Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет2/12
Дата29.04.2024
өлшемі35,32 Kb.
#201521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ересек мамыр 1

(еңбек дағдылары)

ҚР. Гимнін орындайды.
Міндеттер. Балаларды патриоттық тәрбиені қалыптастырады.
(музыка)


Құрастырудан ойын-жаттығу
"Отан қорғаушыларға сыйлық".
Мақсат-міндеттер: балаларды қалдық материал: ысқыштан танкті құрастыруға үйрету.

Көршілермен сыйластық туралы әңгімелесу.


(сөйлеуді дамыту)

«Ұлттар достығы» тақырыбында фотосуреттер қарастыру. Суреттер бойынша әңгімелесу.
(сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)


Бояу беттеріндегі суреттерді бояу.
Мақсат-міндеттер: ұлттар достығы тақырыбында бояу бояту.
(сурет салу)




Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Алтын күн аспаны".
Мақсат-міндеттер: балалардың жер бетінде тіршілік пен бейбітшілік болуы үшін Күннің қажеттігі туралы негізгі ұғымдарын қалыптастыру.

«Бәріне ортақ мереке» тақырыбында иллюстрациялық суреттерді қарастыру.



Ритмикалық жаттығулар
Бір екі, бір екі, аяқты аламыз. (марш жасайды)
Адыммен бір келкі, сап түзер баламыз. (сап түзейді)
Біз жауынгер баламыз. (қолдарын бас тұсына қояды)
Бір екі, бір екі, жігерлі ән саламыз. (марш жасайды)
Тізіліп бір келкі, ертең өсіп жеткенде (қолдарын бас тұсына қояды)
Ел қорғайтын боламыз. (қолдарын бас тұсына қойып, марш жасайды)
(сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру)

Ертеңгілік жаттығу

Жалпы дамыту жаттығулары (секіртпемен)
1.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпені екі бүктеп төменде ұстау.
1 - оң аяқты ұшына қойып, секіртпені жоғары көтеру; 2 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығуды сол аяқпен қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.
2. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпені төменде ұстау.
1 - секіртпені жоғары ұстау; 2 - оңға бұрылу; 3 - тіктелу; 4 - бастапқы қалыпқа келу. Осы жаттығуды сол жаққа қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.
3. Бастапқы қалып: аяқты алшақ ұстап, отыру, секіртпені жоғары ұстау.
1-2 - еңкейіп, секіртпені аяқтың ұшына қою; 3 - 4 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 6-7 рет қайталанады.
4. Бастапқы қалып: тіземен отырып, секіртпені төменде ұстау.
1 - 2 - оң жамбасқа отыру, секіртпені алдына шығару; 3 - 4 - бастапқы қалып. Жаттығуды сол жақ жамбасқа қайталау. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.
5. Бастапқы қалып: жерге етпетінен жатып, бүгілген қолымен секіртпені ұстап, алдына қою.
1-2 - бүгіліп, қолдарын алдына-жоғары созу; 3-4 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 6 рет қайталанады.
6. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, қол төменде, секіртпе жерде.
Секіртпемен айналып секіру. Жаттығуды 8-10 рет қайталау.
7. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіртпе төменде (секіртпенің екі жағынан екі қолымен ұстау).
1 - секіртпені алға қою, оң аяғын ұшына артқа қою; 2 - бастапқы қалып. Жаттығу сол жағына қайталанады. Жаттығу 6 рет қайталанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет