Тәрбиешілерге арналған жадынама



бет31/34
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#118747
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Тарбиеші құжаттары.doc
Тарбиеші құжаттары.doc, 1602656115384, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ

Күн тәртібі


Күн тәртібі сәттерін жоспарлау «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер
үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына және күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Күн тәртібі сәттерін ұйымдастыру кешенді тәсілді талап етеді:

    • міндеттері нақты тұжырымдау;

    • бала әрекетінің барлық түрлерін үнемі жоспарлау;

-дербестікті дамытуға ықпал ететін түрлі мазмұндағы жағдаяттық әңгімелерді енгізу;

    • қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша міндеттерді жоспарлау.

Жоспарлау тәсілдерін жаңартып, соған сәйкес тұжырымдамалар қолдану ұсынылады. Педагогтер үшін үйреншікті «тапсыру....тағайындау... балаларды
/рөлдерді бөлу» сөздері өзгеше тәсілдерді көрсететін «көмектесу, талқылау, келісу» сөздерімен ауыстырылуы тиіс.
Баламен жеке жұ мы с. Педагог баланың жеке ерекшеліктерін жақсы білетін болса, бала өзін жайлы сезінеді, оның көңіл - күйі көтеріледі және белсенділігі артады. Балалармен жеке жұмыс педагогикалық бақылаулардың, балалардың
жеке даму мониторингін, дамудың жеке бағдарламасын (ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларға арналған) ескере отырып, жоспарланады.


Ата-ан алар мен өзара қары м -қатын ас б ой ын ша жұ мы с:
Апта тақырыбына ата-аналардың белсенді қатысуына оларға толық ақпарат беру ықпал етеді. Ақпараттық бұрышта алдын ала тақырып жазылады, іс- әрекеттің үлгі жоспары, қажет болатын көмек түрі жазылады. Циклограммада күн тәртібі бөлімінде педагог мынадай іс-шараларды жоспарлауы тиіс:
-отбасымен танысу бойынша (оқу жылының басында, топқа жаңа балаларды қабылдау кезінде), өзара қарым-қатынастың жекелеген мәселелерін зерделеу, сұраныстарын, мониторингті айқындау (мысалы, қанағаттанарлық);

    • отбасын педагогикалық ағарту;

    • білім беру процесіне ата-аналарды тарту бойынша іс-шаралар (фоторепортаждар, мектепке дейінгі ұйым сайтына ақпаратты орналастыружәне

т.б.);

    • білім беру процесінің барысы жайында ата-аналарды хабардар ету;

- отбасын психологиялық-педагогикалық қолдауды және балалардың физикалық және психологиялық-әлеуметтік денсаулығын қорғау мен нығайту мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілігін арттыруды, салауатты өмір сүру салтына тартуды қамтамасыз ету.
Серуен күннің бірінші және екінші жартысында өткізіледі. Серуенде бақылау, ойын, еңбек әрекеттері ұйымдастырылады.
Балалар әр екеті н ұ йы мд асты р у фор масы :
-балалардың жеке тұлғасының дамуын дұрыс әлеуметтендіруге және даралауға ықпал ету;

  • балалардың дербес ойындарын қолдау, оны байыту, ойын уақыты мен

кеңістігін (балаларға сюжетті өрбітуге көмектесу, жаңа рөлді ұсыну және т.б.) қамтамасыз ету;

  • ұлттық және жалпы мәдени құндылықтар ерекшелігіне бағыттау;

  • қызықты және дәстүрлі оқиғаларды, мерекелерді, іс-шараларды (елдің, облыстың, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігіндегі шынайы және өзекті оқиғаларға жақындығы) жоспарлау.

Күн тәртібі сәттерінің мазмұны алға қойған міндеттерге жетуге бағытталуы тиіс, сондай - ақ балаларға таңдауға және жеке бастамасын көрсетуге мүмкіндік беру. Педагог балалардың қандай бейнелеу әрекетінің құралдарын қолдана алатындығын, ұсынылған кітаптардың ішінен қайсысын таңдауға
болатынын жазып, көрсетуіне болады. Тәрбиеші педагогикалық міндеттерді назарда ұстауы және балалар үшін қажетті жағдаяттарды құруы, олардың бастамасын бағыттай отырып, зейіндерін маңызды, мәнді заттарға аударуы
қажет.
Дербес әрекет дегеніміз - педагогтер заттық-дамытушы орта жағдайында құрған әр баланың әрекетті қызығушылығы бойынша таңдауын қамтамасыз ететін және оған құрдастарымен өзара әрекет етуге немесе жеке әрекет етуге мүмкіндік беретін балалардың еркін әрекеті.
Ой ы н әр екетін ұйымд астыр у
Ойын мектеп жасына дейінгі балалар әрекетінің жетекші түрі және олардың өмірлерінің ерекше сәті болып табылады, ойында олар талап-тілектері бойынша

бірігеді, өз ойларын жүзеге асырады, әлемді таниды. Ойын әрекеті әр баланың физикалық және психологиялық дамуына, адамгершілік-ерік сапаларын, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуге ықпал етеді.


Ойын баланың барлық бос уақытын қамтиды, оның жасына сәйкес өзгереді және күрделенеді. Баланың әрекетіне қимылды және үстел үсті, дидактикалық
ойындарды енгізу керек.
Ерте жаста (1-3 жас) ойындар заттық- манипулятивтік сипатта болады. Заттық ойын – бала әрекетінің жетекші түрі.
Кіші мектепке дейінгі жаста (3-4 жас) ойындар заттық болады және есте сақтауды, ойлауды, қабылдауды және т.б. дамытып, жетілдіру үшін қызмет етеді.
Орта мектепке дейінгі жаста (4-5 жас) балалар ойында топтарға бірігеді, рөлдік ойындар пайда болады.
Ересек мектепке дейінгі жаста (5-6 жас) ойын барысында еңбек және оқу сияқты әрекеттің түрлері пайда болады. Бұл жаста моральдық-этикалық нормалар тәрбиеленеді, қарапайым еңбек дағдылары мен біліктері қалыптасады, практикалық ойлаулары мен көркемдік-шығармашылық әрекеті дамиды.
Мектеп алды даярлық топтарында ойындар символдық және сюжеттік- рөлдік болып табылады.
Күн тәртібінің сәттерін картотека түрінде рәсімдеу тиімді болып келеді. Циклограммаға сәйкес күн балаларды қабылдаудан басталады, педагог ата-
аналармен бала туралы, оның физикалық және психологиялық жағдайы туралы
әңгімелеседі.
Балалар денсаулығын нығайту және сергек көңіл-күй тудыру мақсатында таңертеңгі гимнастика өткізіледі.
Таңғы астың алдында балалар қолдарын жуады, орындарына отырады. Педагог балалардың дұрыс отыруын, тамақты дұрыс ішуін, тамақтану құралдарын және майлықты қолдануын қадағалайды.
Таңғы астан кейін кезекшілер (ортаңғы топтан бастап) үстелдегі ыдыстарды жинауға көмектеседі, содан соң қалған балаларға қосылады.
Педагог өтпелі тақырыптарға сәйкес ойындар өткізіп, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындалады,
Ұйымдастырылған оқу қызметтері Циклограммада анықталған
тақырыптарға сәйкес өткізіледі. Педагог ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу үшін педагог алдын-ала қажетті әдебиеттерді, оқу-әдістемелік кешендерді, суреттерді, ойыншықтарды, аудио-бейне материалдар және т.б. дайындап алуы қажет. Олар өтпелі тақырыпқа сәйкес және білім салаларын кіріктіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Ұйымдастырылған оқу қызметтері аяқталған соң балалар серуенге шығады. Әр серуеннің мазмұны өтпелі тақырыптарға сәйкес болуы шарт. Серуенде табиғат құбылыстарын бақылау, еңбек әрекеті, қимылды ойындар және дербес ойын әрекеті ұйымдастырылады.Серуеннен оралған соң балаларды өздігінен шешінуге, киімдерді шкафқа жинауға үйрету қажет.

Жуыну біртіндеп, шағын топтармен ұйымдастырылады.


Тамақтану кезінде педагог балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға, құралдарды қолдана білуге баулиды. Тамақтанып болған соң қолдарын жуады, киімдерін шешіп, ұйқыға дайындалады. Педагог балалардың тыныш ұйықтауына қолайлы жағдай жасайды.
Ұйқыдан тұрғаннан кейін педагог шынықтыру және сауықтыру шараларын өткізеді.
Балалар бесін ас ішеді және содан соң тәрбиеші топтың заттық-дамытушы ортасында дербес ойын әрекетін ұйымдастырады, балалармен жеке жұмыстар жүргізеді.
Серуенге дайындық. Балалар киініп, серуенге шығады, серуен барысында
түрлі қимылды ойындар ұйымдастырылады.
Серуеннен келген соң гигиеналық шаралар жүргізіледі. Педагог ата-аналарға баласының жетістіктері туралы ақпарат, ата-аналарды қызықтыратын сұрақтары бойынша кеңестер беруі тиіс.
Білім беру әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында педагог балаларды тәрбиелеу мен оқытудың түрлерін, құралдарын, әдістері мен тәсілдерін анықтайды.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы:
І. Кіріспе бөлім (тақырыпқа ену, өткен материалды қалай игергенін білу үшін жетелеуші сұрақтар, жаңа тақырыпқа біртіндеп көшу).

  1. Негізгі бөлім (жаңа тақырыпты ашу).

  2. Қорытынды бөлім (қайталау және бекіту).

Жоспарлауда топ педагогтері мен мектепке дейінгі ұйым мамандары құрастырған: серуен, таңертеңгі гимнастика, бақылау, саусақ гимнастикасы және т. б. картотекаларын циклограммаға қосымша ретінде қолдануға болады.


Циклограмманың құрастырылуын бақылауды әдіскер мына белгіге сәйкес жүзеге асырады: Тексеру күні. Жазу: «Жоспар тексерілді, кеңес берілді, ұсынылды: 1…., 2….., 3…..және т.б.».
Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес тәрбиеші белгіленген құжаттарды дер кезінде толтыруға және ұқыпты жүргізуге, тәрбиелеу-білім беру процесін нақты жоспарлауға, Бақылау парағын жүргізуге және Баланың жеке даму картасын
толтыруға, баланың жеке басын құрметтеуге, оның жеке ерекшеліктерін зерделеуге, бейімділіктері мен ерекшеліктерін білуге, тұлға болып қалыптасуы
мен дамуына көмектесуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет