Тандамалы


Иә, оны көзіқарақты оқырман оқыған болар, оқымағандар болса, оқыр. Десек те жау тылына өтіп жүріп қанша рет түтқынға түстіңіз?



бет36/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы
Gurenge - E Minor - MN0233612
Иә, оны көзіқарақты оқырман оқыған болар, оқымағандар болса, оқыр. Десек те жау тылына өтіп жүріп қанша рет түтқынға түстіңіз?

  • Жау қолына үш-төрт рет түстім. Таяқтарын жедік. Бірак олар білгісі келген мэліметті айтқанымыз жоқ. Айтқыза алмаған соң, өлімші етіп сабап тастағанда ес жиып қашып кетігі отырдық. Әр кезде эр түрлі жағдайда...

  • Ол ерліктеріңіз - бүгінгі үрпакка үлгі, енеге. Ол жайында талай кітаптар жазылды және талайы жазылар. Сол үлгі боларлық әңгіменің бір тармағы сіз бен Асыл апай екеуіңіздін жогары сүйіспеншілік сезімдеріңіз болса керек. Үш жарым жыл барлаушылар мектебінде, төрт жыл соғыста хат-хабарсыз жүрген сізді сарғая күтіп, әр жерге іздеу салган апамыздың әрекеті де ерлікке пара-пар. Сондықтан апамен қашан таныстыңыздар, үйлендіңіздер. соғыстан кейін қалай жолықтыңыздар, сол жөнінде әңгімелесеңіз?

    Атамыздың жас кезі есіне түсті ме, бір сәт ойланып отырып қалды. Алдымдағы қағазға қараған болып, көзімнің қиығымен батырды бакылап отырмын. Бірде күлімсіреп, бірде кабағын түйіп, біраз ойланып отырды да, әңгімені кітап окып отырғандай үзбей, жүйелі айтатын әдетімен сөйлеп кетті.

    • Енді, біз жас болдық ғой. Олар көрші ауылда түратын. Барып-келіп жүріп таныстык. Ол кезде апаң 14-15 жаста, мен 16-17 жастамын. Бір күні олардың ауылынан ары түратын нағашымның үйіне бардым қыдырып. Ол кісі қызмет істейтін. Велосипеді бар, жүмысқа сонымен барып келеді екен. Әлгіні көрдім де кызықтым. Менің қызыкканымды нағашым да байқаса керек.

    • ¥най ма? - деді.

    • ¥найды.




    • ¥наса, кешке дейін теуіп үйренсең берем, - деп шарт қойды. Сөйтті де өзі жұмысына кетіп қалды. Үш-төрт сағат ойнап, үйреніп алдым. Кешке жұмыстан нағашым келді.

    • Үйрендің бе? - дейді күлімсіреп.

    • Үйрендім, - деймін танауларым делдиіп.

    • Кэне теп, көрейін. Нағашым сынай карайды. Ары-бері зырылдаймын келіп. Нағашым риза.

    і - Ой, бәрекелді, жарайсың жігіт, - дейді арқамнан қағып.

    • Ал нағашы, мен енді кеттім ауылға, - деймін. Мен тезірек ауылға жетіп, достарыма велосипедімді көрсеткім келіп тұр. Нағашымның ауылынан менің ауылым Асубұлаққа дейін 40- 50 шақырым болатын. Соған қарамастан, жолға шығып кеттім. Жолда Асыл апаңның ауылы бар болатын. Сонда бардым. Апаңның екі сіңлісі, екі інісі бар еді. Велосипедке соларды мінгіздім. Апаңды да алдыма алып, ары-бері қыдырттым. Содан кейін ауылға кеттім. Кейін де апаңа велосипедпен келіп тұрдым. Сонда Уәзипа деген сіңлісі “Ол кім?” деп сұрайды екен. Апаң “Герой” дейді екен. Сөйтіп маған герой деген атакты алғаш берген апам болатын.

    1938 жылы Өскемен каласындағы Саяси ағарту техни- кумын бітіріп, облыстык оку бөлімінде инспектор болып істей бастадым. Бұл кезде Асыл апаң екеуміз отбасы құрғанбыз. Мен әскерге содан кейін кетгім ғой. Енді тірі кеткен адамды ол қалай күтпейді? Не өлді деген хабар келмесе. Содан күткен. Әр жерге іздеу салған. Ол кезде ол Алматыға келіп, бұрынғы “Социалистік Қазақстан” газетінде қызмет істейді екен. Сөйтіп жүріп барлаушылар штабынан менің тірі, Украинада - Киевте екенім жөнінде хабар алған. Бір күні “Социалистік Қазақстан” газетіне ақын Жұмағали Саин барып, Украинада партизан отрядында болғанын, құжаттарын жинауға Киевке баратынын айтады. Оны естіген Асыл Жұмағалиға: “хат жазып берейін, ала кетіңіз, мүмкін кездесетін шығарсыз” дейді. Шынында да мен ол кезде Киевте едім. Соғыс жүріп жатқанымен ары қарай партизан соғысының қажеті болмай, бізді Киевте қалдырған еді. Сонда Ковпак, Федоров деген екі-үш мэрте Совет Одағының Батыры атағын алған партизандар болған. Солар маған: “Вася (олар мені солай атайтын, өйткені менің партизандық жалған кұжатымдағы аты-жөнім Василий Михайлович Болатов




    болатын), сен Киевте кал. Төрт жыл соғыста болған саған бейбіт өмірге үйрену қиын болады. Сені мұнда бэрі біледі. Украина жерін қорғауға еңбегің сінді, кадірлейді” дейді. Мен кетем деймін. Сөйтіп жүргенде Жүмағали барды. Кездестік. Таныстық. Бір күні ол “Социалистік Қазақстанда” болған әңгімені айтты. Бірак Жұмағали кетерінде Асылға жолыға алмапты. Асыл ма, емес пе деп ойланып калдым. Содан ақыры Жұмағали күш шығарып, мені Алматыға алып қайтты. Сөйтіп 1945 жылдың 1 каңтарында алғаш рет Алматыға келіп түстік. Қазіргі Қабанбай мен Фурманов көшелерінің киылысында Жұмағалидың бір бөлмелі үйі бар екен, жаяулап сонда бардык. Барған соң Жұмағали телефонды алды да, “Социалистік Қазақстанға” телефон шалды. Сондағы бір кызметкерден Асылдың фамилиясын сұрады. Анау Қайсенова дейді. Ендеше оны ертіп кел деп, өз үйінің адресін берді. Олар келді. Апаңмен соғыстан кейін осылай кездестік.
  • 1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет