«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



бет72/139
Дата21.07.2020
өлшемі0,73 Mb.
#63631
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   139
Дәріс№18

Тақырып: Құжаттардың құрамдас бөліктеріне библиографиялық сипаттама жазу.

Дәрістің мақсаты: Құжаттардың құрамдас бөліктеріне библиографиялық сипаттама жазуды анықтау.

Дәрістің мазмұны: Сипаттама обьектісі кей жағдайда құжаттың өзі емес, оның ішіндегі құрамдас бөлігі болып келеді. Мысалы, кітаптың, жинақтың көп томды басылымның ішіндегі бір шығарма, кітаптың кіріспе мақаласы, жеке бөлімдері мен тараулары және газет журнал мақалалары болуы мүмкін. Мұндай құрамдас бөліктерге аналитикалық сипаттама толтырылады және онда басылымның құрамдас бөлігі жөнінде мәліметтер беріледі. Басылым жөнінде мәліметтерден кейін жалпы басылымға және құрамдас бөлікке байланысты ескертулер жазылады. Ол нүкте, сызықшамен жазылады. Құрамдас бөлік жөнінде мәліметтердің алдында қос қисық сызық (//) белгісі қойылады. Құрамдас бөлік жөнінде мәліметтер колон титулын және соңында берілген мазмұнынан алынады. Ал жалпы басылым жөнінде мәліметтер, оның титул бетінен алынады. Аналитикалық сипаттамада жеке сөздер мен сөз тіркестерін жалпы ережеге сәйкес қысқартуға болады. Мыс:Тақырыптық және типтік аттарын қысқартуға болады.(Собр. соч) (Избр.) (полн.собр.соч) т.б.

Сипаттаманың құрамдас бөлік жөніндегі мәліметтерде мына элементтер жазылады: Сипаттаманың басы(автор), негізгі тақырыбы, атына байланысты мәліметтер, жауаптылықты көрсететін мәліметтер, басылу жөнінде мәліметтер жазылады. Құрамдас бөлік берілген құжат жөнінде мәліметтерде жазғанда барлық элементтер өз ретімен әрбір саланың арасымен бөлініп жазылады. Аналитикалық сипаттама жазғанда ұжымдық автор қолданылмайды. Жауаптылықты көрсететін мәліметтерде автордың фамилиясы ережеге сәйкес жазылады.

Мекеменің аты тек типтік тақырып болған жағдайда ғана көрсетіледі. Басылымның шығуына қатысқан басқа адамдар жөнінде мәліметтер аналитикалық сипаттамада көрсетіледі.

Көлемі жөнінде мәліметтерде құрамдас бқліктің қай беттің қай бетке дейін алатындығы көрсетіледі. Аналитикалық сипаттаманың ескертулерінде көбіне құрамдас бөліктің мазмұны алынып көрсетілуі мүмкін, библиографиялық тізімнің барлығы жөнінде немесе оның өзі басқа құрамдас бөліктің жалғасы барлығы жөнінде немесе құрамдас бөліктің жалғасы екені көрсетіледі. Аналитикалық сипаттамалар кітапханада негізінен картотекалар жасағанда, библиографиялық тізім жасағанда қолданылады. Кітапхана қорының мазмұны кеңінен ашып көрсетуге жағдай жасайды. Журнал мен газеттің аттарында аналитикалық сипаттамада қысқартып жазуға болады. Белгілі бір автордың шығармалар жинағынан бір еңбекке сипаттама жазғанда сипаттаманың басында бірінші бөлімде автордың фамилиясы көрсетіледі де, ал ол жарияланғанда басылым жөнінде мәлімет жазғанда автордың фамилиясы көрсетілмей бірден басылымның аты жазылады. Бірақ, егер шығармалар жинағының авторы екеу болып, ал еңбек біреуінікі болса, онда екі бөлімде де автордың фамилиясы көрсетіледі. Шығармалар жинағынан алынған кіріспе мақалаға сипаттамада жазғанда да сипаттама басында мақаланың авторы көрсетіледі. Мақала атының астындағы мәліметтен соң қос қисық сызық // қойылып, газеттердің немесе журналдардың аты көрсетіледі.газет үшін жылы, күні мен айы көрсетіледі. Ал журнал үшін журналдың жылы, номері және мақалалардың жарияланған беттері көрсетіледі.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   139




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет