, сөз соңында екі Одақтың Т. Г. Шевченконың 150 жыддығына арналған салтанатты пленумын ашты. Сөз кезегі Әбекеңе де тиді. Ол кісі мазмүнды да мағыналы сөзінің аяғында үлы ақынның “Өсиет” деген өлеңінің өз аудармасын оқып берді де:

  • Біздің қазақ халқының дәстүрі бойынша, ақын тойына тартуымызды қабыл алыңыздар, - деп Президиумға бүрылды. Кілем үлкен еді. Тәкең, Федор Моргун үшеуміз Президиум қатарында мінбеге жайып жібергенімізде, бүкіл залдағы қонақтар орындарынан түрып қол соғып, тарту иесі - қазак халқына ризашьшық білдірді. Украинаның қарт ақыны Микола Бажан кілемді қабылдап, алғыс сөз сөйлеп, Әбекеңді ізбасар інісіндей қүшақтап, бетінен сүйді. Сол кілем тапсыру кезіндегі фотосурет менің архивімде сақтаулы.

Бұл сапарда Тәкеңе үзағырақ еріп жүрудің сәті түсті. Шевченко тойының қонақтарын Канев қаласы мен ұлы ақын туған Марица селосына апаратын болды. Киевтен Каневке Днепр өзенімен кемелермен жүрмекпіз. Жол жүруге жинала бастадьщ. Киев айлағына келдік. Бес бірдей көрікті кеме сап түзеп тізіліп түр. Кеме аттары да “Максим Горький”, “Иваы Франко” сияқты кемеңгер жазушылардың есімдерімен аталған.


Жагада конактарды шығарып салушылар мен қолдарына рүл шоқтарын ұстаған пионерлерге сан жетпейді. Пионерлер үсынған гүлдерімен конақтар кеме палубаларына шыққанда, эр кеме гүл тиелген керуенге ұксап кетті. Жайлы каюталарға орналаскан конактар қайта палубаға шықты. Кемелер бірінен сон бірі өзен бойымен төмен қарай, су ағысымен жылжып келеді. Бұл тұстағы Днепр бойы - Асыл екеуімізге бұрыннан таныс. Әбекең мен Тәкең Днепрдің оң жақ биіктігіне орналасқан Киев каласынан көз алмай карайды. Судың екі жағы - орман-тоғай. Екеуіне ұлы өзеннің екі жағына орналасқан елді мекендердің атын атап, соғыс кезінде ол селолар үшін шайқастар болғанын, жергілікті пратизандар жайлы эңгіме айтамын. Әсіресе Тәкең осы элем табиғатты өз колымен жасағандай, осы алып өзенді о баста өзі ағызғандай күйде есіп түр. Сол күні кемелер түннің бір уақытында токтады. Таң ата палубага шықсам, Тәкең түр.

  • Әй, Қасым, біз Каневке элі жеткеміз жок па? Қайда тұрмыз, білгіш болсаң, айтшы? - дейді Тәкең. Сол кезде жанымызға Әбекең де келді.

  • Біз Григоревка мен Вучак селосының аралығында тұрмыз. Канев дегенің эне тұр, жақын. Тегі біздерді кемелерге түнетіп, таңертең апаратын болар. Әйтпесе осыншама конакты шағын калада кайда орналастырмак. Ал мына Григоревка - тарихи село. 1943 жылы ¥лы Отан соғысы тарихында даңқты Букрин плацдармы осы селодан басталған. Сол жылы қыркүйек айының 21 -нен 22-сі күніне қараған түнде осы селоны тұңғыш Совет Армиясы командованиесі партизан құрамасынан көмек сұрағанда, мен өз отрядыммен фашистерден азат етіп, Армиямыздың негізгі күші осы судан өткенше ұстап тұрып едім. Бұл селода Григорий, Сильвитр Горовенколар, Иван Ломако, Константин Спижевой сияқты батыр партизан достарым да тұрады. Олар менің қазір дэл осы арада тұрға- нымды білмейді ғой, білсе, барлығы да келіп көрісіп, бір жасап калар едік, - дедім.

Таңертеңгісағатсегіздердекемелер басынКаневпристанына тіреді. Палубада тұрмыз. Канев қаласы орналасқан биік жағаға тегіс гүл егіп қойған сияқты. Гүл шоқтарын ұстап тұрған пионерлерден, ұлт киімдерін киген жастардан көз тұнады.
Қонақтар жағага түсіп, қарсы алушылармен араласып кетті. Тарас Григорьевичтің ескерткішіне көтерілді. Өзінің тірі кезінде айтып кеткен өсиеті бойынша, Днепрдің биік жағасына, күн шығысқа каратып орнатқан аскақ ескерткіш. Түбінде, екі




қабат үйде музейі де бар екен. Қонақтар аралап көрді. Ескерткіш басында салтанатты митинг өтті. Сөз сөйлеп, ақындар ұлы акынға арналған өлендерін окыды. Тэкеңнің өлең окыганын бұрын да талай естігенмін. Өлең оқу кезінде ол өзгеріп кететін. Ол бұл жолы онан да өзгеріп кетті. Ол Тарас бейнесіне ең алдымен жалт етіп бір қарады. “Мен - шығыстың ұлымын. Алыс шығыстан өзіңізге бас игелі келіп тұрмын” дегендей, онан соң шығысқа карады. Өзіне тэн салтанатты аскак үнмен өлеңін оки жөнелді. Сонан соң Канев қаласының орталык алаңына келдік. Алаңға жаппай гүл егіп койған сияқты. Алаңға карап тұрмыз, бір адам көрінбейді. Сөйтсек ұлт киімдерін киген екі жарым мың оркестр тізелерін бүгіп, шалкалап отыр екен. Қонақтар келіп болған соң, орындарынан тұрып бірден энге басты. Асқак эн мен Тарас сөздері барлыгымызды баурап экетті. Бүкіл кала, тіпті эр үй, эр ағашы хорға косылып үн қатып тұрғандай сезінесің. Әбекең таяғына сүйеніп ұйып тыңдап тұр. Ал Тәкең болса осы алып оркестрді өзі ұйымдастырып, өзі баскарып тұрғандай, шалқыған шабытты әсер кешуде. Әлден уақытта эн-күй толкыны басылды. Канев тұрғындарымен қоштасып, конақтар көліктеріне карай беттеді. Жүздеген жеңіл машиналар тізіліп түр. Бұлар конактарды Тарас Григорьевичтің туған жері

  • Марица селосына апармақ. Жолда ұлы ақын жерлестерінің орман ішіне жайылған дастарканынан дэм татып, жолға шықтык.

Марица селосында ұлы ақын шыр етіп жерге түскен жеріне шағын ескерткіш орнатылыпты. Өзінің есімімен аталатын совхоз орталығы - қатарлас тұрған селода ұлы ақынның музей үйі бар екен. Музей үй болғанда, Тарас Григорьевич қол бала болып тұрып окыған дьяктың үйі - экспонат ретінде сыртынан шыныдан салынған үй ішінде қалыпты. Шевченко оқыған кездегі эр түрлі үй мүліктері, оның ішінде ұлы акын бала кезінде су тасыған ағаш шелек босағада тұр. Совхоз орталығындағы клубта салтанатты жиын үстінде Шевченко атындағы Мемлекеттік сыйлык белгіленгенін хабарлады. Бірінші сыйлык Хрущевқа берілгенін, оны өзі келе алмағандықтан, сол кездегі Украина Орталык Партия Комитетінің секретары болып істейтін оның туған кызына тапсырды. Әрине сол кездің өзінде Хрущевка бұл сыйлықтың не үшін берілгені түсініксіз еді. Бірақ болған окиға

  • дэл осылай.

Совхоз қонақтарды село шетіндегі орманда қабылдады. Сол орман ішінде ұлы акынның өлеңіндегі “Үш емен” ел




камкорлығына алыныпты. Мұндай жуан ағашты өзімнің туған орманды Алтай сілемінен, соғыс кезінде жаяу кезген Карпат тауларынан да кездестірген емеспін. Әлде кездестірсем де, байкамадым ба? Әйтеуір жуан, жуан болғанда кол ұстасып кұшактаса, біраз адамның құшағы жетпес еді. ¥лы акынның туған жері тарихының қаншама ғасырлар бойғы куәсіндей, мызғымай үш алып емен тұр. Емендерді көрген адам - ұлы акынды, ұлы ақынның өлендерін оқыған адам осы үш алып еменді есіне алады.
Сол қабылдауда ұлы украин халқының аскан данышпан перзентіне өлендер оқылды, сөздер сөйленді. Осы лебіздер Тарас Григорьевич Шевченконы Совет елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі әдебиетінің классигі екенін бар әлемге паш еткендей болды.


АҒАЛАР ТУРАЛЫ АҢЫЗ

  • Ә, партизан, амансың ба? - деп, менімен қол алысып, менің өне бойыма зер сала қарады ол кісі. Бұл Жоғарғы Совет Президиумының іс басқарушысы Әскей Байділдин деген ағай екен. Мені шағын кабинетке алып келді де:

  • Әлеке, міне партизаныңыз, - деді мені жер астынан тауып алғандай. Кабинет иесі отырған бойы маған еті кашқан аппак колын ұсынды. Мен оны ауыртып алмайын дегендей, жай ұстап сәлемдескендей болдым. Жасы біразға келген, кысқалау, тегістеп қиған сүттей ақ шашының элі де кайраты қашпаған сияқты, тікірейіп тұр. Өңі қазақтан гөрі татар, не башқұртқа ұқсас. Үстіне жағасы тік ак жейде киіп, белін жіңішке белдікпен буынып алыпты. Галифе шалбарын, өкшесі биіктеу күрең былғарыдан тіккен етігін де көзім шалып қалды. Бірден бұл кісінің кім екенінде шаруам болған жоқ. Әскей ағай мені кімге апаратынын да айтқан жоқ еді.

  • Шешін, шырағым, - деді карт. Әйтеуір келген жерім осы ғой дедім де, сырт киімімді, папағымды шешіп, бұрышта тұрған киімілгішке іліп қойдым. Орныма отырған соң қарт:

  • Партизан дейсің бе, жассың ғой,- деді. “Неге жаспын” дегендей бетіне карадым. Жанары жасыңқырап калған көзімен маған сынай карап отыр. “Жасына қарағанда, көзілдірік киіп- ақ отыратын адам. Көзілдірігі жоқ. Тегі көзі жақсы көреді екен ғой” деп отырмын ішімнен. Дегенмен бүгінгі алдында болған адамдарға карағанда, бұл адамға көңілім толып отырған жоқ,




алымсымбай да отырмын. Сөйткенмен жасы үлкендігіне жүгініп, сұрауларына жауап беріп, бастан кешкен окиғала- рымды ағытып айтып та жатырмын.

  • Ана тапаншанды көрейінші, - деп қолын созды.

Пистолетімді бердім. Пистолетті екі қолымен ұстап, кызыға
карай бастады. Оны жан-жағына айналдыра карап, салмақтап та қояды.

  • Біз соғысқанда, мұндай тапанша жок еді, - деп калды бірде. “Бұл әзер отырған шал қайда соғысты екен? Мен соғыстым деп отырған соң, айтып отырғаны болар жай. Ой мактаншак шал?” деп отырмын ішімнен. Ол кезде бұл соғыстан бұрын соғыс болды деп ойлай коймайтын кезім еді. Сөйтіп отырғанда. кабинет есігі ашылып, басына ак сәукеле, беліне сол сиякты ак белдемше байлаған жас әйел тамак алып келді де, бұрыштағы шағын үстел үстіне қойып, шығып кетті.

  • Жүр, шырағым, тамақ іш, мен де ішемін, - деп, мені ұялып, ішпей қоя ма дегендей, өзі де үстел басына отырды. Мені жіберген адамдар “бұл жігіт аш” деп ескерткен екен ғой деп ойлап, мен де үстел басына отырдым. Шынында да аш едім. Тамақтанып болған соң:

  • Жүр шырағым, Әбдісәметке кірейік, - деп, қарт есік жаққа беттеді.

  • Міне, партизанымыз, - дегенді ғана айтты мені ертіп келген адам. Кабинет иесі мені босатуға асықпады. Кабинет иесі деп отырғаным сол кездегі Қазак ССР Жоғарғы Советі президиумының Төрағасы Әбдісэмет Қазақбаев еді. Сол кісінің аддынан шықкан соң, жеке кішкентай бөлмесі бар осы үлкен мекеменің қызметкері болып шыға келдім. Істейтін қызметім - статистика-информация бөлімінің референтімін. Бастығым - Ғ арибжан Досымбеков. Бұл - орта бойлы, қараторы, кырықтың ар жақ-бер жағындағы, иненің жасуынан өтіп кететін, өте пысык та, іскер адам. Бірінші күні осы Ғарибжан аға келіп, менің атқаратын жұмысым жайлы жан-жакты түсінік берді. Мен ол кісінің сөзін бар ынтамды койып тындадым. Барлығын да түсінгендей болдым. Ол кісіге ұялмай, “түсіндім” деп те айттым. Бастық та “түсінді-істейді” деген сеніммен бөлмеден шықты. Амал не, іс жүзінде олай болмады! Менің міндетім облыстық аткару комитеттерінің каулы-қарарлары- ның дұрыс-бұрыстығын бакылау екен. Ғарибжан аға тексер деп берген көп папкада облыстык атқару комитеттерінің қаншама қаулы-қарар, шешімдерін бір жұмадай қарап, қайсысы




бұрыс, кайсысы дұрыс екенін айыра алмадым. Басым катты. Жұмысымнан ешбір нәтиже шықпаған соң, істеген жұмы- сымның жемісін көрмеген соң, не істерімді білмедім. Басты- ғыма бірер рет айтып көріп едім: “Қасымжан, істей бер, үйреніп кетесің” дей салады. Бойыма күнде асынып келетін кару-жарағымның жартысын үстелімнің тартпаларына бөліп салып қоятынмын, қарап отырғанша, енді соны тазалайтынды шығардым. Бірде отырган бөлмеме бастығым Ғарибжан аға келе қалды. Әскери әдетім бойынша, орнымнан ұшып тұрып сәлемдестім. Ол сол күні менімен ұзақ отырып эңгімелесті. Әңгіме қызмет жайы, элі де болса жүріп жатқан соғыс туралы. Бастығым сөзін аяқтаған кезде:

  • Осы ана карт адам кім? - деп сұрадым.

  • Қой, Қасымжан, ол кісіні білмейтін бе едің, - деп бетіме таңдана қарады. Мен білмейтін едім дегендей, басымды шайкадым.

  • Ол кісі - Әліби Жангелдин деген үлкен адам. Револю- ционер. Қарт большевик. ¥лы Лениннің алдында болып, одан арнайы тапсырма алған адам. Шет елдерде эмиграцияда да болған. Одан үлкен, одан құрметті адам бұл республикада жок- Оның республикада Совет өкіметін орнату кезіндегі еңбегі аса зор. Ол тіпті Амангелді батырдың ұстазы, - деп Ғарекең асығып-аптығып, Әлекеңді онан ары мақтауға сөз таба алмай қалды. Әсіресе хас батыр Амангелдінің ұстазы дегенге таңқалып отырмын. Аздап болса да, батыр туралы хабарым бар еді. Енді Украинаның облыс орталығы Каменец-Подольский қаласы есіме түсті. 1941 жылы маусым айының 21-і, сенбі күні еді. Дэл сол күні бізге арнайы мектептің курсанттарына Аман- гелді киносын көрсетті. Барлығымыз тұнып көріп отырмыз. Батыр ат құлағында ойнайды. Батыр кұралайды көзінен ататын мерген. Ол - көз ғана емес, асқан қол мергені. Батырдың жеңісіне айқайлап қол соғамыз. Сэтсіздікке ұшыраған кезін көріп, үнсіз жүдеп каламыз. Дәл осы айқастарда қиын-қыстау кезде жұрты оған қол ұшын бере алмағанына бойымды өкініш сезімі билейді. Ол кезде кинодан хабарым-түсінігім жок еді. Сол соғысты кинода басқарып жүрген Амангелді батырдың өзі деп ойлайтынмын. Оның бейнесін есімде сақтайын деп, каһарлы жүзіне анықтап қараймын. Осыңдай көзсіз батырда ұстаз болады деп ойлаудан аулақ едім. Енді, міне, сол жүрегінің түгі бар адаммен бірге жүріп ақыл-кеңес берген адамды






алымсынбай, қатардағы шалдардың бірі деп жүргеніме ұялып отырмын.
Бір күні театр алдында екі адам сөйлесіп түр екен. Біреуін - ұзын бойлысын таныдым. Онымен Жұмағали Саин таныстырған - Шахмет Хұсайынов, Шахаң мені “партизан" деп бауырына тартып, іні тұтатын. Ал екіншісін, ортадан төмен бойы бар қалқан құлақ, қатқан қара адамды да бұрын көрген сияқты болдым. Бірақ қашан, қайдан көргенім бірден есіме түспеді. Жандарына баруға бата алмадым. Әлгі адамдардан алыстап кеткенімде есіме түсті. Ол адам кинодан көрген Амангелді батырга ұқсайды. Бірак ол кісі қаза тапты ғой. Сонда ол батырдан аумаған бұл кім? Әлде інісі, элде тіпті баласы болар. Қайта бұрылдым. Шахаң элі сөйлеп түр. Жанындағы адамға тағы да анықгап қарадым. Дэл өзі, тек астында аты жок. Бірақ батырға дене құрылысы ұқсамайды. Оның не інісі, не баласы болса да, ірірек болса керек еді деп ойлаймын. Олардан тағы алыстап кеттім. Жұмағалидың үйіне келсем, үстел басында отыр екен.

  • Е, Қасым, сен Жоғарғы Совет болып кеткен соң, келмей кеттің ғой деп құшағына тартты. Мен де құшақтап екеуміз жыласып көріскендей болдық. Біраз мауқымызды басқан соң:

  • Жұмаке, мен Амангелді батырды көрдім, - деп соқтым. Ол “мынау не деп отыр” дегендей, бетіме ажырая қарады.

  • Жұмаке, осында Амангелдінің інісі бар ма?

  • Жоқ.

  • Баласы бар ма?

  • Бар. Бірақ қазір мұнда жоқ. Майданда. Біреуі қаза тапты. Оның әйелі - менің көршім. Ана бөлмеде тұрады. Аты — Назира.

  • Онда кім болды? Амангелдіге өте ұқсас.

  • Сен Амангелдіні кайдан көріп жүрсің?

  • Анада, соғыстың алдында Украинада Амангелді киносын көрдім деп айтып едім ғой. Сонда ол батырға ешқашан да ұмытпастай, аныктап карап алғамын. Ол батыр менімен бірге оқитын курсант жолдастарыма да ұнаған. Мені олар “Амангелді батырдың ұрпағысың” дейтін, - деп едім, ол қарқ болып күлді. “Әй Қасым, Қасым” деп көзінен жас акканша күлді де:

  • Сен ол Аманкелдіге ұқсас адамды қайдан көрдің?

  • Театрдың алдынан. Шахмет ағамен сөйлесіп тұр екен.

  • Е, енді түсінікті. Ол - Амангелді рөлінде кинода ойнаған Елубай Өмірзақов деген ағаң. Елекең - өте дарынды адам.


Сол театрды ұйымдастырушылардың бірі. Ол батырдың рөлінде ойнап, оның бейнесін бұлжытпай жасағаны үшін көрермендердің көңілінен шығып, халык күрметіне ие болған адам, - деп, Жүмакең Елубай аға туралы айтып отырғанда, осыдан төрт-бес жыл бүрын көрген Амангелді киносындағы окиғалар тізбектеліп көз алдымнан өтіп жатты. Сонан кейін Елубай ағаны көрсем, оған қызыға карайтын болдым. “Сен маған осы неге қарай бересің?” дегендей, құз кыранындай маған келте мойнын бүрып, аумақты көзімен аттан құлағаны, шауып бара жатып, соңынан өкшелеп калмай келе жатқан жауларды бірінен соң бірін атып түсіріп, атын ойқастатып былай шыға беретіні көз алдымнан осы уақытка дейін кетпейді.
Келесі күні кеңсеге келіп, біраз отырғаннан кейін бір пистолетімді бөлшектеп, енді тазалауға кіріскенімде, бөлмемнің есігі ашылды да, Әліби аға кіріп келді. Сасып калдым. Тіпті ол кісіге еріп келген өз бастығымды да байқамаппын. Орнымнан атып түрып, пистолет бөлшектерін үстелімнің суырмасына ысырып жібердім. Әлекең аса сабырлы адам болатын. Үстелімнің касындағы орындыкка жайлап отырды да, тентектік жасаған баладай не істерімді білмей, кысылып тұрған маған жайлап қарап:

  • Отыр, шырағым, - деді. Ыңғайсызданып, “отыр” деген соң орныма отырдым. Ғарибжан аға өзі қылмыс жасап алғандай, өңі қашып кетті. Келген бойы орындыққа отырған жоқ, біресе Әлекеңе, біресе маған қарайды. Менде үн жоқ. Төмен карап отырмын. Оларға тура қарауға бет жок. Үрлығымның үстінен шыққандай, басымды көтермеймін.

  • Шырағым, не істеп отырсың? Ана тартпаңды ашшы, - деп аппақ еті қашқан оң қолымен үстелімнің пистолет бөлшектерін тыккан орталық тартпасын нұскады. Амалсыз тартпаны сәл ашқан болдым. Ол кісі маған тым жақын отыр еді, мен не істерімді білмей отырған соң, өзі пистолет бөлшектерін алып, үстелдің үстіне қоя бастады.

  • Шырағым, бұл - республикадағы ең үлкен мекеме. Әлі соғыс біткен жоқ. Өзің көріп келдің, майданда отандастарымыз кан төгіп жатыр. Ал біз болсак, мұнда аянбай кызмет істеп, майдангерлерге қолымыздан келгенше жәрдемдесуіміз керек. Сен соғысып келдің. Енді ол соғысы кұрғырға сен бармайсың. Осы көп тапаншаның енді канша керегі бар? Өзіңнің аты-жөнің жазылған мынау кішкентай тапаншадан басқасын осындағы ерекше бөлімге тапсыру керек. Анау планшет, дүрбілеріңді үйіңе




тастап кетсең де болады, - деп бастап, Әлекең маған айтайын дегенін жайлап отырып жеткізді. Мұнан кейін өз бастығымнан да болатын сыбағамды мөлшерлеп отырмын. Осыдан бастап сол мекемеде істейтін үлкен адамдар мені колға ала бастады.
Ол кезде кеште, тіпті түннің ортасына дейін жұмыс істейтін. Кешкі жүмысқа келгенімде, бастыктар кезекпен шакырып, менімен әңгіме өткізетін болды. Біреуі жай сөйлейді, кейбіреуі катты сөйлейді. Соғыста қашан да мақтау естіп жүрген адамға күнде сөгіс есту деген қиын екен. Кейде төзімім таусылып, қайта майданға қашып кетпек те болдым. Бір күні Асылға да айтпай, кеңсеге де бармай, екінші Алматы вокзалына тартып отырдым. Келсем Алматы - Москва поезының жүруіне жарты- ақ сағат қалыпты. Әрине, менде билет деген жоқ. Қалтамда қаражатым да, жол азығым да жоқ. Ол кезде перронға ақша төлеп шығатын. Менде сол шамалы тиын да жоқеді. Бір-екі кварталды айналып, поездың екінші жағынан шықтым. Поезд орнынан қозғалғанда, екінші жағындағы кірер есік табалдырығына ілінсем болды деп ойлаймын. Поезда жүргіншілерді тексеретін. Одан да қысылып тұрғаным жоқ, оның да жөнін табамын. Тек осы поезд тез жүріп кетсе екен деп ойлаймын. Сөйтіп тұрғанда, қайдан келгенін білмеймін, жанында екі адамы бар Ғарибжан аға:

  • Касымжан, мүнда не істеп жүрсің? - деп, мені қолтықтай алды. Не дерімді білмей, ағаның бетіне көзімнің астымен қарадым. Бүл кісі адамның ішкі дүниесін тап басып, тани білетін, тілі майда дипломат адам еді. Өзінің көзінше маған катты сөйлеген бастықтарды да жаратпай қалатын. Өзі маған үрыспайтын, жүмыс жайын түсіндіріп, ақылын айтатын.

  • Қасымжан, ренжіп жүргеніңді білемін. Ашуыңды бас. Әлекең окуға жібереміз деп жатыр. Бастыктар саған жаманшылық ойлап жүрген жоқ. Сен элі жассың. Сені жақсы адам болсын дегеннен баска оларда ой жоқ, - деп, Ғарибжан аға мені кеңсеге алып келді. Енді маған ешкім үрыспайтын болды. Қолымнан келетін жүмыстар тапсырып, оны жақсы атқардың деп мақтағандарын да еститін болдым. Бірде Қазак ССР Жоғарғы Советі Президиумының секретары шақырды. Бардым. Ол - Садық Нүрмағамбетов, отыздардан асқан бойшаң, сабырлы, сары кісі еді. Сәкең мен туралы еш нәрсе білмейтіндей, менімен жылы үшырай сөйлесіп отыр. Мен бір қарық қылып жүмыс істеп жүргендей, сөз арасында “бастығың саган риза” деп те кояды. Ол кісі совет органдарының, өзіміздін

—2іб ■




істеп жүрген мекемеміздің қоғамдағы рөлі жайлы айтты. Осы совет қызметкері болуымды мезгегендей бодды. Кейін Садық аға айтқандай, совет қызметкері болуын болдым, бірақ сол асыл адамның ізгі үмітін тағы ақтай алмадым-ау деймін. Менің партия қатарына өтуім керек екенін де еске салды. ¥зақ эңгіме соңында мені кабинетінің есігіне дейін шығарып салып, құрмет көрсеткендей болды. Осылай Садық Нүрмағамбетов ағаның алдынан тағы да “өкпем” тарағандай, көңілім өсіп шықтым.
Бір күні тағы да Әлекең шақырды. Бардым. Ол кісі эрқашан да біркалыпты. Бүрынғы - алғашқы көргенімдей емес, бүл кісіге аныздағы адамдардай қараймын. Осы байсалды қарт адамның бойында тұнып жатқан күш, адам айтқысыз сыр бар сияқты. Бұл кісі туралы Ғарибжан ағаның айткан аңызы бойынша, осыдан ширек ғасыр бұрынғы бейнесі көз алдыма елестейді. Жан-жағынан жау жалақтаған қиын сапарда қол бастап келе жатса, кейде Амангелді батырмен үзеңгі қағыстырып, ат үстінде сөйлесіп тұрады. Тіпті ұлы Ленин алдында отырғаны да елестеп кетеді.
- Шырағым, партия қатарына түстің. Біраз жүмысқа да бастығып қалдың. Әлі жассың. Болашағыңды ойлауың керек. Бір жұмысқа бейімделген жөн. Бүл - өте абыройлы жүмыс. Осында партия, совет қызметкерлерін даярлайтын курс бар. Соның совет бөлімін бітіріп шықсаң, жақсы болар еді. Осы еңбекақың сақталады. Бір жарым жылдан кейін совет қызметкері болып шығасың деп, “бұған қалай қарайсың” дегендей бетіме карады. Ол кезде Жоғары партия мектебі бір жарым жылдық Ленин курсы деп аталатын. Келістім.
Қазір ойлап отырсам, өзімнің өмірлік мектебімде сол бір аяулы жандар қалдырған іздің орны белек екен. Оларды жиі еске аламын. Әліби Жангелдин, Жүмабай Шаяхметов, Ғ абдолла Чуланов, Әбдісәмет Қазакбаев, Иван Купрьянович Лукьянец, Садық Нұрмағамбетов, Ғарибжан Досымбеков ағаларға мені тэрбиелеу “тағы” адамды тәрбиелеуден оңай соқпаған болу керек деп ойлаймын. Олар қылмыспен шектесетін содырлығымды кешірді. Мені осы жағдайға жеткізген - сол ағалардың еңбегі. “Қанаттыға қақтырмай, түмсықтыға шоқыттырмай”, жөнге салып жіберді. Бүгінде осылардың арамызда аман-есен жүргендерін анда-санда көріп қаламын. Есен-сау жүргендеріне куанамын, өткендегі өмірім есіме түсіп, үялып та қаламын. Оларға өмір бойы қарыздармын!..




ПІКІР




Өркен ” газетінің редакциясына!
Еліміздің кудалау, ашаршылық жылдарындағы жантүр- шігерлік окиғаларды газет бетінен окып, жағаңды еріксіз ұстайсың. Әрине, ұрпаққа ащы болса да, шындықты айту, айтканда, баспасөз арқылы бар дауыспен батыл айту, аты- жөндерін атап-атап айту парызымыз!
Сол отызыншы жылдар ішіндегі канды оқиғалар сатқын ретінде, жалакор ретінде, тікелей, орысша айтқанда, жендет ретінде белсене катыскан адамдар ұрпакка жария болуы керек. Өйткені олардың қылмысы өте ауыр. Олар жазықсыз жандарды, тіпті елімізге, халқымызға еңбегі сіңген коммунистерді азаптап өлтірді. Олардың өздерін өлтіріп кана койған жоқ, сонымен бірге болашақтарын да өлтірді деген сөз. Ал осы сатқындар, жалақорлар, жендеттерді бірін калдырмай әшкерелеп, тарих бетіне кара эріппен жазу керек. Сонымен халыққа жария етіп ұрпақты жаманшылықтан сақгандырамыз. Мұны жедел қолга алу керек, өйткені сол халқымызды қансыратып кеткен жылдарда ауыртпалықты басынан кешірген Бектұров Жайык, Қожанова Күләндәм, Жүргенова Дэмеш, Сарымолдаева Майнұр, Таштитова Сағадат аяулы аға-апаларымыз арамызда бар кезінде солардың аузынан естіп қалғанымыз шындықтың шындығы болар.
Өкінішке орай, осы сатқындар, жалақорлар, жендеттер бет пердесі ашылмай, дербес пенсия алып, ал Ішкі істер министрлігі мен Мемлекет кауіпсіздігі комитетінде істегендері колдарын адал жандардың қанымен жуса да, үлкен атақ тағып, жоғары пенсия алып жүргендері де бар шығар.
Әсіресе Сэкен, Бейімбет, Ілияс сиякты халкымыздың асқак дарынды перзенттеріне жала жапқандарға ешбір кешірім болмауы керек. Бұл беттері кара сұрқиялардың бет пердесін ашып, бүкіл халыққа жарияламасақ, онда біз жазықсыз кұрбан болған ата-аналарымыздың аруақтарын корлаган боламыз.
БАУЫРЖАН БАТЫР ТУРАЛЫ
Жау тылынан шыккан кездерімде майдан шебінде кездейсок кездесіп калған казак жігіттерінен Баукең туралы аңыздай әңгімелер еститінмін. Сөйтіп жүргенде Украина партизандар қозғалысы штабында Жұмағали Саинмен кездестім. Онымен


он шакты күн бірге болып, ел жайын сұрайтынмын. Ол өзі соғыста болғандықтан ба, әйтеуір майдандағы ерлік көрсеткен казак батырлары жайлы жайлап отырып сыр шертетін. Әсіресе Бауыржан мен Мәлік жайлы көп айтатын. Тіпті Мәлікпен таныс-жолдас екенін мактан ететін.
Елге келдім. Жұрттың аузының суы құрып айтары - сол Баукеңнің ерліктері, нақыл сөздері, соғыс кезіндегі өмірден алынған философиялык толғаныс лебіздері. Оны бір көруді көксеп жүрдім, бірак ол бұл Алматыда жок сиякты. Біреу армия қатарында, біреу Москвада әскери академияда оқиды дейді. “Ол батырға оқу не керек. Оны кім оқыта алады? Әлде Жуков, Рокоссовский, Коневтер оқыта ма?” деген түсінбестік ой оралады маған. Ол оқымайды, өзі оқытатын шығар деп жорамалдаймын. Оны көз алдыма елестетемін. Амангелді атамызды өзін көрмесем де, суретін, тіпті кинода атқа мініп шауып келе жатканын да көргемін. Ол маған ұзын бойлы, қара сұр, ат жақты алып адам сиякты еді. Ол Азамат соғысының арпалыс кезінде, оған қатер төніп калған кезде “әттең осы сәтте оған болысар ма еді” деп, болыса алмайтынымды біліп, өкініш өзегімді удай ашытып өртейтін. Оны ұстап алып, жауыздар байлап-матап арбаға отырғызып алып бара жатканында да, өзімнің қол ұшын бере алмағаныма өксігімді тия алмайтынмын. Сол кезде Махамбет батырды да қолға түсіріп, басын алыпты дегенді естіп, қапылыста қолға түскен батырдың опасыздықпен басын алған канды қолды іздегім келетін. Баукең де осы Махамбет, Амангелді батырлардың мүсініндей тас-түйін болып тұрған алып адамдай елестейтін.
Майданнан келгелі біраз уақыт болған. Бұрынғы әдетім бойынша, сол күні де көшеге шыктым. Ол кездетрамвай болмаса, автобус, троллейбус дегендер жок. Көбінде барар жерге жаяу жүреміз. Жұмакеңе (Жұмағали Саин) кіріп шығайын деп келе жатсам, Фурманов көшесімен бір полковник келе жатыр екен. Бойшаң, сымбатты. Ол маған бұрылып карады. Мен оған “осы Баукеңнің өзі болмасын” деп жылы ұшырай зер сала қарадым. Бірак ол Фурманов көшесімен төмен карай жүріп кетті. Енді мен Калинин көшесі мен Фурманов көшесінің бұрышында Жұмакең үйіне карай жоғары жүрмей, элгі полковниктің соңына ердім. Куып жетіп, жөн сұрауға бата алмадым. Бір ыңғайлы сәтті күтіп, соңынан жүре бердім. Бірак ол артына бұрылып, маған ала көзімен бір-екі рет карап қойды. Дегенмен оның соңынан калмадым. Сөйтіп келе жатканда, көлденең Комсомол көшесі






бұрышынан Шахаң (Шахмет Құсайынов) шыға келді. Шахаңды білетінмін. Аңқылдаған Шахаң пальтосының түймесін де салмаған, екі етегі екі жакка кетіп:

  • Қасым, кайда барасың? - деді. Ол кісіге сәлем беруді де ұмытып:

  • Анау полковник Бауыржан емес пе? - деп сұрадым. Полковник осы сәтте артына аюша бұрылып, маған ала көзімен тағы караған еді. Шахаң оған карады да:

  • Жоқ, ол милицияның полковнигі ғой, - деп, қолын бір-ак сермеді.

  • Ендеше Баукең бе деп соңынан манадан бері еріп келемін. Ол артына бірнеше рет бұрылып карады. Тағы бір карағанда ыңғайын тауып “Баукеңсіз бе?” деп сұрайын деп едім, - дедім. Шахаң бар дауысымен каркылдап күдді. Ол мені аркамнан қағып:

  • Ол артына саған бірнеше рет бұрылып қарағаны - сенен қауіптеніп бара жатканы. Мына түріңмен кімді де болса коркытып, қауіп төндірерсің, - деді. Шынында да солай еді. Портуфейлі белдігімді пальтомның сыртынан буынып алғам, онда “ТТ” пистолетім. Оның үстіне дүрбі, планшет сияқты тағы асынып алгандарым ол кезде өзіме сөлекет емес еді.

* * *
Жұмакеңнің (Саин) үйіне бардым. Ол мен барған соң, жазып отырған жұмысын тастап:

  • Баукең жуырда Алматыға келеді, мүмкін әскер катарынан босанып отставкаға шыға ма дегенді естідім. Міне, суретін көр, - деп колыма газеттен бе, журналдан ба киып алынған сурет ұстатты. Отыра қалып суретке карап отырмын. Құзар биік жартастан төмен сонау етекке шаншыла карап отырған Алтайдың ақ иық бүркіті сиякты төніп отыр. Әскери формасы, басындағы папахасы да колдан арнайы салған шебер суретшінің суретіндей жарасып тұр.

  • Мұндай да келіскен адам болар ма? - деп калдым. Жұмакең әдеттегісінше маған өткір кара көзімен тік карап, оң колының сұк саусағын шошайты.п жоғары көтерді де:

  • Ол - шынайы әскери адам! Осы отырған келбетіне тұла бойындағы барлык касиеті сай, біртуар жан! Әскерден босайды дегенге уайымдап отырмын. Ол тек әскер қатарында, қолбасшылар сапында болу керек еді! Амал жок! - деп біраз үнсіз отырды. Жұмакең жүзі бір сәтке мұңая калды. - Оның эр


азаматқа деген, доска деген, осы минутта Баукеңе деген адал ниетінен жүдеп отырганын түсіндім. Оның жаралы денесіндегі нэзік жүрегін жүдетпейін дегендей:

  • Армия қатарында кім мэңгі болар дейсің, елге келсін, көз алдымызда жүрсін! Сұрапыл соғыстан аман-есен калғаннан кейін, эркім өз туған жерінде, аялаған елінің арасында болғаны жаксы емес пе? - деп Жұмакеңе карадым. Ол енді “арамызда жүрсін” дегенді жөн көргендей аз сергіп:

  • Сені оған кездестіріп таныстырамын, - деді өзінің Баукеңмен таныс екенін мақтаныш еткендей.

* * *
Біраз уақыт өткен соң, Жұмакең екеуміз Одаққа барсак, жұрт аулада жиналып тұр екен. Барлығы да Баукеңнің Жазушылар одағына келетінін естіп көруге, сэті түссе, оның қолын қысып амандасуға жиналып тұрғанын білдік. Біз де күттік. Көп кешікпей Баукең де келді. Жұрт жан-жақтан қаумалап, оны қоршап алды да, Жұмакең екеуміз сырт жақта қалып қойдық. Амандасып, жұрт мауқын басқан кезде:

  • Тоқтасандаршы, біз де амандасайык. - деді Жұмакең дауыстап. Сол кезде Баукең Жұмакенді көрді де, бізге карай жүрді: Жұмакеңнің ол кісіге карсы жүрмей, орнында тұрғанын мен ерсі көріп қалдым. Оған мэн бермейтіндей, Баукең оң қолын көтеріп:

  • Здравия желаю, - деп, Жұмакеңнің қолын алып аман- дасты. Онан колы босай бергенде мен де қолымды беріп амандастым. Баукең де “мынау кім?” дегендей маған окыс карады да, Жұмакеңе бұрылды.

  • Бауыржан, бұл Қасым деген партизан, Украинада партизан отрядын басқарған, мұның касында өзімді партизан демеймін, мықтының өзі, - деп, сұк саусағын жоғары көтеріп, “таныстырған осындай-ак болар” дегендей, маған өз сөзіне мэн бере карады. Мен оның асыра мактағанына ыңғайсызданып қалдым. Жұмакеңнің “Бауке” демей, атын атап тұрғанын да ерсі көріп тұрмын. Бірақ соның барлығына мэн бермегендей, Баукең онымен әңгімелесіп кетті.

Сонымен Баукеңді танып алдым. Бірак оған баса көктеп, бірден бауыр басып кетпедім. Өр, бірбеткей, катал да кайыспайтын бұл алып адам: “маған қалай қарайды, әскер қатарында шыңдалған тэртіпті адамға мен ұнай коймайтын шығармын”деп ойладым.Осыбетқаратпайтынадамныңжалғыз




өз басы осындай, ал бұл батальонын, полкын, дивизиясын бастап келе жатканда, қандай жау төтеп бере алады екен деген ой келді.
Соңынан Жұмакең майдан даласында алған ауыр жарасы- нан дүние салды да, мен ол аяулы жаннан көз жазып қалдым. Өзімді жетім қалғандай сезіндім.
* * *

  • Қасым аға, Баукең наукастанып қалыпты, екеуімізді келіп кетіңдер деп жатыр, барайық, - деді Рахымжан (Қошқарбаев) телефон соғып, екеуіміз барсақ, сақал-мұрты өсіп кеткен Баукең жүдеп отыр екен. Сонда да орнынан тұрып, бізбен амандасты. Біз біраз қасында болып қайттық.

  • Екеулерің жиі келіп тұрыңдар, - деді бізді босағаға дейін шығарып салып тұрып. Осыдан бастап Рахымжан екеуіміз ол кісімен жиі-жиі кездесіп тұрдық. Әсіресе Баукең ауырып- сырқап қалғанда, Рахымжан қолынан келген көмегін аямай- тын. Ол кісі Рахымжан екеуімізге жылы шырай қараған соң, біз оған бауыр басып кеттік.

1982 жылдың маусым айы ішінде Украинаның Трускавец санаторийінде жүрмін. Шағын ғана қаланың өз тұрғын- дарынан емделуге сырттан келген адамдары көп екен. Санаторийлерде сан жок. Бірде ем алуға бара жатып, эр республикада орыс тілінде шығатын газеттер ілінген тақтаға көзім түсті. Елде не жаңалык бар екен деп, “Казправда” бетіне үңілсем, Баукеңнің суреті тұр. Айналасы қара сызықпен қоршалыпты. Көзім бұлдырап, еш нәрсені көрмей кетті. Еазет ілінген тақтаға қолымды тіреп, сэлден соң тағы қарадым. Оқысам: суық хабар. Сонау Украинада Карпат тауы етегінде жалғыз жүріп, Баукеңнен “қара қағаз” алғандай болдым. Жүремнен шөгіп, отыра кеттім. Көзіме жас толып кетті. “Бауке, аяулы Бауке, осы суретің аркылы тұңғыш рет өзіңмен танысып едім, осы суретің арқылы өзіңмен қоштасатын болдым-ау! Хош бол, Бауке! Топырағың торка болсын, батыр аға! Бір уыс бұйырмады-ау топырағым” деп орнымнан тұрдым. Арлы-берлі сабылып жаткан жұрт көзінен жасырына алмадым. “Бұл кісіге не болған” дегендей, он шақты адам жиналып калды. “Ауырып калдыңыз ба?”, “не болды?” деп те жатыр олар. Оларға жауап орнына газеттегі суретті нұсқадым да, кері кайттым. Өзімді Баукеңнің зираты басынан келе жатқандай сезіндім.




Жатқан жеріміз Украина Жазушылар одағының жиырма шакты адамдық, шағын ғана бакша ішінде жеке тұрған “Мафтуса” атты пансионаты еді. Далада жур едім. Аулаға он ціакты адам кірді. Барлығы да маған карай бұрылды. Менімен қол алысып амандасқан соң біреуі:

  • Қасеке, Баукеңнің кайырын берсін! Біздер Қазакстанның эр облысынан келіп, емделіп жүр едік. Баукеңнің дүние салғанын газеттен оқып, Сізге көңіл айтайық деп келдік, - деді. Баукеңнің казасына шын қайғырып келген азаматтарға ризашылығымды білдіріп, рахмет айттым. Халық батыры қазасына бүкіл қазақ елі қайғырғанын түсіндім. Батыр қазасына көңіл айтқандарын Баукеңмен бірге тумасам да, мені ол алып адамның бір кезде қолына кару үстаған іні- лерінің бірі екенімді біліп келіп тұрғандарына іштей риза болдым. Осы түрған жас ел азаматтарынан гөрі Баукеңе аздап болса жакын жүріп, соңына ергенімді кайғыра отырып мақтаныш еттім.

Сонан бері көп уакыт өтті. Жолым түсіп Сарыағаш санаториі жаққа кетіп бара жаттым. Күйік кезеңінің үстіне шыкканда, алдымдағы селолар, Бурное деп аталатын темір жол станциясы көзіме ыстык көрініп кетті. Ол - өзімнің соғыстан келгеннен кейін кызмет істеген жерім. Аудандық аткару комитетінде орынбасар болып жүріп, ол кезде жеңіл машина деген болмайды, атпен жүріп аралаған жерлерім. Оны еске алмағанда - бұл Баукеңнің туған жері. Ол туған Мың- бүлақ аулына талай барғанмын. Сол Жуалы ауданының орталығы Бурное станциясынан өтіп бара жатып: “Баукең есіміне байланысты бұл жерде кандай өзгеріс болды екен” деген ой келді. Демалыс күні болған соң, еш жерге бұрыл- мадым. Бурноедан төрт-бес шақырым шыккан соң, өзім келе жатқан үлкен күре жолдың шетінде үш-төрт жеңіл машина тұр екен. Жиналған жұрт биік мүнара басына карап тұр. Мен де тоқтадым. Қарасам: мүнараның үшар басына ақ каңыл- тырға шебер жасалған Баукеңнің сол өзіме таныс әскери формада түскен суреті тұр. Қуанып кеттім.

  • Иә, аға, осы жерден өткенде тоқтап, бас киімімізді қолға алып, Баукеңе бас иетін эдетіміз бар, - деді біреуі. Мен де бас киімімді алып, үнсіз тұрдым. Суреттің астына: “Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы атындағы совхоз” деп жазылыпты.

  • Аға, совхоздың алдыңыздағы шекарасына да дэл осындай мұнара орнатылған. Өзім Түлкібас ауданында тұрамын. Әр




жетіде осы мұнараға келіп кетемін. Осылай жерлес батыр ағамызды еске түсіреміз, - деді енді біреуі.

  • Өзінің туған селосындағы мектеп те Баукеңнің есімімен аталады, мен сол селода тұрамын, - дейді екіншісі.

Баукеңе деген халык сүйіспеншілігіне шек жоқ еді. Ел аралап окырмандармен кездесіп жүргенімізде жұрттыц сұрайтыны - ең алдымен Баукең. Жұрт аузындағы әңгіме-аңыз да - Баукең жайлы.
Бір жерде тындаушылардың бірі: “Өзіңіздің батырлы- ғыңызды Бауыржан Момышұлының батырлығымен қалай салыстырар едіңіз?” деп сұрак жазып жіберіпті. Шынын айтайын, не айтарымды білмей мүдіріп калдым. Баукеңмен мені салыстыруға болады деп кім ойына алған? Залда жауан күгіп отырған көпшілікке сұрақты оқып бердім де, жымиып күлдім. Жұрт “не айтар екен” дегендей тыныштала қалды.

  • Сұрақ дұрыс қойылмаған екен. Мені Баукең сияқты алыппен салыстыруға бола ма? Ол шағын төбе мен заңғар биік тауды салыстырғандай болады ғой. Баукең - заңгар биік тау. Баукең - табиғат барлық жаксы қасиеттерін аямай ерекше жаратқан адам. Ол - ақын. Ол - жазушы. Ол - философ. Ол - екі тілде бірдей шешен. Ол - қас батыр. Ол - қолбасшы. Осы қасиеттің барлығын менің бойымнан, ойымнан осы отырған барлығыңыз жабылып іздесеңіздер, таба аласыздар ма? - дедім. Отырған жұрт ду қол соғып, дүрлігіп кетті.

* * *
“Жазушы” баспасы ¥лы Жеңістің 40 жылдығына арнап “Партизанские тропы” деген кітабымды орыс тілінде басып шығарды.
Қазакстан Жазушылар одағы тұңғыш рет белгілеген Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығын менің осы кітабыма берді. Бұл маған баға жетпес ескерткіш болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет