Тест сұрақтары, тапсырмалар


Сұрақтар Сұраққа жауапты ғылыми зерттеулер бере ала ма?



бет7/15
Дата30.03.2023
өлшемі1,49 Mb.
#173326
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Тест с ра тары, тапсырмалар

Сұрақтар Сұраққа жауапты ғылыми зерттеулер бере ала ма?

Сұрақтар Сұраққа жауапты ғылыми зерттеулер бере ала ма?

Фреонның әсерінен озон қабатының жұқаруына байланысты ғалымдардың күдіктері биліктің әрекетсіздігінің себептері бола алады ма? Иә/Жоқ

Иә/Жоқ

Егер атмосфераға қазір дәл сондай мөлшерде фреон түссе, 2002 жылғы атмосферадағы фреонның концентрациясы қандай болар еді?

Иә/Жоқ


Биология пәні бойынша тапсырмалар:
PISA-ның бағаланатын бөлімдері: Жасуша (мысалы, құрылымы және қызметтері, ДНҚ, өсімдік және жануар жасушалары), Адам (денсаулық, тамақтану, аурулар, көбею, асқорыту, тыныс алу жүйелері, және қанайналым), Популяция (өкілдері, эволюция, биологиялық алуантүрлілік, генетикалық вариациялар), Экожүйелер (қоректік тізбек, заттар және энергия ағындары) Биосфера (экожүйелерді сақтау, тұрақты даму).
1-тапсырма
Дулат жарық және қараңғы ортаның өсімдіктерге әсерін анықтау үшін эксперимент жүргізді. Ол құмырадағы екі өсімдіктің біреуін суретте көрсетілгендей қара түсті, екіншісін мөлдір жәшікпен жауып қойды. Бұдан кейін ол өсімдіктерді екі апта бойы күн сайын бақылаған.

Эксперимент маңызды нәтижелер беру үшін Дулат келесі шаралардың қайсысын жүзеге асыруы керек?
(1) қораптың төменгі шеттерінің айналасында саңылаулар тесу керек.
(2) құмырадағы топырақты эксперимент басталғанға дейін тыңайтқышпен өңдеу қажет.
(3) жоғарыда көрсетілген құрылғыларды Күн жарығы астына орналастыру керек.
A. Тек (1).
B. Тек (2).
С. Тек 1- және 3-тармақтар.
D. Тек 2- және 3-тармақтар.
Ескерту
Бұл тапсырмаға жауап беру үшін оқушы артық деректерді шығарып тастап, эксперимент нәтижесін салыстыруы және болжауы, «тіршілік ортасы» ұғымын меңгеріп, диаграммадан ақпаратты ала білуі керек. Бұл кезде тек бір білік пәндік болады, басқалары ғылыми құзыреттілікті талап етеді. Негізгі мектеп бағдарламасының мазмұнында бұл тапсырма бойынша пәндік білім «7.1.6.2 жарықтың өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсерін түсіндіру», «7.1.6.3 өсімдіктердегі фотопериодизм рөлін сипаттау» оқу мақсаттары арқылы ашылады, ал жаратылыстану-ғылыми құзыреті «7.1.5.2 өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу», «7.1.4.3 өсімдіктердің тыныс алуын зерттеу», «7.1.2.2 фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды зерттеу» оқу мақсаттары бойынша практикалық жұмыстарды орындау арқылы қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет