Тарих және құқық



бет1/12
Дата18.03.2017
өлшемі1,3 Mb.
#11799
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12



М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


«Бекітемін»

тарих және құқық

факультетінің деканы

_________ Д.Б.Абулкасова

«__»__________ 200_ж.

Тарих және құқық факультеті

«Философия және құқық негіздері» кафедрасы
050115 – Құқық және экономика негіздері (бакалавриат)

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша
Пәннің оқу-әдістемелік кешені


Курс – 2

Семестр – 3

Кредит саны - 2

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақ (сем.) – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 30 сағат

СӨЖ –30 сағат

Емтихан – 3-ші семестрде

Барлығы – 90 сағат



Орал 2010 ж.

Курс бағдарламасы Мемлекет және ќұќыќ теориясы. Типтік оќу баѓдарламасы Астана, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, 2005 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Авторлары –

М.Т. Баймаханов, У.Ш. Шапак.
Құрастырушы: оқытушы Ауелбаева Нургуль Жаксыбековна
Келісілді: ОҮҰжәне ОӘЖБ жетекшісі А.А.Какимова
Философия және құқық негіздері кафедрасының отырысында қаралды.

“____” ________________2010.ж. № ___хаттама.


Кафедра меңгерушісі___________ Мулдашева Г.Б.

(қолы)

Факультеттің оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы _______________ ____________________

(қолы) (аты-жөні)


1. Мемлекет және құқық теориясы пәнінің типтік оқу бағдарламасы.

Курс бағдарламасы Мемлекет жєне құқық теориясы. Типтік оќу баѓдарламасы Астана, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, 2005 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған. Авторлары –

М.Т. Баймаханов, У.Ш. Шапак.

«Құқық және экономика» мамандығы бойынша оқитын студенттер негізгі пәндердің бірі ретінде, осы мамандық үшін іргелі пәндердің бірі болып табылатын, негізгі ұғымдар мен түсініктерді қамтитын мемлекет және құқық теориясын оқуы керек. Оларды білмейінше оқу бағдарламаның басқа тарауларын меңгеруде қиындық туындайды. Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық өмірдің мемлекеттік-құқықтық саласына деген кең көзқарасты қамтамасыз етеді, оның даму негізгі заңдылығын және келешегін ашады, оның экономикамен, саясатпен, рухани, әлеуметтік-мәдени және басқа да адамдар қатынасымен әрекеттесуін көрсетеді.

Мемлекет және құқық теориясын оқытудың мақсаты студенттерді қазіргі кездегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы білімдерге жетелеу, оның типтері, нысандары және функциялары туралы, мемлекеттің механизмі және құқықтық реттеудің сатылары туралы, адамның құқықтары мен бостандықтары және оны қамтамасыз ету мен қорғаудағы заңның орны жайлы үйрету болып табылады.

Бұл типтік оқу бағдарламасы «Заң пәндері» кафедрасында (3 ғимарат, 304 аудит.) 1 дана бар.


2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).


2.1 Оќытушы туралы мәлімет


Оқытушының аты –жөні: Ауелбаева Нургуль Жаксыбековна

Офис: Философия және құқық негіздері кафедрасы

Жұмыс мекен-жайы: Орал қ., Сарайшық көшесі 34, кабинет 407

Жұмыс телефоны: 51-04-69



2.2 Пән туралы мәлімет

Пән атауы: Мемлекет және құқық теориясы

Курс бір семестр оқытылады. Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 2 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және бір сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), екі сағат студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.


Кредиттің атпаға бөліну кестесі :


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 дәріс)

50 мин.

СӨЖ

50 мин.

Байланыс сағаты 2

(1 практика)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 2

Өту орны: № 3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәріс

Семинар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


2

3

2

15

15

30

30

90

емтихан



2. 3. Кіріспе
Пән бойынша мағлұмат: Мемлекет және құқық теориясы пәні негізінен әлеуметтік саяси құбылыс мемлеке пен құқықты жүйелі түрде зерттейтін ғылыми пән. Мемлекет және құқық теориясының негізгі зерттеу обьектісі мемлекет және құқықтың пайда болу, даму жєне қызмет ету заңдылықтары болып табылады. Мемлекет және құқық теориясы пәні заң ғылымдары жүйесінде маңызды орынға ие болады, өйткені ол өзге заң ғылымдарына әдістемелік және теориялық негіз қалайды. Мемлекет және құқық теориясын зерттемейінше өзге заң ғылымдарын зерделеу мүмкін емес.

Курс мақсаты: Мемлекет және құқық теориясын оқытудың мақсаты студенттерді қазіргі кездегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы білімдерге жетелеу, оның типтері, нысандары және функциялары туралы, мемлекеттің механизмі және құқықтық реттеудің сатылары туралы, адамның құқықтары мен бостандықтары және оны қамтамасыз ету мен қорғаудағы заңның орны жайлы үйрету болып табылады.

Курс міндеті:


  • Студенттердің юридикалық ойлауын, кәсіби құқықтық санасын және жоғарғы құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

  • Қазақстанның қоғамдық өмірінде болып жатқан оқиғаларда дұрыс бағдар жасау қабілетін жаттықтырады, оларға дұрыс баға беру.

  • Нормативтік құқықтық актіні дұрыс талқылау және қолдану дағдысын дамыту.

  • Мемлекеттің құқықтық актісіне деген құрметтеушілік қатынасты қалыптастыру және оның бұзылуына төзімділік танытпау.

  • Студенттерге жоғары азаматтылық, қоғамдық парызды түсіндіру және оның жүзеге асырылуына сенушілік қағидаларын жаттықтыру.

Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясын оқып үйретудің алдын-ала оқытатын пәндер тізімі: Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, Қазақстан тарихы, Қоғамтану, Философия, Әлеуметтану, Саясаттану.

Аралас пәндер тізімі және олардың мемлекет және құқық теориясымен өзара байланысы:



  1. Шетелдернің мелекет және құқық тарихы. Тақырыптары: Мемлекет және құқықтың тарихи типтері мен нысандары. Тарихи құқықтық ескерткіштер. Ежелгі дүние, орта ғасыр, жаңа және қазіргі заман мемлекет және құқығы.

  2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы. Тақырыптары: Қазақ мемлекеттілігінің пайда болуының тарихи алғы шарттары. Егеменділіктің қалыптасу кезеңдері және қазақстандық мемлекеттіліктің даму келешектері. «Жеті Жарғы» және басқа да бұрынғы құқықтық ескерткіштер.

  3. Конституциялық құқық. Тақырыптары: Мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері. Тікелей және өкілді демократия. Адамның құқықтары мен бостандықтары. Мемлекет, тұлға, қоғам. Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың конституциялық мәртебесі.

Постреквизиттер: Мемлекет жєне құқық теориясын оқып үйренген соң суденттің меңгеретін білімі, қабілеті және дағдысы:

  • Мемлекет, жариялық билік, егеменділік, басқару нысаны, мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары, унитарлық және федералдық, мемлекет механизмі, құқықтық мемлекет, объективтік және субъективтік құқық, құқықтық норма, құқықшығармашылық, құқыққа сай мінез-құлық, құқықбұзушылық, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, заңдық дерек сияқты ұғымдарды білуі керек.

  • Мемлекеттік-құқықтық оқиғаларда дұрыс бағдар ұстана білу, оларға баға беру, заң нормаларын талқылау, құқықтық ұйғарымға сәйкестік тұрғысынан адамдар әрекеттері мен қимылдарын талдай білу.

  • Мемлекеттің кейбір нормативтік актілерінің жобаларын жағымды жақтары мен жетіспеушіліктерін көрсете отырып, соңғысын жою туралы ұсыныстарын енгізе отырып құру; студенттердің ғылыми конференцияларына баяндамалар әзірлеу, курстық және бітірушілік жұмыстар жазып, оларды оқытушылар мен комиссия алдында жария қорғай білу.

Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.





Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет