Тарих история history


Б. Балаубаева, С. Парпиев, С. Нуралиева



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата27.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#175604
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
sciPaper168382

Б. Балаубаева, С. Парпиев, С. Нуралиева
46 
Вестник Карагандинского университета 
ИКАА-дағы референдум Анкараның ИКАА-на деген қарым-қатынасын өзгеруіне себепші 
болды. Ирак Күрдістан тәуелсіз мемлекет болған жағдайда бұл Түркия үшін бірқатар күрделі 
проблемалар туғызады. Біріншіден, бұл Түркия шекарасында жаңа қақтығыстың пайда болу 
қаупін едәуір арттырады. Мемлекет аумағы маңында жаңа күрді мемлекеті пайда болды 
дегені Түркия аумағындағы күрділердің сепаратистік, сецессионистік қозғалысының 
қалыптасу мүмкіндігін жоғарылатады. Оның үстіне, соңғы кездері Түркиядағы күрділердің 
саяси партияларының ұлттық сайлауда кең қолдауға ие болып, ел парламенттегі белді күшке 
айналуы Анкараның күрділерге қатысты қауіпінің тегін емес екенін растайды.
Сонымен қатар, Түркия қазіргі таңда Сирия азама соғысынан туындаған Сирия күрдтерін 
де бақылауда ұстауға тырысып келеді. Сириядағы тұрақсыздық пен де-факто Роджава күрді 
автономиялық аймақтың пайда болуы және ИКАА-ның тәуелсіздік алған жағдайда «пан-
курдизм» қозғалысының басталып кету мүмкіндігін жоғарылауы мүмкін деген реалистік 
көзқарас Түркия Үкіметінің ИКАА-ның сецессионистік қозғалысын қолдаудан бас тартуына 
себеп болып отыр.
(2)
Иранның рөлі
Иран да Түркия сияқты өз аумағындағы 8 миллионға жуық күрді ұлтының барлығынан 
ИКАА-ның сецессионистік қозғалысын қолдамады. Иран күрдтері Иран аумағындағы саны 
жөнінен әзербайжандықтардан кейінге екінші ең үлкен азшылық-ұлт болып саналады. 
Иранның Түркиядан айырмашылығы оның көп ұлттылығында. Оның үстіне әр азшылық-ұлт 
Иранның белгілі бір аймағында тығыз қоныстанған. Бұл жағдаят Иранның ұлтқа қатысты 
әрқашан қауіптене қарауға мәжбүр етеді. Сондықтан ИКАА-ның тәуелсіз саяси субъект 
болып қалыптасуы Иранның егемендігі мен территориялық біртұстастығына үлкен қауіп 
бола алады. Екіншіден, Иранның жалпы мемлекеттік идеологиясы ұлттық бөлінушілікті 
тыйым салады. Яғни, Ислам бойынша қандай да қауым ұлттық топтарға бөлінбеуі тиіс. 
«Умма» түсінігі интеграциялық маңызы өте үлкен болып тұрған Иранға ұлтшылдық идеяны 
алға тартатын сецессия құбылысы мүлде қарама-қайшы ұғым болып табылады. Үшіншіден, 
Иранға қазіргі шииттік үстемділік басым болып тұрған Ирак мемлекетінің фрагментациясы 
тиімсіз болып табылады. Таяу Шығыстағы аймақтық держава болып табылатын Иранға 
одақтас, әрі ұқсас идеологиялы мемлекеттің болуы аймақтық держава статусын сақтауда 
маңызды рөл ойнайды.
Түйіндесек, Түркия да, Иран да ИКАА-ның сецессионистік қозғалысын ең маңызды сәтте 
қолдамауы Ирак күрділерінің сецессионистік қозғалысының нәтижесіз болып аяқталуына 
алып келді. Екі мемлекет те жаңа күрді мемлекетінің пайда болуын өз аумағында қоныстанға 
күрді ұлтының ұлттық қозғалысын қозғаушы факторы ретінде қабылдайды.
 
IV.
 
Қорытынды 
Бұл зерттеудің Ирак күрділерінің егемендік мемлекет құруға арналған сецессионистік 
қозғалысының шығу себептерін табуды және сецессионистік қозғалысының қандай 
ерекшелікке ие болғандығын, оның шектеуліктері қалай болғандығын табуды қарастырды. 
Ирак күрділерінің бір ғасырға жуық уақыт бойы өз ұлттық болмысы мен бірегейлігін сақтау 
жолында үздіксіз күрес жүргізуі олардың күрділік бірегейлігінің сақталуына алып келді. 
Ұлттар Лигасы мен Ұлыбританияның Ирак күрділеріне өз ұлттылығын сақтап қалуға 
мүмкіндік беруі мен БҰҰ мен АҚШ-тың Ирак күрділерінің саяси субъект ретінде 
қалыптасуына ат салысуы түбінде Ирак күрділері саяси институтының пісіп жетілуіне алып 
келді. Бұл Ирак күрділерінің мемлекет құрудағы мақсатына бір табан жақындауын 
қамтамасыз етті. Ирак мемлекеті тарапынан мемлекеттік біртұтастықты сақтау және оған 
төнген қауіп-қатердің алдын алу мақсатында күрділерге жасалған экономикалық, саяси-
әлеуметтік дискриминациялық және ассимиляциялық саясаты керінсінше мемлекеттің 
дезинтеграциясына алып келді. Сонымен қатар, күрді сецессионистік қозғалысының қайта 
жандануына әкеліп соқты. Ирак күрділерінің тәуелсіздік жайлы референдумы федералды 
Үкіметінің келісімінсіз, анти-конституциялық негізде тек қана ИКАА шеңберінде ғана 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет