Тексерген: Карасаев М. И



бет8/16
Дата01.01.2022
өлшемі67,96 Kb.
#107540
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Еркін С.Қ. Ұйқы безінің рагы-1
Еркін С.Қ. 506 Б Тыныс алу жүйесінің функцияларын кешенді бағалауға арналған аппарат, 3. Рентген синдр.пат. Легких.. Уч.пособие
ІІ «А» даму сатысы – T3N0M0 (ісік ұйқы безі ұлпасынан сыртқа шыққан, бірақ ол құрсақтық сабау мен жоғарғы шажырқайлық лыпыма тамырларды зақымдамаған, аймақтық лимфа түйіндерінде метастазы жоқ);

ІІ «В» даму сатысы –T1-3NM0 (ісіктің көлемі мен жергілікті таралуы Т1, Т2, Т3, бірақ

аймақтық лимфа түйіндерінің біреуінде метастазы бар);



ІІІ даму сатысы – T4NM0 (ісік ұйқы безінен тыс шығып, құрсақтық сабау мен жоғарғы

шажырқайлық лыпыма тамырға жабысқан, аймақтық лимфа түйіндерінің бірнешеуінде

метастазы бар);

IV даму сатысы – кез келген T, кез келген N, алшақ орналасқан ағзаларда метастаздары

бар M1.


Ұйқы безі рагының клиникалық белгілері:

1. Құрсақ үсті мен кіндік ортасындағы ауырулық сезім. Ол 70-80% жағдайда ерте білінетін алғашқы клиникалық белгі. Ауырулық сезім бездің қаптамасындағы сезімтал жүйке ұштарының қабылдағыш (рецепторлық) аппараттарын ісіктік үрдіс тітіркендіргенде пайда болады. Егер ісік ұйқы безінің басында пайда болса, ауыру сезімі оң жақ қабырғалық жиектің астынан, ал ісік бездің денесі мен құйрығында болса, ауыру сезім сол жақтағы қабырғаның етегінен білінеді. Ісік көлемі өскен сайын сыздаған ауырулық сезім үнемі байқалып тұрады. Ісік күн сәулелік жүйке өріміне жабысқанда ауырулық сезім күшейеді, ол артқы жота аймағына да тарайды, сондықтан науқас адам тізесін ішіне тартып, жүгінеді. Ол кезде ауырулық сезім бәсеңдейді.

2. Үдемелі арықтау. Оның негізгі себебі, ас қорыту үрдісіне қатысатын ұйқы безінен ішекке шығатын ферменттердің мөлшерінің азаюында. Осыған байланысты тағам құрамындағы нәруыз, май, көмірсутектері толықтай қорытылмайды, сондықтан науқас адам жүдей бастайды.

3. Диспепсиялық бұзылыстар ұйқы безінің экзокриндік, эндокриндік қызметтерінің бұзылуынан пайда болады. Олар: тағамға тәбетсіздік, жүректің айнуы, құсу, іштің желденіп кебуі (метеоризм), іштің жағымсыз иісті нәжіспен өтуі немесе қатуы, нәжіс түсінің бозғылттануы мен жабысқақтануы.

4. Холестаз белгісі алдымен көздің ақ қабығының, кейін барлық тері жамылғысының сарғыштануы мен несептің қоңырқайлануы («сыра» тәріздес), нәжістің бозарып, ағаруымен сипатталады. Бұл ұйқы безінің – басында өрбіген қатерлі ісікте байқалатын негізгі клиникалық белгі. Бездегі ісіктік түйін өсе келе жалпы өт түтігіне (холедохқа) жабысып, оны қысқанда түтік қуысы бірте-бірте тарылады, ақырында бітеліп, үнемі бауырда түзілетін өттің ұлтабарға өтуі тежеледі, сондықтан жоғарғы өт жолдарында қысым жоғарылайды, өт құрамында билирубин ферменті қанға сіңеді, ол глюкорон қышқылымен қосылып үлгермейді, қанда тура билирубиннің мөлшері қалыптан тыс жоғарылайды да, тура емес билирубиннің мөлшері елеулі көтерілмейді. Қандағы билирубин несепке қосылып, уробилин құрайды, ал өттің ішекке түсуінің тежелуінен немесе түспеуінен нәжісте түзілетін стеркобилиннің мөлшері азаяды. Осындай үрдістердің салдарынан тері жамылғысы сарғыштанып, несеп пен нәжістің түстері өзгереді. Тері жамылғысының сарғыштануы үдемелі бағытта болады, себебі қандағы билирубиннің тотығуынан биливердин пигменті түзіледі, ол тері жамылғысының сарғыштық қалпын бірте-бірте көгілдендіреді.

5. Терінің қышу белгісі тері жамылғысының сарғыштануынан кейін байқалады. Ол қандағы билирубиннің мөлшерінің жоғары болған кезінде пайда болады, себебі өттік қышқылдар теріге сіңіп, терінің сезімтал рецепторларын тітіркендіреді. Терінің дамылсыз қышуы науқастың көңіл-күйін күйзеліске әкеледі, ұйқысын бұзады, тері жамылғысында тырналған іздер байқалады.

6. Курвуазье немесе созылмалы өт қабы белгісін науқастың жоғарғы құрсақ қуыс аймағын сипағанда оң жақ қабырға етегінен үлкейген бауырдың төменгі жағынан тығыздалған, сырт беткейі төмпешіктенген, ауырулық сезімі бар созылған өт қабы байқалады. Ұйқы безінің басындағы ісік өттің ұлтабарға өтуін күрт шектегенде, бауырдан келетін өт- өт қабына жиналып, оның қуысын кеңейтеді, өттік қапты созып, оның көлемін сопақша етіп үлкейтеді.

7. Қан тамырларының ішіндегі көшпелі қан қатпасы (тромбозы) мен тасымалды эмболиясы (Труссо белгісі) ұйқы безі рагының шырышты жасушалы бездік түрінде жиі

кездеседі.

8. Іш шемені. Ұйқы безі рагының метастаздарының ішпердеге шашыранды таралғанында, ісіктің бауыр-ұлтабарлық байламға жабысып, қақпа көктамырын басқанда және оның ішінде қан қатпасы пайда болғанда өрбитін клиникалық белгі.

9. Жіті тамыр әлсіздігі мен талмалық белгі ұйқы безі рагының Лангерганс арал шықтарындағы инсулин гормонын өндіретін бетта жасушаларынан өрбігенде байқалады. Оның клиникалық белгілерінің қатарына әлсіздік, үнемі тағамға тәбеттің жоғарылығы, тершеңдік, қолдың қалтырауы. Сондықтан тері жамығы мен еріннің шырышты қабықшасының бозаруы, жіті тамыр әлсіздігі (обморочное состояние) және жиі қайталанатын талма жатады. Қорыта келгенде, ұйқы безі рагының негізгі клиникалық белгілерінің қатарына ауырулық сезім, дененің сарғыштануы, пәрменді жүдеу жатады. Ұйқы безі рагының негізгі клиникалық белгілерінің пайда болуы үш түрлі ерекшелікк (феноменге) байланысты. Олар:

- Өт түтігінің (өзегінің) бітелу ерекшелігі. Ісіктің ұйқы безінің басында өрбігендігін меңзейтін белгілер, ол ісіктің жалпы өт түтігін қысып, одан өттің ұлтабарға түсуін тежегенде пайда болады.

- Жаншылу ерекшелігі (феномені) қатерлі ісіктің ұйқы безінің қаптамасындағы сезімтал жүйкеге немесе күн сәулесі өрімінің сабауына жабысқанда тұрақты ауырулық сезімінің пайда болуымен сипатталады.

Негізінен ұйқы безінің қатерлі ісігінің үш клиникалық феномені (ерекшелігі) бар. Олар: обтурация, компрессия, интоксикация.

- Обтурация (бітелу) феномені – өскен ісіктің жалпы өт жолын (холедохты), панкреатикалық өзекшелерді (Вирсунгов, Санториев) қысып, оларды бітеуінен өттің ұлтабарға түсуін тежегенде, тоқтатқанда пайда болады;

- Компрессия (жаншылу) феномені – ісіктің без қаптамасындағы сезімтал жүйке қабылдағышына (рецепторларына) және күнөрімінің жүйке бағаналарына жабысып жаншылғанда пайда болатын тұрақты ауырулық сезіммен сипатталады.

- Интоксикация (уыттану, улану) феномені – бездің экзокриндік және эндокриндік қызметтерінің бұзылуымен, тағамға тәбеттің төмендеуімен, арықтау мен жалпы жіті тамырлық әлсіздікпен, талмалық белгілермен көрініс береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет