Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет3/12
Дата29.04.2024
өлшемі35,32 Kb.
#201521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ересек мамыр 1

(дене шынықтыру)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар
Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға, тісін тазалауға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту.
Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю.
Көркем сөз
Қасықтарымыз біздің,
Таңқалдырар барлығын!
Қасықтарым сиқырлы,
Тауысады тағамды.
Міне, дәмді тағам! Міне, пайдалы ас!
Қасық түк те қалдырмас!
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Барлығымыз табиғатты сүйеміз,
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.
Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз,
Бейбіт өмір баршамызға тілейміз!
Жарты шеңбер жасап отырады. Бәрі бірге айтады.
Ел, бейбітшілік, туған жер тақырыптарына байланысты мақал-мәтелдер жаттау.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

«Достық» шеңбері.
Дос болам десең,
Досынды сыйла, қымбаттым!
Досыма сонда,
Досымен ғана қымбатпын.
- Ол - қуаныш, махаббат және достық шуағы.
Шеңберге тұрады, бір-біріне жылы сөздер айтады.
Жеңіс күнін тойлаймыз тақырыбында сұхбат жүргізу.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)




"Бейбітшілік қорғанында" тақырыбында әңгімелесу.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

«Қайырлы таң».
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
Ертемен, ақ пейілмен,
«Қайырлы таң!» - деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!» - тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!» - деп кіремін.
Ұлы ардагерлер көрмелерін ұйымдастырып, хикаяларын айтып беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет