Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал

бет194/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   203
ӘОЖ 631.344.4 Т 78

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛЫЖАЙ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Тулеубаев Ж.С., Зияева Г.К., Бекібаева М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Халықты жыл бойы арзан азық-түлікпен, оның ішінде көкөніс өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ету ауылшаруашылығының басты бағыты. Сондықтан тұрғындарды жаңа піскен, жас көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуде және көкөністердің маусымаралық жетімсіздігін болдырмауда жылыжай кешендерінің маңызы зор. Қазақстанның басым аумағында көкөніс өнімдерін өндіру және сату табиғи-климаттық белдеулерге байланысты маусымдық сипатта, сондықтан ерте пісетін өнімге деген қажеттілік 35-40 пайызға қанағаттандырылады, осы кезде баға жоғары болады. Көкөніс бағасының ең қымбат болатын кездері- қаңтар-ақпан-наурыз айлары.

Соңғы жылдары елімізде жекеменшік қаражатына салынған, сонымен қатар ,»ҚазАгро» АҚ қаржыландырған ірі жылыжайлардың саны өсуде, оларда көкөністерді өсірудің жаңа заманауи технологиялары пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2011 жылы жабық топырақ алқаптары 293,6 га құрады, оның ішінде Жамбыл облысында – 7,4 га, Қызылорда облысында – 0,8 га, Оңтүстік Қазақстан облысында 219,1 га. Осы жылыжай көкөністерінің жалпы өнімі 27,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде Жамбыл облысында – 0,3 мың тонна, Қызылорда облысында - 0,09 мың тонна, Оңтүстік облысында – 12,6 мың тонна. [1]
Соңғы жылдары аталған облыстарда «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының және басқа да қаржы институттары қаражаттарының есебінен қарапайым түрдегі жылыжайларды салу қарқынды жүргізілуде. Мысалы, Жамбыл облысында: «Амангелді» ӨК – жалпы алаңы 5 га өнімділігі жылына 943,5 тонналық 100 кіші жылыжай (Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылы, 2011 ж.), «Зияда» ШҚ – жалпы алаңы 5 га өнімділігі жылына 900 тонналық 100 кіші жылыжай (Жамбыл ауданы, 2012 ж.), «Манат» ШҚ – жалпы алаңы 1 га өнімділігі жылына 400 тонналық 1 жылыжай (Байзақ ауданы, Ақшолақ ауылы, 2012 ж), Қызылорда облысында: «Жан» ШҚ – жалпы алаңы 2,5 га өнімділігі жылына 486 тонналық 50 кіші жылыжай (Қызылорда қаласы, 2012 ж.), Оңтүстік Қазақстан облысында: «Азия-Трейд» ЖШС жалпы алаңы 1 га өнімділігі жылына 500 тонналық 1 жылыжай (Шымкент қаласы азық-түліктік белбеуі аясында, 2008 ж. ), «Берекелі 2030-К» ӨК – жалпы алаңы 5 га өнімділігі жылына 900 тонналық 100 кіші жылыжай (Шымкент қаласы азық-түліктік белбеуі аясында, 2011 ж.), «Онти» ЖШС – жалпы алаңы 1 га өнімділігі жылына 656 тонналық 1 жылыжай (Шымкент қаласы азық-түліктік белбеуі аясында, қолданысқа енгізу мерзімі 2012 ж.), «СЗЦ «Асар KZ» ЖШС – жалпы алаңы 2,2 га өнімділігі жылына 352,8 тонна көкөніс және 5 млн. дана көшет өсіретін 1 жылыжай (Шымкент қаласы азық-түліктік белбеуі аясында, 2012 ж.) салынды. «Максимум» аумақтық инвестициялық орталығының және «Ырыс» микронесие ұйымының қаражаттары есебінен соңғы 3 жылда 57 га алқапта кіші жылыжайлар салу бойынша 74 жоба жүзеге асырылды.
Қәзіргі таңда 500 текше метрлік бір жылыжайға 3 миллион теңге беріледі, “КазАгроҚаржы„ АҚ- ы 9,5 пайызбен төрт жылдық мерзімге несие беруде.
Жылыжай өндірісі бүкіл әлемде тиімді бизнес болып саналады. Сондықтан базардағы бағаны тұрақтандыру үшін жылыжай өндірісін өркендету керек. Қазір тұрғындардың көктемдегі көкөніске сұранысы отандық жылыжай өндірісі қамтамасыз ете алатын көлемнен 23 есе асып түседі. Сондықтан осы саланы қолдау үшін субсидия механизмі енгізілген және 2012 жылдан бастап оған керекті құрал-жабдығын әкелуге кеден одағы шеңберінде кепілдік мөлшерлеме қарастырылған.
Жылыжай өндірісін дамыту мақсатында 2010 жылдан бастап жабық топырақта көкөніс өсірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің шығындарын ішінара субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдау жүргізілуде. Мысалы, 2010-2011 жылдары жоғарыда көрсетілген шараларға 538,2 млн. теңге көлемінде бюджет қаражаттары бөлінді, соның ішінде Жамбыл облысына – 3,5 млн. теңге, Қызылорда облысына – 1,7 млн. теңге, Оңтүстік Қазақстан облысына – 434,6 млн. теңге. Көрсетілген қаражаттар есебінен 427,5 га жабық топырақ субсидияланды, оның ішінде Жамбыл облысында – 2,7 га, Қызылорда облысында – 0,7 га, Оңтүстік Қазақстан – 334,3 га.
Қазақстан Республикасының жылыжай қоғамының президенті Қ.Қошманның пікірінше Қазақстанда жылыжайдың дамуы 2008 жылдан басталады. СССР кезінде Қазақстанда 58,6 га жерде жылыжай болса, 2010 жылы бар болғаны 56 га жерде жылы жай жұмыс істеген. Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес 2009-2014 жылдар арасында көкөністі жабық топырақта өсіру үшін егіс алқаптарын 1,5 есеге яғни 206,5 гектардан 350 гектарға ұлғайту жоспарлануда. Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы 1-кестеде берілген.

1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал

vestnik -> Государственного педагогического

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   203

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет