Тексерген: Карасаев М. И


Ұйқы безінің ракалды аурулары



бет4/16
Дата01.01.2022
өлшемі67,96 Kb.
#107540
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Еркін С.Қ. Ұйқы безінің рагы-1
Еркін С.Қ. 506 Б Тыныс алу жүйесінің функцияларын кешенді бағалауға арналған аппарат, 3. Рентген синдр.пат. Легких.. Уч.пособие
Ұйқы безінің ракалды аурулары:

1. Созылмалы панкреатит. Ұзақ уақытқа созылған қабыну үрдістерінде өрбитін аутолизді және дегенеративті үрдістердің нәтижесінде ұйқы безі тінінде, оның өзектеріндеберіштену мен дәнекер тіннің дамуынан без секреттерінің бөлінуі қиындайды. Оны төмендегідей клиникалық белгілерден байқауға болады:

1) Ауру сезімі. Тамақ ішкеннен кейін, әсіресе майлы, қуырылған және алкогольден кейін,

іш құрсағының жоғарғы аймағында қатты ауыру сезімі пайда болады. Оның себебі – өттің көп бөлінуіне байланысты без өзекшелерінде қысым жоғарылап, өт түтікшелері қуысының керілуі.

2) Диспепсиялық бұзылыстар. Іштің кебуі, құрылдауы, өтуі, жүрек айну және құсу түрінде болады.

3) Дене салмағының төмендеуі. Ұйқы безінен протеотикалық ферменттердің аз бөлінуінен нәруыздың қорытылуы төмендейді, құрылыс материалы жетіспейді.

4) Қант диабеті белгілерінің пайда болуы. Қанда инсулиннің жеткіліксіздігі, глюкоза мөлшерінің жоғарылауы.

Диагноздың қойылуы төменденгілерді салыстырмалы тұрғыда сараптауға негізделеді. Олар:

- клиникалық көрінісі;

- науқасты зерттеу нәтижелері;

- тілінің құрғақтанып, ақ жабындымен жабылуы;

- кеуде және іштің терісінде «рубинді тиын» тәрізді өсіндінің пайда болуы;

- Френикус, Воскресенский, Грот, Грюнвальд, Кач, симптомдары (әйгіліктері)

Зертханалық мәліметтер:

- зәрде диастазаның, қанда амилазаның мөлшерінің жоғарылауы;

- капрограммада – стеаторея, креаторея, амилорея.

- рентген, УДЗ арқылы біркелкі емес тіндік құрымдарды, ұйқы безінің ісінісін байқауға

болады. Консервативтік ем қолданылады.

2. Ұйқы безінің қатерсіз ісіктері. Ұйқы безінің қатерсіз ісіктері эпителиалдық, дәнекер тіндік, қантамырлық, эндокриндік бөлімнен дамиды. Эпителиалдық ісіктер шығарушы

өзектердің шырышты қабатының эпителиінен дамиды. Дәнекер тінді ісіктер фиброма, липома және қан тамырлық ісіктер гемангиома және лимфангиомалар сирек кездеседі. Эндокринді жүйеден пайда болған ісіктер жиі кездеседі: инсулома, гастринома және т.б. ұйқы безінің қатерсіз ісіктері өте жай өседі. Олардың клиникалық көрінісі де бірден көрінбейді. Эпигастрий аймағында аздап ауыру сезімі, салмағының төмендеуі, ішектік бұзылыстар және ІІ-ілік қант диабетінің белгілері көрініс береді. Ұйқы безінің қатерсіз ісіктері 10-15 % жағдайда қатерліге ауысады. Сондықтан олардың негізгі емі – хирургиялық тәсіл.

3. Жылауықтар ұйқы безінің денесі мен құйрығында жиі кездеседі. Олар экспансивті бағытта баяу өседі, үлкен мөлшерге жеткенде айналасындағы ағзаларды қысады. Оларды тек УДЗ және КТ арқылы анықтауға болады. Олар өте сирек малигнизацияланады. Емі хирургиялық операция.

Ұйқы безі рагының жоғары қауіп топтарына жататындар:

- Ракалды аурулармен ауыратын науқастар;

- Жануар майынан жасалған тағамдарды және жұмыртқаны үнемі үзбей пайдаланатындар;

- Темекі және спирттік ішімдіктерді жиі қолданатындар;

- Алиментарлық семіру және өт жолдарының созылмалы ауруымен, қант диабетімен зардап шегетіндер.

Ұйқы безі рагының пайда болуына бейім қауіп-қатер топтарына жататын адамдарға скрининг тәсілі негізінде құрсақ қуысынаУДЗ-ді қолдану арқылы ұйқы безінің қалыпты немесе қалпынан ауытқу ерекшеліктерін анықтап, ракалды аурулары бар адамдарды кешенді тұрғыда анықтап, І «Б» клиниклық топқа бақылауға алып, оларға тиісті ем шаралары қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет