Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет18/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   203
ӘОЖ 37-(091)+37.01


ЖОЛДАУДЫҢ МАҚСАТЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ


Әбдіқадырова Т.Р.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арналған Жолдауында:«Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы, - дей отырып, Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтарды санамалап көрсетті. Соның ішінде ең басты құндылық, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі деді. Ал, тәуелсіздік дегеніміз – елдің егемендігі, халықтың бостандығы, сана еркіндігі. Елдің аңсарлы азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, рухани құндылықтары, рухы. Бұл бірнеше ғасырлар бойы халықтың армандаған қасиетті ұғымы. Арман болып жеткен тәуелсіздігімізді, ендігі жерде сақтап қалу біздің халқымыздың ең қасиетті борышы.


Екінші құндылық, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің халқымыз - өзгеге қыспақ көрсетпек түгіл көмекке мұқтаж кез-келген ұлттың өкілін баурына баса білген дана, мейрімді халық. Біз - аға буын халқымыздың осындай игі қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіре білгенде ғана ертеңгі болашағымыздың жарқын, еліміздің қуатты болатыны анық. Ел басы жолдауының да қасиетті құндылығы осында болар. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәттерде бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқа­сында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің дербестігін, тәуелсіздігін сақтап, мемлекеттігін қалпына келтіре алғандығы тарихтан да аян. Сондықтан біздің ең басты мақсатымыз - тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен көркейіп өсуі. Қасиетті тәуелсіздігімізді -мықтап ұстап тұру.
Ел дегенде, жер дегенде — білегін сыбанып, іске дайын тұратын, еліміздің жарқын болашағы үшін күресе білетін, намысты ұрпағымыз болса, қоғамымыздағы ұлттық бірліктің іргесі шайқалмаса, ұлтымыз өз әдет-ғұрпын, таза тілін сақтаса Мәңгілік ел боламыз, бұл - жеңіске жетуіміздің негізгі кепілі. Міне, біздің басты байлығымыз да — осы. Рухы еркін халық қана кез –келген мәселені шеше алады, әлемдік деңгейде өз орнын таба алады.
Қазақ халқы өзінің тарихи негізді ұлттық құндылықтарын өзі де танып, өзгеге де танытып, ұлттық тілін құрметтеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелегенде ғана руханияты жоғары, зайырлы қоғам бала алады. Бұл - біздің үшінші құндылығымыз.
Ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық соғыстарға, отарлау езгiсiне, әдейi ұйымдастырылған ашаршылық пен босқыншылықтарға, саяси қуғын-сүргiндерге және т.б. озбырлықтарға ұшыраса да осы күнге дейiн негiзгi халықтық-ұлттық дiлiн сақтаған қазақ ұрпақтарының ұлттық рухта тәрбиеленуі – аса зәру мәселе екендiгi айқын сезiледi. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» (1996) кiтабындағы пiкiрiнiң қазiргi қазақ жастарының ұлттық рухты жоғары ұстауға тиянақты бағдар болатыны да күмәнсiз: «Мен өз халқымның көнбеске көнiп, шыдамасқа шыдай бiлетiн төзiмдiлiгiне қайран қаламын. Мәңгiлiктiң қатыгез басқыны бiржолата шайып әкететiндей талай қилы кезең тұсында қиналса да аман қалыпты. Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бiрақ өмiрге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсенi көтерiп, тәуекелге бел буғызды», деп Елбасы ұлтымыздың ұлылығын, ұлттық ерекше қасиеттерін, намысын, төзімділігін, тәуекелшіл қасиеттерін ұлықтады.
ХХІ ғасырдағы тәуелсіздік осы ежелден келе жатқан ұлттық идея мен ұлттық идеологияның маңызын арттыра түсті, ұлттық рухымызды асқақтатты. Мәңгілік ел болу үшін ұлттың рухын асқақтатып, тілін, дінін, ділін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін яғни ұлттық құндылықтарын жете зерттеп, насихаттау міндеті тұр. Өйткені, қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – әдебиеті мен мәдениеті, рухы мен тілі. Ал, «Әрбір ұлт – өзінің халқы үшін Ұлы. Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде» (Ш.Айматов).
Елбасы төртінші құндылық, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім, екендігіне тоқтала отырып, әрбір қазақстандықтардың әл ауқатының жақсарып дамыған отыз елдің қатарына қосылудың бірден-бір сара жолын анықтап берді.
Қазақ халқы табиғатынан қарапайым, кешірімді, сөз құдіретін білетін, сөз құдіретіне үлкен мән беретін, түсі жылы, табиғатынан қайрымды да ақылды, жайдары халық. Халқымыздың мінез-құлқындағы бұл ерекшеліктері оның іс-әрекетінен, табиғи қарапайымдылығынан да көрініп тұрады. Бойында пайымдылық, кешірімділік, ата-баба дәстүрін құрметтеушілік қасиетін ұрпақ бойына сіңіре отырып, оларды жалқаулық пен тоғышарлықтан арылтып тәрбиелегенімізде ғана алдымызға қойған мақсаттарға жетеріміз анық. Нарықтық экономика талаптарына сай, бәсекелестікке қабілетті, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімді, жан-жақты дамыған, ақылды, ата-баба дәстүрін қастерлейтін ұрпақ қана кез-келген қиыншылыққа төтеп бере алатыны да белгілі.
Адамзат өмірінің барлық кезеңдерінде тарихи мұраға, өткен өмірге көзқарас үнемі бірқалыпты болмағанын білеміз. Тарихи оқиғалардың қоғам дамуымен бірге өзгеріп отыратындығы да анық. Адамзаттың өркениетінде, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған мәдени-рухани мұраларын зерттеу барысында жетістіктер мен кемшіліктер де баршылық. Оларды саралай отырып, рухани өміріміздің дамуына мұрындық болатын өзекті мәселелерді, ізгі ойларды, ұлы адамдардың есімдерімен байланысты іс-әрекеттерді зерттеп, сөйтіп ғасырлар тереңіне бойлау, мақтануға тұрарлық. Тарихымыздағы игі істерді кейінгі ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану, өркениетті дамыған қоғам болу, оған лайықты ұрпақ қалыптастыру мәселесі уақыт күттірмейді. Ғылым мен экономиканың дамыған, жаңарған, оның әлеуетін артыру қажеттілі туындаған уақытында өмір сүріп отырмыз.
Ел басы ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыратындығын, бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру қажеттілігін әр кез айтып жүр. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажеттілігін ғалымдардың алдына негізгі міндет етіп те қойды. Өндіріс пен ғылымды қатар алып, ғылыми жаңалықтар өндірісте тиімді пайдаланылғанда ғана индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім ала алатынымызды көрсетті. Ұлттық инновациялық жүйенің, оның негізгі институттарының тиімділігін арттырудың маңыздылығын, олардың белсенділігін стартаптарды және венчурлік мәмілелердің бастапқы кезеңдерінде қолдау көрсету қажеттілігіне тоқталды, арнайы мамандарға тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді
Бесінші құндылық, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;
Президент болашақта «жеңілдің астымен ауырдың үстімен» жүріп көзге түсетіндерді сынай отырып, қазіргі заманда «Жеңілдің асты, ауырдың үстімен» жүретін жылпостарды емес, өзін-өзі тәрбиелей білетін, қалың көпшілікке нақты атқарған игі істерімен көзге түскен, өзін ылғи дамытып өсіріп, айналасындағыларды да адал еңбек етуге ықпал ете алатын адал азаматтардың ғана сый құрметке бөленіп, абырой атаққа лайықты болатындығын айтты. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы Елбасының қазақстандық қоғамның бүгінгі, жаңа замандағы бейнесі деуге болады.  Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңғырту үрдістерінің табыстылығын жүзеге асыратын басты қағидалардың бірі ынталандыру екенін де жоққа шығармайды. Сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі. Елбасының адам еңбегін адал бағалау принципі де жүзеге асуда. Бұл рейтинг жүйесі. Әркім атқарған еңбегіне орай және көрсеткен нәтижесіне карай бағалануы заңдылық. Адал еңбек еткен ғана бақытты болмақ, Еңбек, еңбек және еңбек қана бәрін жеңбек.
Алтыншы құндылық, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
“Өз тарихын, өз философиясын білмейінше және оған белгілі бір көзқараста болмайынша ешқандай да мәдениеттің дамуы мүмкін емес”, – дейді көрнекті түркітанушы ғалым Л.Н.Гумилев. Шындығында, өз елінің тарихын, философиясын білу, ұлттық құндылықтарын зерттеу, солар арқылы ұлттық идеологияны қалыптастыру, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу, оны ұрпақ санасына сіңіру елдің ертеңін ойлаған әрбір елдің, ердің басты мұраты. Еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, ата-баба салтын, тілін, ділін, дінін, мәдениеті мен тарихын, әдебиеті мен өнерін өзінің бар болмысымен сақтай отырып, оларды әлемдік өркениет өрісіне қарай өрістете отырып, бүгінгі бәсекеге бейім елу елдің қатарына қосылу талабына сай жаңарта дамыту мәселесімен қатар мәңгілік ел болу идеясы күн тәртібіне қойылды.
“Ұлттың дамып өркендеуі – оның әрбір өкілінің қаншалықты және қалай тәрбиелегеніне тікелей байланысты. Ұлттың әрбір өкілі өзіне сын көзбен қарамаса, ішкі жан дүниесі нұрланбаса, ол ұлттың дамуын күту бекершілік”, – деп ислам ойшылы әрі ағартушысы Ф.Гүленнің айтқанындай отбасы, бала тәрбиесінен бастау алатын ұлттық идеяның ұдайы жетілуі, ұлттық рухани құндылықтармен толысуы адамзат үшін аса маңызды өлшемдер болып табылады. Өйткені, қазақ халқының ұлттық құндылықтарының қалыптасып, дамуына көп еңбек сіңірген ұлт зиялыларының, тарихи тұлғаларымыздың әр кезеңдегі әр саладағы ұлттық мүддені аңсаған арман-тілектері, ғылыми-танымдық, тәрбиелік, зерттеушілік еңбектері бүгіндері тәуелсіз ой-сана тұрғысынан қайта қаралып, тарих таразысына қайта салынып, жаңаша көзқараспен жүйелі түрде жазылып, ұлттық рухты асқақтатып, ұлттық тіліміз бен мәдениетімізді байытып отыр. Ана тіліңде ойлаудан, сөйлеуден қалсақ, ұлттық рухымыздан ажырайтынымыз, өз ана тіліне менсінбей, жерсінбей қарайтындардың талайларының тағдыры тәлкектікпен аяқталатындығын да тарихтан белгілі. Ұлттың ең ұлы анасы тілі екенін, тілден ажыраған шақта ұлттың да жойылатындығы айдан анық. Халықтың түпсіз даналығы, өмірден түйген өнегелері, этикалық қағидалары, эстетикалық талғамы, тәлім-тәрбиесі тілі арқылы сақталып, тілі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататындығы анық. Біздің тіліміздің байлығы мен құнарлылығы кез-келген халықтың тіліндегі шығармалармен салыстырғанда да анық байқалады. Бұл тіл - ұлы Абай мен Мұхтардың сөйлеген тілі. Ата-баба құндылықтарын сақтап, оларды жете біліп, терең меңгеру, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білу аға ұрпақтың парызы. Даналардың даналығы тілі арқылы жеткізіледі. Сондықтан, ең қымбат байлығымыз – ана тіліміз. Белгілі бір ұлттың мыңдаған ғасырлар бойы бой тұмардай сақталып, аялап келген тарихы, бай әдеби мұралары, ұлттық құндылықтары да осы тілі, яғни сөз өнері арқылы ғана ұрпақ санасына сіңеді.
Ел басы «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»,-жөн деп тіліміздің мәңгілік тіл болатындығын дәлелді де айқын ойларымен жеткізді. Ежелден рух еркіндігін ерекше қастер тұтқан халқымыздың асыл дәстүрлері жаңа заманға жарасымды жалғасын тапты.
Шынында да, өркениетті ұлт, ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тағдырымен, халықтың рухани алтын қорына қосылған қомақты да қыруар ұлттық құндылықтарымен мақтана алады. Аты – Алаш, сүйегі – ағаш, шаңырағы биік киіз – туырлықты халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа ұлықтап жеткізуінде қарапайым қағида, өлмес өнеге жатыр.
Халық бар жерде оның даналығын дәріптер руханияты жүретіні ақиқат. Біз — қашан да өткенге салауат айтып, жарқын болашақтан жақсы үміт күткен халықпыз
Қазақ - пейіліне сай ұлан-ғайыр жері бар, асты-үсті толған кені бар, мейірбан, ақ көңіл, адал елі бар, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ері бар халық. Ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халықымыз толыққанды, тәуелсіз мемлекет болып отыр, оны әлем тануда. Мұндай бақыт арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған. Осындай бақыт­ты кезеңде өмір сүру әрбір қазақстандықтың алдына шексіз міндет пен үлкен жауапкершілікті жүктейді. Тәуелсіз, экономикалық дамыған мемлекетте өмір сүру бақытына ие болып, қызмет етуден артық еш­теңе жоқ. Осы жолда бойымыздағы бар қайрат-қабілетімдізді, білім-білігімдізді аямай жұмсап, қандай тәуе­кел­ге де баруға тиіспіз.
Жетінші құндылық, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеткендігімізді, еліміздің нығайғандығын, ұлы жетістіктерімізді еселегендігіміз Ел басы өз жолдауында қадап айтты, елдің алдына үлкен міндеттер жүктеді. Яғни «Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің» идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатқандығын атап өтті. Халықтың ұлттық рухы мен ұлттық тілі ұлттық санасы мәңгілік, рухын көтеретін, ұлттық идеяны ұлықтайтын мәңгілік ел болу – Ел басы жолдауының басты мақсаты



Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   203




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет