Тәуекел – бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі


Құрылымдық тәуекел. Тәуекелдің бұл түрі кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімді қаржыландырылмауымен байланыстырылады



бет6/14
Дата06.02.2022
өлшемі36,46 Kb.
#81131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
тауекел
тауекел, тауекел, 00009274-2d6f94ba, mpdf, Образец PDF, Образец PDF, Образец PDF
Құрылымдық тәуекел. Тәуекелдің бұл түрі кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімді қаржыландырылмауымен байланыстырылады. Тауар нарығы конъюнктурасының жағымсыз өзгеруі кезіндегі операциялық леверидждің жоғары коэффициенті және операциялық қызмет бойынша оң мәнді ақша ағындарының жиынтық көлемінің төмендеуі қызметтің осы түрі бойынша таза ақша ағындары сомасының төмендеуінің одан да жоғары қарқынымен ұштасады.


  • Криминогендік тәуекел. Кәсіпорынның қаржылық қызметі сферасында бұл тәуекел оның серіктестерінің өзін жалған банкрот деп тану формасында, басқа бір үшінші тұлғаның осы кәсіпорынның ақшалай және басқа да активтерін заңсыз иемденуді қамтамасыз ететін құжаттарды жалған рәсімдеу; кәсіпорынның жеке персоналының активтердің жекелеген түрлерін ұрлауы және тағы да басқа формаларда көрініс табады.
  • Тәуекелдердің баска да түрлеріБасқа да қаржылық тәуекелдердің тобы айтарлықтай үлкен, бірақ пайда болу ықтималдылығына қарай немесе қаржылық залалдар деңгейі бойынша бұл тәуекелдер жоғарыда атап өтілген тәуекел түрлерімен салыстырғанда, кәсіпорын үшін аса маңызды емес. Мұндай тәуекелдерге тек ғана күтілген табыстардың ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның активтерінің бір бөлігінің (негізгі қорлардың, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының) жоғалуына әкелуі мүмкін стихиялық апаттар тәуекелі және басқа да “форс-мажорлық тәуекелдер”; есептік-кассалық операциялардың уақытында орындалмау тәуекелі; эмиссиялық тәуекел жатады.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет