Тәрбие сағаты: «Тұлғасы тұнған тәлім, Есімі елге мәлім- бауыржан Момышұлы»



бет1/3
Дата06.03.2023
өлшемі23,17 Kb.
#171309
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
тәрбие сағаты 7д
Biotekhnologiya-negizderi, Строение пуповины в различные, 7. Социальные проблемы современного общества., ДЖ. тарих 1- нұсқа, Дүние жүзі тарихы 2- нұсқа, sor.-bzhb-himiya-7-synyp-1-tosan, 1537220745 (1), аза тілі. Жіктеу есімдігіні д рыс септелген атары, 52, 52, Дайындаѓан Баќынов Жєкен Оралѓазы±лы, 42116 01 Build Alt (1), The solar system 7d., Қ. тарих 2- тоқсан, “Қазақ тілі” мен “Қазақ әдебиеті” пәні бойынша жиынтық бағалауға-melimde.com

Ш.Уалиханов атындағы №12 мектеп гимназиясы


Тәрбие сағаты:
«Тұлғасы тұнған тәлім,
Есімі елге мәлім- Бауыржан Момышұлы»

Сынып: 7 «Д»


Сынып жетекші: М.Б.Табылдиева
2022-2023 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы.
Сабақтың мақсаты:
- Жас ұрпақтың санасына ұлттық рухты дарыта отырып,олардың елін, жерін сүйетін патриоттық сезімін ояту, бабалар ерлігін насихаттау.
-Аты аңызға айналған, туған топырағымыздың тарланы қазақтың біртуар перзенті,әйгілі қолбасшы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының есімін ұлықтау өшпес ерлігін дәріптеу.
- Отан сүйгіштікке, батылдыққа, ерлікке, татулыққа, еңбексүйгіштікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтадан Б.Момышұлының суреті, Бейне таспа, Бауыржан ата туралы жазылған ақын-жазушылардың нақыл сөздері
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті осы кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Отанына шын берілген, қайсар ержүрек,батыр Бауыржан Момышұлына арналған «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім – Бауыржан Момышұлы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Кешегі неміс фашист басқыншыларымен болған қырғын соғыстағы жеңіс оңайлықпен келмеді. Талай ардақты азамат елі, жері үшін жанын қиды. Соның бірі, бірі емес бірегейі қазақтың Бауыржан батыры. Бауыржан Момышұлы деген есімді естігенде ең бірінші патриот,еліне адал адамның бейнесін елестетесің.
Жеңіс... Оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттан, сағаттан сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ Отан үшін өздерінің кеудесін оққа тосқан миллиондаған асыл азаматтардың ерлігін мақтанышпен айта аламыз. Олар: Б.Момышұлы, Т.Бигелдинов. Әлия мен Мәншүк. т.б.
Енді біздер бүгін осы қан майданда қасық қаны қалғанша соғысып, ерлік істерімен Отан үшін күрескен батыр ағамыз Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, әскери шенді қызметкер, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы туралы сыр шертпекпіз. Бүгінгі кешіміз батырдың ерлігі мен өнегелі істеріне арналады.
Мұғалім:Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай, Ішсем суы татиды шекер, балдай Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай. - деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
Б. Момышұлы 1950 жылы Кеңес Армиясы бас штабының арнаулы жоғары әскери академиясын бітіріп, әскери академияда дәріс оқумен бірге шығармашылыққа бет бұрды. 1956 жылы демалысқа шығып, өмірінің соңында шығармашылық жұмыспен айналысты. Жазушылық таланты тез ұшталды. Ол шығармаларын қазақ, орыс тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрларының негізін қалады.
Жазушының өзекті тақырыбы – Ұлы Отан соғысы кезінде жауынгерлердің тұлғасын жан-жақты суреттеп сомдауға арналған.
Мұғалім: Бауыржан тәрбиесінде әжесі Қызтумас ерекше орын алған. Әжесі немересін халықтың ән-жырына, ертегі-әңгімесіне сусындатып өсірген. Ал, анасы Рәзия - қазақ келіні. Шешесінен үш жасында жетім қалған, оны әжесі мен әкесінің әңгімелерінен білетін жазушы Бауыржан ол кісі туралы көп жаза алмайтын еді.Сөйте тұра,кішкентай өмір үзігі арқылы-ақ білікті, ұлттық салт -дәстүрімізге жетік, ибалы, иманды қазақ келінінің жақсы болмысын өте әдемі, әрі дәл бейнелеген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет