Тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері астана 2015 Құрылымы


Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер



бет14/15
Дата26.12.2021
өлшемі41,25 Kb.
#105925
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ТӘРБИЕ ТҰЖЫРЫМДАМА

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері:

Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықтық аясын; білім алушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, толеранттық және рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастырудың артып отырған деңгейін;

жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет

негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті; тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;

бала тәрбиесінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, жастарды салауатты отбасын құруға дайындауды;

білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамытуды;

тұлғаның дамыған экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін; табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алуды және өзін-өзі жүзеге асыруды, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға отбасы институтының саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға бағытталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет