Технологиялық Өлшеулер мен аспаптар


Спектрлік қатынас пирометрі (түстілік пирометр)



бет15/30
Дата17.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#132226
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Коммерциялық емес акционерлік қоғам

8.3 Спектрлік қатынас пирометрі (түстілік пирометр)
Бұл пирометрлер екі толқын ұзындығына сәйкес спектрлік энергетикалық жарықтықтардың қатынасын өлшеу арқылы түстілік температурасын өлшеуге арналған.
Екі арналы және бір арналы түстілік пирометрлері (ТП) бар.
Екі арналыда ТП-де әрбір сәулелену толқын ұзындығына сәйкес өлшенетін сигнал бір уақытта екі тәуелсіз арна бойынша жіберіледі. Осы сигналдардың қатынасынан объекттің түстілік температурасы ТТ анықталады.
Бір арналыда ТП-де екі әр түрлі монохраматты ағын оптикалық коммутатор көмегімен алма-кезек фотоэлектрлік қабылдауышқа жіберіледі.
Екі арналы ТП көбінесе ТТ үлкен жылдамдықпен анықтау қажет болғанда зертханалық жағдайда қолданылады. Ал бір арналы ТП тұрақтылығы жоғары болғандықтан кең қолданыста болады.

8.3 Сурет – Бір арналы ТП сұлбасы
Суреттегі белгілеулер: Т–телескоп; 1–өлшеу объектісі; 2–оптикалық жүйе; 3–обтюратор (екі тесігі бар диск, біреуі қызғылт жарық фильтрі, екіншісі көк); 4–фотоэлемент; 5–алдын-ала күшейткіш; 6–сигналдар түрлендіру блогы ТБ (оның ішінде: дифференциалды тізбек, пик-детектор, RC тізбекті логарифмдік түйін, амплитудалық кернеу шектегіш, фильтр); 7 – синхронды ауыстырып-қосқыш; 8–синхронды қозғалтқыш; 9–автоматты потенциометр.
Синхронды қозғалтқыш көмегімен обтюраторды бұрағанда фотоэлементке кезктесіп қызғылт және көк спектрлік жарықтық сәулесі түседі, нәтижесінде фотоэлементте фототок импульстері қалыптасады, олар спектрлік жарықтыққа тура пропорционал.
Фототоктың импульсы 5 күшейткіште күшейтіліп, трапеция формасындағы кернеу импульстері түрінде ТБ-ға келіп түседі.
ТБ шығысындағы автоматты потенциометр тоқтың тұрақты құрамын өлшейді:  , онда ТП  =>ТТ => Т қатынасын өлшейдіі.
ТП диапазоны  1400-2800 оС, дәлдік классы 1,0.
Тақырыпқа қатысты қосымша мәліметті [4-7,11] алуға болады.
9 дәріс. Қысымды өлшеу. Қысымды өлшеу құралдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет