Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мұғалім, ғазиз мұғалім, сарқылмас мәңгі бұлағым» Мақсаты



бет1/3
Дата06.10.2022
өлшемі22,46 Kb.
#151881
  1   2   3
Байланысты:
Т рбие са атыны та ырыбы «М алім, азиз м алім, сар ылмас м
олқылық 5 сынып, Геометрия 4-тоқсан 10-сынып ЖМБ, Геометрия 3-тоқсан 10-сынып ЖМБ, 10кл геометрия ЖМБ 1тосан., Алгебра 4-тоқсан 10-сынып ЖМБ, 10 алгебра жмб 1 токсан, ПРЕЗЕНТАЦИЯ МАГНИЙ Ярослав
    Бұл бет үшін навигация:
  • Түрі

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мұғалім, ғазиз мұғалім, сарқылмас мәңгі бұлағым»
Мақсаты:
а) Оқушыларды, ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету.
ә) Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.
б) Ұстаз еңбегін арқашан бағалай білуге үйрету. Оқушылардың бойына дамыту, әрі дарыту.
Міндеті :
а) Ұстаздар жолын оқушыларға үлгі ету. Олардың әңгімесінің мәнін ұғына білуді, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді атаның батасын, ата-ананың алғысын ала білу.
ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту.
Түрі : Кездесу кеші
Әдісі : пікір алмасу, сұрақ-жауап, зерттеу
Көрнекілігі : Тақырыпқа сай жазылған қанатты сөздер; гүлдер, шарлар,


Тәрбие сағатының барысы:


Жүргізуші : Армысыздар; құрметті қонақтар! ардақты ұстаздар; оқушылар!
Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне орай 9 «а» сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған «Мұғалім, ғазиз мұғалім, сарқылмас мәңгі бұлағым» тақырыбындағы ұстаздармен кездесу сағатына қош келдіңіздер!
1 оқушы :
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман!
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендер де ұлы Отанның болашағы.
Жүргізуші:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз,- деп Әл-Фараби атамыз айтқандай; өз істеріңнің маманы бола білген; бүгінгі кеш қонақтары осы мектептің ардагер ұстаздарымен таныс болайық.
Жүргізуші: Ұстаз ! Қандай қасиетті сөз ! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Ұстаз ұлағатты есім ! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып; тәләм-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып; адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор.
Олай болса құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер! Зейнет жолында мол табыс,отбасларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет