Тарих пәні мұғалімі Алиев М. Ш. 2019 жыл мазмұНЫ


МОДЕЛЬДЕУ Қалыптастырылатын дағдылар



бет7/21
Дата14.11.2019
өлшемі3,25 Mb.
#51809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Белсенді оқу әдістері 2014


МОДЕЛЬДЕУ

Қалыптастырылатын дағдылар:

Жалпы сипаттама

Бұл шығаршылық рөлдік ойын – оқушыларды белгілі бір сұрақты талқылауға немесе ақпарат алмасуға тартудың ықпалды тәсілі.



Сыныпты жоспарлау

Қозғалуға арналған орын қажет етіледі.



Жұмыс алгоритмі

1. Моделдеу барысында оқушылар құрылымдалған ортаның аясында белгілі бір проблемаға қатысты жауап береді, мысалы, сотқа еліктеу, парламенттік тыңдау, кеңестің отырысы, үйлестіру кеңесі. Ортақтастықты күшейтіп, мәселе төңірегінде бірлесіп толғануды дамыта отырып, өз көзқарасын, пікірлері мен құндылықтарын айтуда бұл тәсіл өте қолайлы. Алайда, бұл күрделі, қиын үдеріс, себебі ол көп дайындықты қажет етеді. Сөз болатын оқиға өзекті болуға тиіс, әрі оны жүзеге асыруға мүмкіндік болғаны жөн, сондай-ақ оқушылар өздерінің рөлдік ойындарын ойнауды бастамас бұрын, топтық модельдеу арқылы олардың өзіне деген сенімін күшейтіп, өз рөлдерін ойнау үшін қолайлы аймақ ұсыну үшін тиісті ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.


ҚАР КЕСЕГІ

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс;

  • ойлау, проблемаларды шешу;

  • шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушыларға проблемаларға орай өз әрекеттері туралы ойлануға және аталған тақырып бойынша өз ойларын қарастыру үшін ақырындап жан-жағындағы адамдармен бірлескен жұмысты бастауға мүмкіндік береді. Бұл - аз сөйлейтін оқушылардың өз ойларын әуелі жұптарда, одан кейін топтарда айтуға мәжбүрлейтін практикалық тәсіл. Бұл сонымен қатар оқушылардың сұраққа байланысты пікірлерін білдіруге жетелеп, жалпы талқылаусыз бүкіл сыныпқа келісімге келуге мүмкіндік береді.



Сыныпты жоспарлау

Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе, оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.



Жұмыс алгоритмі

1. Тиісті сұрақ қойылады немесе оқиға сипатталады.

2. Оқушылар ойларын, пікірлерін немесе ұсыныстарын өз бетінше жазады.

3. Оқушылар жұп құрып, жауаптарын салыстырады. Олар өз тұжырымдарын талқылайды да, мәселе бойынша келісілген және мәмілелік тұжырымға қол жеткізіп, оны жазып алады.

4. Оқушылар төрт адамнан тұратын топтар құрып, тура сол рәсімді қайталайды. Тағы бір келісілген тұжырымға қол жеткізіліп, оны жазып алады.

5. Төрт адамнан тұратын топ сегіз адамнан тұратын топқа айналады да, үдеріс қайталанады. Келесі келісілген тұжырымға қол жеткізіледі.

6. Топтар өсіп отыратын болғандықтан, өкіл/үйлестіруші, хронометрші, ресурстарды үлестіруші, хатшы және т.б. таңдау қажеттігі туындайды.

7. Содан кейін сыныптың түпкілікті тұжырымы талқыланып, негізделеді.

8. Келісілген тұжырымға қарсы шыққан, өз пікірі жеткілікті түрде ескерілмеді деп санайтын оқушының пікірі жазылып алынуы тиіс.

9. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу тек білу мен түсінуді ғана емес, сонымен қатар тапсырманы орындау үдерісін зерттеп білуге мүмкіндік береді: оқушы шешімге қалай келді? Мәмілеге қалай келді? Олар қандай дағдыларды пайдаланды?






КӘМҚ (Күшті жақтары, Әлсіз жақтары, Мүмкіндіктер, Қауіптер)

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс;

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • проблемаларды шешу.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушыларға мәселенің барлық аспектілерін зерттеуге мүмкіндік береді. Ол болашақта бастама жасау үшін іс-әрекет жоспарын дайындау барысында пайдаланылуы мүмкін. Ол сонымен қатар бұған дейін не істелгенін және болашақ салдарын назарға алу үшін топты немесе оқиғаны бағалауға арналған тәжірибелік құрал бола алады.


Сыныпты жоспарлау

Бұл тапсырманы әртүрлі тәсілдермен орындауға болады. Ақпарат жинау үшін қағаз конвейерді пайдалануға болады, бұл жағдайда мұғалім топтардың парталар арасында жүріп-тұруы ыңғайлы болуын ойластыру керек. Немесе топтар өз орындарында қалып, проблемаларды қарастыру үшін төменде қоса берілген шаблонды пайдалана алады.



Жұмыс алгоритмі

1. Мұғалімнің оқушылармен КӘМҚ мағынасын талқылап, әрбір термин жеке алғанда нені білдіретінін, әсіресе «күшті жақтар», «мүмкіндік», «әлсіз жақтар» мен «қауіптер» арасындағы айырмашылықтарды түсіндіргені жөн. «Мүмкіндіктер» мен «қауіптер» болашақта туындауы мүмкін болжалды салдарларға шоғырлануы тиіс, ал «күшті жақтар» мен «әлсіз жақтар» бұған дейін болғанды зерттеу негізіндегі мәселенің оң және кері аспектілерінің тізімін құруды қамтиды.

2. Оқушыларға талқылап, баға беруге арналған ақпарат беріледі. Идеялар тиісті тақырыпшалармен беріледі (К-Ә-М-Қ).

3. Мұғалім бір тақырыпшаға тоқталып, оны талқылап болған соң ғана келесі тақырыпшаға көшеді. Мысалы, оқушыларға «мүмкіндікке» көшпес бұрын, «күшті жақтарын» зерттеуге уақыт беріледі.

4. Кері байланыс кезінде мұғалім мына сұрақтарды қоя алады: Не жақсы? Не жаман? Қазір не болуы мүмкін? Болашақта алға ілгерілеуге не кедергі жасауы мүмкін?

5. Командалық жұмыс бойынша жауап алу пайдалы болады.



6. Тапсырмадан туындаған ойлар алдағы уақытта «Бес сұрақ» техникасын пайдалану кезінде зерделенуі мүмкін.

БАСАЛҚЫ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • проблемаларды шешу;

  • басқалармен жұмыс істей білу.


Жалпы сипаттама

«Шыбындар әміршісі» (The Lord of the Flies) романымен таныс әрбір оқушы бақалшық туралы біледі. Бақалшықты кім ұстаса, сол басқаның даусы басым шығады деп қорықпастан, тоқтаусыз сөйлей алады. Бұл тапсырма да сол сияқты, оқушыларға сөзді бөлмей, сұрақ бойынша өз ойларын, идеяларын және пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді. Ол сонымен қатар оқушылардың белсенді тыңдау дағдыларын дамытуға да бағытталған. Біз бақалшықтың рөлін атқаратын затты «жөн-жосық көрсетіп отыратын адам» деген мағына беретін «басалқы» сөзімен атауды ұсынамыз. Ұқсас тапсырма ретінде «Жарыссөз асатаяғы» әдісін қараңыз.



Сыныпты жоспарлау

Мұғалім оқушыларды шеңберге немесе жартылай шеңберге отырғыза алады. Сондықтан бұл үшін бөлмеде жеткілікті орын болуы керек. Немесе оқушылар парталарына отырады да, мұғалім сөйлегісі келгендерге басалқыны береді.



Жұмыс алгоритмі

1. Сөйлеушіге «басалқының» рөлін атқаратын тиісті зат беріледі. Пүліш ойыншық немесе қуыршақ сияқты (әрине, оқушылардың жасына және қызығушылығына байланысты!) басы бар затты (аты осыдан шығады) алуға болады. Болмаса, қалпақты қолдануға болады, сөз кезегі келгенде оқушылар қалпақты киеді.

2. Оқушылар белгілі бір сұрақ бойынша пікірталас жүргізеді. Тек қолында басалқы бар адам ғана сөйлей алады.

3. Оқушыларға отырған ретімен кезекпен сөйлеуге рұқсат бермеуді ұсынамыз. Кей балалар өздерінің кезегі келгенше не айтатыны туралы көп ойланады, сөйтіп басқалардың не айтып жатқанын тыңдамайды. Оқушылар күйгелектеніп, тіпті жасқаншақтаса, бұл тапсырмадан пайда болмайды. Затты ортаға қоюға болады, сөйлеуші өз сөзін аяқтағаннан кейін оны орнына қояды, осылайша оны кез-келген басқа адам ала алады.

4. Оқушылар, керісінше, сөйлеушіні мұқият тыңдаулары керек, олар өз қалауы бойынша сындарлы түсініктеме бере алады, сөйтіп өзінің белсенді тыңдау дағдыларын жақсартады.
ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК

Қалыптастырылатын дағдылар:


  • басқалармен жұмыс;

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • өзін өзі басқару.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс жекелеген адамдар не оқушылар тобы арасында сындарлы өзара бағалау жүргізуге арналған. Өзара бағалаудың аталған техникасы оқушыларға өз жұмыстарын бағалау және жақсарту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Ол оқушыларға тапсырмаларды орындаудың әртүрлі тәсілдері мен қорытындыларын көруге, нәтижесінде болашақ жұмысты өзгертуге мүмкіндік береді.



Сыныпты жоспарлау

Оқушылар бөлмеде әртүрлі топтар ішінде кезектесіп ауысып отырса дұрыс болар еді. Немесе топтағы оқушыларға жұмыс үлгілері беріледі.



Жұмыс алгоритмі

1. Оқушылар тапсырманы орындауды бастамас бұрын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін (төмендегі 3-тармақты қара) пайдалана отырып, өз жұмыстарын қарай алады.

2. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар басқа адамдардың жұмысын қарап шығу үшін бір топтан екінші топқа ауыса алады.

3. Балалардың қолдарында стикерлер бар. Өздері қараған әрбір жұмыс үшін оқушылар, өздерінің пікірінше, ұтымды шыққан екі аспектіні және қарастырылған жұмысты жақсартуға бағытталған бір тілек жазады.

4. Бұдан кейін оқушылар басқалардың стикерлерге не жазғандығын оқу және талқылау үшін өз жұмыстарына қайтып оралады.

5. Бұдан кейін олар өз жұмыстарындағы жұлдыздар мен тілектердің тізімін жасайды да, өз жұмыстарын келесі жолы жақсартуды қалай жоспарлайтындығын қысқаша түрде сипаттап жазады.


ФОТОСУРЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс істей білу;

  • ойлау, проблемаларды шешу.

Жалпы сипаттама

Пікірталасты жеделдету үшін фотосуреттерді пайдалануға болады. Төменде келтірілген әдістердің көпшілігін динамикалық суретпен жұмыс істеуде қолдануға болады:



  • Белгілі бір тақырыпқа қатысты (мысалы, кедейлік) бірқатар суреттер және/немесе карикатураларды көрсетіңіз де, оқушылардың оларға тікелей әсерін сұраңыз. Суретке түсіруші немесе карикатурашы проблема туралы не айтқысы келді? Оқушылар онымен келісе ме, әлде келіспей ме? Әртүрлі суреттер олардың ішкі сана-сезімдеріне қалай әсер етеді?

  • Оқушылар фотосуретті таңдап алып (мысалы, сүйікті фотосуретін немесе өздерін жайсыз сезінуге мәжбүрлейтін фотосуретті), содан кейін өз тобына неге оны таңдағанын түсіндіреді.

  • Топтағы оқушыларға суреттер немесе фотосуреттер беріледі де, суретке ат беру сұралады (мысалға, елге заңсыз босқыншылардың келуі). Сосын топтар ат таңдау ісі оларда қандай сезім-әсер тудыратынын (мысалы, біреу үмітке, біреу үмітсіздікке, қайырымдылыққа, күйзеліске назар аударады және т.б.) талқылай отырып, өздерінің берген аттарын салыстыра алады.

  • Әрбір топқа ортасына фотосурет жабыстырылған үлкен парақ беріңіз (мысалы даулы сұрақты бейнелейтін фотосурет). Оқушылардан фотосурет бойынша сұрақ қойып, оларды фотосуреттің жан-жағына жазуды сұраңыз (мысалы, проблема қандай? Кім қатысады? Басқа жақта тұрған адам не ойлайды? және т.б.). Сұрақтар алдағы талқылауды кеңейту үшін пайдаланылады. Тапсырманы орындаудың тағы бір жолы: оқушылар суретті бірінші көрген кезде бастарына келген ойларды, идеяларды және сөздерді суреттің айналасына жаза отырып, идеяларын ұсына алады.

  • Оқушылардан фотосуреттер, суреттер немесе карикатуралар негізінде рөлдік ойынды немесе модельдеуді сахналап көрсетуді сұраңыз. Олар суреттегі адамдарға ат беріп, олардың арасындағы қарым-қатынасты ойластыра алады, әрбір адам не сезінетінін елестете алады және т.б. Балалар рөлдерді бөлісіп, олардың пікірінше не болып жатқандығын, кейін не болуы мүмкін екенін сахналап көрсете алады. Соңынан басқа оқушылар оларға сұрақ қояды.

  • Оқушылар сандық камера арқылы фотосуреттер жасап, оларды коллажға, таныстырылымдарға біріктіре алады.

  • Фотосуреттерді оқушылар бөлшектерді есте сақтау үшін өздері зерделеуге тиіс сурет пен карикатураларды көрсететін «Жады» ойыны үшін пайдалануға болады. Содан кейін оқушылар суреттің бөлшектерін жазады немесе салады. Бұл оқушылардың назарын ұсақ бөлшектерге аударуда пайдалы болады.


ЖЫЛЖЫМАЛЫ ДЕБАТ

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс сұрақтарға қатысты әртүрлі пікірлер мен эмоцияларды зерттеуге көмектеседі. Оларды белгілі тақырыптың кіріспе бөлімі ретінде пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын, қарастырылатын сұрақ бойынша негізгі түсінігін бағалау үшін пайдалануға болады. Олар оқушылардан сұраққа қатысты өз ұстанымын білдіруді талап етеді және де олар пікірлерін білдірмесе де, әрбір адамның өз ойын ортаға салу құқығы бар. Оқушылар түсініксіз және белгісіз нәрселерді кездестіреді, бұл оларға өз пікірлерін талқыланатын сұрақ туралы білімдерімен негіздеу қажет екендігін түсінуге көмектеседі. Атүсті дебаттың алуан түрі бар. Ең кең тарағаны төменде сипатталған «Төрт бұрыш дебаты» болып табылады. Сондай-ақ «Спектрлік пікірталас», «Құндылықтардың тұрақтылығы» және «Ақиқат пен жалған» деген түрлері бар.



Сыныпты жоспарлау

Қозғалу және сөйлесу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе жеткілікті орын болмаса, оқушыларға төрт пікір жазылған карточка беріледі (келісемін, келіспеймін, толық келісемін, үзілді-кесілді келіспеймін). Әрбір ой айтылғаннан кейін оқушылар белгілі бір карточканы көтеруге тиіс.



Жұмыс алгоритмі

1. Бірқатар тұжырымдар оқылады да, әр тұжырымды әртүрлі бұрышқа телиді.

2. Оқушыларға бұл тұжырымдарға қатысты өз пікірлерін ойлануға уақыт беріледі.

3. Бұдан кейін оқушылар өзі келісетін пікірдің бұрышына барады. Оқушылар «тобыр» соңынан еріп жүрмеулері керек, өйткені бұл жерде дұрыс, бұрыс жауап жоқ.

4. Пікірлер оқушыларға ой салуға тиіс (мысалға, «барлық футболшылар тым көп ақша табады» деген ойға қарағанда, «футболшылар тым көп ақша табады» деген ойды пайдаланған жақсы, өйткені екінші пікірталас тудыруға мүмкіндік береді).

5. Оқушылар осы бұрышты неге таңдағанын түсіндірулері керек. Барлық төрт бұрыштың пікірін тыңдау қажет.

6. Күрделі сұрақтарды қарастыру үшін, не алғашқы ойды мұқият талдау үшін қосымша сұрақтарды пайдалануға болады.

7. Әрбір пікірді талқылау кезінде туындаған сұрақтар өздерінің алғашқы көрқарастарына шүбә келтірген жағдайда, оқушылар орын ауыстыра алады.

8. Егер оқушылар пікірлерін өзгертіп жатса, неге екенін түсіндірулері керек.

9. Тапсырманы орындағаннан кейін жүргізілетін жауап алу барысында келісімге қол жеткізілген сұрақтарды және сыныпты бөлген сұрақтарды талқылауға болады.



Жан-жақты талқылау мен дебаттарға арналған тапсырмалар үлгілері:

Frame21
МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖҮРЕТІН ОҚЫЛЫМ

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым – бұл оқушыларға белсенді оқырман болуға көмектесетін әдіс. Мұғалім оқырмандардың шағын топтарына оқылымның түрлі стратегияларын (ойға салу, ишара жасау, әріптер мен дыбыстар арасындағы өзара байланыс, сөздің құрылымы және т.б.) пайдалануды үйренуге көмектеседі. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым тәсілі бастауыш сыныпта қолданылғанына қарамастан, оны түрлендіріп, білім берудің барлық деңгейлерінде тиімді пайдалануға болады. Мысалы, жоғары сынып оқушылары қажетті ақпаратты іздестіру мақсатында анықтамалықты дұрыс қолданудың жаңа стратегияларын зерделей алады.



Мақсаты:

Бұл әдіс оқушының әңгімені түсінуін жеңілдетеді. Оқушылар әңгімені түсініп оқуда кедергілерге тап болған жағдайда, туындаған проблемаларды шешу үшін оның мазмұнына және түрлі оқылым стратегияларын қолдануға ерекше назар аударулары керек. Мұғалімнің жетекшілігімен оқушыларға шағын топтарда оқылымның түрлі стратегияларын игеру мүмкіндігін ұсынудың арқасында оқушылар күрделі мәтіндерді өз бетінше оқу үшін қажетті дағдылар мен білімді меңгереді. Өз бетінше оқу – бұл негізгі мақсат, яғни мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым оқушылардың оқыған материалын түсіну мақсатында оқылым стратегияларын өз бетінше қолдануына негіз, түрткі болады.



Жұмыс алгоритмі

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым әдісі негізінен сыныптағы оқушылар саны мен олардың білім деңгейіне байланысты болуына қарамастан, бұл әдісті қолдану барысында төмендегі ұсынымдар пайдалы болмақ:



  1. Оқушыларды шағын топтарға бөлу керек (4-6 адамнан). Оқушылардың жасы неғұрлым кіші болса, топтың да соғұрлым шағын болғаны жақсы.

  2. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылымның ұзақтығы 15-20 минутқа жуық.

  3. Оқылым үшін топтың деңгейіне сәйкес келетін материалдарды іріктеп, әр оқушыға әдебиеттің бір көшірмесін тарату керек.

  4. Оқылым алдында: мұғалім болжам жасау, жаңа лексиканы енгізу немесе оқырмандарды мәтінде көрсетілген анықтамалық ақпаратпен қамтамасыз ететін тақырыптарды талқылау арқылы оқылым міндеттерін анықтайды.

  5. Оқылым барысында: Мұғалім мәтінді баяу немесе ақырын оқитын оқушыларды қадағалайды. Мұғалім өз бақылауының негізінде ишара жасау, сұрақ қою және оқылым стратегияларын пайдалану талпынысын көтермелеу арқылы жетекшілік ете отырып, олардың мәтінді толық түсінуін қамтамасыз етеді.

  6. Оқылымнан кейін: Мұғалім оқырмандардың мәтінді түсінгеніне көз жеткізу үшін сұрақ қояды және оларды бағалайды. Сонымен қатар, мұғалім стратегияны қолдануда кемшіліктерді байқаса, оқылымнан кейін оған уақыт арнауы мүмкін.

  7. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым кезінде басқа оқушылар немен айналысады? Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым барысында Сіз қадағалайсыз және шағын топтардағы оқушыларға көмектесесіз. Сіз бір топқа көмектесіп жатқан кезде, басқа оқушылар оқу құралымен жұмыс істейді. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылымның табысты болуын қамтамасыз ету үшін тапсырмаларды алдын ала дайындаңыз, сіз басқа топтарға көмектесіп жатқан кезде оқушылар аталмыш тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың тапсырмаларды орындап жатқанына көз жеткізген соң мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылымға үйретуге тікелей назар аударуға болады.

ІІ. ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫ МЕН ПІКІРТАЛАСҚА ТҮРТКІ БОЛАТЫН ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
ШЕҢБЕРГЕ ЖИНАЛУ УАҚЫТЫ

Мақсаты

Идеялар, тәжірибе, сезімдермен бөлісу. Өзін және басқаларды терең түсіну. Топ проблемаларын баяндау.



Сыныпты жоспарлау

Барлығы орындықтарға немесе еденге шеңбер жасап отырады. Сөйлеушінің қолында зат бар (жұмсақ пуф немесе доп).



Жұмыс алгоритмі

Мұғалім барлығы сияқты орындыққа немесе диванның жастығына отырады. Бұл барлық оқушыларға мұғалім директор емес, үйлестіруші болып табылатынын және де өтіп жатқан сынып сабағы екенін ұмытпауға көмектеседі. Мұғалім «Шеңберге жиналу уақыты» ойынының құрылымдалған ережесінің сақталуына, яғни әрбір оқушының эмоциялары қорғалып, лайықты тапсырмалар дайындалуына жауап береді. Егер оқушылар ережені үнемі бұза беретін болса, мұғалім сабақты аяқтауға дайын болуы керек.



Бұл әдістің бастапқылардың бірі болып орындалуға тиіс кезеңдері бар. Мәселен, балалармен негізгі үш ережені алдын ала талқылап алу керек:

  1. Бір адам ғана сөйлейді ‐ сөйлеушінің қолындағы зат ережені сақтауға көмектеседі.

  2. Бір нәрсе туралы айтқыңыз келмесе, сіз «ойыннан шыға аласыз».

  3. Ешқандай сын және кеміту, қорлау болмауы тиіс





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет