Таратпа материалы №3 Тапсырма



Дата13.12.2021
өлшемі129,35 Kb.
#125676
Байланысты:
7 каз МАССА Деңгейлік тапсырма Карибжанова
MODO answers

Таратпа материалы №3

Тапсырма:

Жеке жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар:

А:

1) Суретте берілген денелер әр түрлі заттан жасалған, бірақ көлемдері тең. Денелердің массаларын салыстырыңыз:

2) Суретте бірдей заттан (ағаштан) жасалған, көлемдері әртүрлі екі дене берілген. Олардың массалары туралы қандай тұжырым жасауға болады.

В:


1) Массалардың төменде берілген мәндерін мг, г, кг, ц, т арқылы өрнектеңдер:

шыбын қанатының массасы 0,00005 г, хоккей шайбасы 0,16 кг, африкалық пілдің массасы 6 т.

С:

Мына берілгендерді ХБЖ-де ықшамдап, стандарт түрінде жазыңдар:



Айдың массасы

7350000*1019 г

Жердің массасы

597600*1016 т

Марс планетасының массасы

63345*1017 ц

Күтілетін нәтиже:

А:


1) Берілген көлемдері бірдей денелер түрлі заттардан жасалған және бірінші дененің массасы екіншісіне қарағанда көп.

2) Берілген бірдей заттан (ағаштан) жасалған, көлемдері әртүрлі екі дененің өайсысының көлемі үлкен соның массасы үлкен болады.

В:


1) Шыбын қанаты: m=0,05 мг=0,00005 г=0,5*10-7 кг=0,5*10-9 ц=0,5*10-10 т.

Хоккей шайбасы: m=1,6*105 мг=1,6*102 г=0,16 кг=1,6*10-3 ц=1,6*10-4 т.

Африкалық пілдің массасы: m=6 т=60 ц=6 000 кг=6*106 г= 6*109 мг.
С:

Айдың массасы: m=7350000*1019 г =7350000*1016 кг=7,3*1022 кг.

Жердің массасы: m=597600*1016 т =597600*1019 кг=6,0*1024 кг.

Марс планетасының массасы: m=63345*1017 ц =63345*1019 кг =6,3*1023 кг.


Жетістік критерийі:


Дағды

Критерий

Талдау

Көлемдері бірдей денелердің массасын салыстыра алады;

Талдау

Көлемдері әр түрлі, бірақ заттық тегі бірдей денелердің массасын салыстыра алады;

Қолдану

Массаның ХБЖ-дегі негізгі өлшем бірліктерін біледі және массаның үлестік және еселік бірліктерін қолдана алады;

Қолдану

Үлкен сандарды ықшамдап, стандарт түрде жазады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет