Тарих және құқық факультетінің деканы


Сабақ мазмұны мен кестесі (SILLABUS)



бет2/10
Дата22.06.2017
өлшемі1,71 Mb.
#19482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сабақ мазмұны мен кестесі (SILLABUS).



АПТА 1.

Кредит сағат – 3



Тақырыбы: Қазақ халқы әлеуметтік ынтымақтастығының мәдени негіздері.

Дәріс мазмұны: К.Поппер қоғамда адам мен әлеуметтік ұжымның арасындағы қарым – қатынастарды белгілі дайын өлшемдермен өзгертуге болмайтындығы туралы. Ф. Хайектің «адамдық ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі» жөніндегі тұжырымдамасы.

Әдебиет: 1. Лункевич. В. Герои и подвижники науки. М., 1961.

  1. «О религии» Хрестоматия. М., 1963.

3. «О Эразма Роттердамского до Бертрана Рассела» Сб. М., 1969.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Бүгінгі дүние дидарынан қазақ ұлтының өзіндік орнын сезіну ахуалы таза эклектикалық қалпымен көзге ұрады. Жеті ата институты қазақ халқының өткеннен болашаққа деген сенімін мың сан ұрпақтар арқылысабақтастырып отыратын тетік ретінде.

Әдебиет: 1. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. І – т. П., 2002.

2. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. А., 1998.



Оқ СӨЖ мазмұны: Қауымның ынтымақтастықтың айқын көрінісіне номадтық қауымдасу жатады. Номадтық қауымдық тұтастықтың адамгершілік қатынастарға негізделгенін, әртүрлі «центризмдер» ықпалынан жоғары тұратынын зерттеушілер атап өтеді. Ежелгі ынтымақтастық идеясында ата – бабалар культі ерекше орын алған. Ата – баба аруағы культі көшпелілік мәдениеттің басты тірек- қазығының бірі болды.

Әдебиет: 1. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. А., 1998.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.



АПТА 2.

Кредит сағат – 3



Тақырыбы: Діннің ғылыми негіздемесі.

Дәріс мазмұны: Дін – адам санасының табиғи дамуының жемісі. Егер діннің негізгі белгісі табиғаттан тыс бір күшке – Тәңір, Құдай, Алла т.б. сеніп, соларға табыну. Дін жақсы – жаманды сырттан емес адамның өз бойындағы қасиеттерден табады.

Әдебиет: 1. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

2. Ғ. Есім, А. Артемьев, С. Қанаев, Г. Біләлова. Дінтану негіздері. Алматы «Білім» 2003 ж.



Тәжірибелік дәріс мазмұны: Дін – азаматтың бейбітшілік өмірінің арқауы. Ол көрінген тіршілік иесіне тән биологиялық заңды - әркімнің өз өмірі үшін бәрімен күресуін тежейді, инстинктивті іс - әрекеттен сақтандырып, рухани жан ретінде ақыл – ойға жүгінуге, қоғам мүддесін ескеруге жетелейді.

Әдебиет: 1. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

2. Ғ. Есім, А. Артемьев, С. Қанаев, Г. Біләлова. Дінтану негіздері. Алматы «Білім» 2003 ж.



Оқ СӨЖ мазмұны: Дін адамзат санасының табиғи дамуының жемісі ретінде әрбір халықтың ұлттық сенімдерінде көрініс табады. Бүгінгі глобализм, кешегі космополитизм мен интернационализм өз бастауын осы әлемдік діндерден алады. Тәуелсіздік алған Қазақстанда діни еркіндік дәстүрі қайта жаңғырып, ұлттық ерекшелігіміздің бір көрінісін айқындай түсті. Ғылыммен бекітілген Дін ғана бүкіл адамзатты біріктіре алады. Діннің тарихи жетілуі объективті заңдылық, оның ғылыммен үйлесімділік дәрежеге жетуі бүгінгі заманның аса қажетті шарты.

Әдебиет: 1. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

2. Ғ. Есім, А. Артемьев, С. Қанаев, Г. Біләлова. Дінтану негіздері. Алматы «Білім» 2003 ж

3. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.
АПТА 3.

Кредит сағат – 3



Тақырыбы: Будда дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.

Дәріс мазмұны: Будда діні ең көне дүниежүзілік дін. Оның қалыптасқан кезі б.д.д. VI ғасыр мен б.д. VIІІ ғасыр аралығы. Алғашқы рет будда діні Үнді елінің солтүстігінде пайда болды. Будда дінің тууы және Ганг алқабында ірі мемлекеттердің пайда болуы қатар келді.

Әдебиет: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Кочетов Л. Буддизм. М., 1968

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Будда діні көп ізбасарларын қалалық тұрғындардың арасынан тапты. Будда дінінің пайда болуын барлық жазба ескерткіштер Будда туралы аңызбен байланыстырады.

Әдебиет: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Кочетов Л. Буддизм. М., 1968

Оқ СӨЖ мазмұны: Будда ақиқаттары көптеген ғасырлар бойы ауызша айтылып отырады тек қана біздің э.д. және б.э. аралығында Цейлонда алғашқы рет 29 томдық / 10 мың бетке жуық/ кітапқа жазылады. Ол кітапты «трипитака» /үш кәрзеңке ілім/ деп атайды. Бұл кітап үш бөлімнен тұрады. Виная – питака, Сутта – питака, және Абхитхамма – питака. Будда дінінің ағымдары мен секталарының кәделері мен монастырлық құрылысы әр түрлі болады. Соңғы онжылдықта Батыста необуддизм және метабуддизм пайда болды. Қазіргі кезде бірнеше дүниежүзілік буддистік қоғамдар құрылған. Азия елдерінде буддистік қоғамдар әртүрлі роль атқарады.

Әдебиет: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Кочетов Л. Буддизм. М., 1968


АПТА 4.

Кредит сағат – 3



Тақырыбы: Христиан дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.

Дәріс мазмұны: Христиан діні біздің заманымыздың бірінші ғасырында құл иеленуші Рим империясында пайда болды. Оның шығу тегін білу үшін христиан дінінің пайда болуы және дамуы кезіндегі Рим империясының экономикалық саяси және идеологиялық жағдайына талдау жасау керек.

Әдебиет: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Ковалев. С. И. Основные вопросы происхождения христианства. М., 1964.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Христиан дінінің тез етек алуына кейбір культтік /культ – латынша культус – табыну/ жаңалықтардың енгізілуі де себеп болды. Христиан дінідегі көптеген табыну түрлерінің ішінде иконаға сиыну кең тараған.

Әдебиет: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Ковалев. С. И. Основные вопросы происхождения христианства. М., 1964.

Оқ СӨЖ мазмұны: Христиан дінінің орнығуына әсірессе ертедегі Грецияның реакцияшыл философы Платонның жолын қуған, бірінші ғасырдың басында өмір сүрген Филос Александрийдің және Рим стоиктерінің, оның ішінде Сенеканың «ілімдері» елеулі орын алды. Рим империясының құлауы христиан дініне әсерін тигізбей қалған жоқ: ол екіге бөлініп, батыстағысы католик шіркеуі, шығыстағы православие шіркеуі деген атқа ие болды. Бұл бөліну ІҮ ғасырда басталып 1054 жылы толық аяқталды.

Әдебиет: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Ковалев. С. И. Основные вопросы происхождения христианства. М., 1964.
АПТА 5.

Кредит сағат – 3



Тақырыбы: Ислам дінінің дінтану ғылымында зерттелуі.

Дәріс мазмұны: Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Мекке ерте уақыттан бастап – ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су көзі, оның жанындағы «Әулиелі қаратас» Қааба храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды.

Әдебиет: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Климович Л. Ислам. М., 1965.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханаффизм – бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген политеизмге /көп құдайлық/ путқа табынушылыққа қарсы күресті.

Әдебиет: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Климович Л. Ислам. М., 1965.

Оқ СӨЖ мазмұны: Ханафизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды. Қазіргі уақытта Ислам діні Араб елдерінде, Албанияда, Болгарияда, Үндістанда, Түркияда, Югославияда, Африкадағы Мавританның, Тунис, Марокко, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир, т.б. елдерінде орын алады. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия республикаларында, Қазақстанда, Азербайджанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алады. Ислам дінінің екі бағыты: сүннеттер мен шииттер.

Әдебиет: 1. Каждан А. Религия и атеизм в древнем мире. М., 1957.

2. Кубланов М. Мыслители древности о религии. М., 1960.

3. Климович Л. Ислам. М., 1965.
АПТА 6.

Кредит сағат – 3



Тақырыбы: Ислам дінінің дінтану ғылымында зерттелуі және оның қазақ даласында таралуы.

Дәріс мазмұны: Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың ҮІІ ғасырында Арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде дүниеге келді.

Әдебиет: 1. Гольдциер И. Культ святых в исламе. М., 1938.

2. Климович Л. Обряды, праздники и культ святых в исламе. Грозный. 1958.

3. Мавлютов Р. Ислам. М., 1969.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Ислам дінінің бірнеше мейрамдары бар. Олардың барлығы дерлік, оның әдет – ғұрыптары мен догмаларымен тығыз байланысты. Сопылық /дәруіштік/ - Ислам дінің алғашқы жылдары пайда болған аскеттік ағым ретінде ІХ ғасырда пайда болды.

Әдебиет: 1. Гольдциер И. Культ святых в исламе. М., 1938.

2. Климович Л. Обряды, праздники и культ святых в исламе. Грозный. 1958.

3. Мавлютов Р. Ислам. М., 1969.

Оқ СӨЖ мазмұны: Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қасиетті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхаммедтің аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Ислам дінінің алғашқы көріністері Қазақстан территориясында ІХ ғасырдың бас кезінде тарай бастағанын білдіретін мәліметтер бар. Ислам діні Қазақстан жеріне оңтүстіктен және солтүстік батыстан келді. Оңтүстіктен Иран мен Орта Азия қалаларында оқыған қожа – молдалар келді. Кама өзені бойындағы Бұлғар хандығы, одан соң Алтын орданың батыс бөлігі Ислам дінін Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс облыстарын мекендеген тайпалардан бұрын қабылдаған болатын.

Әдебиет: 1. Гольдциер И. Культ святых в исламе. М., 1938.

2. Климович Л. Обряды, праздники и культ святых в исламе. Грозный. 1958.

3. Мавлютов Р. Ислам. М., 1969
АПТА 7.

Кредит сағат – 3



Тақырыбы: Ислам – адамгершілік пен ізгіліктің уағыздаушысы.

Дәріс мазмұны: Қазақ халқының дінін айтқанда, оның басты бір ерекшелігі – тәрбиелік қасиеті. Имандылық тәжірибелерін жинақтай білгенде ғана ол жаңа бір сапалық деңгейге көтеріле алады.

Әдебиет: 1. Гольдциер И. Культ святых в исламе. М., 1938.

2. Климович Л. Обряды, праздники и культ святых в исламе. Грозный. 1958.

3. Мавлютов Р. Ислам. М., 1969

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Дін мен білім әр уақытта бірін – бірі қолдай отыра дамиды. Ал адамның рухани жағынан дамуына және санасын, мәдени деңгейін көтеруде ғылыми біліммен терең сусындауы қажет.

Әдебиет: 1. Гольдциер И. Культ святых в исламе. М., 1938.

2. Климович Л. Обряды, праздники и культ святых в исламе. Грозный. 1958.

3. Мавлютов Р. Ислам. М., 1969

Оқ СӨЖ мазмұны: Дін – күрделі рухани құбылыс. Оның бір көрінісін немесе бір конфессиялық (бағыттық) түрін, немесе жеке қағидаларын әр жерден естіген әңгімелер негізінде талдаудан дінді танимын деу – ағаттық. Дін – адамзат тарихының ерекше саласы. Діннің тарихтағы орнын дұрыс анықтап, сыйлай білуіміз халықтық, ұлттық мәдениетімізді жетілдіруге көмектесетіні сөзсіз.

Әдебиет: 1. Гольдциер И. Культ святых в исламе. М., 1938.

2. Климович Л. Обряды, праздники и культ святых в исламе. Грозный. 1958.

3. Мавлютов Р. Ислам. М., 1969
АПТА 8.

Кредит сағат – 3



Тақырыбы: Қазіргі қазақстандық қоғамдағы діннің орны.

Дәріс мазмұны: Қазақ жерінде Ислам дінінің нығайуы – Алтын Орда ханы Өзбектің тұсында, 1315 жылы Алтын Ордада мемлекеттік дін болып жарияланды. «Қанафиттер мазғабы» дегеніміз – ата – бабаларының ғасырлар бойы ұстанып келген дүние танымына сай, көшпенділер рухымен үндес ислам дінінің бағыты.

Әдебиет: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Діннің мемлекет саясатына араласпауы заңды. Ал, мемлекеттің дін ісіне белгілі бір дәрежеде бақылау жасап, шек қоюы керек.

Әдебиет: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

Оқ СӨЖ мазмұны: Батыс Қазақстан облысы аумағында діни ахуал тарапынан ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық бірлікті бұзатындай жағдайлар болған жоқ. Негізінен діни бірлестіктердің іс - әрекеттері заңды түрде атқарылуда.

Бүгінгі таңда ішкі саясат департаментінің ұйымдастыру қызметі діни радикализм мен экстремизмнің алдын – алу және ескерту, конфессия арасындағы қарым – қатынасты зерттеу, миссионерлердің қызметі мен олардың басқа дін өкілдерімен байланысын байқауға бағытталған. Батыс Қазақстан облысында діни экстремизмнің алдын алудың профилактикалық – ұйымдастыру шараларының 2007 – 2008 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, орындалу үстінде. Біздің алдымызда жиһандану атты «ұлы» дәуірдің күтіп тұрғаны белгілі. Жиһандану – баяғыша жеке – дара оқшау, оңаша өмір сүрудің дәурені басталды деген сөз. Әрине, әлемде болып жатқан мұндай өзгерістерден табиғи байлығы мол Қазақстан шет қалуы мүмкін емес.



Әдебиет: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.
АПТА 9.

Кредит сағат – 3



Тақырыбы: Діннің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатындағы ролі.

Дәріс мазмұны: Дін және саясат. Дін және әлемдегі ахуал. Өркениетті және текетірес. Өркениеттің ар жағында «діндер арасындағы бақталастық» деген тарихи проблема жатқаны тағы рас. Өркениет дегеніміз – бергі дәуірдің түсінігі.

Әдебиет: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезін Жаратушының дәргейіндегі діни – рухани жетістік қана емес – саяси акция есебінде бағамдаушылар да бар.

Әдебиет: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

Оқ СӨЖ мазмұны: Он бір миллион мұсылман тұратын бүгінгі Қазақстанда сансыз ислам бірлестіктері, екі жүз православиелік, жетпіс үш католик, жиырма иудей, тоғыз жүз қырық тоғыз протестанттық бірлестіктер бар. Мемлекет тарапынан діни, ұлттық татулыққа жан – жақты қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан халықтарының Кіші және Үлкен Ассамлеялары құрылып, онда этностар мен түрлі діннің өкілдері бас қосып, ортақ мәселелерді бірлесе шешеді. Мемлекеттің тірегі – ұлт десек, оның теологиялық анықтамасының орнықтығының, тұтастығының бәрінен де бұрын саяси мәні болмақ.

Әдебиет: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.
АПТА 10.

Кредит сағат – 3



Тақырыбы: Діни төзімділік пен ұлттық келісім – мемлекет тұрақтылығының негізі.

Дәріс мазмұны: Қазақстан Республикасының демократиялық дамуының маңызды жетістіктерінің бірі діни төзімділік пен ұлттық келісім негізінде саяси тұрақтылықты сақтау болып отыр.

Әдебиет: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

Тәжірибелік дәріс мазмұны: Қоғамда жүріп жатқан рухани-адамгершілік жаңару үрдісі белгілі бір деңгейде діни өсиеттерге негізделген. Егемендік алған соң, дін Қазақстан қоғамының әлеуметтік-рухани өмірінде белсенді рол атқара бастады.

Әдебиет: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.

Оқ СӨЖ мазмұны: Қазақстанның геосаяси жағдайы өте күрделі. Біздің еліміз әлемдік үш діни-мәдени өркениеттің қиылысында тұр. Бұлар мұсылман, христиан және буддистік-конфуциандық діни-мәдени өркениеттер. Қазақстанның өзі де көпконфессиялы мемлекет болғандықтан, бұл діни-мәдени өркениеттердің игі әсерлерін де, және теріс ықпалдарын да жоққа шығаруға болмайды. Мемлекеттік билік институттарының негізгі міндеттерінің бірі - әлеуметтік тартыстың ұлтаралық егеске айналып кетуін жібермеу. Діни татулық пен ұларалық келісім мәселері қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды да күрделі болып табылады.

Әдебиет: 1. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

2. Мұртаза Бұлұтай. Ата – баба діні. Алматы «Білім» 2000 ж.

3. Андрианов Н., Павлюк В., Лопаткин Р. Особенности современного религиозного сознания. М., 1968.
АПТА 11.

Кредит сағат – 3



Тақырыбы: Дәстүрлі емес діни секталар және олардың жаңа мүшелер тарту әдістері.

Дәріс мазмұны: Қазіргі таңда, өте көптеген ірі діни секталар бар. Олардың барлығының орталықтары шет мемлекеттерде болса да, көпшілігінің Қазақстанда, сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында да орталықтары бар.

Әдебиет: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.



Тәжірибелік дәріс мазмұны: Барлық секталардың мақсаты біреу ғана, өз «тулары» астына қалай болса да көптеген азаматтар тарту. Діни алдау – арбаудың мазмұны өмірді бақытты қылуға үйіп-төгіп уәде беру болып қалады.

Әдебиет: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.



Оқ СӨЖ мазмұны: Ең алдымен жаңа ұйығанды өз беттерімен басылған әртүрлі әдебиеттермен көміп тастайды. Қызығушы адам муниттер жиналысына келгенде, оның қандай әдемі, қызықты, үйірімді, ерекше көшбасшы және тағы басқа да адамның өзін бір керім ретінде санай бастайтындай сөздер айтылады. Әрі қарай, өңдеудің келесі баспалдағы, бұл адамды ойлау қабілетінен айыру. Бұл үшін, қайта-қайта үздіксіз қайталанатын бір текті, жылдам жатталатын, ешқандай терең мағынасыз сөздер тіркесі, оларды мантра деп атайды. Сектаның әсер ету құралдары мен тәсілдері сырттан қарағанда қарапайым әрі мағынасыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ, комплексті түрде және көпшілік бұқара жиналған жерде өте эффективті әсер етеді.

Әдебиет: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.


АПТА 12.

Кредит сағат – 3



Тақырыбы: Қазақстандағы діни секталардың алдын алу және жастарды оған қарсы тұруға тәрбиелеу.

Дәріс мазмұны: Секта – бұл белгілі бір сенмнен бөлініп шығып, сол сенімнің қағидаларына жатпайтын теріс іс - әрекеттер жасайтын топ. Біріншіден – шартты секталар. Бұл дінге күмәнмен қарайды. Қауіптілігі жөнінен үшінші орында.

Әдебиет: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.



Тәжірибелік дәріс мазмұны: Біз бірінші кезекте діни бірлікті өте мықты ұстануымыз шарт, өйткені діни бірлік болмайынша, ұлттық бірлік болмайды. Ал секталардың екінші түрі – христиандық секталар, қауіптігі жағынан оларды орта дәрежелі секталар деп те атайды. Бұл секталар адамды өз «дінінің» өзге діндерден жоғарғы тұрғандығына сендіруге көздейді.

Әдебиет: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.



Оқ СӨЖ мазмұны: ХХІ ғасырда әр елдің дінбасыларына өз халқының рухани, мәдени құндылықтары, жан – дүниесінің тазалығы одан әрі арттыра түсуде деген үлкен жауапкершілік жіктеледі. Экстремизм, фанатизм және дін құндылықтарын бұрмалаушылық – бұлар нағыз құдай сөзінен және діннен мүлдем алшақ жатқан ұғымдар. Үшінші түрі – миссионерлік секта.(негізгі әрекеті – адамды ұйқыдан айыру арқылы үгіт – насихаттарына сендіру). Бұл секталар көбіне жасөспірімдерді арбайды.

Әдебиет: 1. Волков Е. Н. Методы вербовки и контроля сознания в деструктивных сектах // Журнал практического психолога. М.: Фолиум. 1996.

2. Нургалиев А. М. Очерки по истории ислама в Казахстане. – Алматы. «Дайк Пресс». 2005.

3. А. Дарменов. К проблеме назначения теологической экспертизы материалов, содержащих идеи религиозного экстремизма // Правовая реформа в Казахстане. №3. 2004.

4. Г. Лупарев. От свободы совести к свободе мировоззрения // Правовая реформа в Казахстане. №2. 2002.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет