Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет17/18
Дата27.05.2018
өлшемі6,64 Mb.
#40826
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Литература:

1. А.Г.Курош. Курс высшей алгебры. М.,1971.

2. А.А.Бухштаб. Теория чисел. М.,1966.

3. И.С.Соменский, Сборник задач по высшей алгебре. М., 1977.

4. А.У.Нурымбетов.,М.К.Кадырбеков. Алгебра и теория чисел. Т., 2001.
Аннотация. Шектеусіз үздіксіз бөлшектердің қолданылуы, тек математикада ғана емес, басқа дасалада жақсы пайдаланады. Танымал күнтізбені, Архимед санын ашудва үздіксіз бөлшектерді қолданылуы қарастырылады.

Annotation. That you limit continuous divide, is used, last name not on only mathematics, on дасалада except uses well. To Apply that continuous parts, examines acquaintance calendar, number of Archimedes.

ГЕОГРАФИЯ, БИОЛОГИЯ,

ХИМИЯ, ЭКОЛОГИЯ

ӘӨЖ 372.857

С31
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНЫП САБАҚ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Абжапарова А.С., Сейдыбаева Ә.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр деген болатын.

Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие процесіндегі елеулі өзгерістерге тікелей байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту процесін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Білім мазмұны жаңа процестік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының, оның ішінде биологияны оқыту әдістемесінің бір ерекшелігі – жеке тұлғаның шығармашылығының қалыптастыруға бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға және оларды білім беруде тиімді пайдалану. Осы орайда білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мәселе – әлеуметтік және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірде пайдалану.

Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің алар орны ерекше. Қазір жалпы білім беретін мектептерде сын тұрғысынан ойлау технологиялары кеңінен қолданылуда.

"Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе - теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау[1].

Сын тұрғысынан ойлдау технологиясы -барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауға үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға дағдыландырады.

Технология – бұл ерекше белгі, мазмұн жөнінде, құрам жөнінде және әрекетті жүзеге асыру жөніндегі іс-қимылдың нұсқауы. Сондықтан оқыту технологиясы да мақсат және болжам түрінде түпкі ойды, әрекетті жоспарлауды беретін оқу-тәрбие жұмысын және олардың жүйесін нобайлау мен оны жүзеге асыруды қарастырады[5].

Мектептерде оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі және басты формасы осы күнге дейін сабақ екендігі айтылды. Бірақ дидактикалық талаптарға сай ұйымдастырылған оқыту формасы оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім игеруде ерекше ықылас тудырып, ұстазға да шәкіртке де шексіз шығармашылық мүмкіндік береді. Сабақ 45 минут қана емес, ол – берілген шығармашылық еңбек көлемі.

Қазіргі таңдағы мұғалімдерге кездесіп жүрген оқушының таным белсенділігінің, қызығушылығының, тіпті оқуға құлқының төмендеу проблемалары себептерінің негізі – сабақтардың бірсараңдылығы. Ұстаз еңбегіндегі күнделікті ізденістің болмауынан оқытудағы бірізділік пайда болады, ол – бірте-бірте балалардың сабаққа деген қызығушылығын жояды. Қазіргі сабақ тек қана шығармашыл болуы керек[1].

Оқытудағы классикалық әдістеме ғылым мен техника дамуы деңгейіндегі «жеңіл» мен «қиын» ұғымдары ғана меңгертуге жарап келеді. Ал осы күндері оқушылар алатын ақпарат жан-жақты көп (теледидар, электронды почта, интернет, т.б), сондықтан, олар көп нәрсені ерте біледі. Осындай әлемде өмір сүріп отырған бала бір пәнге қызықса, одан өте көп көлемде хабарлар, деректер шығаруға қабілетті. Ендеше, ол сол өзін қызықтырған мәселе жөнінде өте жоғары көрсеткіш көрсете алады. Ұстаз осындай жағдайда оқушымен байланыста шексіз шығармашылық өнермен биікте болуы керек. Ұстаздық мәдениет театр мәдениетімен айырылмастай байланыста. Оқу үрдісі кезінде балалардың өзін шығармашылық жағдайда сезінулеріне тек оқытушының «үстемділігінен» және «мұғалімдік мундирінен» шығып, оқушы тұлғасын сыйлап, түсіну кезінде жеткізуге болады.

Ұстаз тұлғасы – баланың жаны мен ойына әсер ететін негізгі тәрбиелеуші күш, сондықтан оның кәсіби шеберлігі бірден-бір маңызды мәселе. Биология пәні мұғалімінің тұлғасы, эрудициясы, өз ісіне берілгендігі мен дарыны шәкірттеріне бір із қалдырады, өмір жолдарына әсер етеді. Ұстаздың шығармашылық даралығы, шығармашылық белсенділігі өз еңбегінің жемісінің нәтижесінің мәнділігінен туындайды. Даралық барлық адамдарға тән, бірақ ол әркімде негізгі қасиет бола бермейді, кез келген адамды айқын көрінетін дара деп айта алмайсың. Даралық, біріншіден, тек жекелеген адамның өзіне ғана тән, қайталанбас бірегей ерекше қасиет, екіншіден, тұлғаның жалпы өзіндік дамуын көрсететін жинақы қасиет[2].

Мектептегі оқытуда соңғы кездегі ғылым-әдістемелік басылымдар беттерінде көптен беріліп жүрген сабақ түрлері заман талабының көріністері. Толық мәнді жаңаша білім беру –бала мүмкіндіктерін барынша пайдалануға жағдай жасау. Оның басты әдіснамалық білім беру міндеті – бала қабілетін дамыту және тәрбиелеу.Ұстаз бен оқушының субъект-субъектілік қатынасыны негізінендегі оқу тәрбие үрдісінде бірін-бірі толықтыру, бір-біріне қолдау жағдайында өтеді[1].

Оқытуға қойылатын талаптардың бірі – білім беру мен тәрбиенің біртұтас үрдіс ретінде іске асырылуы. Білім бере отырып тәрбиелеу дегенді екінші сөзбен айтқанда, оқушының ой белсенділігін, жұмыс істеу дағдысын шығармашылық қабілетін дамыту деген сөз. Қабілеттің дамуы, дағдының қалыптасуы оқушының нақты іс-әрекеті арқылы орындалады[3].

Заман талабына сай биологиядан оқу –тәрбие үрдісін жетілдіруде негізгі нысана етіп мына принциптерді ұсынған дұрыс: білім беруді оқушыларда ақпараттар қорын толтырумен шектемей, бала белсенділігі дамуының тәсілі ретінде қарастыру. Себебі белсенділікті дамыту шығармашылыққа жеткізеді, ендеше ол межеге жетуді белсенді оқыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осы тұрғысында негіздейтін болсақ, шығармашылықты қалыптастыруда және дамытуда белсенді оқытудың жүйесі қажет[1].

Мектеп білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде дәстүрлі оқыту үрдісімен қатар білім берудің басқа талаптарын іске асыратын жаңа технологиялар пайда болып, олар әртүрлі жолдармен жүзеге асырылуда. Алыс-жақын шет елдерде қазіргі кезеңде әлемдік білім беру кеңістігінде өту бағытында жаңа оқыту жүйесі қарастырылуда

[3].


Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 -ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда.

Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады[4].

Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Мұғалім ең алдымен оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай ойланулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез-келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Осыған байланысты «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасы арқылы оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жолдары пайда болды.
Кесте – 1. Дәстүрлі және сын тұрғысынан оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы

Педагогикалық процестің компоненттері

Дәстүрлі жүйе

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Мақсат

Оқушыларда білім, білік, дағдыны қалыптастыру

Байқампаздық ойлауы, практикалық әрекетті дамыту

Бастапқы мазмұн

Факты, мысалдар, тақырыптарды дәлелдеу

Заңдылық, теория, ұғым, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фронтальды

Жеке, ұжымдық іс-әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілк

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлексия

Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасының мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген құбылыс пен заттарға, әрекет пен мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, көптеген пікірдің ішінен біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету[5].

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның сырын түсініп алуымыз керек. Көптеген зерттеуші ғалымдар «сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Сындарлы ойлау ой-дамытудың негізі әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде. Сын тұрғысынан ойлауды көптеген мұғалімдер мен зерттеушілер «сынау» деген ұғыммен шатастырады. Сондықтан да жұмыстарының нәтижесін көре алмайды. Сыни ойлауға ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Солардың ішінде психолог ғалым В.Г. Крутецкийдің берген анықтамасы бойынша: «ойдың сыншылдығы – бұл адамның өзінің және басқалардың ойларын белсенді бағалау дағдысы, барлық ұсынылған ережелер мен қорытындыларды нақты және жан-жақты тексеру» дейді. Сыни тұрғыдан ойлау – шыңдалған ойлау. Бірақ бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз[5].

Сыни ойлауға апаратын қатаң реттелген қадамдар тізімі жоқ. Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттары бар екенін естен шығармау керек. Олар төмендегідей:

оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау; оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндеріне кепілдік беру; сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету; кез келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімдік білдіру; сыни ойлауды бағалау; тиімді сыни ойлауға қатысу үшін оқушылар өздеріне деген сенімдерін және өз пікірлері мен идеяларының құндылықтарын түсінуін арттыруға, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға, пікірді қолдауға және құрастыруға дайын болулары керек[6].

Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт: жоспарлауға дайын болуы; бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы); қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы); жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау); ымыралы келісімді іздеуі; коммуникативтілігі.

Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары: сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру; оқушылардың ойлауына жағдай туғызу; әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау; оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау; әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті; оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясы арқылы биология сабақтарында қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.

1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

2.Сенімділікке тәрбиелеу.

3.Қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау.

4.Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.

5.Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

6.Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау.

7.Жеке тұлға ретінде « мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Сын тұрғысынан ойлау – оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ауызша және жазбаша тілдің барлық түрлерін меңгеруге және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағдарланған педагогикалық технология[5].

Сабақ 3 кезеңнен тұрады: қызығушылықты ояту – түйсіну немесе мағынаны ажырату – ой-толғаныс. Осы кезеңдер оқушыларға оқудың мақсатын өздері анықтауға және ақпаратты белсенді іздеу мен өздері нені білгені (үйренгені) жөнінде ойтолғаныс жасауларын береді.

Оқыту үрдісі – жаңаны бұрыннан белгілімен байланыстыру үрдісі. Сондықтан қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылардың есінде бар білімдері мен оқытылатын материал жөніндегі ұғымдары өзектіленеді. Бұл кезең аса маңызды, себебі. Білім сол уақытта берік болады, егер ол адам соған дейін білетіні және түсінетінінің контексті негізінде игерілсе. Ал, ақпарат оқушылардың білімімен байланыссыз берілсе ол жылдам жоғалады, пайдасыз болады[4].

Түйсіну немесе мағынаны ажырату кезеңінде оқушылар жаңа ақпаратпен байланысқа түседі. Осы екінші мағыналық кезеңнің міндеті – қызығушылықты ояту кезеңіндегі жеткен оқушылар белсенділігінің, қызыушылығын және қозғалыс инерциясын қолдау. Екінші кезеңде оқушы өз бетімен белсенді жұмыс істейді, сондықтан мұғалім оған мүмкіндігінше аз әсер етуі керек [5].

Ой-толғаныс кезеңінде – оқушылардың ішкі күйі олардың жаңа білімді бекіту және өз түсініктеріне жаңа ұғымдарды қосу үшін өз ұғымдарын белсенді түрде қайта құрумен сипатталады. Сонымен жаңа білімді «меншіктеу» (игеру) жүріп, соның негізінде оқылатын материал жөнінде негізделген өзіндік ұғым қалыптастырады.Осы технологияның мақсаты оқушы өзі үйренеді, біледі және қолданады деген ұғымдарға негізделеді. Сонымен қоса оқушылардың сыни ойлауын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді қолданады. Оқушы өзіне сыни тұрғыда баға беруге қалыптастырады. Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі[7].

Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді[7]. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.



Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру[8].

«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.

Синквейн жазу ережесі:1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде)

2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше).4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.

Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады.

«Кубизм» стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыптың түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. «Кубизм» стратегиясында ойлау, оқу, жазу әрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі – 15-20см. Шаршының әр бетінің аты, сұрағы болады[7].

Топтастыру – оқыту стратегиясы, бұл стратегия оқушылардың еркін және ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шыңдайтын идеяларды байланыстыратын бірнеше құрылымнан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынандай: кілтті сөзді ортаға жазу. Ол тақырып болуы да мүмкін. Берілген уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастыру. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.

«Еркін жазу» стратегиясы да қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылады. Бұл стратегия бойынша 5 минуттың ішінде оқушылар тоқтамай үйге берілген тапсырма бойынша ойларына келген пікірлерін жазады. Жұптар бір-біріне оқиды. Тыңдаушылар сұрақ қояды[9].

Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады[8].

«Оқытудың нұсқауы» стратиегиясы мағынаны ажырату кезеңінде қолданады. Бұл стратегия сыныпта мұғалім жоқ болса да білім алуына көмектеседі. Ол үшін мұғалім алдын ала дайындаған тезистері бар парақтағы тақырыпты басынан аяғына дейін меңгеруін нұсқайды. Тақырыпты жұпта бір – біріне оқиды, топта талқылайды. Стратегияның құндылығының артуы мұғалімнің терең ойлы нұсқауларына байланысты болады[9].

«Болжам» стратегиясы. Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.

«Пікір алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді.

«Әңгіме» стратегиясы. Өзіне – өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.

Оқыту барысында сабақтарда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы» стратегиялары биология пәніне арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай мүмкіндіктер беретінін анықтадық:

жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға; білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз атқаруы; құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге; ой - өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін - өздері дамытып, тәрбиелеуге.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады: Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау, сенімділікке тәрбиелеу, қиялын дамыту « менің ойымша» деген жауапқа алуға жағдай жасау, әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау, жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау, баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай жасау, жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы зор. Сабақта сын тұрғысынан ойлау технологиясында қолданатын әдіс тәсілдердің көмегімен дербес іс - әрекеттің артуына, ойлаудың белсенді болуына, оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан - жақты дамуына, логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеруіне маңызды роль атқарады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту әдістемесі . Қарағанды: «Санат», 2006. 227 – 279 бет.

2. Бұзаубақова К.Ж. Білім берідегі инновациялық технологиялар. Тараз, 2014. 243 – 261 бет.

3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы – Егемен Қазақстан 15.08.2007 жыл.

4. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2015 жылға арналған тұжырымдамасы – Егемен Қазақстан, 2004 жыл.

5. Тәжіғұлова Қ.М., Мусина Д.Е. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану тиімділігі. – Алматы, 2006. – 397 бет.

6. Қаламқалиев М. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.//Биология салауаттылық негіздері. 2000 №2. 103-106 бет.

7. Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау. // Биология және салауаттылық негізі. 2006. № 1. 21-23 бет.

8. Ташенова А. Сын тұрғысына ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту. //Білім 2006. №6. 3-4 бет.

9. www.evolkov.net


Аннотация. Особенностью данной педагогической технологии является то, что учащийся в процессе обучения сам конструирует этот процесс, исходя из реальных и конкретных целей, сам отслеживает направления своего развития, сам определяет конечный результат. С другой стороны, использование данной стратегии ориентировано на развитие навыков вдумчивой работы с информацией, с текстом. 

Annotation.  A feature of this educational technology is that the student in the learning process itself designs the process, based on the actual and specific objectives, he tracks the direction of its development, itself determines the end result. On the other hand, the use of this strategy is focused on the development of skills thoughtful work with information from text.


УДК 537 Д40
ВЛИЯНИЕ ЭЛЕКТРОМАГНИТНЫХ ПОЛЕЙ

НА ЖИВОЙ ОРГАНИЗМ.
Джамалдинова М.Н., Кушербаева М.Р.

Таразского Государственного педагогического институт, г.Тараз
Вторжение армии можно остановить, а вот влияние электромагнитных лучей невозможно.

Но лишь возможно уменьшить их дозу

Максвелл

Природа подарила человечеству чистый, прозрачный воздух, водоемы и целебный естественный электромагнитный фон, излучаемый как космосом, так и растительным миром. Сегодня человечество, само того не подозревая, существует в океане электромагнитных полей. Эти поля разные по частоте и напряженностью. Их характеристики колеблются во времени. [1].

Высокочастотные излучения могут ионизировать атомы и молекулы соматических клеток и нарушать в них биохимические процессы. Стремительно растет энергонасыщенность быта людей. Человечество все больше освобождается от прямой зависимости от внешней среды и увеличивает свое воздействие на природу. Он при помощи радиотехнических и радиоэлектронных приборов создал невидимую электромагнитную паутину, в которой мы все находимся. Более 100 миллионов человек в мире ежедневно вольно или невольно соприкасаются с источниками электромагнитных полей. Это происходит и дома, и на работе, на прогулке или на отдыхе на даче. Все многообразие живого на нашей планете возникло, эволюционировало и ныне существует благодаря непрерывному взаимодействию с различными факторами внешней среды, приспосабливаясь к их влиянию и изменениям, используя их в процессах жизнедеятельности. И большинство этих факторов имеют именно электромагнитную природу [2].

На земле есть два вида магнитных полей: антропогенное и естественное. Естественные имеет гораздо большую площадь, но меньшую интенсивность. Поэтому антропогенные поля гораздо более губительны для всего живого. Учитывая технический прогресс, можно сказать, что искусственные поля уже сильнее природных. Источниками их являются радиопередающие устройства с потрясающей мощностью, транспортные средства, работающие на электричестве, линии электропередачи [3].

Ученые, уже много лет пытаются определить, как же влияют на человека электромагнитные излучения? К примеру, итальянские ученые пришли к заключению, что электромагнитные поля могут быть причиной бесплодия. Американцы считают, что излучения бытовых приборов негативно влияют на мозг.А шведские специалисты установили безопасный предел интенсивности электромагнитного поля, он равен 0,2 мкТл (микротеслы). Но все ученые мира давно признали, что электромагнитные излучения отрицательно действуют на центральную нервную, сердечно-сосудистую, гормональную и репродуктивную системы. Особо чувствительными к воздействию электромагнитных полей в человеческом организме являются нервная, иммунная, эндокринное - регулятивная и половая системы [4].



Современную жизнь нельзя представить без цветных телевизоров, компьютеров, стиральных машин, микроволновых печей, электрических плит, холодильников, электроутюгов, пылесосов, фенов, кондиционеров, и т.д. Чтобы испытать на себе все, на что способно электромагнитное поле, вовсе не обязательно сидеть верхом на электрогенераторе или жить под мачтами ЛЭП. Вполне достаточно бытовой электроники, которой напичканы сегодня дома. Наиболее опасными для человека с гигиенической точки зрения по электромагнитному воздействию являются компьютер, телевизор, переносные радиотелефоны, и на последнем месте бытовые электроприборы (электропечи, СВЧ- печи, холодильники и т.п.) [5].

Рассмотрим несколько самых распространненых источников ЭМИ в жилище.

Персональный компьютер - это радость общения друг с другом (Интернет, электронная почта), написание и печатание любых материалов, возможность выполнения расчетов, разнообразные игры. Компьютер - существенный фактор, показывающий не только уровень развития общества, но и определяющий степень электромагнитного загрязнения жилища.

Для ПК установлены следующие безопасные нормы ЭМИ: 10 В/м для электрической составляющей и 200 нТл - для магнитной. Обращает на себя внимание то обстоятельство, что электрическое поле во всех частотных диапазонах излучения работающего ПК превышает указанный безопасный уровень в пределах 0,02-2 кГц даже в 15 раз. То же самое относится и к магнитным полям. Конечно, сидя перед ПК, невозможно избежать воздействия ЭМИ. Их электромагнитные излучения распространяются по всем фронтам. Сотрудники Центра электромагнитной безопасности провели независимое исследование ряда персональных компьютеров, наиболее распространенных на нашем рынке. Они установили, что уровень ЭМП в зоне размещения пользователя превышает биологически опасный уровень[6].

При работе ПК на поверхности экрана дисплея возникает электростатическое поле, способствующее осаждению пыли вредных химических веществ на открытых участках кожи оператора. Это приводит к возникновению прыщей, экземы, зуда кожи. Низковольтный разряд способен вызвать помутнение на мембране хрусталика глаз, обусловить заболевание глаукомой.


  • ОПЫТ 1: В течении 3 дней, я на себе проделала эксперимент, влияния электромагнитных лючей на здоровье, излучающих с монитора компьютера.

Каждый день проводила за монитором компьютера около 5 часов

с 2-мя перерывами по 10 минут. Рядом с монитором не было

кактуса и комната во время эксперимента не проветривалась, так

же рядом находился сотовый телефон.


Перед экспериментом, я всегда проверяла учащенность пульса, давление и уровень стресса ( самочувствие).





До

После

№ дня

Пульс

Давление

Уровень стресса (самочуствие)

Пульс

Давление

Уровень стресса (самочуствие)

Норма

70-80

110-120/ 70-80













1

75

120/80

Отличное

70

135/90

Слабая головная боль и усталость

2

74

116/80

хорошее

68

130/80

Головокружение и сонливость

3

72

120/80

хорошее

65

140/90

головная боль, сонливость, воспаление глаз и т д

Вывод: После проделанного эксперимента, в течении нескольких дней я не приближалась к компьютеру, чувствовала себя очень усталой и постоянно хотела спать.

Почти все сказанное про ЭМИ дисплея ПК в равной степени относится и к телевизору.

Микроволновая печь. Наиболее мощными следует признать СВЧ-печи, аэрогрили. Основным деталям является магнетрон, который имеет огромную мощность и именно он излучает огромное количество электромагнитного излучения. Реально создаваемое ЭМП в зависимости от конкретной модели и режима работы может сильно различаться среди оборудования одного типа.

Все ниже приведенные данные относятся к магнитному полю промышленной частоты 50 Гц. Есть мнения, что микроволновые печи занимают в рейтинге опасных бытовых приборов первое место и могут нести реальную угрозу нашему здоровью. На расстоянии 30 см они создают магнитное поле 0,3-8 мкТл.  Практически в каждой квартире есть микроволновая печь, но мало кто знает, как она работает. Электромагнитное излучение двигает маленькие частички - атомы, и продукты разогреваются. Несмотря на то, что посуда остается холодной. Известно, что электромагнитное излучение разогревает наши ткани. Клетки человека болезненно относятся к этому процессу, и разогретая еда выходит уже облученной[7].

ОПЫТ2: проверка процессов взаимодействия микроволновой печи с разными предметами, а так же проверить наличие электромагнитных излучений.

Что будет, если поместить … в микроволновую печь:

1.CD или DVD диски – искрятся, а потом трескаются

2.Куриные яйца и овощи - взрываются. Зефир… парадоксально, но он тоже взрывается
3.Мыло раздувается и становится мягким.

4. Лампа накаливания временно светиться … пока не сгорит весь вольфрам, затем взрывается
5.Если поместить в СВЧ-печку что-нибудь металлическое, фольгу - воспламеняется

6. Мобильные телефоны – сгорают (Приложение 6)..

Вывод: Все эти любопытные эффекты происходят потому, что принцип работы микроволновой печи существенно отличается от обычной духовки. «Мозг» СВЧ-печки – магнетрон – преобразует электрическую энергию в высокочастотное электрическое поле. Поле является переменным, поэтому молекулы постоянно сдвигаются, меняют свое направление, «натыкаются» на соседние и передают им энергию. При этом то, что находится в микроволновке, постепенно нагревается, причем для каждого вещества существует своя оптимальная частота переменного электрического поля.

Сотовые телефоны В последние 20 лет мобильные телефоны стали частью нашего быта. С тех пор споры об их безопасности не утихают. Где бы ни был человек, он просто обязан оставаться на связи 24 часа в сутки, если не хочет пропустить важные события в своей жизни. Вот только о влиянии телефона на здоровье человека мало кто задумывается. А ведь согласно статистике операторов сотовой связи: около



  • 70% пользователей разговаривают по телефону более 30 минут в день;

  • 30% людей имеют по 2 сотовых и регулярно их используют;

  • 40% наших сограждан на ночь кладет телефон на расстояние менее 0,7 метра от головы, а ведь даже не звонящий аппарат постоянно связывается с базовой станцией;

  • только 20% пользователей знают, что влияние мобильного телефона на человека может быть чрезвычайно вредным.

Ученые всего мира предупреждают о том,  что разговоры по мобильному могут нанести непоправимый вред здоровью, может возникнуть болезнь рак ротовой полости[6].

Исследование ученных в области влияния сотовых телефонов на живой организм

В конце 2004 года были обнародованы результаты исследования, проведенного по заказу Евросоюза. В течение 4-х лет ученые Европы старались оценить влияние мобильного телефона на здоровье человека и степень его безопасности. По их заявлению опыты показали, что излучение мобильных телефонов причиняет реальный вред клеткам человека и животных, приводя, к значительному росту мутаций ДНК.

Как защититься от электромагнитных излучении?



Полностью избавиться от электромагнитных волн невозможно, но возможно уменьшение воздействия, запомнив несколько простых правил:

  •  Помните, что чем меньше мощность бытового прибора, тем меньше уровень его поля, то есть вредность;

  •  По возможности приобретайте аппаратуру с автоматическим управлением;

  •  Размещайте бытовую технику на расстоянии не менее 1,5 м от места, где постоянно находитесь: спите, отдыхаете или работаете;

  •   Не включайте одновременно несколько источников магнитного поля;

  •  Старайтесь, чтобы провода не образовывали «кольца» и «петли»;

  •  Находитесь на безопасном расстоянии от приборов;

  •  Поскольку электромагнитное излучение исходит от всех частей монитора (многие измерения показали, что уровень из пучения по бокам и сзади монитора выше, чем спереди), наиболее безопасно установить компьютер в углу комнаты или в таком месте, где те, кто на нем не работает, не оказывались бы сбоку или сзади от машины;

  •  Не оставляйте компьютер или монитор надолго включенными. Если компьютер не используется, выключите его. Эта может быть не очень удобно (может даже оказать некоторое влияние на срок службы компьютера), но все же это не слишком большая плата по защиту от потенциальной опасности электромагнитного поля;

  • Следите за тем, чтобы ваши дети сидели по возможности дальше от экрана компьютера (не менее 50-70 см);

  • На ночь не оставляйте технику работать в режиме stand-by, проще говоря, красный огонек на панели должен погаснуть;

  • Стиральную машину лучше разместить в ванной комнате;

  • Стены, даже несущие, не защищают от электромагнитного поля, поэтому прежде, чем выбирать место для кровати, неплохо бы узнать, где стоит телевизор у соседей.

  • Во время разговора не стоит сильно прижимать телефон к уху;

  • Использовать сотовый телефон в случаях необходимости;

  • Не разговаривать непрерывно более трех-четырех минут;

  • Не допускать использования сотового телефона детьми;

  • Не подносите телефон к голове сразу же после нажатия кнопки набора номера, т. к., в этот момент электромагнитное излучение в несколько раз больше, чем во время самого разговора.

  • Не рекомендуется носить телефон в нижних карманах (близко к репродуктивным органам), лучше держите мобильник в сумке

  • Не нужно на ночь оставлять его у изголовья и вообще держать при себе, лучше положите его куда-нибудь за 2–3 метр

Сегодня наша жизнь во многом зависит от технического развития цивилизации. Мы не представляем своего существования без электричества и техники, транспорта и телевидения. В век информации компьютеры, Интернет, мобильные телефоны стали нашими великими помощниками.

Проблема достаточно актуальная, поскольку использование электронных средств растет с каждым днем, пропорционально растет и число тех людей, у которых появились проблемы со здоровьем, связанные с электромагнитными излучениями. Наше здоровее и будущее зависит только от нас. От того как мы будем подвергать себя излучению, такого будет состояние нашего здоровья и всего живого.
Литература:

  1. Рыжиков А.П., Физика. Человек. Окружающая среда.:изд. «Просвещение»,2000

  2. Александров Н.Н. Процессы на поверхности земли,2001

  3. Павлович С.А. Магнитная восприимчивость организмов, 2013

  4. Лебедева Н.Н. Влияние ЦНС человека на электромагнитные поля, 2008

  5. Лебедева В.Э. Невидимая опасность в нашем доме, 2005

  6. Чернозубов И. Причины влияния излучения бытовых приборов и сотовых телефонов, 2010

  7. Радульская М.В. Изучение возникновений естественных магнитных полей на человека: методы, средства, результаты // Журнал радиоэлектроники 2000


Аннотация. Мақалада тұрмыста қолданылатын құралдар мен ұялы байланыс телефондарының әсерінен болатын электромагниттік сәулелер мен өрістің әсері жайлы кеңінен баяндалады.Тәжірибе көрсеткендей,бұл электромагниттік өрістің зияны орасан екені байқалды.

Annotation. The article shows the study of the effect of electromagnetic radiation and fields using household appliances , microwave ovens and cell phones .


ӘӨЖ 576.2

С31
ҰЙҚЫ БЕЗІ ГОРМОНЫНЫҢ ОРГАНИЗМ ҚЫЗМЕТІН

РЕТТЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ
Кемелбекова Р.Е., Сейдыбаева Ә.Қ.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ұйқы безі қарынның астыңғы жағында ұйқы безінің салмағы 70 – 80г, ұзындығы – 20см, ол бас дене және құйрық бөліктерінен тұрады. Ұйқыбезінің бас бөлігі ұлтабардың иініне кіргізіп, кең де жуан болып орналасады. Оның денесі І бел омыртқаға көлденең келіп, асқазанның арты қабырғасына жанасып жатады, ал құйрық бөлігі сол жақтағы бүйрек пен талаққа жетеді.

Ұйқы безінің жас ерекшелігі. Нәрестенің ұйқыбезі өте кішкентай ұзындығы 4 – 5см, салмағы 2 – 3г, ал 4 – 5 айда екі есе, 3 жаста – 20г, ал 10 жаста – 30грамға жетеді де ұйқы безі аралас сөлініс безге жатады[1].

Ұйқы безі әрі сыртқы (экзокриндік), әрі ішкі (эндокринді) қызмет атқарады. Сыртқы секрециялық қызметіне ас қорыту фермент өндіру жатады. Бұл процесті ациноздық клеткалар тобы атқарады.Ациноздық клеткалар басталатын сөл жинайтын ұсақ түтікшелер жинақтала келіп, біздің ұзына бойына орналасқан орталық сөл жолына ашылады. Орталық сөл жолы он екі елі ішектің қабырғасына өт жолымен қатар ашылады[3].

Ұйқы безінен пайда болған сөлдің (сілтілі реакция) асқорытуда маңызы зор. Сөлдің құрамындағы трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналды. Ұйқы безінің сөліндегі липаза ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахахридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы лактаза ферменті сүттің, қанты лактозаны, моносахарид галактозаға ыдыратады. Оның он екі елі ішектегі сөлдің рН 7,5-8,5 тең. Бірақ қарыннан келген ас қоймалжыңы оның белсенді сілті реакциясын рН 4-6 ға дейін төмендетеді. Адамның ұйқы безі тәулігіне 2 литрге жуық сөл шығарады[2].

Ішкі секрециялық қызметті Ленгерганс аралшықтары атқарады. Ең алғаш аралшық клеткаларды 1869 жылы Лангерганс ашқан, сондықтан оның құрметіне осы клеткалар тобын Лангерганс аралшықтары деп атаған. Ұйқы безінің эндокриндік ролін алғаш рет 1881жылы Улезько – Строгонова көрсетті. 1889 жылы Меринг пен Миниковский жануарлардың ұйқы безін алып тастағанда оларға диабет ауруының белгілері пайда болып, қан мен зәрдің құрамында қант мөлшері көбейген (гиперглихимия, глюкозурия). Ал 1901 жылы А.В.Соболев диабет ауруын аралшық клеткаларды алып тастаса ғана дамытатынын анықтады. Бездің сөл бөлетін өзегін байлап тастағанда оның секреті жиналып, қысымы күшейеді де экскреторлық тіндер бұзылады, ал аралшық тіндер өзгеріссіз қала береді. Мұндайда диабет ауруы пайда болмаған. Соболев алғаш рет без сығындысын алып, оның диабет ауруын емдеуге қолдануға болатынын дәлелдеген. Бірақ, бұл жаңалық сол кездегі ғылым деңгейіне байланысты дәріптелмегендіктен ұзақ уақыт бойы қолданылмай келді[4].

1920 жылы Канадалық дәрігерлер Бантинг пен Бест ұйқы безінің аралшық клеткаларының таза тұнбасын алып оны алғаш рет диабет ауруымен ауырған адамды емдеуге қолданған. Сол үшін екеуіне Нобель сыйлығы берілді.

Ұйқы безінің аралшалары ғана эндокринді жүйеге жатады. Олардың массасы 1,4-1,6 грамм, ал саны 200000-нан 1,5 миллионға дейін жетеді. Аралшалар бірнеше жасушалардан тұрады: α-жасушалар – глюкагон, β-арасында β-жасушлар 60-90%-ын құрайды. Олардың жетіспеушілігі қант диабетіне алып келеді. Оны 1901 жылы орыс патофизиологы, Мәскеу университетінің қызметкері А.В. Соболев дәлелдеген. Ол алғаш рет аралшық тіндердің тұнбасын алып, оның диабетті емдеудің қабілетін анықтаған. Аралшық тіндерінің таза тұнбасын без өзегін байлап, экскрециялық тіндерді жоймай алу мүмкін емес, себебі без тіндері беолокты негізде болғандықтан асқорыту ферменттерімен аралысып, олардың әсерінен ыдырауға түседі. Алайда Соболев өз еңбектерін аз оқылатын журналға басып шығаруына байланысты еңбектері өз уақытысында бағаланбай кеткен.

20 жылдан кейін 1921 жылы канадалық дәрігерлер Баттинг пен Бест Соболев жасаған тәжірібилерді қайталап жасап, бұзаулардың ұйқы безінің өзегін байлап тастау арқылы оның аралшық тіндерінің таза тұнбасын алған. Сосын оны диабет ауруымен ауырған адамдарды емдеуге қолданған[5].

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зерттеулері бойынша қант диабеті дертінің ауқымдылығы мен қауіптілігі жағынан жүрек-қантамырлары ауруынан кейінгі әлем бойынша екінші орынды алады. Зерттеу нәтижесінде жасөспірімдер арасында қант диабетінің таралуы 2,8%-4,4%-ға көтерілгендігі жайлы мәліметтер бар. Ал жалпы халықтың 2-3%-да кездессе, 10 жасқа дейінгі балалар қантты диабеті 5% құрайды.

Дерттің пайда болуының себептері төмендегідей:



  • аз қимылдау (физикалық жаттығулардың аздығы, спортпен шұғылданбау, т.с.с.);

  • аз қимылдау салдарынан ас қорыту жолдарының түрлі ауруларының пайда болуы(асқазан жарасы, панкреатит, бульбит, гастрит, т.б.);

  • ішімдік және темекіге әуестік;

  • артық дене салмағы;

  • уақытылы тамақтанбау (түрлі фаст-фудтар, газдалған сусындар, т.б.).

Диабетпен ауру қауіпі төмендегідей адамдарға тән:

  • 40 жастан асқан ер және әйел адамдар;

  • тұқымында диабетпен ауырған адамдары бар ерлер мен әйелдер;

  • артық дене салмағына ие адамдар;

  • жүктілік кезінде қандағы глюкоза мөлшері артық әйелдер;

  • инфаркт және инсульт алған ер және әйел адамдар[2].

Қатты диабеттің жіктелуі. Инсулиннің бездің немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде қантты диабет дамиды. Ол организмде инсулиннің толық немесе салыстырмалы жеткіліксіздіктерінен дамитын зат алмасуларының бұзылыстарымен, қан тамырларының, жүйкелердің және әр түрлі ағзалар мен тіндердің дерттік өзгерістерімен сипатталатын ауру[2].

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) жіктеуі (1981ж.) бойынша қантты диабеттің ең кең таралған екі түрі бар: инсулинге тәуелді (1-түрі) және инсулинге тәуелсіз (2-түрі).

1-түрі – 25жасқа дейінгі жастарда және балаларда кездесетін диабет инсулиннің бездік жеткіліксіздігінен оның толық болмауынан дамиды. Ол сырқат адамның қатты ауырып азуымен ауыр түрде өтеді және инсулинмен емдемесе тез кетоацидоз дамуына және адамның өліміне әкеледі.

2-түрі – жасы ұлғайған адамдарда (45 жастан жоғары) кездесетін диабет және ол инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамиды. Бұл түрі диабеттің барлық түрлерінің 70%-на жуығы. Қанда инсулиннің мөлшері аздап қана төмендеген немесе тіпті қалыпты деңгейде болады. Бұл диабетпен ауыратын сырқаттардың арасында салмақтың артуы жиі байқалады және әдетте кетоацидоз дамымайды. Көпшілік жағдайда мұндай ауруларды тіпті дұрыс ем-доммен емдеу жеткілікті болады. Диабеттің 2-формасымен ауыратындардың басым көпшілігі афроамерикандықтар, латиноамерикандықтар, американдықтар және америкалық үндістер болып келеді[6].



Этиологиясы мен патогенезі. Қантты диабеттің себебі болып, тұқым қуатын және жүре пайда болған ықпалдар есептеледі. Диабетке тұқым қуалайтын қабілеттілік бәсеңкі түрде бір немесе бірнеше гендермен беріледі. Бірақ аурудың пайда болуы қоршаған ортаның қосымша ықпалдарының әсерлеріне байланысты. Диабет ауруында ең алдымен көмірсу алмасуы бұзылады. Организм клеткалары көмірсуларды пайдаланбай, бауыр мен еттерде гликогеннің жасалу мөлшері төмендеп, керісінше оның ыдыруы жоғарылайды. Нәтижесінде қандағы қанттың мөлшері артады. Қант қалыпты жағдайда 4,4-,6,6ммоль/л-ден 8-12ммоль/л, кейде одан да жоғары болып кетеді және ол зәр арқылы сыртқа шығарылады, глюкозурия байқалады[3].

Диабеттің осы түрлері өздерінің даму себептері, патогенезі бойынша бір-бірінен өзгеше екендігі белгілі болып отыр. Инсулинге тәуелді қантты диабеттің дамуында аутоиммундық үдерістердің әсері зор. Сырқаттардың 60-85%-ында панкреас аралшаларына қарсы бағытталған антиденелер түзілетіні анықталған. Шамамен науқастардың 1%-ында осы аралшаларда Т-супрессорларға жататын лимфоциттер табылған, яғни иммундық қабыну дамиды. Мұны инсулит деп атайды. Иммундық қабыну дамуында вирустық инфекциялардың, мысалға Коксаки-В, паротит, цитомегаловирустық инфекциялардың маңызы зор. Вирустар әсерінде зақымданған β-жасушаларда аутоантигендер пайда болады, оған қарсы аутоиммундық үдерістер іске қосылады. Сондықтан қантты диабет кезінде басқа эндокриндік бездерде де аутоиммундық ауытқулар, оның ішінде Хашимото зобы, Грейвс ауруы, Аддисон аурулары байқалады. Аутоиммундық үдерістер сиыр сүтімен тамақтанатын балаларда, сиыр сүтіне (альбуминге) қарсы пайда болған антиденелерді іске қосуы мүмкін. Осы диабетпен сырқаттанушы сырқаттардың 95%HLA-ДR3 немесе HLA-ДR4 антигені табылған. Бүл диабеттің ерекшк түріне гендік бейімділік тән деген сөз. Диабет ауруында ұйқы безі аралшаларында тек β-жасушалардың бұзылатыны, диабеттің клиникалық белгілері дамығанда осы жасушалардың 85-90%-да атрофиялық өзгерістер анықталған. Сырқат адамның 30 жасына дейін басталады, сондықтан оны жасөспірімдер немесе ювенильді диабет деп атайды[7].

Ал инсулинге тәуелсіз диабеттің дамуы HLA-жүйесіне байланысты емес, бірақ бұл патологияда гендік факторлардың маңызы зор. Диабеттің бұл түрінің пайда болуында тіндердің инсулин әсеріне резистенттілігі, инсулинмен әсерленетін рецепторлардың азайып кетуі, кейбір жағдайларда инсулиннің аномалды түрлерінің түзілуінің маңызы зор. Осы себептер ішінде тіндердің инсулинге резистенттілігі негізгі қызмет атқарады. Қандағы инсулин мөлшері қалыпты, бірақ ол тіндермен байланыса алмайды. Бұл жағдайда инсулинмен әсерлесетін рецепторлардың жеткіліксіздігімен немесе инсулин рецепторларымен қосылғаннан кейінгі (пострецепторлық) өзгерістердің толық дамуымен түсіндіріледі. Мысалы, семіздікте инсулин рецепторларының саны азаяды. Сондықтан гиперинсулинемия дамиды. Жалпы диабеттің осы түрінде сырқаттардың 80%-да семіздік байқалады. Инсулинге тәуелсіз диабет 30 жастан кейін басталады. Бұл ересектер диабеті деп аталып, диабеттің 80-90%-ын құрайды[9].

Диабет кейде басқа бір эндокринді сырқаттар симптомы есебінде де дамиды. Оны екіншілік диабет деп аталады. Мысалы акромегалияда, Хашимото жемсауында, бүйрекүсті бездерінің сырқаттарында кездеседі. Сонымен қатар қантты диабет вирустық инфекциялар, кейбір дәрі-дәрмектер әсерінде, семіздікке байланысты немесе ұйқы безінің кистозы, фиброзы, гемохроматозы, атеросклерозы кезінде дамиды.

Жалпы қантты диабетте инсулиннің аз түзілуіне байланысты немесе оның рецепторларымен қосылмауының нәтижесінде глюкоза гликогенге айналмайды. Оның қандағы мөлшері асып кетеді. Оны гипергликемия деп атайды. Ол несеппен бөлініп шыға бастайды[8].

Қантты диабеттің 3 клиникалық белгісі бар: 1) күшті шөлдеу – полидипсия, 2) көп несеп бөліп шығару – полиурия, 3) көп тамақ жеу – полифагия. Сонымен қатар белоктар мен майлардың ыдырау күшейіп, олардан глюкоза түзіле бастайды. Майлар ыдырағанда қанда кетон тобына жататын заттар (β-оксимайлы қышқыл, ацетосірке қышқылы, ацетон) жиналып ацидоз дамиды[1].



Патологиялық анатомиясы. Егер науқас диабеттік комадан өлген болса, оның ағзаларынан ацетон иісі сезіледі. Ұйқы безі салмағы азайып, оның тінін май басады. Бүйректер салмағы азайып, азайып бүрісіп қалады. Диабетке тән өзгерістер микроскоппен тексергенде ғана анық көрінеді. Ұйқы безінің аралшалар саны кемиді және көлемі азаяды, олардағы β-жасушалардың цитоплпзмалық түйіршіктері азаяды және өздері майда көрінеді. Кейде осы жасушалардың ісініп, вакуольданғанын немесе жалпы санының өте азайып кеткеніндігін байқаймыз. Диабетке тән морфологиялық белгілердің бірі – аралшалар гиалинозы. Гиалин жасушалар арасында және каппиляр эндотелийінің астында табылады. Электронық микроскоптық зерттеулер осы жерде амилоидтың да жиналатынын да көрсетеді. Жеке аралшаларда фиброз және склероз, сау аралшаларда компенсаторлық гипертрофия дамиды[5].

Диабетті емдемеген жағдайда организмде түрлі өзгерістер пайда болады. Мысалға, несеп жолдары оның ішінде бүйректің зақымдануы, жүрек және қантамырлар жүйесінің, көру анализаторлары мен жүйке жүйесінің ауытқулары пайда болады.

Қантты диабетте бүйректің зақымдануы диабеттік нефропатия деп атайды. Диабеттік нефропатия диабетиктердің басым көпшілігінде пайда болып түрлі асқынуларға әкеп соқтырады. Себебі бүйректер арқылы глюкозаға бай несеп өте көп мөлшерде бөлініп шығады. Бүйрек өзектерінде глюкозадан гликоген синтезделіп, ол өзектердің жоғарғы жағында және Генле тұзағында топталып қалады. Бүйрек шумақтарындағы өзгерістер диабеттік гломерулосклероз деп аталады. Ол диффузды немесе түйінді (нодулярлы) болады. Бұл кезеде шумақтардың негізгі мембранасы қалыңдап склерозданады. Электронды микроскоппен қарағанда мезенгиалды жасушалар пролиферациясы көрінеді. Каппилярлар арасында түйінді зат – гиалин шөгіп қалады. Диабеттік гломерулосклероз нәтижесінде бүйрек жетіспеушілігі дамиды. Мұны Киммельштиль-Вильсон синдромы деп атайды. Оның мынадай белгілері бар:


  • зәр құрамында альбумин нәруызының болуы;

  • түнде жиі дәретке бару;

  • артериальдық қысымның көтерілуі;

  • аяқтың ісінуі;

  • аяқ бұлшықеттерінің қабысуы;

  • аппатия;

  • анемия;

  • таңертеңгілік шаршаңқылық;

  • тіл құрғауы;

  • шөлдеу;

  • дене қышымасы

  • көз көруінің нашарлауы;

  • тіс босауы.

Диабеттің салдарынан жүйке жүйесі функциясы зардап шегеді. Нәтижесінде зәр шығару бұзылады[7].

Диабеттік нефропатияның және басқа да диабеттің салдарын болдырмау мақсатында кем дегенде жылына бір рет зәрдегі альбумин нәруызының мөлшерін анықтау шараларын жүргізу қажет. Дәрігердің тағайындауы бойынша қажет жағдайда үнемі қан қысымын өлшеу және қысымды қалыпқа келтіретін препараттарды уақытылы қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар тағамнан ас тұзының мөлшерін азайту арқылы аяқ ісінулерін азайтып, қан қысымын қалыпқа келтіруге болады.

Бауырда гликоген мөлшері өте азайып кетіп, оның орнын май басады.

Өлім себептері. Қазіргі кезеңде науқастар негізінен бүйрек қызметінің жетіспеушілігінен, жүрек инфарктынан, аяқ және ішек гангренасынан, миға қан құйылудан, диабеттік комадан және әртүрлі инфекциядан өледі[6].

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуінде қантты диабеттің басқа сирек кездесетін түрлері де келтірілген. Оларға жоғарыда келтірілген гормондық диабеттен басқа ұйқы безінің қабынулық, некроздық, резекциядан кейінгі т.б. бұзылыстары кездеріндегі диабет және жүкті әйелдердің диабеті жатады.



Диабеттік перинаталдық патологиясы – анасы диабетпен немесе диабеталды ауруымен ауырғанда балаларда дамиды.

Патогенезі. Глюкоза бала жолдасы арқылы еркін өте алады. Сондықтан ана қанындағы гипергликемия, іштегі баланың ұйқы безінде инсулин түзілуін күшейтеді. Осыған байланысты Лангерганс аралшаларында β-жасушалар гипертрофияға ұшырайды. Егер осы жасушалар туғаннан кейін де ұзақ уақыт өз белсенділігін сақтап қалса, ол жас балалардың немесе жасөспірімдердің қантты диабетіне себеп болады[8].

Патологиялық анатомиясы.Диабеттік перинатальдық патологиямен туылған баланың массасы 4-6кг-ға жетеді. Осыған байланысты оларда әртүрлі жарақаттар кездеседі. Нәрестелердің тері асты шелі жақсы дамыған, ішкі ағзалары үлкейген. Оны кардиогепатоспленомегалия деп атайды. Ұйқы безінде Лангерганс аралшаларының гипертрофиясы, әсіресе α-жасушалардың санының көбеюі байқалады. Олардың саны β-жасушаларына қарағанда 1,6 есе көп болса, қантты диабетте 3,8 есе көбейеді. Басқа эндокринді бездерде де бірқатар өзгерістер байқалады.

Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты қалыңдап аденомалар, аналық тұқым безінде фолликулалы кисталар пайда болады. Тұқым өзектерінің эндометридінің гипертрофиясы байқалады[9].

Бүйрек өзектерінде гликоген, бауырда майлы дистрофия, миокардта гиалин тамшылы дистрофия, микронекроздар көрінеді. Жаңа туылған баланың өлім себептерінің біріне туылғаннан кейін, инсулиннің көп өндірілуіне байланысты дамитын гипогликемиялық шок жатады.

Қантты диабетті емдеу медициналық жолдары. Диабетті емдеу негізінен көмірсулардың алмасуының бұзылыстарын қалыпқа келтіруге бағытталады. Өйткені бұл дерттің ушығуларнының дамуында гипергликемия маңызды орын алады. Осы мақсатқа арналған емдеу шаралары қанда қанттың деңгейін төмендететін дәрілер немесе инсулин және белгілі бір шамада физикалық жүктемелер тағайындалады. Диабеттің 1-формасын емдеуде инсулин енгізу бірінші орында тұрады. Диабеттің 2-формасын емдеу үшін тиімді емдеу шараларымен артық дене массасын және атеросклероз дамуынан сақтандыратын, қаныққан май қышқылдарына бай жануарлар майын тағамда азайтуға бағытталуы қажет. Бұл диабет кезінде дұрыс ем шараларын қолдану және шамалы физикалық жүктемелер қолдану арқылы дерттен айығуға болады. Ол болмаған жағдайда қанда қанттың деігейін төмендететін дәрілер (Акарбоза, Глибенкламид, Глиболит, Глимеперид, Глюкофаж, Глюкованс және т.с.с.) тағайындалады. Бұл дәрілердің әсер ету жолдарында инсулин рецепторларнының сезімталдығын көтеруі, бауырда глюконеогенездің тежелуі, жасушалармен глюкозаның пайдалануы артуы, ішектерде көмірсулардың сіңірілуі азаюы маңызды[7].

Кейбір зерттеулердің нәтижелерінде бұл аталған дәрі-дәрмектер антиоксиданттық әсер етіп, жасушалардың мембранасында еркін радикалды тотығу үрдісін тежейтіні белгілі болды. Осылармен бірге қанда холестериннің деңгейін азайтатын препараттар тағайындалады.



Қант диабетін дәстүрлі емес жолдармен емдеу түрлері.

Екінші типті қант диабеті кезінде науқастарға алдымен дәрілік емделуден бұрын тамақ рационын дұрыстаған жөн.



Біріншіден, науқастарға жеңіл сіңірілетін көмірсулы тағамдарды, оның ішінде қант, бал, жеміс тосаптары, кәмпиттер мен шоколадтар, жүзім, банан, мейіз және құрма секілділерді пайдалану мөлшерін азайту. Бұлардың барлығы қан құрамындағы глюкозаның артуына себепші болады.

Екіншіден, құрамында майы бар тағамдарды азайту. Оларға сұйық май мен сары май, сыр мен шұжық өнімдері, балмұздақ,тәтті тоқаштар, қаймақ, майонез және аспаздық майлар сияқты тағамдар жатады. Бұларды тағамда және дайын үрінде қолданылуы күніне 40 граммнанаспауы тиіс.

Үшіншіден, қуырылған, ащы, тұзды, қақталған тағамдар, консервілер, ащы бұрыш және алкогольды сусындарды мүлдем қолданбау[6].

Екінші типті қант диабеті кезінде науқастарға ұсынылған тамақтану.

Тағамдар

1) Қара бидай наны немесе арнайы нан – 200г күніне (ақ және қара нан ұсынылмайд, себебі оны жеген соң қандағы қант мөлшері 30минуттан кейін күрт көтеріліп кетеді)

2) Қой, сиыр еті немесе балық етінен жасалынған көкөністі сорпалар. Бұларды аптасына 2 реттен артық пайдаланбаймыз.

3) Майлы емес ет немесе тауық пен балық етін суға пісірлген немесе буға пісірілген күйінде. Мұны күніне 150 граммнан артық пайдаланбаймыз.

4) Нанды қолдануды азайта отырып, жармалардан, макорон өнімдерінен жасалынған тағамдарды арттыру.

5) Сұлы және тарыдан жасалынған ботқалар көбіне азанғы асқа пайдаланылады.

6) Картоп, қызылша және сәбіз сияқты көкөністерді күніне 200 граммнан артық пайдаланбаған жөн. Ал қалған көкөністерді шектеусіз пайдалануға болады.

7) Жұмыртқаны күніне 2 данасын ғана пайдалануға болады. Тек пісірілген түрінде.



Сусындар

1) Көк немесе қызыл шай. Аздап сүт қатуға болады.

2) Қызанақ шырыны мен басқа да жеміс-жидектер шырынын жартылай сумен араластырған жөн.

Екінші типті қант диабетмен ауыратын адамдарға диета түрін жасамас бұрын, нан бірлігі (Н.Б.)деген жүйе бойынша тағам құрамындағы көмірсу мөлшерін өлшеп алған жөн. Бір рет тамақтану кезінде 7 Н.Б.-ден артық тағам жемеген жөн.



Халық медицинасында диабетті емдеу шаралары

Диабеттің екінші формасын емдеу мақсатында халық медицинасы шөп-дәрілермен емдеуді тиімді қолдануда. Бұл емдеу түрі негізінен қандағы қант мөлшері мен артериальды қысымды қалыпқа келтіруге бағытталған. Олардың кең таралған түрлері төмендегідей.

1. итмұрын жемістерінің 5 данасын майдалап алып, 200мл қайнақ сумен жібітіп, 5 минут аралығында қайнатамыз. Пайда болған сұйықтықты 4 сағатқа жылы жерге қойып, пайда болған тұнбаны күніне 4 реттен тамақтануға 30 минут қалғанда ішіп тұрамыз. Емдеу курсы 1 ай, 15 күн ағзаны демалтып, қайтадан қолдануға болады.

2. қайың талының бүрлерінің (сырғашалар) 3 ас қасығын 400мл қайнақ суға жібітіп, 6 сағат тұндырып қоямыз. Пайда болған шөп-тұнбаны күніне 3 рет 100-120мл тамақтанудан кейін қабылдаймыз. Емдеу курсы 2 ай.

3. қырыққабаттың ашытылған сұйықтығын күніне 200мл қабылдап тұрыңыз. Бұл қышқыл сұйықтық қант мөлшерін азайтуға көмектеседі. Алайда бұл емдеу түрі асқорыту мүшелері дұрыс істемейтін, түрлі аурулары бар адамдарға пайдаланбаған жөн.

4. қарапайып пияздың 1 данасын жұқалап тұрап,1 литрлі шыны ыдысқа салып үстінен салқын су құйып 1 апта қараңғы жерде тұндырып қойыңыз. Пайда болған пияз суын күнделікті азанда аш қарынға пайдаланыңыз. Бұл тұнба пияз құрамындағы фитонцидтер әсерінен қан тамырларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Жоғарыда келтірілген қырыққабат сусыны секілді бұл тұнбаны асқорыту жолында проблемалары бар адамдарға зиян келтіруі мүмкін.

5. грек жаңғағының жақсы піскен түрлерін жинап, ортасындағы аралықтарын жинақтап 40гр 0,5мл қайнатылған сумен құйып, 1 сағат көлемінде қайнатамыз. Пайда болған тұнбаны күніне 3 рет қабылдаймыз. Сонымен қатар грек жаңғағы ағашының жапырақтарын кептіріп, шайға қоспа ретінде де қолдануға болады. Емдеу курсы шектеусіз.

6. орташа пиязды қабығынан тазартып, толқынды пешке салып пісіреміз. Мұндай әдіспен дайындалған пиязды күн сайын аш қарынға 1 ай көлемінде жеп тұру қажет. 1 айда қан құрамындағы қант мөлшері біртіндеп төмендей бастайды. Емдеу курсы шектеусіз.

7. эмальды ыдысқа 100гр сұлы дәндерін 600мл қайнаған су құйямыз. Пайда болған сұйықықты 15 көлемінде қайнатамыз. Тұнбаны 45 минут бөлме температурасында суытып, шыны ыдысқа құйып мұздатқышта сақтаймыз. Тамақтану алдында 30минут бұрын 0,5мг-нан күніне 4 рет. Емдеу курсы 1 ай.

8. ақ түсті үрмебұршақтың 3 данасын 0,5мл қайнатылған жылы сумен 24 сағатқа жібітіп қоямыз. Пайда болған сусынды тамақтану алдында 5 ас қасықтан пайдаланамыз. Емдеу курсы шектеусіз.

9. диабет кезіндегі кез келген инфекция профилактикасы үшін мына рецепті қолдануға болады: 200гр тары дәндерін тазартып жуып, 1 литр қайнаған сумен бұқтырамыз. 24 сағат қараңғы жерге қойып, 1 күн ішінде сол түнбаны қолданамыз. Емдеу курсы 3 күн.

10. қан құрамындағы қант мөлшерін қалыпқа келтіру үшін шетен және кепкен алмұрттан дайындалған шайды пайдалануға болады. Ол үшін кепкен шетен мен алмұрттың 400 грамын 1 литр қайнаған сумен құйып, 4 сағат бойы тұндырамыз. Пайда болған сусынды күніне 4 реттен ішеміз. Сонымен қатар, күнделікті тағам құрамына шетен жемістерін қосып пайдалансаңыз болады. Шөп-дәрімен емдеу курсы 1 ай. Емдеуді 15 күн демалыстан кейін жалғастырсаңыз болады.

11. диабетиктерге арналған бальзам: 2 ас қасық зығыр дәндерін ұнтақтап, 500мл қайнаған су құямыз да 5мин қайнатамыз. Пайда болған сұйықтықты суытып, ас алдында 30 минут бұрын аш қарынға қабылдаймыз. Зығыр организмдегі биохимиялық процестерді реттеп, өт түзілуді қамтамасыз етеді. Емдеу курсы 2 ай.

12. лимон жемістерінің 0,5кг және сельдерей тамырларының 300гр майдалағыштан өткізіп, су моншасында 2 сағат қайнатамыз. Суытып, мұздатқышта сақтаймыз. 1 ас қасықтан тамақтаніға 30 минут қалғанда қолданамыз. Цитрусты жемістер қан қысымын реттеуге көмегін тигізеді. Емдеу курсы 2 жыл.

13. үгіткіш арқылы 20 грамм қарақұмық дәндерін майдалап, 200мл айранмен 8-10 сағатқа бұқтырамыз. Азанда аш қарынға ішесіз. Бұл рецепт негізінен қант мөлшерін қалыпқа келтіруге бағытталған.

14. сарымсақтың 100 граммынан даярланған езбенің бетіне 1 литр қызыл шарапты құйып, 2 апта ашық жерде тұндырамыз. Сұзіп, тамақтану алдында күніне 3 рет қабылдаймыз. Негізінен сарымсақтағы фитонциттер арқылы қан құрамындағы қантты нормасын келтіруге және қан тамырлар жүйесін жақсартуға үлесін тигізеді. Емдеу курсы 1 ай. Асқазан аурулары бар адамдарға абай болған жөн.

15. аш қарынға 20мл лимон шырынын 1 шикі жұмыртқамен араластырып 3 күн бойы қабылдаңыз. Жұмыртқаны ішкен соң 1 сағат көлемінде ештеме жемеңіз. 3 күн ішінде қан құрамындағы қант мөлшері еләуір төмендейді. Нәтижені тұрақтылау үшін емдеуді 2 айдан соң қайталаңыз.

16. қант мөлшерін тұрақты қалыпқа келтіру үшін 1кг лимон, 300гр ақжелкен және сарымсақты алып майдалағыштан өткіземіз. Пайда болған езбені 2 апта қараңғы жерде сақтаймыз. Аш қарынға тамақтануға 30 минут қалғанда 1 шай қасықтан қолданамыз. Емдеу курсы 2 ай.

17. дәнүккіште 1кг таза сұлы дәндерін майдалаңыз. Пайда болған сұлы ұнтағынан 2 ас қасықты 0,5литр сумен араластырып қайнатыңыз. Пайда болған тұнбаны тамақ алдында 30 минут бұрын күнара қабылдаңыз. Емдеу курсы қант мөлшері тұрақты шамаға жеткен уақытқа дейін.

18. лавр жапырақтарының 10 данансына 200мл қайнаған су құйып, 2-3 сағат тұнбаға қоямыз. Дайын болған тұнбаны тамақтану алдында 20-30 минут бұрын күніне 3 рет пайдаланамыз. Емдеу курсы 20 күн.

19. лавр жапырақтарынан тұнба дайындау үшін 15-20 дана жапырақтарды 300 мл суда 10 минут шамасында қайнатамыз. Пайда болған сұйықтықты 4 сағатқа тұндырып қоямыз. Тұнбаны сүзіп 3 күн бойы аздаған жүтымдармен тамақтанудан кейін пайдаланып тұрыныз. Емдеу курсын 2 апта сайын қайталап тұрыныз.

20. корицаның 20 граммын алып 100мл қайнаған сумен бұқтырамыз. 30 минут тұнбада тұрған сұйықтыққа 1 ас қасық бал қосып, 24 сағатқа қараңғы жерге қойып қоямыз. Пайда болған тұнбаның тең жартсысын таңғы ас алдында, ал екінші жартсын ұйқы алдында ішіп тұрыңыз. Корица құрамында фенол болғандықтан ол жақсы антиоксиданттық және қабынудың алдын алу қызметтерін атқарады. Ол гипогликемиялық қызмет атқарып қан құрамындағы глюкоза мөлшерін 30% төмендететіні дәлелденген.

21. қант диабетімен ауыратын адамдар үшін тауық жұмыртқасын көптеген биологиялық активті заттары бар бөдене жұмыртқаларымен алмастырған жөн. Емдеу курсының алғашқы күні бөдененің 3 жұмыртқасын шикі түрде аш қарынға ішеміз. Осы әдіс арқылы 6 ай ішінде қант мөлшерін 2 бірлікке дейін төмендетуге болады. Емдеу курсы 6 ай.

22. тазартылған авиациялық керосинді диабетте пайдалану халық медицинасында өте тиімді әдіс болып табылады. Күн сайн аш қарынға 1 шай қасық авиациялық керосинді падалануды әдетке айналдырсаңыз, қан құрамындағы қант мөлшерін тез арада төмендетуге болады. Алайда көпшілік адамдар керосиннің иісі мен дәміне шыдай бермейді. Сондықтан оны рафинадталған қантқа 15 тамшыдан сеуіп қолдануға болады. Емдеу курсы 1 ай.

23. қант диабеті кезінде жаңадан дайндалған қызылша шырынын пайдалануға болады. Шырынды күнделікті 50мл-ден 4 реттен пайдаланамыз. Емдеу курсы 1,5 ай.

Нәтижесі:

Берілген емдік курстарының кез келген тиімді түрін дер кезінде және уақытылы пайдаланса, медициналық дәрі – дәрмектерге жүгінбей-ақ қан құрамындағы қант мөлшерін едәуір төмендетуге болады.

Зерттеу нәтижелерінде берілген халықтық шөп – дәрілердің ішінде едәуір эффективті түрі зығыр дәндерінен даярланған тұнба және сарымсақтан даярланған езбе екеніне көз жеткіздік.


Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет