Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Шұңқырдан аттап секіріп өт" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)



бет9/17
Дата04.10.2023
өлшемі29,89 Kb.
#183723
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
B5Fp2uy8UOUfxnxwWr55mIc7jAl0H0xjfMnQiCer (4)
1ЛД-2 журнал список, АйгерімР кейс маркетинг, АйгерімР кейс маркетинг, Договор(ПР-3509 от 25082023 Версия 1), ЛФ 5 курс госпитальная терапия, клин.фармакология КФ антигипертензивных, антиангинальных, антиромбоцитарных...
"Шұңқырдан аттап секіріп өт" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды ұзындыққа секіруге машықтандыру; вестибуляр аппаратын, күш-жігерін дамыту.
Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен ойындар.
Мақсат-міндеттері. Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту; негізгі қимылдарды орындау тәсілін жетілдіру; ойындарға саналы түрде қосылуға тәрбиелеу.

Суды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Мақсат-міндеттері: балаларды сумен ұқыпты жұмыс істеуді дағдыландыру; судың қасиеттері жайлы түсініктерін нақтылау; судың табиғи сұйық зат екеніне көз жеткізу; ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Бақылау барысы.
Судың қасиеттеріне көңіл аудару.
Су әртүрлі температурада болады: мұздай суық (тоңазытқыштағы мұз текшелері), жылы (қолды жуғанда) және ыстық (шәйнекте су қайнатылғанда).
Су күннің көзінде ысып кетеді Ыстық күнде бассейнде су тез қызады. Тоғандағы, өзендегі, көлдегі су қызады, жазда адамдар күн көзіне қызған өзендегі суына шомылуға барады.
Қыста су қар немесе мұз күйінде болуы мүмкін, қолмен ұстағанда суық екенін білеміз.
"Шәйнектен қандай сұйық құйылды?" жаттығуы. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттері. Балаларды суреттердегі шәйнектерге қарап, әрқайсында шәйнектен кесеге қандай сұйық құйылып жатқанын анықтауға дағдыландыру; түстерді қабылдау, ой-қиял, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
- Балалар, шайды сұйықтыққа жатқызамыз. Шайнектен шай сұйығы ғана құйылмайды, сол сұйықтарды қалай білетіндеріңді көрейік.
Педагог балаларға шайнектен қандай сұйықтың құйылғаны туралы сұрайды.
Құралдары: бірнеше бір-біріне ұқсас суреттер: бірінен су құйылып жатыр, екіншісінен - сүт, үшіншісінен - кофе, төртіншісінен - қара шай, бесіншісінен - лимонад.
Жаттығуды шынайы түрде іс-тәжірибеде көрсетуге болады. Сонда құралдар ретінде стақандарға құйылған: шай, кофе, лимонад, сүт, су қолданылады.
"Ақ серек, көк серек" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды ойын шарты бойынша ойнауға, мұқият және белсенді болуға; батылдыққа, жылдамдыққа, жылдам жүгіруге баулу; балалардың тіл байлығын жетілдіру, достық қарым-қатынастарын дамыту.
Ойын ашық алаңда өткізіледі.
Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30-40 метрдей жерге бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып, барлығы тізіліп тұрады. Жеребе бойынша ойынды бастаған топтың балалары әндете өлең айтады.
"Ақ серек, көк серек,
Бізден сізге кім керек?"
Екінші топтағылар ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады.
Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады.
Ескерту: педагог ойын ойнау алдында қауіпсіздік ережелерін қайталап, нұсқау беруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет