Тәжірибенің өзектілігі


ТӘЖІРИБЕНІ КЕЛЕШЕКТЕ ДАМЫТУ



бет2/5
Дата31.01.2018
өлшемі0,52 Mb.
#36446
1   2   3   4   5

ТӘЖІРИБЕНІ КЕЛЕШЕКТЕ ДАМЫТУ

Жүргізілген жұмыстың нәтижесіне сүйене отырып, деңгейлеп саралап оқытудың тиімділігі іс-тәжірибелік педагогикалық жұмыстар барысында оқытушы мен студенттердің шығармашылық, ізденушілік, инновациялық дидактикалық іс-әрекеттері барысында дәлелденді. Қазіргі кезеңде педагогика ғылымында танымның көптеген жаңа бағыттары қалыптасуда, сондықтан инновациялық педагогикалық бағыттарды жүйелеу қиындық тудыруда. Сол себепті алдағы уақытта жиналған бар теориялық және практикалық материалдық қорды пайдаланып, деңгейлеп саралап оқыту технологиясының жаңа әдіснамалық бағыттарын жүйелеп, топтастыру қажет болады.

Болашақта оқыту бағыттарына, білім бағдарламасына информатика пәнін оқытуда деңгейлеп саралап оқыту бойынша жүйелі зерттеулер талап етіледі.

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ
Алдашев С.А., Ахметов Н.Р. Информатика мен есептеуіш техника терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.– Алматы: Рауан, 1993.– 176 бет.

Ахметова Г. Мониторинг және бағалау// Қазақстан мектебі.- № 2.-2005.-38-45 бет.

Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика . – Алматы : Дарын, 2004.

Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология . Тараз : ТарМу , 2003.

Білім туралы: Қазақстан Республикасының Заңы 2007 жылғы 27 шiлде//Егемен Қазақстан.- 2007.-15 тамыз.-N 254-256

Керімбекова Г. Деңгейлік тапсырмаларды құрастырудың маңызы//Информатика негіздері.-2009.-№6.-19-20-б.

Кобдикова Ж.У. Оқытудың жаңа технологиясы//Бастауыш мектеп №3 2000, 25-30 бет.

Мұхитанова С. Деңгейлеп оқыту тәсілімен// Қазақстан мектебі .- 2004.-№ 12.-51-52 б.



ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.

1-кезең. Тірек тапсырмалар мен жұмыс.

Мұнда жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау. Осы кезеңде әңгімелесу, көрнекілік мәселелік оқыту әдістерін қолдана отырып, студенттердің бұрын алған білімін ескере сабаққа қызығушылығын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады. Осы жұмыстар арқылы студенттің сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындалады.



2- кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.

Бұл кезеңде студенттерге тақырыпты меңгеру жұмыстар беріледі. Алдымен оқулықпен жұмыс істеп тақырыптан керекті мәліметтерді таба білуге, ізденімпаздыққа үйренеді, әр студенттің танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады. Оқытудағы іздену көзқарасы студенттің өнімді іс -әрекетіне негізделеді. Мұнда студент жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз бетімен меңгеруі тиіс. Оқу барысында студент өзін-өзі жетілдіреді. Одан кейінгі кезеңде студент тақырыпты оқып үйреніп топ болып талдауға уақыт беріледі. Мұнда студенттердің барлығы қатысады. Студенттер ізденіс, мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.



3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі.

Студент әр сабақта жинаған ұпайларын «Даму мониторинг» кестесінде белгілеп отыру арқылы талдау жасалады.



ОЙЫНДАР

Студенттердің шығармашылық блсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді.



5


4


3


«Білім биржасы» іскерлік ойыны негізінде деңгейлеп оқыту технологиясы жатыр. Ойын барысы төмендегідей: Аctivstudio немесе Power Point бағдарламасында «5», «4», «3» сандары жазылған батырма жазылады да, студенттер өз білім деңгейі мен мүмкіншіліктерін ескере отырып, сәйкес бағасы жазылған сұрақтарға жауап береді. Жауаптар «акциялармен» бағаланады. Жауаптың толық әрі анықтығына қарай «студент-акционер» түрлі-түсті акция қағаздарын алады. Мысалы, толық емес жауап сары, ал дұрыс, бірақ толық емес жауап қызыл акциямен, дұрыс әрі нақты жауап жасыл акциялармен белгіленеді. Акциялар өз құны бойынша бағаланып отырады.

Дидактикалық «Инфо-домино» ойыны. Бұл ойынды интерактивті тақтада электронды нұсқа түрінде немесе қағаз түрінде қолдануға болады. Топты 2-3 топқа бөліп, әр топқа тақырып бойынша домино ұсынылады. Доминоның көлемі ортасынан тік сызықпен бөлінген 5х10 см төрт бұрышты қатты қағаздан тұрады. Оның оң жақ бөлігіне сұрақ жазылса, ал сол бөлігіне жауап жазылады. Бірінші үлестірме бетшенің сол жағы бос, оң бөлігіне сұрақ жазылады. Ал ең бірінші доминоның сол бөлігінде жауап болса, оң жағы бос болуы қажет. Әр топ өзінің үлестірме беттерін араластырып, доминоны сұрақтың сәйкес жауаптары бойынша құрайды. Сұрақтың жауабы сәйкес келген жағдайда ғана домино ойыны ойналады. Егер қандай да бір үлестірме бет артық қалып қойса, демек топ мүшелері бір жерден қате жібергенін білуге болады. Домино тізбегі:






Ойындар
«Информатикалық поезд» ойыны түрінде өткізілген сабақ барысындағы әр бекетте тестік, деңгейлік және олимпиадалық тапсырмалар орындалады. Сабақ соңында әр студент «Білім» қаласына қай вагонмен келгенімен бағаланатыны ескертіледі. Ол үшін алдымен «билетке тапсырыс береді»: қысқаша анықтамалар  бойынша білім деңгейлерін анықтау мақсатымен компьютермен MyTest бағдарламасымен құрылған тест тапсырмаларын орындайды. Білімдерін компьютер бағалайды. Алған бағалары бойынша студенттер (деңгейге бөлінеді)  информатикалық поездың сәйкес вагонына орналасып, «Білім» қаласына аттанады: «5»-тік алған студент  купе вагонымен, «4» -тік алған  студент  плацкарт вагонымен, «3»-тік алған  студент жалпы вагонмен аттанады, ал «2»-лік алған студент  «Білім» қаласына сапарға аттана алмайды. Сонымен қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы өз вагондарынан басқа вагондарға ауыса алады. Мысалы, деңгейлік тапсырмалардың үшеуі дұрыс орындалса, жалпыдан→ плацкартқа; плацкарттан→купеге; екеуі дұрыс орындалса, өз вагонында қалады, ал егер біреуі дұрыс орындалса, керісінше купеден→ плацкартқа; плацкарттан→жалпыға ауысады. Басқа бекеттердегі тапсырмаларды өз сұраулары бойынша орындайды және вагондарға ауысу тәртібі тапсырмалары дұрыс орындалса ғана жүзеге асады. 

ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР БОЙЫНША САБАҚ ҮЛГІСІ
Сабақтың тақырыбы: «Бедербелгілік шамалармен жұмыс істеу алгоритмі»

Сабақтың мақсаты:

а) Бедербелгілік шамалармен жұмыс істеу алгоритмдері туралы түсінік беру, компьютерді пайдаланып, Бейсик программалау тілінде есептер шығару.

б) Білім-білік дағдыларын қалыптастыра отырып, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру.

в) Студенттерді программа құрып, күрделі есептер шығару нәтижесінде жылдамдыққа, дүниетанымдарын кеңейтуге тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас сабақ.

Пән аралық байланыс: математика.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, компьютерде есеп шығару, сұрақ-жауап, сызбалармен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, өзіндік жұмыс.

Қолданылатын педагогикалық технология элементтері: деңгейлеп оқыту, сұрақ-жауап.

Құрал жабдықтар, көрнекі құралдар: компьютерлер, плакаттар, буклеттер. Информатикамен есептеуіш техника негіздер әдістемелік нұсқау бағдарламалары. Оқулықтар. Жұмыс дәптері.

Сабақтың ұстанымы. (слайдпен)

«Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» Н.Назарбаев



Сабақтың құрылымы: (слайдпен)

І. Ұйымдастыру (2 мин)

ІІ. «Ой сергіту» (3 мин)

ІІІ. Бейсик тілінің командалары (5 мин)

IV. Деңгейлік тапсырмалар (ІІ компьютерде есеп шығарады) 10 мин

V. Тест сұрақтары (І компьютерде есеп шығарады) 10 мин

VІ. Сергіту жаттығулары (5 мин)

VІI. «Дұрыс тізбегін көрсет» (5 мин)

VІII. Бағалау, талдау, үйге тапсырма (2 мин)

ІХ. Психоолгиялық проект (3 мин)

Х. Қорытындылау

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгелдеу.



Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Қауіпсіздік ережесімен танысып, қол қойдыру.

ІІ «Ой сергіту» (сұрақ-жауап) (слайдпен)

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмнің неше қасиеті бар?

  3. Алгоритмнің қандай түрлері бар?

  4. ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері қандай?

  5. Жиым дегеніміз не?

  6. Индекс дегеніміз не?

  7. Бедербелгілік дегеніміз не?

  8. Бедербелгілік шаманың қандай операциялары бар?

ІІІ. Бейсик тілінің командалары (слайдпен және тақтамен)


Каталог: uploads -> doc -> 1352
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1352 -> Сабақтың мақсаты: Сабақтың көрнекілігі Сабақ дарысы: Жаңа тақырып : Оқушы Сабақтың ұраны
1352 -> Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет