Тексерген: Конырова. А. Орындаған: Диханбаева. Г. К. Алматы- 2020 Жоспар


Білімді тексеруге қойылатын міндеттер



бет4/9
Дата07.02.2022
өлшемі288,22 Kb.
#94767
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тарихты оқыту 12 СӨЖ

Білімді тексеруге қойылатын міндеттер :

  • тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;

  • әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.

  • оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.

  • оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

  • білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

  • байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзету

  • мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

  • бағаны әділ қойылуы;

  • оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;

  • әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;

  • бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.

2. Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау – білім, іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру – бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет