Тәрбие сағаты тақырыбы: Алаштың сөнбес жұлдыздары 9 «А» сынып жетекшісі: Жали г бекітемін



бет1/4
Дата29.09.2023
өлшемі27,31 Kb.
#183001
  1   2   3   4
Байланысты:
Алаштың сөнбес жұлдыздары
№1 сабақ, Вопросы ГЭК СИК. Каз (1), Вопросы ГЭК СИК. Каз (1), лекциялар 2, Demidova Psikhologiya upravleniya 2020, 10 сынып БЖБ Геометрия ЖМБ, 10 сынып БЖБ Геометрия ЖМБ, 10 сынып БЖБ Геометрия ЖМБ



Тәрбие сағаты тақырыбы:
Алаштың сөнбес жұлдыздары


9 «А» сынып жетекшісі: Жали Г

Бекітемін: 30.01.2023 ж.
Тақырыбы: «Алаштың сөнбес жұлдыздары»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Алаш» атты кітап көрмесі», Алаш қайраткерлеріне арналған буклет, «Азаттықты аңсаған Алаш» атты газет, Алаш туралы жазылған сөздер.
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады.
Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 - 1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды.
1. Жүргізуші:«Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. 1917 жылы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ сезінде құрылды. Көп ұзамай он тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды.
Алаш партиясын ұйымдастырушы – Әлихан Бөкейханов.
ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының негізгі мақсаты Ресей Федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.
2. Жүргізуші: «Алашорда үкіметі» 1917 жылы Орынборда 3 - 15 - желтоқсан аралығында ІІ Бүкілқазақ құрылтайын өткізді. Негізгі мақсаты Алашорда үкіметін құру. Төрағасы Әлихан Бөкейханов. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алаш астанасы Семей қаласы еді.
Сол кезде Ресейде орын алған жағдайға байланысты қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді, кезекте бостандықтың жауы большевизммен күресу тұрды.
Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметі Кеңеске қарсы жақпен бірігуге тура келді. 1918 жылы Азамат соғысының басталып кетуі Алашорда үкіметінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті.
1. Жүргізуші:
Қазағым, қақтықпа, қамалма,
Ел болар халыңды амалда!
Кетті туы, атты таң, шықты күн,
Сал малды, сал жанды аянба!
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.
2. Жүргізуші: Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді алашты ешкімнің
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Жасайды Алаш, өлмейміз.
Жасасын Алаш, жасасын!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет