Технология сабағының мазмұны, бастауыш сыныптардағы технология пәнінің бағдарламасы. Технология сабақтарының мазмұны



Дата19.12.2022
өлшемі15,29 Kb.
#163277
түріБағдарламасы
Байланысты:
лекция 4
математика

Технология сабағының мазмұны, бастауыш сыныптардағы технология пәнінің бағдарламасы.
Технология сабақтарының мазмұны
Бағдарлама - бұл мемлекеттік құжат. Бағадарлама бойынша мұғалім оқу жылына, тоқсанға, оқу аптасына және әр тоқсанға білім, біліктілік, пен дағды анықтайды. Оқу пәнінің мазмұны бағадарламамен анықталынады. Бағадарламаға ғылым мен техникада болып жатқан жаңалықтар, сонымен қатар әдістемелік нұсқаулар, сол салада оқытуда, жинақталған іс-тәжірибелер енгізіледі. Бұл бағадарламада еңбектің: қағаз және қатырма қағазды өңдеу, техникалық модельдеу, тұрмыстық еңбек, әр түрлі материалдарды көркем өңдеу негізі, сабақтан тыс еңбек түрлерінің мазмұны анықталынған. Бағдарламада әр бөлімде еңбектің түрлері: техника қауіпсіздігі, жеке басының гигиенасы, технико-техникалық мәліметтер, әңгімелер, бақылау және тәжірибелер, практикалық жұмыстар, бұйымның үлгілерінің тізімі, экскурсиялар, сабақтан тыс жұмыстар өте анық көрсетілген. Бағдарламада жалпы еңбектік іскерліктер: бұйымды жоспарлау, жұмыс орнын ұйымдастыру, материалдаы үнемдеу, өз еңбегінің нәтижесін бақылау, технологияның басқа пәндермен математикамен, дүниетанумен, бейнелеу өнерімен, мұнда, өлшеумен, эскиз бойынша дәлдік, сызбадан, технологиялық картамен үлкен іскерліктер қалыптастыру қарастырылған.
1 – сыныпта оқушылар бұйымды үлгі бойынша өздігімен дайындап, 2,3,4 сыныптарда эскиз, сызба, технологиялық карта, нұсқау карта, ауызша түсіндіру, техникалық сурет, өз ойлауы бойынша дайындап үйренеді.
Бағадарламада экскурсияның тақырыптары және өндіріс жөнінде әңгіме, оқышылардың еңбек озаттарымен кездесуі нақты көрсетілген.
ҚР білім стандартына тоқталу.
Технология сабағының мазмұнын сипаттайтын қағаидалар:

  1. Ілімнің практикамен байланысы

  2. Өндіріс ерекшеліктері

  3. Ғылыми тұрғыдан болуы(әр түрлі деңгейдегі мәліметтер қиыншылығы)

  4. Қолжеткізушілік

  5. Саналылық және белсенділік

  6. Көрнекілік

  7. Жүйелілік және бірізділік

  8. Білімді, іскерлікті меңгеріп алу беріктігі

Технология — пәні география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты. Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі — қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпараттарды талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту – халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан.
Технология сабағындағы техникалық қауіпсіздік ережелері.
Еңбекке үйрету сабағында балалардың кескіш құрал саймандарды дұрыс қолданбағандығын кесіп алу және жарақаттануына әкеп соқтырады. Жарақаттану тек кесу кезіңде ғана емес материалдарды балқыту кезіндеде болуы мүмкін, бірақ басқа еңбек операцияларын орындаған кездеде мысалы желімді қайнатқанда және тағы басқа техникалық қауіпсіздік ережесін қатал сақтағанда ғана кепілдік қызметін сенімді атқарып, сәтсіздіктің алдын – ала алады.
Сондықтан құрал – саймандарды қарап бейімдеп білу ережесі мұғаліммен оқушы үшін басты шарт.
Техникалық қауіпсіздік ережелерін ортақ кез – келген жұмысқа қатысты және жеке меншік жекеленген жұмыстарға байланысты деп топтауға болады.
Техникалық қауіпсіздіктің жалпы ережелері.

  1. жұмысты тек мұғалімнің рұқсатымен баста.

  2. өзіне таныс емес құрал – саймандармен қолданба.

  3. Құрал – саймандарды белгілі орында ғана қолдан. Шегені тістеуік немесе қысқышпен майыстырма.

  4. Жұмысқа жарамсыз және өтпейтін құрал – саймандармен жұмыс істеме.

  5. жұмыс кезінде құрал- сайманды мұғалім көрсетсе солай ұста.

  6. Құрал – саймандармен жабдықтарды белгіленген орында сақта.

  7. жұмыс орнын таза және ұқыпты ұста.

  8. Құрал – саймандармен жабдықтарды мұғалім белгіленген жерге ретімен жина.

  9. жұмыс кезінде сөйлеспе.

  10. Жұмысты ұқыпты орында, бөгде жұмысқа назар аударма.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет