Тем Омыртқалылар дене құрылысының жоспары



бет8/10
Дата10.10.2023
өлшемі248,5 Kb.
#184480
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
174047 (2)
387899, «Білімге мтылу, е бекс йгіштік ж не отаншылды » 5 сынып ткізге, дшАсланбек
5. Қол скелеті
Қол скелеті иық белдеуінің скелеті мен колдың өз скелетінен түрады.
Иық белдеуі
Иык белдеуі байланыстырушы сінірлермен, бұлшық еттермен көкірек клеткасына бекіген және алдыңғы жағынан төс сүйекпен буындаскан екі жауырыннан және екі бұғанадан түрады.
Бүғана (clavicula, ключица) S-әрпі тәрізді иілген жүп сүйек, оның денесін және екі үшын — төстік және акромиальдық ұштарын ажыра­тады. Екі үшында буын беттері болады, бір үшы төспен буындасса, ал екінші ұшы жауырынның акромиальдық өсіндісімен жалғасады.
Бүғананың маңызы зор: көкірек кеуде клеткасынан иык буы-нын тиісті қашықтықта үстап түратын тірек. Бүғана калталылар мен қолқанаттыларда дамыған күмінде сакталған, ал приматтарда, әсіресе адамдарда жаксы жетілген. Аяқтары біртүрлі кимыл аткаратын жануарларда бүғана толыктай жойылған (тұяқтыларда, кит тәрізділерде, сирендерде), ал басқаларда рудименттік күйде сакталған (насе-комжеушілерде, кемірушілерде, шалатістілерде, жыртқыштардың көпшілігінде).
Жауырын (scapula, лопатка) үшбүрышты жалпак сүйек. Оның үстіңгі бетінде акромиондык өсіндімен аякталатын қырқа (гребень) орналаскан. Акромиондык өсіндімен жауырын бүғанамен жалғасады (14-сурет). Жоғарғы жиегі қүстүмсықтәрізді өсіндіге айналған. Қырқа жауырыннан басталатын бұлшык еттер бекитін ауданды арттыру үшін кажет. Бұл кырқа сүткоректілерге ғана тән, омырткалардың баска кластарында жетілмейді. Қырка жауырын бетін екі бөлікке бөліп түра-ды, қырка үсті және кырқа асты ойпаттарға.
Қолдың сүйектері
Қ ол мен аяктың скелеттері негізінде ұқсас. Олардын әр қайсысы үш негізгі бөлімнен — проксимальдык, ортаңғы және дистальдық бөлімдерден тұрады. Қолдың үстіңгі бөлімін тоқпан жілік кұрайды. Оның үстіңгі үшы жауырынның буын ойпатына кіріп, иык буынын қүрайтын басы. Жіңішке анатомиялық мойны токпан жіліктің басын денесінен беліп түрады. Анатомиялық мойынның астында бұлшық еттер бекитін үлкен және кіші төмпешіктер орналаскан. Осы төмпешіктерден төменірек хирургиялық мойын жайғаскан. Дистальдық ұшында білекпен буындасатын тоқпан жіліктің блогі болады. Блоктын жанында кәрі жілікпен буындасатын жұмыр дөнес байкалады. Блок пен осы дөңестің үстінде орналасқан сүйектің медиаль-дық және латеральдық жиектерін медиальдық және латеральдык ай-даршықтар деп аталатын томпақтар күрайды. Медиальды қайдаршыққа қол басын бүгетін бүлшық еттер бекиді. Тоқпан жіліктің алдыңғы бетінде, блоктын үстінде екі шұңқыр орналасқан: алдынғы жағында тәждік (кәрі жіліктік), артында — шынтақтық шұңқырлар. Қол бүгілген кезде тәждік шүнкырға кәрі жіліктің үшы кіреді. Тоқпан жіліктің дистальдық үшы білектің сүйектерімен буындасады.
Білек екі суйектен — шынтақ сүйек пен кәрі жіліктен тұрады (16-сурет). Шынтақ сүйек кәрі жілікке қарағанда үзынырак. Оның проксимальдық үшында екі өсінді бар: шынтақтык және тәждік.
Шынтак сүйектің төменгі ұшы жуандап оның дистальдық басын құрайды. Оның артқы жағында біз тәрізді өсінді орналасқан.
Кәрі жіліктің проксимальдық ұшы басы деп аталады. Басы денесінен мойын арқылы бөлінген, мойынның төменгі жағында кәрі жіліктің бұдыры болады. Кәрі жілік пен шынтақ сүйек өзара сүйек-аралық жарғакпен жалғасқан. Кәрі жілік пен шынтақ сүйектін үстінгі және астыңғы беттерін ажыратуға болады, ал үшінші беті жінішке, сыртына карай орналаскан. Кәрі жіліктің төменгі үшының медиальдык бетінде шынтақ сүйекпен буындасатын кішкене ойынды байқалады. Кәрі жіліктің дистальдік эпифизі біз тәрізді өсіндімен аяқталады. Білектің проксимальдік үшында кармен буындасуда маңызды рольді шынтақ сүйек аткарады, ал дистальдік ұшында қолдың қоспасымен буындасуға кәрі жілік қана катысады.



Рис. 81. Иық сүйектер: палеозой амфибиясы (а), примитивті қарапайым рептилия (б), кесіртке (в), опоссума (г); барлық сүйектер вентральды жағынан: а — сол жақ, б,г — оң жақ сүйектері. Бастапқы иық сүйегі қысқа жәнеекі басы кеңейген болған.( проксималды жағы дистальды жағынан 90° - қа дейін бұрылған, сондықтан тарлау болып көрінеді – а және б). Барлық жағдайларда дельта тәрізді және кеуде былшық еттер бекітілетін мықты айдар байқалады. Ал кейіңгі кезде омір сүрген жануарлардың сүйектері ұзынрақ және жіңішкелеу, әсіресе ұсақ жануарларда. Примитивті рептилийдерде сүйектің дистальды бөлігінің ішкі, немесе постаксиальды (foramen entepicondylare — 9), және сыртқы, немесе преаксиальды (foramen ectepicondylare — 10), шетінде тесіктер болады. Бірінші тесік әртүрлі сүтқоректілерде және гаттерияда сақталыңған, ал екіншісі - рептилийдерде. 1 — ішкі ойқыс үсті; 2 — пекторальды қыры; 3 — басы ; 4 — дельта тәрізді бұдыр; 5 — өсінді (супинаторлы); 6 — латеральды айдаршық; 7 — шыбық шұңқыры; 8 — шынтақ шұңқыры ; 11 — үлкен төмпешік; 12 — кіші төмпешік (Ромер, Парсонс, 1993).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет