Тәуекел – бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі


Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі тәуекелі



бет3/14
Дата06.02.2022
өлшемі36,46 Kb.
#81131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
тауекел
тауекел, тауекел, 00009274-2d6f94ba, mpdf, Образец PDF, Образец PDF, Образец PDF
Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі тәуекелі (немесе тепе-теңсіздік өтімділік тәуекелі). Бұл тәуекел айналым активтерінің өтімділік деңгейінің төмендеуінен туындайды, бұл кәсіпорынның уақыт бойынша ақша ағындарының теріс немесе оң тепе-теңсіздігін тудырады. Өзінің қаржылық салдарлары бойынша тәуекелдің бұл түрі аса қауіпті тәуекелдердің қатарына жатады.


  • Инвестициялыц тәуекел. Ол кәсіпорынның инвестициялық қызметін жүзеге асыру процесінде қаржылық залалдардың пайда болу мүмкіндігін сипаттайды. Осы қызметтің түрлеріне қарай инвестициялық тәуекелдің де түрлері бөлінеді – нақтылы инвестициялау тәуекелі және қаржылық инвестициялау тәуекелі. Инвестициялық қызметті жүзеге асырумен байланысты барлық қаржылық тәуекелдер “күрделі тәуекелдерге” жатады. Осылайша, мысалға, нақтылы инвестициялау тәуекелінің құрамында инвестициялық жобаны уақытында дайындамау тәуекелін; жоба-конструкторлық жұмыстарды уақытында аяқтамау тәуекелін; құрылыс-монтаждық жұмыстарды дер кезінде аяқтамау тәуекелін; инвестициялық жоба бойынша қаржыландыруды уақытында бастамау тәуекелін; жобаның тиімділігінің төмендеуімен байланысты инвестицияның тартымдылығын жоғалту тәуекелін және тағы басқа да тәуекелдерді бөліп көрсетуге болады. Инвестициялық тәуекелдердің барлық түрлері кәсіпорынның капиталын жоғалту мүмкіндігімен байланысты болғандықтан, олар да аса қауіпті қаржылық тәуекелдер тобына жатады.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет