Техникасы мен технологиясы



Pdf көрінісі
бет12/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери
окончательный диплом, билеты экология, 116010
i
i
i
ШРК
C
K
=
;
i
ШРК
i
N
N
H
=
;                     В
i
= K
i
*H
i
,
Мұндағы  С
i
 – i-ингредиентінің  судағы  концентрациясы; ШРК
i
  –  i-
ингредиентінің  шектелген  рұқсат  етілген  концентрациясы. N
ШРК
  –  ШРК-дан
асып кету жағдайының саны; N - анализдердің жалпы саны.
Жалпы  бағалау  балы – В
i
, 11-ге  тең  немесе  үлкен  ингредиенттер,
ластанудың лимитті көреткіштері (ЛЛЗ) сияқты жіктеледі. Жер үсті суларының
ластануының комбинаторлық индексі барлық есепке алынған ингредиенттердің
жалпы  бағалау  көрсеткіштерінің  қосындысы  ретінде  есептеледі. Ластанудың
комбинаторлық  индексінің  шамасы  бойынша  су  ластануының  класы
тағайындалады.
Табиғи сулардың құрамы.
Көптеген су тұтыну түрлері үшін ауыз су қажет,
ал оның қорлары Жер бетіндегі барлық сулардың 3 пайызын ғана құрайды. Су
тұтынудың үнемі өсуі – əртүрлі аймақтарда су тапшылығын тудыратын негізгі
себепке  жатады. Осыған  байланысты  су  қорларын  тиімді  пайдалану  жəне
қорғау соңғы кезде маңызды мəселеге айналды.
Сумен жабдықтау көзі ретінде тұщы сулы жер үсті су қоймалары жəне жер
асты  сулары  пайдаланылады. Жер  асты  су  көздеріне  грунт  сулары, қабат
аралық  сулар, артезиан  сулары  жатады. Грунт  суларының  құрамы
атмосфералық  жауын  суларына, сол  қабатта  сумен  беттесіп  жатқан
топырақтың  сипаттамасына, жоғарғы  горизонттың  санитарлық  жағдайына
байланысты. Артезиан  суларының  құрамының  қалыптасуында  тереңдіктегі
геологиялық  структура  шешуші  рольді  атқарады. Жер  асты  суларының
химиялық  құрамы, тау  жыныстарының  шайылуы, еруі, сорбция, ион  алмасу
сияқты 
процестердің 
нəтижесінде 
қалыптасады. Артезиан 
сулары
қабаттарының 
қорғалғандығы, су 
құрамының 
тұрақтылығын 
жəне
микроорганизмдердің мүлдем болмауын қамтамасыз етеді.
Жер үсті табиғи суларының өзіне тəн ерекшелігі, олардың құрамының жыл
мезгілдері  бойынша  өзгеріп  отыратындығында. Жер  үсті  су  қоймаларының
суының құрамының қалыптасуына көптеген факторлар əсер етеді.
Олардың  ең  маңыздылары – су  көзіне  ластанған  ауамен  жəне  топырақ
жамылғысымен  түсетін  атмосфералық  жауындардың  əсері; гидробионттардың
қатысуымен  жəне  адамның  іс  əрекеті  нəтижесінде  жүретін  биологиялық
процестер (өзен  ағысын  реттеу, иррригация, су  көлігі, ағынды  суларды  төгу
жəне т.б.).


20
Табиғи  суларда  белгілі  химиялық  элементтердің  жартысынан  астамы
табылған. Өздерінің  табиғатына  байланысты  су  қоспалары  минералды  жəне
органикалық, суда  жүзгін  күйінде, коллоидты  жəне  нағыз  ерітінде  түрінде
болатын болып бөлінді.
Жер  асты  сумен  жабдықтау  көздерінде  органикалық  заттар  болмайды
немесе  жоқтың  қасында, минералдылығы  жоғары, кейде  құрамында  газдар
(СО
2
,  Н
2
S, СН
4
) болады. Сумен  жабдықтау  көздерінің  жер  үсті  су  қоймалары
төмендегіше  жіктеледі: тұздардың  құрамы 200 мг/л  дейін – минералдығы  аз;
200-500мг/л – орташа  жəне 500-1000 г/литрден  көп – минералдылығы  жоғары
су  қоймалары. Табиғи  сулар  аниондардың  құрамына  байланысты  үш  классқа
жіктеледі: гидрокарбонатты, сульфатты жəне хлоридті. Класстың ішінде басым
катиондардың мөлшеріне байланысты натрий, кальций жəне магний топтарына
жіктеледі.
Табиғи  сулардың  сапасы
  əр  түрлі  көрсеткіштермен  сипатталады, ең
негізгілері – температура, ортаның  реакциясы, түсі, исі, дəмі, лайлығы.
Сонымен қатар, иондық құрамы, темір жəне марганец қосылыстарының болуы,
қаттылығы, тотығуы, еріген газдардың болуы, фтор, йод, улы заттардың болуы,
санитарлық-бактериялық  жəне  гидробиологиялық  көрсеткіштері  де  маңызды.
Су сапасының көрсеткіштері ГОСТ арқылы белгіленеді (регламенттеледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет