Тест сұрақтары, тапсырмалар



бет8/15
Дата30.03.2023
өлшемі1,49 Mb.
#173326
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Тест с ра тары, тапсырмалар

2-тапсырма
Амеба бөліну арқылы көбейеді. Амебаны Петри тостағаншасында бақыланатын эксперименттік жағдайда көбейтуге рұқсат етіледі. Келесі графиктердің қайсысы уақыт өте келесі Петри тостағаншасындағы амеба санының өзгеруін дұрыс көрсетеді?

Ескерту
Бұл сұрақ график түрінде ұсынылған эксперименттік нәтижелерді талдап түсіндіру негізінде функционалды сауаттылықты дамытады. Амебаның көбеюі бастапқыда экспоненциальды қисық сызық түрінде болады, одан кейін амебаның көбею жылдамдығы кемиді, себебі Петри тостағаншасындағы қоректік заттар тұтынылады, яғни дұрыс жауап – D нұсқасы болады. Бағдарламада осындай графиктерді талдау «9.3.1.1 популяцияның өсуінің экспоненциальдық және сигмоидальдық қисық сызығын талдау» оқу мақсатында қарастырылған. амеба мөлшері амеба мөлше
3-тапсырма
Ғалым агар тақташасында өсетін бактериялар осы тақташада зеңмен қатар өспейтінін байқаған. Ол өзінің ескертпелерінде: «зең бактерияларды өлтіретін зат түзеді» деп жазған. Бұл пікірді келесі түрде қарастыруға болады:

А. Бақылау.
B. Болжам. *
С. Түсіндіру.
D. Қорытынды.
Түсіндірме. Ғылыми зерттеу – оқу бағдарламасының негізгі фокустарының бірі. Осы мәселені пәндік талдау, негізінен, ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын «бақылау», «болжау» және «қорытынды» терминдерінің мәнін ашады. Болжам – бұл әлемдегі құбылыстарды алдын ала түсіндіру. Бұл мәселеде «зең .... зат түзеді» тұжырымы ғалымның болжамы болып табылады және әрі қарай дәлелдеу қажет. Ол жай «бақылаудан» артық, дегенмен әлі «қорытынды» емес. Бағдарламаларда аталған тақырып «7.4.3.3 антибиотиктер, антисептиктер және дезинфекциялық заттарды қолдануды сипаттау» оқу мақсаты және «Антибиотиктер, антисептиктер және дезинфекциялық заттарды қолдану» зертханалық жұмысы арқылы ашылады және зерттеледі.
4-тапсырма
Суретте көрсетілген жануарларды қарастырамыз.

Осы жануарлардың келесі белгілерінің қайсысын оларды екі топқа жіктеу үшін пайдалануға болады?
(1) Олар суда тіршілік ете ме?
(2) Олардың антенналары бар ма, жоқ па?
(3) Олардың қанаттары бар ма, жоқ па?
A. Тек (1).
B. Тек (2).
С. Тек (1) және (3).
D. Тек (2) және (3)*.
Осындай тапсырма түрлері оқушылардың салыстыру және жіктей алу дағдыларын дамытады. Бағдарламада аталған дағдыларды ашу «7.1.1.3 омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың айырмашылық белгілерін сипаттау» және «9.1.1.2 өсімдіктер мен жануарларды ерекше белгілері бойынша ажырату» оқу мақсаттары арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет