Тәрбие сабағының тақырыбы: «Тіл-татулық пен достықтың тірегі» Мақсаты



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі22,63 Kb.
#122290
1   2   3   4   5
Байланысты:
тілдер
көрсетс теңдеу
Ән: «Анамның тілі»
2-жүргізуші : Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі.
1-жүргізуші : Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді. Ақсақалдың біз бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін бейнеледік.
Бата беру.
Қатысушылар:
Ақсақал
Қария
қыз
кішкене нәрестелі ана
Бірінші көрініс- алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған қызға берген батасы:
Талдай бой берсін,
Жақсы ой берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат болсын.
Нәзік жаны болсын,
Елінің ары болсын.
Басыңа өнердің бағы қонсын,
Ақ Орданың шамы болсын!
Әумин!
Келесі көрініс – кішкене нәрестелі ана ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек:
- Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік.
- Ақсақал:
- Қолыңды жай, балам!
Нәрестенің бауы берік болсын.
Азамат болып ер жетсін.
Ақсақал болып төрлетсін.
Мінері болсын салмақты
Өнері болсын жан-жақты
Осы айтқанның бәрі кеп,
Алла берсін зор бақты!
Әумин!
1-оқушы:Қасиетің,ана тіл, аз ба сенің,
Өзің барда ескірмес,тозбас елім.
Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді.
2-оқушы:Асан қайғы,Жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл.
Жәнібек пен Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл.
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
3-оқушы:Сол туған тіл атауы-
Ежелгі біздің қазақ тіл.
Осы тілді жек көрген
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен
Баба тілі-асыл дүр.
4-оқушы:Тілім менің,
Осы тілде шежірем,жырым менің!
Асан қайғы арманы,
Қорқыт күйі-
Тағдырыммен тағдырлас мұңым менің!
Тілім менің!
Бас бергенмен Махамбет тіл берген жоқ,
Тіл кесілсе не болмақ күнім менің?!
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп тірілді елім.
Арманыммен,арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау-парызым бүгін менің.
Тілім менің!
Ұлы Абайдай,Мұхтардай пірім менің!
Тұнығым рухани жан азығым,
Ол бүлінсе менің де бүлінгенім.
Туған жері-түп қазығы,айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр,салт-санасы-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы…
5-оқушы:Туған тілім-тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Ән: «Атамекен»
6-оқушы:Тәуба,тәуба,жаратқанға м ың тәуба,
Біреу болсам қайтер едің жан сауға.
Менің ұлтым қасиетті,киелі,
Жасық емес асыл оның сүегі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет