Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы



бет14/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой
входной тест және to be
2.3 «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Тәрбиенің негіздері» атты тұжырымдамада елімізде оң метапәндік және тәрбиелік әлеуеті бар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы қабылданды деп атап көрсетеді. Бағдарлама білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық салаларын қамтиды және тиісінше іске асырылған жағдайда қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту механизмдерінің мықты катализаторы рөлін атқара алады. Әлемдік білім беру кеңістігінде тәрбие теорияларының шабыттандыратын ең соңғы идеялары қолданылған, халықтық педагогиканың көп ғасырлық тәжірибесіне негізделген «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аналогы жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы ізгі ниетті және адамгершілік қасиеттері бар лайықты азамат тәрбиелеуге ықпал етеді.

Үздіксіз білім беру жүйесіне «Өзін - өзі тану» пәнін енгізу арқылы тұлғаның “өзін-өзі тану”, “өзін-өзі бағалау”, “өзін-өзі жетілдіру”, “өзіне-өзі сену”, “өзін-өзі дамыту” сынды қасиеттерді менгерту, бойына сіңіру баса назар аударылуда. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде оқытылып жатқан «Өзін-өзі тану» пәнінің тұлғаның рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда маңызы ерекше. «Өзін - өзі тану» пәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылы 15 қаңтарда № 6 бұйрығымен 1-11сыныптарға енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2012 жылы 29 маусымында № 873 бұйрығымен «Өзін - өзі тану» пәнінің кешенді типтік бағдарламасы оқу - әдістемелік құралдар білім беру жүйесіне енгізілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылы 15 қаңтарда №11 бұйрығымен «Өзін - өзі тану» бойынша рухани - адамгершілік білім берудің республикалық кеңесі құрылды.

«Өзін - өзі тану» пәні тұлғаның бойындағы рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады. Тұлға – бұл әлеуметтік байланыстардағы және әлеуметтік қатынасқа түсетін адам, қоғам мүшесі, оған қоршаған орта әсер етеді, ол саналы түрде адамдармен және әлеуметтік құбылыстармен қарым – қатынас орнатады. Қабылдау қабілеті әр адамда әр түрлі, бірақ жеке тұлға әлеуметтік ортада өзін дара ұстайды және өз қарым – қатынастары үшін есеп бере алады. Қазақстанда тұлғаның рухани - адамгершілік білімін дамытатын «Өзін - өзі тану» пәнін үздіксіз білім беру жүйесіне енгізу үдерісін теориялық және практикалық тұрғыда негізделді.

Бүгінгі бізге жеткен ауызша және жазба мұралардан қазақ елінің рухы биік халық болғанын аңғаруға болады. Рух дегеніміз адамның ішкі жан дүниесі арқылы көрініс бере отырып, бүкіл ұлттың бойына сіңісті болатын асыл қасиет (туған жерге, елге, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлы бабаң аманаттаған жерді көзіңнің қарашығындай сақтау, тілге деген құрмет, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді білу, оның аманат ретінде ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыру, т.б.) тұрғысынан бағалауға болады.

Белгілі тарихшы М.Қозыбаев “Рух – туған жер, туған ел, ана тілі, ата тарихы, ұлт менталитеті ұғымдарымен, түйіндеп айтқанда, Отанмен тағдырлас. Рухты жан қара басын күйттемейді, олар, Отан, халық, ұлт деп толғанады. …Рух адам баласының жан дүниесінің арқауы”. Ғалым рухты Отан - анамен, туған жер, туған ел, ана тілі, ата тарихы, ұлттық ділмен, тұлғаның жан дүниесімен байланыстырып беріп отыр.

Тұлғаның бойындағы рухани құндылықтар мәселелерін зерттеуші ғалым Ш.Майғаранова “тұлғаның руханилығы – оның гуманистік бағыттағы дүниелік қатынастарға енуі. Рухани дамыған тұлға – адамзат санасынан туындаған дүниелік құндылықтарды бойына жинақтап, сол арқылы дүниеге тұлғалық қатынастан, өмірге қанағаттанбаудан тұлға ізденіске түсіп, өзін-өзі дамытады. Өмірдегі қанағаттанбаушылық тұлғаның рухани қалыптасуының белгісі, руханилықтың өлшемі болып табылады», - деп тұлғаның дүниеге деген кемел көзқарасы, дүниелік құндылықтарды тұлға бойына жинақтауы тұрғысынан қарастырады.

Зерттеп отырған руханилық ұғымы да педагогикалық сөздікте “Руханилық – тұлғаның екі фундаментальды қажеттілігі себептерінің жүйеде көрінуі: идеалды таным қажеттілігі мен “басқалар үшін” өмір сүру мен қызмет ету әлеуметтік қажеттілігі. Руханилық категориясымен өмірді, өзін және өмірінің мақсатын және мәнін тану қажеттілігі астасады. Адам қаншалықты осы сұрақтарға жауап іздесе және табуға тырысса, соншалықты рухани болады”, - деп атап көрсетуі де жоғарыда ғалымдардың рух, руханилық ұғымының мәнін нақтылай түседі.

Біздің алдымызға қойған негізгі міндетіміз, оқушы жкастардың бойына рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Құндылық кез - келген тұлғаның бойында қалыптасатын қасиеттердің негізгісі болып табылады. Құндылық тұлға, топ, әлеуметтік ортада адамгершілік ұстанымдар, мақсаттар, мен белгіленген әдістері және көрсеткіштермен нақтыланады. Тұлға бойындағы құндылықтар тұлғааралық қарым - қатынаста, іс - әрекетте, мінез - құлықта көрініс береді.

Психолог О.С.Сангилбаевтың «Адамның өзінің құндылығы неден тұрады?»- деген сұрақ қоятын болсақ, онда жауаптар осыншама біржақты бола қоймайды дейді. Біреу талантқа, өзге біреулер басқа адамдармен қатынас орната білетініне үміт артатын болады, ал енді біреу өмірдегі және еңбектегі табыстарды қолайлы қалыптаса қалған жағдайлармен түсіндірер.

Психологтар бұл сұраққа төмендегідей жауап береді: адамның құндылығы тек оның істері мен әрекеттерінен ғана емес, оның үнемі өз өзімен жұмыс істей, өзін-өзі жетілдіре білуінен, өзінің мүмкіндіктерін күн өткен сайын тереңірек танып-біліп, оларды өз өмірі мен қызметінде максималды пайдалануа білуінен тұрады.

... үнемі өзін тану және дамыту өзінің сарқылмас тұлғалық және шығармашылық потенциалын ашудың, осы потенциал толық шамада қолданылуы мүмкін тіршілік әрекетінің салаларын айқындаудың құралы болып табылады. Қабілетті және тіптен дарынды адамдардың, белгілі бір табыстарға қол жеткізіп алып, тынышталғанының, өз өзімен жұмыс істеуден қалғанының, осының нәтижесінде тіптен бұрынырақта қол жеткізгенінен айырылғанының талай оқиғалары белгілі. Өзін тану және дамыту құндылықтары туралы көзқарастар көптеген діни, философиялық, психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаларда қарастырылған. Гуманистік бағыт алған психология мен педагогикада өзін-өзі танытуға деген қажеттілік адамның жоғарғы қажеттілігі ретінде қарастырылады, оны қанағаттандыру адамға өзін толық шамада жүзеге асыруға, оған пешенесіне өмірмен және тағдырмен жазылған борышты орындап шығуға мүмкіндік береді.

Тек осы жағдайда ғана адам өзінің өмір сүруінің мәніне ие болады, қоршаған адамдар осындай болуды таңып жатқан емес, өзі болуға қабілетті кісі болып шығады.

Отбасының, білім беру мекемелерінің міндеті ниет етілген нәтижелерге қол жеткізу мақсатында өсіп келе жатқан адамның тұлғасына тікелей әсер етуден емес, өзін-өзі құру, өзін қалыптастыру және өзін-өзі тәрбиелеуі үшін жағдай жасаудан, механизмдерін өзектендіруден тұрады», - деп атап көрсетулері тұлғаның өзінің мүмкіндіктерін күн өткен сайын тереңірек танып-білуі, өз өмірі мен қызметінде максималды пайдалануа білуінен тұратының көреміз[68].

П.И. Пидкасистый құнды қатынастарды тәрбие үрдісінің мазмұны ретінде ұсынады. Қарым - қатынас - кез келген ұстаздың оқу - тәрбие үдерісінің негізгі ұстанымы болуы қажет екені белгілі.

П.И. Пидкасистый құндылықтарды жетіге бөліп қарастырады: құнды қатынастар - тәрбие үрдісінің мазмұны; адам құндылық ретінде; өмір құндылық ретінде; қоғам құндылық ретінде; еңбек құндылық ретінде; табиғат құндылық ретінде қарастырады (Кесте 1 )

Кесте 1 - Құнды қатынастар - тәрбие үрдісінің мазмұны (П.И. Пидкасистый бойынша)





Тақырыбы

Мазмұны

1

Құнды қатынастар - тәрбие үрдісінің мазмұны

Қоршаған ортаның субъектілері мен объектілерінің санасында таңдалып жасалады.Объективтік шыңайылықтағы өзінің менін сезіну, түсіну. Қарым қатынасты құру, бағалау, өміріне «мен» қаншалықты қажет екеніе түсіну. Адам өміріне бағалы қарым қатынас.

2

Адам -құндылық ретінде

Адам ең жоғары құндылық. Балалардың адамдарға деген құнды қарым - қатынастарының қалыптасуын тәрбиелеу бағдарламасының негізін құрайды.

3

Өмір -құндылық ретінде

Өмірге деген бағалы қарым- қатынастар: әр адамның өмір сүруге құқығы бар; өмір көріністеріне деген қамқорлық қатынастарды сақтауға ұмтылу; өмірді оның әртүрлігімен қабылдау; өмірге қабілетіне қарай әсер етуі; адамның мәртебесіне сай келетін өмір сүру салты; ойластырылған өмірлік көзқарас; өз өмірінің субъектісі ретінде оны саналы құру.

4

Қоғам -құндылық ретінде

Қоғам бала үшін құнды қатынастардың қалыптасуы. Отанға деген құнды қатынас. Адамға, табиғатқа, тілге, әдебиетке, өнерге, өз елінің тарихына, рәміздерге, қайраткер адамдарға, ғылыми жетістіктерге, барлық оқиғаларға, отандағы қайғылы, қуанышты, ұмтылыс тудыратын құбылыстарға қатынас.

5

Еңбек -құндылық ретінде

Еңбекке құндылық қатынас жоғарыда айтылған құнды қатынастарды жандандырады. Еңбекті бағалай білуі баланы жастайынан денелік және рухани істерге үйрете білуі кіреді.

6

Табиғат -құндылық ретінде

Білімнің маңызды бөлігі табиғатқа қатынас жүйесі болып табылады. Тұлға табиғаттың бір бөлігі ретінде табиғатқа құнды қатынас ретінде, табиғат үйіндегі мәдениет жасампазы, саналы және шығармашыл, табиғатты сақтау және көбейту жауапкершілігін өзіне алады.

Жоғарыда П.И.Пидкасистыйдың айқындаған құндылық қатынастарынан тұлға бойындағы Отанға деген сүйіспеншіліктен бастап, адамға, табиғатқа, еңбекке, қуаныш пен қайғыға деген қатынастар арқылы олардың бойындағы рухты қалыптастыруға жағдай жасаудың кепілі екенін көреміз.

Белгілі ғалым Н.Е.Щуркова адам мен адамзат үшін жасалатын құндылықтар жүйесіне: адам, өмір, табиғат, қоғам, жақсылық, ақиқат, сұлулық, еңбек, таным, қарым-қатынас, ойын, еркіндік, бақыт, ар- ұят, теңдік, әділеттілік, бауырластықты жатқызады.

Ал, «Ұлттық тәрбие» атты оқу құралында тұлғаның қалыптасуында қоғамдағы рухани қарым - қатынастың көріну формасының бірі ретінде басым құндылықтарды төмендегідей бөліп көрсетеді:

Жалпыадамзаттық құндылықтар - адам өмірі, бостандық, отбасы, қарым - қатынас, адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, тәуелсіздік, махаббат, заңдылық, еркіндік, мәдениет, бейбітшілік, денсаулық және т.б.

Жоғары сапа деңгейіндегі ХХІ ғасырдағы немесе әлемдік жүйедегі құндылықтар - адам құқықтары, демократия, азаматтық қоғам, өркениет, әлемдік мәдениет және т.б.

Әлеуметтік құндылықтар - әлеуметтік орта, статус, бедел, намыс, абырой, парыз, қарыз, тұрмыс, теңдік, еркіндік және т.б.

Рухани адамгершілік мәдени құндылықтар – өнер, мәдениет, әдебиет, тарих, тіл, діл, ар, ұят, дәстүр, әдет- ғұрып, салт, ұлттық дүниетаным, туыстық қатынастар, Отан, Ана, Жер және т.б.».

Ғалымдардың құндылық ұғымына берген тұжырымдары тұлға бойындағы рухты қалыптастыруға бағытталады. Рухы күшті халық тұрғанда жер де, ел де бар, халық бар, сенің тілің мен мәдениетін дамиды, рухын биіктеп, әлемдік өркениет көшіне ілесе алатын мәңгілік елге айналасын.

Егемен еліміздің жастарын тәрбиелеуде әл-Фараби мұраларының да тәрбиелік маңызы аса зор. әл-Фараби артына үлкен педагогикалық мұра қалдырып отыр. Ғұламаның еңбектерінде педагогика ғылымының мәні мен мақсаттары, жалпы педагогикалық идеялары, дидактика проблемалары, педагогикалық идеяларының жаратылыстану ғылымдарында пайдалануы,

педагогикалық идеяларының кейінгі ғасырлардағы Шығыс, Батыс педагогикасын тигізген әсер-ықпалы қарастырылады.

әл-Фарабидің тармақтауы бойынша “Азаматтық философия екі түрге бөлінеді: оның біреуі арқылы жақсы әрекеттерді тудыратын және осы әрекеттердің себептерін анықтау қабілетін тудыратын жақсы әрекеттер мен мінез-құлықтарды танимыз. Осының арқасында тамаша нәрселер өзіміздің қасиетімізге айналады. Бұл түр этикалық өнер деп аталады.

Екінші түрі қағидаларды, сол арқылы тамаша көркемдіке ие болу, оны сақтай білу қабілетіне жететін қағидаларды біліп алуды қамтиды. Бұл түр саяси философия деп аталады”. Яғни, педагогика ғылымы азаматтық немесе саяси философия құрамына кіреді.

Оның мұраты бойынша педагогикалық категориялар арқылы адам бақытқа жетуі керек. Олар арқылы адам білім мен кіршіксіз тазалықты менгеруі керек.

“әл-Фараби – педагогика философиясының негізін салды”,- деп атап көрсеткендей, тәрбие философиясының негізін салушы да әл-Фараби болып табылады.

Ғұламаның “Білім мен тәрбие егіз“ деген ұстанымды ұсына отырып, адам дүниеге келгеннен бастап бойына даритын 12 ізгі қасиетті ұсынады. Олар: денсаулық, ақылдылық, қоғамдық істерге бейім, ұғымтал, шыншыл, ар-намысы жоғары, есте сақтау қабілеті дұрыс, тілмар, еңбекшіл, жалған нәрселерге жирене қарау, әділ, әділеттілерді сүю. Бұл қасиеттер адамның бойында толық бола қоймас дейді ғұлама, бірақ, мүмкіндігінше осы қасиеттердің дәндерін тұлғаның бойына сіңіруіміз керек - деп, философиялық тұрғыда зерделейді.

әл-Фараби тәрбиеде бірінші орынға мінез-құлықты қояды, оны қалыптастыру үшін ерік, қайратты жетілдіруді қажет деп санайды.

әл-Фараби трактаттарында адамның ақылы, ойлау қабілеті, мәдени дамуы, ғылыми өсуі туралы, қоғамдық дамуды әлеуметтендіру және ізгі мемлекет ілімін жасайды.

“Халық - мемлекеттің жүрегі“ дей отырып, халықтың білімін жетілдіру, рухани-адамгершілік тұрғыда білім беруді негізгі орынға қояды. Iзгі мемлекет болу үшін – ізгі басшы болуы керек деп, басшының бойындағы қасиеттерді саралайды: ақыл-парасат, ғұламалық, талант, тәлім тәрбиелілік.

Оның философиялық трактаттары арқылы тұлғаның бойындағы азаматтық, эстетикалық, этикалық қасиеттерді қалыптастырумен қатар, оның тұлғалық қасиеті арқылы бүгінігі ұрпақты тәрбиелеуде негізгі орын алады.

Кеткенім жоқ, елім сенен,

Атақ, бақыт, тақ іздеп,

Шықтым жалғыз, жұртым шалғай,

Ғылым атты шам іздеп.

Ақтадым мен ақ сүтіңді,

Келгенінше шамамның - деген толғауы ғұламаның ел алдындағы парызы мен түркі жұртының ілімін бүкіл әлемдік деңгейге көтеруі түркі халқының патриоттық рухының биік шыңы деп бағалауға болады[12,49б.].

Сократтың пікірінше, моральдық өлшемдер – обьективтік құбылыстар. Ал жақсылық пен жамандықтың арасындағы айырмашылық салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Жақсылық жасағанда, ол жақсылықтың мәні неде екенін білген дұрыс. Егер адамдар жақсылықтардың да, жамандықтың да не екенін, олардың табиғатын түсініп, білетін болса, онда олар еш уақытта да жамандыққа бармас еді. Жамандықтың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын құбылыс. Олай болса, әдептілік дегеніміздің өзі - танып білудің салдары. Сондықтан адамдар баюға, жұмыс бабында жоғарылауға, мемлекеттік басқару ісіне араласуға, т.б. құмартпаулары керек, керісінше, “өз қамыңды өзің ойла”, өзіңді-өзің әдептілік, ақылдылық жағынан көтер, бұл ретте адамдарға философия көмек береді.

Шығыстың ғұлама ғалымы, философ әл-Фарабидің: «Жүрек – басты мүше, оны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді, бұдан кейін ми келеді, бұл да басты мүше бірақ мүның үстемдігі бірінші емес» - деген көзқарасымен сәйкес келеді. Абайдың он жетінші қара сөзінде ақыл, қайрат, жүрек туралы пікірін: «Осы үшеудің басын қоспақ менің ісім, бірақ сонда билеуші жүрек болса жарайды», - деп білдіреді. Бұдан біз, Абай мен әл-Фарабидің «Жүрек» туралы танымдарының негізі бір екендігін көреміз. Абай, әділет, ізгілік, шапағаттың мекені, көзі: жүрек деп түсіндіреді, ал бойында ақылы мен қайраты ғана бар кісі, «жарым адам» яғни жарты адам деп қарайды да, үшеуінің (ақыл, қайрат, жүректің) басын қос деп, жүректі қосып, «соған билет (ақыл, қайрат, жүректі), «ақыл, қайрат, жүректі сол басшылық етсін дегенінен «толымды адам (ақыл, қайрат, жүректі)» қалыптастыруды көздейді.

Абайдың осы танымын мына бір нақыл сөзі де растай түседі: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек» – немесе «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», дегендегі тұжырымдар ойы да адамгершілік қасиет еді.

Қай ғасырда да болмасын тұлғаның рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру негізгі орында тұрғаны белгілі. Еліміз егемендік алғаннан бері қоғамдағы рухани - адамгершілік мәселелерге байланысты үкімет тарапынан да, ғалымдар тарапынан да ғылыми ұсыныстар көптеп табылады. «Өзін - өзі тану» пәнін оқытуда жоғарыдағы ғалымдардың тұжырымдары, идеялары пәннің теориялық тұғырларын айқындауға негіз болды.

С.А. Назарбаеваның “…Білім беру – бұл ұлттық және жалпыадамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты-өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау жолымен оның интеллектін байыту. …Өзін-өзі тану бағдарламасының міндеті-тұлғаға өзін-өзі тануға өзін және әлеуметтік ортасын түсінуге және өмірдегі өзгеріп жатқан жағдайларға бейімделуге көмектеседі… ”.

Өзіндік таным жобасының авторы С.А. Назарбаеваның “Қазіргі уақытта қоғамдағы жастардың тұлғалық дамуында рухани -өнегелі тәрбиесі, гормониялық дамуын зерттеу аса қажет” – деп көрсетеді. Бұл орайда қазіргі жастар тәрбиесінде этика, эстетика, рухани жан азығын өмірге деген көзқарасты өзгертіп, барлығына тек қана сүйіспеншілікпен, махаббатпен, ізгілікпен қарауға, өзінің ішкі жан дүниесін өзгерткенде, толықтырғанда ғана ол адамнан жоғары білікті азамат шығатынын көрсетіп кетеді. “Быть здоровым человеком значит привести в равновесие тело, разум дух, установить мир и спокойствие в самом себе. Найти путь к себе. Без духовной любви всякое обучение бесполезно”-деп, бұл тұрғыда ғалым, білім алуда оны сүйе білуге, талпынысқа шақырады.

Тұлғаның бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастыру, өзін - өзі тәрбиелеу мәселесі А.С.Макаренконың педагогиканың теориясы мен практикасында ғылыми тұрғыда негізделген. Оның ұстаздық тәжірибесінен туындаған «Ұстаздық дастан”, «Мұнара үстіндегі тулар”, «Ата-аналарға арналған кітап” атты ғылыми еңбектері әлі де болса өзінің өзектілігін жойған жоқ. Оның тәрбиедегі алдына қойған негізгі ұстанымы тұлғаның ұжым арасындағы қарым - қатынасы, алдына қойған талаптарды нақты орындай білуі, өзін- өзі жетілдіруіне, ұйымдастырушылық қасиетінің дамуы негізгі орында тұрды.

А.С.Макаренко жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыруды екіге бөліп, бірінші, барлық тұлғаларға ортақ сапалар болса, екіншісі, тұлғаның даралық сапасын дамыту үшін оның қабілеттерін ескеру керектігін қарастырды.

А.С.Макаренко еңбегінде, тәжірибесінде бүгінгі біз зерттеу нысаны етіп алып отырған өзін - өзі тәрбиелеу мәселесі қиын балаларды тәрбиелеуде сол тұлғаға деген сенімі арқылы іске асырылып отырды. Адамды құндылықтардың негізі деп қараса, еңбекті де негізгі құндылық деп қарады. Жоғарыда П.И.Пидкаситый қарастырған құндылықтар жүйесімен ұштасып жатқаны байқалады. Еңбек тұлғаның психикалық, рухани дамуының негізгі көрсеткіші деп бағалай отырып, еңбекті өмірдегі негізгі құндылықтардың бірі, бала еңбекпен тікелей араласуы керек деген ұстанымды ұстады. Сонымен қатар, рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызын ашқан көрнекті ғалымдардың бірі болып табылады. «Ата-аналар кітабы”, «Балаларды тәрбиелеу лекциялары” атты еңбектерінде отбасындағы бала тәрбиесінің нақты жүйелі түрде дұрыс ұйымдастыру арқылы азамат тұлға тәрбиелеудің мүмкіншілігі мол екенін практикалық тұрғыда дәлелдей білді.

Ресей ғалымы В.В.Воронов тәрбие үдерісінде тұлғаны қалыптастыру мәселесі бойынша зерттеуінде тұлғаның білімділігі, интеллектуалды және дене дамуымен бірге дүниетанымдық көзқарасы мен адамгершілік тәрбиесін ұштастыра отырып жүргізгеде ғана жақсы нәтиже алатынымзға тоқталады. Тұлғаның рухани адамгершілік құндылығын қалыптастыруда әдептің негізгі орын алатытына аса мән берген. Ғалым адамгершілік тәрбиені тәрбиеленушілердің бойында адамгершілік білімді, сезімді және тәртіпті қалыптастырудағы педагогикалық іс -әрекет тұрғысынан қарастырады.

Дүниетанымдық көзқарас адамның санасындағы жалпы әлемдік түсінікті нақтылайды және іс әрекетінің бағытын айқындайды деген тұжырымды бере отырып, әр жеке тұлғаның дүниетаныңның қалыптасуы көп қырлы, күрделі үрдіс олардың өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным принциптерін қалыптастыртына аса мән береді.

Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен бірге белгілі әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және олардың партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші. Дүниенітану дегеннің өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі тану деп қарастыруға болады. Адамның табиғат пен әлеуметтік ортаны түсініп білуін, дұрыс қарым-қатынас жасау іс-әрекетінің бағытын қамтитын ұстанымдардың бірыңғай жүйесі тұрғысынан да тұлғаның дүниетанымы нақты көрініс береді.

Жоғарыда бастауыш мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негізін айқындауға байланысты ғалымдардың еңбектері, ғылыми ұсыныстары тұлғаның өзін- өзі тануын айқындауда негізгі орын алады.

Оқушылардың рухани - адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастыру дегеніміз – рухы биік, қайырымдылықты, ізгілікті, тазалық пен арлылықты өз бойына сіңірген, елі мен жерін сүйетін, білімді менгерген тұлға деп қарастырамыз.

«Өзін тану және дамыту» атты еңбекте «Өзін тану дегеніміз не екен?» деген сауалды қоя отырып, нақты жауап іздестіреді. Өзін өзі тану дегеніміз - бұл өзін, өзінің потенциалдық және өзекті қасиеттерін, тұлғалық, зияттық ерекшеліктерін, мінезінің белгілерін, өзінің басқа адамдармен қатынастарын және т.с. тану үрдісі тұрғысынан қарастырады.

Авторлардың пікірінше, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді арқау етіп, көптеген өзін тануына байланысты мәселелерді шешуге, қолдау көрсетуге негіз болады деп сендіреді.

Бірінші, «Өзін тану психологиясы» тарауында өзін-өзі танудың түсінігі беріледі, оның адам өмірі үшін мән-маңызы ашып көрсетіледі, өзін-өзі танудың мен аумақтары салалары суреттеледі, өзін-өзі танудың адамның өзіндік сана сезімінің құрылымдық құрамдас бөлігі болып табылатындығы нақтылайды.

Екінші, «Өзін тану және дамыту психологиясы» тарауында «даму» және «өзін тану және дамыту» түсініктері енгізіледі, өзін тану және дамыту дың сатылары суреттеледі, оның түрлері: өзін-өзі таныту, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі таныту; өзін тану және дамыту дың механизмдері, кедергілері ашып көрсетіледі деген ұсыныс береді.

Үшінші, «Өзін таныту және дамытудың психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тарауы өзін таныту және дамыту әртүрлі жас кезеңдерінде қалыптасу мәселелеріне, өзін тану және дамыту тәсілі ретінде өзін-өзі тәрбиелеу мәселелеріне арналған. Өсіп келе жатқан адамда өзін-өзі таныту мен өзін тану және дамыту қалай ұйымдастыру керектігіне және қолдау көрсетуді қалай жүзеге асыру керектігіне жасалады, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру бағыттары бөліп көрсетіледі деп нақтылайды[68].

Расында да, психологтардың зерттеуі бойынша әрбір адам өмірінде тым болмағанда бір рет: «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің өмір сүруімнің, менің өмірімнің мәні неде?» деген сұрақтар қою арқылы, жауап іздеуі керек. Әртүрлі адамдар осы күрделі философиялық сұрақтарға әртүрлі жауап береді: біреулер оларға жауап таппай дал болады, екіншілері өзіне толықтай сипаттама беруге, өз тіршілік әрекетінің бағыттары мен келешегін анықтауға тырысады; үшіншілері, қойылған сұрақтарға жауап беріп, солай болса да өз жауаптарына қанағаттанбай қалады. Адамзаттың бүкіл тарихының өн бойында өзін-өзі тануға деген қызығушылық өзгеріссіз қалды, адамдар әлемге әуестік танытып отырғанынша, қоршаған болмысты тануға қабілетті болғанынша, ол осындай болып қала да бермек.

Қ.Б.Жарықбаевтың «Психология» атты еңбегінде өзін - өзі тәрбиелеу мәселелері бойынша бір адам тұйықтықтан, екінші адам орынсыз ұялшақтықтын арылғысы келеді. Адамның өзін- өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Адамның өзін -өзі тәрбиелеу жан мен тәнді үнемі шынықтырып, жаттықтырып отыруды тілейді. Адам өзін- өзі тәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық танытып, ұзақ уақыт қажымай талмай ерінбей жалықпай жұмыс істей білуге машықтануы керек.

Балаң жастағылардың арасында ой - армандарын күнделік бетіне түсіріп отыруы да адамның өзін - өзі тәрбиелеу ісінде психологиялық жағынан құнды құжаттардың бірі. Күнделік арқылы өзімен - өзі мұндасып, сырласады.

Өзін -өзі тәрбиелеу мәселесі имандылық пен адамгершіліктің биік принциптерімен ылғида ұштастырылса, жеке мүддені жұрт мүддесімен орайластырып, туған халқы мен отбасына адал қызмет ету , оларға ылғида борыштымен деу секілді ізгі ниеттерден туындап жатса, оның осы саладағы тыныс - тіршілігі мазмұны да, жемісті болады, өйткені борыш пен жауапкершілік, парыз бен қарыз, ар - ұят, намыс сезімінің болуы өзін - өзі тәрбиелеу ісіне зор түрткі болып, кісінің қиыншылықтарға төзуіне және оларды жеңе білуіне, әркез жарқыш да шат - шадымен өмір сүруге жету жолында күресіне демеу болып отыр деп атап көрсетеді .

Ғалым адам бойындағы асыл сезімдер адалдық, шыншылдық, бауырымдылық, ар ұят, намыс, т.б. , осынау асыл арман, асқақ мұратқа жетуге демейтін қуат болса, адамдар арасында кездесетін мінездегі міндер сараңдық, пайдакүнемдік, екіжүзділік пен мақтаншақтық, тәкапарлық, жалқаулық қызғаншақтық, біздің бүкіл тәрбиемізге, әсіресе өзін- өзі тәрбиелеу ісіне кедергі келтіретін қырсық та жаман қасиеттер деп бағалайды.

Әсіресе ұлттық мінез, ұлттық болмыс, ұлттық психологияны зерделей келе халқымыздың кеңжазира даласы сияқты дархандығы, қонақжайлылығы, әр кез жақсылық жасауға , қол үшін беруге даяр тұратын қасиеттерін ерекше атайды».

«Өзін тану және дамыту» атты оқу құралында өзін тану және дамытудың өзекті мәселелерімен қатар, өзін тану дамытудың психологиясын, өзін тану және дамытуға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің практикалық жаттығулары қарастырылды. Теориялық бөлімдері өзін таныту және дамыту жөніндегі практикумдарда жүзеге асып, нақтылы диагностикалық әдістемелерде, тренингтік жаттығуларда, семинар мен практикалық сабақтарда тұлғаның іскерлік дағдылары мен икемділіктері қалыптасуына мүмкіндік бере алады. Авторлар осы оқу құралында өзін тануға және дамытуға жалпы сипаттамалар бере отырып, негізгі ғылыми терминалогиялық атауларын ұсынады. Сонымен қатар, өзін тану және дамытудың түсінігі, психологияда тұлғаның өзін танудың мәселерінің алғышарттары сипатталады.

Авторлар өзін тану компонентеріне құрамы төмендегідей сапалармен анықталады: өзін бақылау, өзін талдау, өзін бағалау, өзін басқалармен салыстыру, өзін моделдеу, өзін құрметтеу, өзін тану және дамыту, өзін жүзеге асыру, өзін өзектендіру және т.б. әр жас ерекшелік кезеңдерінде осы аталмыш қасиеттер адам бойына сіңіп, қалыптастырып және дамыта отырып өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ете алады. Атап айтқанда, өзін көрсете білу, өзінің менмендігі, өзі- өзін жағдай жасау, өзін анықтау, өзін мониторингілеу, өзін ұйымдастыру, өзін бекіту, өзінің қабілеттілік мүмкіндіктерін ашу сияқты тұлғалық қасиеттер өзін тану үрдісінде қалыптасуына мүмкіндік береді, өзін жетілдіру өз еркімен саналы түрде жүзеге асқан кезде ғана, артуына мол мүмкіндіктер бере алады деп сенім білдіреді.

Бөбек қорының президенті С.А.Назарбаева «Өзін-өзі тану» атты әдістемелік оқу құралында: «Рухани-адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сезім, кеңпейілдік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілдік, адалдық, шыншылдық та рухани-адамгершілікке жатады. Рухани-адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада да қолданады. Рухани-адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттіліктердің нәтижесі, рухани-адамгершілік туа біткен қасиет емес. Рухани-адамгершілік принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа талпыну, мүдделерді үйлестіру мен ұжым болып жұмылудың, жоқ-жітік пен ауру-кемтарға, бала мен кәріге жәрдемдесудің қажеттігін сезіну мен мойындау сияқты факторлар негізінде қалыптасады», - дей келе, қоғамдық дамудың жаңа сатысында, айталық, біздің еліміздегідей, тоталитарлық жүйеден қадам басқан өтпелі кезінде, тарихта талай рет болғандай, рухани-адамгершілік талаптары туралы түсінік те жаңғырулар, тіпті бұрмалаулар да орын алады. Мұндай қауіптен адамның рухани тазарып, кемелденуі мен қоғамның ізгіленуі негізінде ғана рухани-адамгершілік мұраттарды сақтап қалуға болатындығын атап көрсетеді».

Жоғарыда жүйеленген анықтамалар ұғым жағынан бір-бірінен алшақ еместіктен, бірін-бірі толықтыра түседі. Біз солардың ішінде

Зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты рухани - адамгершілік құндылықтары қалыптасқан тұлғаға бағытталады. Рухани құндылықтары қалыптасқан тұлға ізгілік, кісілік, мейрімділік, парасаттылық қасиеттері бойына сіңіре білген тұлға. Баланың бойындағы рухани - адамгершілік құндылықтан С.Ғаббасовтың тұжырымы бойынша құрсақта жатқанда, яғни құрсақ тәрбиесі тұрғысынан қарастыра отырып, отбасы, әулет, қоғамдық орта ықпалынан туындайды деп атап көрсетеді.

З. Серікқалиұлының «Өзіңді тану– бүкіл ғалам ғажайыбын тану» атты мақаласында адам баласының қоршаған кең дүниемен, әсіресе табиғатпен қарым-қатынас жасау барысында өз бойына ештеңе дарытпауы мүмкін емес. Адам белгілі бір кезеңде қалыптасқан мұрат-мүддесі негізінде ғалам көркін танып, жаратылыстың мән-мағынасын әділ саралап, баға беруге талпынады. Таным нысанасы айқындала түскен сайын адамның ой-өрісі кеңейіп, мүмкіндіктері ашыла түседі. Әлем өрісінің, жаратылыс құбылысының әлі жете танылмаған аясы кең. Адам көзге көрініп тұрған дүние болмысын да, жерден шалғай ғалам кеңістігін де мейлінше зерттеп, оларды шынайы өмірмен байланыстыру үшін ізгі талпыныстар жасауда. Жаратылысқа жан иесі жылы шырай дарытып, өзгертіп, құбылтып, бүкіл қуаныш-қызығының құт-береке көркіне, игілігіне айналдыра бастаған кезде ғана Әлем – адамдар әлемі болмақ.

Адам төңірегіне тек пенделік өз түсінігі тұрғысынан қарай алмайды. Ол жаратылыс шындығын қандай болса, сол күйінде, яғни қаз-қалпында сезінуі керек. Жер-жаһанмен рухани сабақтасу дегеніміз ғаламның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» танып-білу талабынан туындап жатыр. Дүние тұңғиығына бойлайтын сұңғыла сезім Адам дейтін осы ғаламат ұлы құдіретке бұйырған. Бұл өзіңді өзің тану ғана емес, бұл – бүкіл ғалам ғажайыбын тану деген ұсынысы бүгін қоғам алдында ерекше маңызға ие».

Жалпы өзіндік танымға қазіргі таңда ғалымдар өте жоғары деңгейде көңіл бөліп отыр. «Өзін-өзі тану» терминдерінің түсіндірмелі сөздігінде өзін - өзі тануға байланысты ғылми негіздері нақты ашылып берілген:

Өзін-өзі тану: тұлғаның өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында өзі туралы нақты білім алуға бағытталған шығармашылық іс-әрекеті;

Өзін-өзі тәрбиелеу: Жеке тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау арқылы өзінің жағымды қасиеттерін жетілдіруіне және жағымсыз әрекеттерінен арылуға бағытталған саналы, мақсатты бағытталған іс-әрекеті.

Өзін-өзі анықтау: Өзін-өзі бағалау дәрежесі; тұлғалық бағытының мазмұнды жағы; адамның қоғамда өзін-өзі тұлға ретінде анықтауы, оның әлеуметтік-мәдени құндылықтарға байланысты белсенді көзқарас ұстануы және осы арқылы өзінің өмір сүру мәнін анықтауы (болашаққа ұмтылу арқылы); қандай да бір проблемалық жағдайда өзіндік ұстанымын анықтау мен бекіту бойынша жеке таңдауын саналы түрде жүзеге асыру процесі мен нәтижесі; адамның ішкі еркіндігіне ие болуының және оны көрсетуінің негізгі тетігі.

Өзін-өзі дамыту: Тұлғаның рефлексия, жоспарлау, өзіндік даму нәтижелерін болжап білу сияқты психикалық көріністерінің негізінде жүзеге асатын өзін-өзі жетілдіру процесі.

Өзін-өзі түсіну: Табиғи, әлеуметтік және тұлғалық аспектілер бірлігінде субъектінің өзін-өзі түсіну мен қабылдау іс-әрекеттері.

Өзін-өзі іске асыру: Адамның өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін, қасиеттерін, басқа адамдар арасындағы орнын саналы түрде дамыту процесі мен нәтижесі.

Өзін-өзі жігерлендіру: Жеке тұлғаның рухани және шығармашылық әлеуеті көрінісінің жоғары деңгейі, өзінің жеке тұлғалық мүмкіндіктерін толық анықтау мен дамытуға ұмтылуы; мүмкіндіктердің шындыққа айналуы.

Өзіне-өзі қызмет ету – тазалық ережелерін сақтау, өзінің киім-кешегін күтіп кию, тамақ әзірлеу, отбасы тұрмысында қарапайым еңбек ету.

Өзін-өзі алдау – өзінің шектеулерін дәл түсіне алмағандықтан адамның өзін өзі алдауы. Өзін-өзі алдайтын адамда өзін-өзі қабылдау қабілеті болмайды.

Өзін-өзі аңғару – адамның өзбойындағы жағымды-жағымсыз қасиеттерін көре, аңғара білуі.

Өзін-өзі билеу – адамның кез келген жағдайда ешқандай сезім ықпалын ермей, ұстамдылық көрсетуі.

Өзін-өзі тексеру – субъектінің өз әрекеттері, психикалық үдерістер мен көңіл күйін жете ұғынуы және бағалай алуы.

Өзін-өзі ұстау – сезімге әсер етіп, істі кері кетіретін жағдайларда, адамның өз әрекетін дұрыс жүзеге асыра алуға қабілеттілігі. Өзін-өзі ұстауда осы іс-әрекетті реттейтін психикалық үдерістерді саналы-еріктік ұйымдастыру көрінеді. Өзін-өзі ұстай білу–адамның эмоциялық жене әлеуметтік кемелділігінің көрсеткіші.



Өзін-өзі тануға байланысты ғұламалар артына қайталанбас мұраларды қалдырып отыр. Төмендегі кестеде әлем және қазақ елінің ғұламаларының өзін өзі тануға байланысты артына қалдырған тұжырымдары беріліп отыр (Кесте 2).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   165




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет