7.3 Ақша қаражаттары қозғалысын бақылау және аудиті
Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштері колдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу ушін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықіау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді.
Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің "Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп" стандартымен анықталады. Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді.
Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алынады. Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, каржылық есептің қалған екі элементі туралы - яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады.
"Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі" Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілекті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының» келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауга мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттары - бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша. Операциялық қызмет деп субъектің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестиция- лық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.
Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.
Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының қүрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын су бъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы гүрлері ақша қаражаттарының келіп тусуі мен шығуының негізі арналары болып табылады.
Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес, сонымен бірге басқа да қаржьшық есеп беру нысандарыньщ көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |