Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Тәрбие-адамды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсаты көздеп



Дата08.02.2022
өлшемі16,96 Kb.
#119048
Байланысты:
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысы бойынша глоссарий құрастыру
каз. Мейоз, 4 тапсырма критери, 4 тапсырма критери, Бастауыш мектепте тәрбие жұмысы бойынша глоссарий құрастыру, Бастауыш мектепте тәрбие жұмысы бойынша глоссарий , тест, ПЕДАГОГИКА тест, ББЦТ емтихан пос (1)

Бастауыш мектепте тәрбие жұмысы бойынша глоссарий құрастыру/20 сөзден кем емес/

  1. Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Тәрбие-адамды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсаты көздеп, жаңа үрпаққа қоғамдық тарихи тәжрибені беру процесі

  2. Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.

  3. Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.

  4. Тәрбиелік әлеуметтену - қоғамның тәрбиелік күшін, адамды әлеуметтендіру процесін, әлеуметтік институт ретінде тәрбиені зерттейтін ғылым саласы.

  5. Тұлға – 1) дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам болмысының қайталанбас, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Тұлға қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым –қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам, тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.

  6. Тәрбиелік қарым–қатынас – баланы дамытуға, яғни оның өзін - өзі тәрбиелеуіне, өздігінен білімін жетілдіруіне бағытталған қарым – қатынас. Тәрбиелік қарым–қатынас – адамзат тәжірибесінің алмасуы, берілуі, меңгерілуі және пайдаланылуы.

  7. Тәртіптілік – адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын тәртіпке, ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік – адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси –этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе.

  8. Өзін-өзі бағалау - өзін-өзі білу арқылы өзіне баға беретін өзіндік сананың құрамдас бөлігі.

  9. Өзін-өзі тәрбиелеу - саналы түрде қойылған мақсатқа сәйкес адамның тұлға ретінде қалыптасуы.

  10. Даму- өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың турі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез келген баму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды

  11. Ақыл-ой тәрбиесі- тәрбиенің басқа салаларымен үздіксіз байланысты ойлаудың шығармалық қабілеттерін мақсатқа сай дамыту.Ойдың жұмысы адам өмірінің шарттары мен жағдайларында болатын обьективтік қарама-қайшылықтарды шешуге әрдайым бағытталып отырады.

  12. Әскери партриоттық тәрбие- адамгершілікті адам тәрбиелеудің құрамды бөлігі. Бұл тәрбиеде өз халқының Отанының тарихи тәрбиесі, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстурлері үлкен орын алады. Әскери потриоттық тәрбие саласында жас ұрпақтың бойында сенім, халқын, Отанын сүю, патриоттық және интернационалдық сезім, аға ұрпақтың жауынгерлік

  13. Ғылыми абстрактілеу- заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, турі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімждігін әдістемелік дайындығын көтеру педагогика ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау оқушылар мен жұмыста тиімді әдістер мен жұмыс турлерін қолайлы пайдалануды өндіру.



  1. Дәстүрлер -ұзақуақыт бойына қоғамда адамдар арасындағы қатынасқа сақталып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеумттік және мәдени мұралардың құрыамды болігі.

  2. Жеке тұлғаның дамуы - жеке адамды әлеуметтендіру және тәрбиелеу нәтижесінде, жеке адамды әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастыру процессі.

  3. Көрнекілік принципі- сабаққа оқушының дұниетанымы негізінде оқуды көрінекілік арқылы жүзеге асыру

  4. Қарым-қатынас - ортақ рухани немесе материалдық нәтижеге жету және байланысты жақсарту мақсатындағы күш-жігерді бipiктipy және үйлестіруге бағытталған адамдардың өзара әрекеті.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет