Тарих пәні мұғалімі Алиев М. Ш. 2019 жыл мазмұНЫ



бет6/21
Дата14.11.2019
өлшемі3,25 Mb.
#51809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Белсенді оқу әдістері 2014

жауап алу оқушыларды белгілі бір идеяларды неге олай топтастырғаны, сондай-ақ карта олардың ойларын қалай ашқандығы туралы ойлануға мәжбүрлейді.
ҚИЯЛДАҒЫ КИНОФИЛЬМ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • креативтілік;

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • проблеманы шешу.

Жалпы сипаттама

Шығармашылықты дамытатын бұл әдіс оқушыларға сабақ тақырыбын түсіндіруде пайдалы құрал болып табылады, сондай-ақ оларды белгілі бір сұрақ бойынша пікірталасқа, пікір алмасуға тартуға септігін тигізеді.



Жұмыс алгоритмі

1. Оқушылар көздерін жұмады.

2. Мұғалім сыныпқа қысқа оқиғаны оқиды немесе оқушылардың алда не істейтіндерін түсіндіреді.

3. Оқушылардан мұғалім оқып жатқан ақпаратты көз алдарына келтіру сұралады.

4. Мұғалім ақпаратты оқуды тоқтатып, оқушылардан оқиғаны тоқтаған жерден жалғастырып, одан әрі дамытуды сұрайды.

5. Одан кейін оқушылар шағын топта немесе сынып алдында өздерінің «санасындағы кинокартинада» не болғандығы туралы әңгімелейді. Бұл – мәселені талқылауды дамытудың оңтайлы тәсілі.



Frame14

6. Бұл тапсырма оқушыларға түрлі жағдайларда қандай амал жасауға болатындығы туралы ойлануға мүмкіндік береді. Оқушылардың санасындағы кинофильмді «Барлық факторларды ескеру» немесе «Қосу-алу-қызықты» тапсырмасының негізінде құруға болады.



ҚҰПИЯ

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • проблеманы шешу;

  • бірлескен жұмыс.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс құпияны табу, шешім қабылдау немесе уақиғаның болжалды түсініктемелерін қарастыру үшін оқушылардың проблемаларды шешу және шешім қабылдау дағдыларын пайдалануларына ықпал етеді. Бұл тапсырмадан кейін жауап алу жүргізілу керек. Бұл тәсіл оқушыларға мәселені білу және түсіну негізінде дәйекті айғақтар, нақты дәлелдерді келтіруге мүмкіндік береді.



Сыныпты жоспарлау

Бұл тапсырма айнала немесе жартылай айнала отырған үлкен топта немесе партада отырған шағын топта өткізілуі мүмкін.



Жұмыс алгоритмі

1. Оқушыларға белгілі бір сұрақ бойынша 20-дан 30-ға дейін тұжырымдар беріледі. Егер де барлық сынып тартылса, онда әрбір оқушы бір тұжырым алады және оны барлық топқа оқып береді. Шағын топтағы оқушыларға бірнеше тұжырым беріледі.



2. Тұжырымдарды талқылау барысында шешім топ болып қабылданған жағдайда, оқушылар барлық факторларды талқылап, оның мәнін анықтау үшін әрбір айтылған пікірді қарастырулары керек.

Frame15

• Командалық талқылауға берілген уақыт біткен соң, оқушылар өз шешімдеріне түсініктеме беріп, орынды болса нақты дәлелдерді келтіре отырып, оларды тармақтар бойынша негіздеп шығады.

• Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу барысында оқушылар шешім қабылдауға түрткі болған немесе шешілетін проблеманы анықтауға көмектескен үдерістерге назар аудара алады. Жауап алу жүргізу барысында қолдануға ұсынылатын сұрақтар:

Топ бұл шешімге қалай келді?

Келіспеушіліктер болды ма?

Келісімге қалай қол жеткізілді?

Шешімдер әділ негізделді ме?

Шешімдер дұрыс баяндалды ма?

Топ ішінде рөлдер таратылды ма және олар қаншалықты дұрыс орындалды?
ҮШІНШІСІ АРТЫҚ

Қалыптастырылатын дағдылар:


  • ойлау, шешім қабылдау;

  • проблеманы шешу;

  • бірлескен жұмыс;

  • ақпаратты басқару.

Жалпы сипаттама

«Үшіншісі артық» – пайдалы әдіс, оны тақырыпты бастапқы зерделеу кезінде немесе білімін бекіту тәсілі ретінде тақырыпты талқылаудың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Бұл әдіс оқылатын салаға қарай оқушыларды сөздердің, сөйлемдердің, идеялардың, адамдар мен заттардың сипаттамасы туралы ойлануға итермелейді. Оқушылар осы заттардың арасындағы кез келген қарым-қатынасты тереңірек түсініп, оларды тиісінше жіктей білу үшін, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды.



Жұмыс алгоритмі

1. Оқушылар жұпқа немесе топқа бөлінеді.

2. Оқушыларға оқылатын сала мен тақырып төңірегінде бірқатар маңызды сөздер/идеялар/орындар/заттар беріледі. Бұл қатар, мысалы, диаскопиялық проекторда немесе үлестірме материалдағы тізім болмаса шәкіл түрінде ұсынылуы мүмкін.

3


Тақырып: Қазіргі заманғы тілдер – Менің үйім (үйретіліп жатқан тілдегі сөздер)

Кереует, тоңазытқыш, теледидар, гардероб, перде, тұрақ, орындық, ванна, тумба.



  • Тұрақ артық болуы мүмкін, себебі ол бөлмені білдіретін жалғыз сөз;

  • Перде артық болуы мүмкін, себебі қалған заттардың барлығында негіз бар, немесе олар еденде тұрады.

Бұл тапсырма мәселені балалар үйреніп жатқан тілде талқылауға ықпал етеді.
. Оқушылар әрбір шәкіл немесе тізім бойынша артық элементті табуы тиіс. Дұрыс немесе қате жауаптың болмауы мүмкін, болмаса кез келген сөз артық болуы ықтимал. Сондықтан, оқушылар неліктен ол сөзді таңдағаны туралы дәйекті және нақты жауап бере отырып, тізімдегі басқа сөздердің арасындағы байланысты көрсетеді.
4. Қосымша тапсырма ретінде оқушылар қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты сөздерге қосу үшін мағынасы жақын басқа сөз ұсына алады. Сонымен қатар оқушыларға өздерінің артық сөздер тізімін не шәкілін ойлап табуға болады.

5. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу барысында оқушылардың тапсырмадағы сөздердің арасындағы байланысты қалай анықтағандығына және командалық жұмыстың оқушыларға басқа жағдайда байқамай қалатын түрлі байланыстарды көруге көмектескендігіне көңіл аудару керек.


БАП (Басқа адамдардың пікірлері)

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ақпаратты басқару;

  • бірлескен жұмыс;

  • ойлау, проблемаларды шешу;

  • шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама

Бұл тәсіл оқушыларға белгілі бір сұрақтың немесе тақырыптың төңірегінде басқа адамдардың/оппозицияның көзқарастарына назар аударуды ұсынады. Оқушылар осы пікірталастың қаралатын мәселеге қатысты факторларға, салдары мен мақсатына жаңа көзқарастар болуы мүмкін екендігін анықтауға көмектесетіндігі туралы ойланады. Оқушылар белгілі бір көзқарастың онымен келісетін адам үшін қаншалықты орынды екендігі, өз пікіріңді басқаға қыстырмалаудың орынсыздығы жөнінде ойлана бастайды. Проблемаға ықпал ететін жиынтық факторларды салыстыру үшін «БФЕ» әдісін қараңыз.



Сыныпты жоспарлау

Егер «Әткеншек» тапсырмасымен қатар қолданылатын болса, онда оқушылар бөлме ішінде партадан партаға өтіп, топта алмасуы тиіс. Сондай-ақ оқушылар орындарында қалып, берілген уақыт біткен соң оқу плакатын артында отырған топқа береді.



Жұмыс алгоритмі

1. Мұғалім оқушылармен бірлесіп басқа адамдарды шешім қабылдау мен проблеманы шешу үдерісіне тартудың маңыздылығын талқылайды. Адамдардың түрлі білімдері, қызығушылықтары, түсініктері мен құндылықтары жекелеген адамдардың көзқарасын байытып кеңейте алады. Оқушылар тақырып аясында түрлі көзқарастар туралы хабардар болады.



2. Оқушылар сынып ішінде жүріп, басқаның пікірін сұрап, оларды қағазға енгізеді. Әртүрлі бес пікір жинаған соң оқушылар парақтың төменгі тұсында пікірлерді жинақтайды да, олардың қайсысымен келісетіндігін және себебін айтады.

Frame17

3. Тапсырма аяқталған соң оқушылар топтарда ауысады да, басқа топтар анықтаған факторларды қарайды. Олар өзара бағалау үшін «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын пайдалана алады.

4. Одан кейін оқушылар басқа топтардың парақтарына жазғандардың негізінде өздерінің алғашқы пікірлеріне өзгеріс енгізіп, немесе кеңейте алады.

5. Бүкіл топтың барлық факторларын біріктіру үшін тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізген тиімді болмақ.

6. Белгілі бір пікірлерді одан әрі дамытып, оқушыларға белгілі бір пікірлерді айтуға көмектесу үшін «Ар-ождан аллеясы» және «Кедергілер сызығы» сияқты модельдеу тапсырмаларын пайдалануға болады.
БИНГО

Қалыптастырылатын дағдылар:


  • басқалармен жұмыс істей білу.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс жаңа топтардың мүшелерін жақындастыратын, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе қарым-қатынас дағдыларын дамытудың амалы ретінде пайдаланылады. Ол қозғалып жүріп-тұруды, қарым-қатынас жасауды және басқа да көптеген жағдайларды талап етеді.



Сыныпты жоспарлау

Қозғалу және қарым-қатынас жасау ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік керек.



Жұмыс алгоритмі

1. Әр адамға тоғыз, он екі немесе он алты шаршыға бөлінген Бингоға арналған карточка беріледі.



2. Әрбір шаршыда тақырыпқа қатысты тапсырма көрсетіледі. Мысалы:

Frame18
Frame19

3. Оқушылар әрбір пікірге сәйкес келетін адамды тапқан кезде, осы адамға қарастырылып отырған мәселелер бойынша өздерінің қосымша екі сұрағын қоя алады. Бұл егжей-тегжейлі талқылау жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы:



Frame20

4. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу барысында мұғалім оқушылардан қайсысы естерінде қалғандығы немесе қосымша сұрақтар арқылы басқа адамдардан нені білгендігі туралы сұрайды.

5. Егер де Бингога арналған карточканы істеуге немесе көшірмелеуге мүмкіндік болмаса, мұғалім нөмірленген сөйлемдерді тақтаға, диаскопиялық проекторға немесе флипчартқа жазады. Одан кейін оқушылар қарсы отырған адамның нөмірін және атын жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет