Тексерген: Карасаев М. И


Ұйқы безі рагының пайда болу себептері



бет3/16
Дата01.01.2022
өлшемі67,96 Kb.
#107540
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Еркін С.Қ. Ұйқы безінің рагы-1
Еркін С.Қ. 506 Б Тыныс алу жүйесінің функцияларын кешенді бағалауға арналған аппарат, 3. Рентген синдр.пат. Легких.. Уч.пособие
Ұйқы безі рагының пайда болу себептері:

1. Темекі тарту. Темекі құрамындағы канцерогендік метаболиттер панкреатикалық сөлге

түсіп, липидтердің концентрациясын жоғарылатып, ұйқы безінде гиперпластикалық үрдістердің пайда болуына белсенді әсер етеді.

2. Тамақтану ерекшелігі. Көбінесе жұмыртқа, қантты шамадан тыс пайдалану ұйқы безінің

рагының пайда болуына қолайлы жағдай жасайды. Жоғарғы градустағы спирттік ішімдіктерді жиі қабылдайтын адамдарда ұйқы безінің рагы екі есе жиі кездеседі.

3. Жиі қайталанатын созылмалы панкреатит. Созылмалы панкреатит кезінде без өзек-

шелері тарылуынан және сөлдің жүруі тежелуінен өзекшелерде атипиялық дисплазия және гиперплазия дамиды. Бұлар малигнизациялануға бейімді үрдістер қатарына жатады.

4. Қант диабеті. Қант диабетімен ауыратын науқастарда без өзекшесінің кілегей қабықшасы жиі гиперплазияланады. Сондықтан мұндай науқастарда ісік екі есе жиі кездеседі.

5. Өт қабының аурулары. Холецистоэктомия операциясын жасатқан адамдарда ұйқы безі

рагы жиілейді, мұның негізінде құрамында екіншілік өт қышқылдары бар өттің панкреатикалық өзектерге өтіп кетуі жатыр.

6. Жыныс гормондары. Ұйқы безі ұлпалық жасушаларында эстроген, андроген және

прогестиннің рецепторлары табылған. Жыныс гормондары ұйқы безінің өзектерінің кілегей қабықшаларындағы метаболикалық үрдістерге әсер етеді де, ісіктің пайда болуына мүмкіндік жасайды.

7. Генетикалық бұзылыстар. Соңғы он жылда ұйқы безі рагының пайда болуына генетикалық, яғни тұқым қуалаушылық факторлар да әсер ететіндігі дәлелденген.

8. Инсулома, бүртіктік ульцерогендік аденома, гастринома сияқты қатерсіз ісіктерден

рактың пайда болуы күмән туғызбайды.
Патогенезі:

Қоршаған орта арқылы ағзаға түсетін немесе организмде түзілетін канцерогендік заттар бауырдан өтке бөлінетіндіктен, ұйқы безі рагы өттің канцерогендік субстанцияларымен индукцияланып, ұйқы безі түтігіне түседі. Көбінесе үлкен ұлтабарлық бүртіктің жоғарғы жағында панкреатикалық және жалпы өт түтіктеріне қосылады да, жалпы өт жүйесінде қысым жоғарылайды. Одди сфинктрінің спазмы, үлкен ұлтабарлық бүртіктің ісінуі, өт тастарының болуына байланысты қатерлі ісіктің пайда болуына қолайлы жағдай туады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет