Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет196/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   203
Барлығы

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

Жылдық сату %

100% 

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

Томат, тн.

1 439

125

219

219

219

219

219

219

Қияр, тн.

2 188

190

333

333

333

333

333

333

Алматы қаласына тәулігіне 375 тонна картоп, 60 тонна пияз, 53 тонна сәбіз, 45 тонна қызылша, 75 тонна қызанақ, 45 тонна қияр және 30 тонна алма тұтынылады. Осы көкөністердің жергілікті жерде өндірілетіні: 23%- картоп, 36%- пияз, 35%- сәбіз, 34%-қызанақ және 51%- қияр өнімдері. Сондықтан қыс және көктемгі уақытта жеміс-жидектің қалғаны бөлігі Қытай мен Өзбекстан мемлекетінен алынады.


Қазақстанда ашық жердің 70% -шөл-дала болғандықтан, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу күрт өзгермелі ауа-райында көкөніс пен бау-бақша өнімдерін өсіріп өнім алу қолайсыз. Сондықтан өсімдіктерді жабық жерде өсіру әдісіне көшу ең қолайлы әдіс болып саналады. [2-7]
Оңтүстік Қазақстанда жылыжайдың көлемі 2009 жылы 124 гектар болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш үш есеге артып жалпы көлемі 371 гектарға жетті. Бұл Республикалық көрсеткіштің 75 пайызын құрайды. Бүгінгі таңда жылыжайлар есебінен 1-ші айналымнан 50 тоннаға жуық өнім өндіріп, қыс және көктем мерзімдерінде сапалы көкеніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Халқы көп Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің түзген бағдарламасы бойынша 2015 жылы барлық салынатын жылыжайлар көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 441 гектарға артып, 782 гектарға жететін болады. Ал 2012 жылы ОҚ-да жылыжайдың көлемі 170 гектарға ұлғайып, 541 гектарға жеткен.Сонымен қатар облыс тұрғындарын қысқы және ерте көктемгі мезгілде арзан бағада жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 2011 жылы сиымдылығы 100 мың тонна қоймаларды жөндеуден өткізу және жаңадан салу жоспары қойылған болатын. Соның нәтижесінде қоймалардың жалпы сиымдылығы 117 мың тоннаға жетті, ал 2015 жылы барлық қоймалардың сиымдылығы 200 мың тоннаға жететін болады.
Қазір Қазақстанда ғана емес әлемде су тапшылығы айқын байқалып келеді, сондықтан суды үнемдеп ысырап етпей, тамшылатып суару технологиясын пайдаланудың болашағы үлкен. Оңтүстік Қазақстан облысында тамшылтып суару технологиясы 2011 жылы 10,5 мың алқапқа қосымша ендіріліп, 25,3 мың гектарға көбейді. Соған қарамастан жылыжайларда өндірілген қызанақ, қиярдың бағасы қымбат, әр килограммы 350-400 теңге.
Жаз айларында көкөніс дақылдары артығымен өндірілсе сезон аралықта жаңа көкөністер жетіспей нормадан 23 есе кем болады. Қазақстан жылыжай Ассоциацияның ақпараттары бойынша ересек адамға шаққанда, Республикада көкөністі пайдалану жөнінен жылдық ұлттық норма қызанақтан 8,9 кг, қиярдан 7 кг. Көкөніс пен жемістерден жылдық қолдану 110 кг болып белгіленген. Бұл нормалық цифр денсаулық минстрлігінің 2002 жылы бұйрығымен бекітілген.
Отандық көкөністі пайдаланушыларға жылыжайда өсірілген көкөніс Израиль, неміс немесе Голландия тұтынушыларына қарағанда қымбатқа түседі, себебі өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы мен ескі технологияны пайдалану және жылыжай комплектерінің шектен тыс ескіруі мен білікті кадрлардың жоқтығы.
Республика халқын жылыжайда өсірілген жаңа көкөністермен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 40 гектар өнеркәсіптік жылыжай салынуы қажет. Мұндай жобаның құны 18 млрд, тенге. Сонымен ҚР-ның 2010-2014 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес 2015 жылы көкөністермен 100% Қазақстан халқын қамтамасыз ету жоспарланған. [1,6]
Соңғы кездері көкөніс дақылдарын топырақсыз ортада өсіріп өнім алу кең тарауда Астана қаласында жер аумағы 3 гектар жылыжай құрылысын “Астана ЭКО Стандарт„ ЖШС салуда, жылыжай жобасын “КазАгроҚаржы, АҚ қаржыландыруда. Мұнда тәулігіне 5 тонна өнім шығарылады деп күтілуде және бұл жылыжайда көкеніс өсіру компьютерлендірілген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Жылыжай толығымен “Yako Yadpaz Industries LTD„ Израиль компаниясының жабдықтарымен, израильдік технологияға негізделіп салынуда. Жылыжай жобасының жалпы құны 1777,24 млн.теңге, бұл қаржыны 6 пайыздық өлшеммен 10 жылға “Каз Агро Қаржы„ кәсіпорыны несиеге берген. Жылыжайдың жылу, су, электр желілерін мемлекет “Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасына сәйкес 450млн.теңге жұмсап, дайындап берген.
Бұл жылыжайдың биіктігі 7 метр, поликарбонаттық жабыны және жылыжай шатыры бар күрделі құрылым болып табылады. Жылыжайда қызанақтар, қияр сорттары гидропоника әдісімен өсіру жоспарланған. Мұнда топырақтың орнына органикалық субстрат, ал құнарлы ерітінді өсімдіктерге тамшылатқыш түтікшелер бойынша беріледі. Өсімдік тамыры субстрат қабаты арқылы өтеді, ерітіндіден барлық қажетті құнарлы затты қажетті мөлшер де және нақты пропорцияда алады. Ашық топырақта өсімдік өсірудің классикалық әдісімен салыстырғанда гидропоника әдісі экологиялық таза өнімді қамтамасыз етіп, өнімділікті біршама арттырады. Өйткені гидропондық жылыжай жағдайында физиологиялық процестер жылдам өтеді. Бұл технологияда жасанды субстратпен қатар жасанды жарық қолданылады, сондықтан көкөністі өндіру ауа райы жағдайына тәуелді болмайды. Бұл технологияны көкөніс фабрикасы деп атайды.
Мұндай фабрикада топырақты, күнді және адам факторын алмастыратын қондырғылармен қатар қоректік ортамен оларды басқаратын компьютер қолданады. Көкөніс фабрикасында компьютер барлық өндіріс процестерін басқарады, яғни микроклиматты, қоректік ерітіндінің концентрациясын, жарықтың интенсивтілігімен оның ұзақтылығын т.б. автоматты түрде реттеп отырады. Осындай фабрикада өндірілген көкөніс өнімдері, өзінің жоғары сапасымен және нитраттардың төменгі құрамымен ерекшеленеді. Бұл технологияны қолдану жоғары экономикалық эффект беріп, жоғары технологиялық жылыжай комплексін одан әрі дамытып, алынған өнімнің рентабельділігін арттырып, жыл бойы халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге болады.



Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   203




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет