Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)



бет7/17
Дата04.10.2023
өлшемі29,89 Kb.
#183723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
B5Fp2uy8UOUfxnxwWr55mIc7jAl0H0xjfMnQiCer (4)
1ЛД-2 журнал список, АйгерімР кейс маркетинг, АйгерімР кейс маркетинг, Договор(ПР-3509 от 25082023 Версия 1), ЛФ 5 курс госпитальная терапия, клин.фармакология КФ антигипертензивных, антиангинальных, антиромбоцитарных...
(мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Күн - жылу мен жарық көзі. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Мақсат-міндеттері: күн - жылу мен жарық көзі екені жайлы түсініктерін пысықтау; талқылау, дәлелдеу біліктерін дамыту; табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Зерттеу.
Күнге қарау. Сұрақтарға жауап беру.
- Күнге қарағанда өзіңді қалай сезінесің?
- Күнге тура қарай аламыз ба, көзімізге зиянын тигізбей ме?
Педагог балаларға екі тасты алып, біреуін күннің көзіне, екіншісін көлеңкеге, яғни, жан-жағын жауып, қараңғы жерге қоюды сұрайды.
Біраз уақыт өткенде балалар күн көзінде тұрған тас көлеңкеде тұрған тасқа қарағанда қызып, жылынғанына көз жеткізеді.
Күн көзінде тұрған заттың қызатыны туралы қорытынды жасау.
Еңбек тапсырмалары: кіші топ балаларына ойын аумақтарын жинауға көмектесу.
Мақсат-міндеттері. Жасы кішіге көмектесуге ұмтылуды үйрету, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
"Ақсүйек" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды ойын ережесіне сай ойнауға машықтандыру; зеректікке, қырағылыққа, дәлдікке дағдыландыру; шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Ойынға қатысушы балалар бір қатарға тұрады. Тәрбиеші ақсүйекті қолына алып, балалардың ту сыртына шығады да, оны алысқа лақтырады.
Балалар ақсүйектің лақтырылған бағытын көрмеуі керек.
"Ақсүйек" жерге түскеннен кейін тәрбиеші балаларға: "Ал, балалар, ақсүйекті іздеңдер, кім тез табар екен?"- деп айтады Ойынның шарты бойынша ақсүйекті тауып алған бала басқаларға білдірмей, тәрбиешіге оны тез әкеліп беруі керек.
Егер балалардың бірі байқап қалса, ақсүйекті тауып алған баланы қуып жетіп, денесіне қолын тигізуі керек. Сонда ақсүйек өзіне беріледі.
Ақсүйекті ешкімге жеткізбей тәрбиешіге табыс еткен бала жеңімпаз атанады.
Жабдығы: ақсүйек (ойыншық).
"Өрт сөндірушілер оқуда" ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Қабырғаға өрмелеу біліктіліктерін бекіту; зейіндерін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет