Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі


Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім



Pdf көрінісі
бет13/46
Дата22.04.2020
өлшемі1,57 Mb.
#64185
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңдіарман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,қош келдің!

Тапсырма. Асты  сызылған  сөздерді  біресе  мағынасын  аса  кішірейтіп,

біресе  аса  зорайтып  көрсететін  сөздерді қолданып, өлең мәтініне  эксперимент

жасаңыз. Өлең мазмұнының өзгерісі туралы айтып беріңіз.

Тапсырманың орындалу барысын төмендегідей көрсетеміз.

1)Мағынаны солғындататын сөздермен алмастыру.

Еркін болу. Бағалым. Ардақтым .

Өзің барда өзегімде жоқ қайғым!

Кеше сенің бейнеңді арман ғып,

Боданына байланып қалдың басқа елдің.

Бабалардың өмірін қиып,

Аналарды жылаттың!

Уа, Еркіндік, келгенің жақсы болды!

2) Мағынаны күшейтетін сөздермен алмастыру.



Тәуелсіздік. Киелім. Тәу етерім .

Өзің барда өзегімде жоқ қайғым!

Кеше сенің әз бейнеңді арман ғып,

Боданына тұтылдың басқа елдің.

Бабалардың ақ тілегін көкпар ғып,

Аналарға жас төккіздің көл қылып!

Уа, Еркіндік,қадамыңа нұр жаусын!


20

Тапсырманың орындалуын  кесте  түрінде өрнектеген  оқушы  сздердің

мағыналық градациясын  (өсіңкілік – А.Байтұрсынұлы  термині)  айқын  көру

қиын емес (1-кесте).

1-кесте – Салыстыру

Қ.Сарин қолданысы

Солғындау мағыналы сөздермен

алмастыру

Мағынасы аса қанық реңкті

сөздермен алмастыру



-Еркіндігім.

Қасиеттім. Қастерлім

Еркін 

болу. 

Бағалым.

Ардақтым

Тәуелсіздік.  Киелім.  Тәу

етерім .

- шер мұң

қайғым!

шер мұң!

- келбетіңді

бейнеңді

әз бейнеңді

- бұғауландық

байланып қалдың

тұтылдың

-басын тігіп бәйгеге

өмірін қиып,

ақ тілегін көкпар ғып

-

жанарына  жас

берің!

жылаттың!

жас төккіздің көл қылып



қош келдің!



келгенің жақсы болды!

қадамыңа нұр жаусын!

Гиперболизациялау әдісі –

оқушыларға «лингивстикалық эксперимент»

әдісін қолдануға  мүмкіндік  береді.  Осы әдіс  арқылы  мұғалім  оқушылардың

«тілдік  сезімін» ұштап,  тіл  бірліктерін  салыстыра  отырып,  ой  мен  мағынаның

өзгере 


бастайтынына 

лабораториялық

жағдайда 

көздерін 

жеткізеді.

Гиперболизациялау

әдісін  прозалық,

драмалық


шығармаларды  талдау

барысында да қолдануға болады.

Тәуелсіздік  жылдарындағы  еркіндік  сіңген  ой  маржандарын  оқыту

барысында  креативтілік әдісті  жүйелі қолдану  оқушыларға  да,  мұғалімдерге

мол-мол көмек бере алады.

Сонымен қатар көрнекілік әдісті орынды қолдану  арқылы  Тәуелсіздік

жылдарындағы қазақ  әдебиетінің  құндылығы  мол  тұстарын  меңгерту  сапалы

білімге қол  жеткізеді.  Бұл  ретте  көрнекіліктер  жүйесінде  тек  кітап,  сурет-

иллюстрациялар

ғана  емес,

ғаламтор,  компьютер,  түрлі  дыбыс-бейне

ақпараттық құралдары болуы тиіс екенідігі белгілі.

Тәуелсіздік  жылдарындағы қазақ  әдебиетін  меңгертуде қазақ тілінің,

тарихтың, музыканың барлық басқа пәндердің қосатын үлесі аз болмайды.

Сондықтан тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытуда пәнаралық

байланысты ерекше мол қолдану керек.

Қазақ

тілі  пәнімен  байланыс.Оқушының

байланысқан  сөйлеу  тілін

дамытуда қазақ  әдебиетінің орны үлкен,  себебі  оқушы  көркем әдеби  тіл

байлығын  тілдік  заңдылық тұрғысынан  танып-біліп,  оның сәйкес  модельдерін

грамматикалық ережеге  сүйене  отырып,  жаңадан  жасауға қалыптасады.Қазақ

әдебиеті – қазақ тілінің көркемдікті  жасау  функциясының жарқын  көрінісі




21

болғандықтан, қазақ тілінің эстетикалық болмысы  осы  екі  пәннің  өзара

байланысы негізінде кең аяда танытылады.

Қазақ тілі де, қазақ әдебиеті де шәкірттерге адам болмысының түпнегізінде

жатқан  коммуникативтік қарым-қатынасты үйретеді,  тіл – заңдылықтарын

үйретеді, әдебиет – коммуникативтік қатынастың тіл  арқылы  жасалған

эстетикалық

жоғары  дәрежедегі  дайын  модельдерін  танытады,  соған

баулиды.Қазақ тілі  пәні  мектепте  оқылатын  барлық пәндермен  пәнаралық

байланысты болады.

Өйткені қазақ тілі – барлық пәндер  бойынша  сөйлеу  және  жазу құралы

және  білім  мазмұны

қазақ

тілінде  айтылады,  бағаланады,  тексеріледі.



Оқушының ойлауы  жүйелі  де ұшқыр,  дүниетанымы  біртұтас,  тілі  айқын  да

дұрыс  болуы үшін әдебиетті қазақ тілі  пәнімен  байланысты  меңгертілуі  аса

маңызды болып табылады.

Қазақ тілімен  пәнаралық байланыс жүйелі  және  бірізділікпен  жүргізу

арқылы  оқушыларда қазақ  әдебиеті  пәні  мазмұнындағы  тәрбиелік қуаттың

маңызды  орны  мен қызметі  танылады. Әдебиеттен  меңгертілетін ғылыми

ұғымның ақпараттық сыйымдылығы  негізінде  көлемі ұлғайып,  бір  мәселенің

жан-жақты қырынан  танылуы  мүмкін  болады.  Оқушылардың тұжырымдық

ойлауы қалыптасады,  жүйелі  ойлаудың сабақтастығы  мен  бірізділігін қолдану

әдісі қалыптасады.

Бұл  ретте Әбіш Кекілбаевтың  «Тіл  және  тәуелсіздік»  деген  кітабын

оқушыларға өз бетімен оқуға кеңес берсе де болады.



Қазақстан тарихы  пәнімен  байланысы. Қазақ әдебиеті – қазақ ұлтының

тарихы  жолында қалыптасқан  мәдениетінің формасы,  түрі,  көрінісі. Қазақ

әдебиеті –

көне  түркі  ескерткіштерінен  бастау  алып,  сан ғасырлық тарихи

жолды

қазақ  ұлты  деген  мазмұнда  таңбалап,  сақтап,



ұлттық

сананы


қалыптастырып тұрған киелі қуаты бар күш.

Ана  тіліміз қазақтардың бір ұлт  болып  тұтасып, Қазақстан  деген  мемлекет

құрып, тілдегі диалектілік ерекшеліктері жоқтың қасында болып, сөйлеу тілінде

де, жазу тілінде де біртұтастық жүйені сақтап қалып отыр.

Тәуелсіздік  жылдарында  жарық көрген З.Қабдоловтың  «Менің  Әуезовім»,

Р.Тоқтаровтың  «Абайдың

жұмбағы»,  С.Сматайдың  «Жарлығап  батыр»,

Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Қ.Исабаевтың «Шоң би», С. Досановтың төрт том-

дық  «Жиырмасыншы

ғасыр,  Т.Мамасейіттің  «Таңжарық»,  Ө.Ахметтің

«Адасқан ғасыр», Н.Оразалиннің  «Ғасырмен қоштасу», Ә.Сәрсенбайұлының

«Ғасыр мен ғасыр беттессе», Қ.Мырза-Әлидің «Заман-ай», «Алаштың арманы»,

Н.Айтұлының  «Бәйтерек»,  А.Әлімғазыұлының  «Жаралы  Желтоқсан»,  «Ер

намысы – ел  намысы»  атты  жинақтар, Ә.Кекілбаевтың  «Абылай  хан»,

М.Байсеркеновтің  «Абылай  ханның

ақырғы  күндері»,  Р.  Отарбаевтың

«Бейбарыс  сұлтан»,  Шахмардан Құсайыновтың  «Томирис»,  И.Оразбаевтың

«Шыңғыс  хан»,  Иран-Ғайыптың «Естайдың  Қорланы»  т.б.  шығармалары

тарихи  желімен  тікелей  байланыста  оқылатын  көркем  туындылар  болып

табылады.




22

Музыкамен  байланысы.Әдебиет сабағының музыкамен  байланысы  да  аса

маңызды болып табылады. Музыка адами сезімнің айқын көрінісі ретінде әдеби

танымның кеңеюіне,  санаға,  жүреке  бойлай  сіңуіне  тірек  болады.  Осындай

мәліметтер негізінде қазақ әдебиеті мен музыканың өзара пәнаралық байланыс

ерекшелігі танытылады.

Мысалы,  композиторлардың

тәуелсіздік,  Астана  туралы  музыкалық

шығармаларын, Н.Назарбаевтың сөзіне  жазылған  «Елім  менің»,  «Үшқоңыр»

әндерін, пианист А.Райымқұлованың «Дала сыры» симфониялық поэмасын т.б.

тыңдата  отырып  музыка  мен әдебиеттің интеграцияланған  сабағын өткзуідің

тәрбиелік қуаты зор болатынына дау жоқ.

Бейнелеу өнерімен  байланысыӘдебиет пен  бейнелеу өнерінің  өзара

пәнаралық байланысын жүзеге асыруда оқушылар ана тілінің эстетикалық қуат-

күші  мен  бейнелеу өнерінің эстетикалық  әсерін  байланыстыра  танып-білу

дағдыларын қалыптастыру басты міндет болып табылады.

Бейнелеу өнері – оқушыға  дүниені  эстетикалық және  көркемдік  тұрғыдан

танып-игеру білік-дағдыларын қалыптастырады.

Әдеби туындының көркем құны  мен  бағасын  тану әдістерін  меңгертеді.

Бейнелеу өнеріне  байланысты қазақ  ұлттық танымында қалыптасқан  бояулар

атаулары  мен  терминдер, ұғымдар  мен  түсініктерді  жинақтау,  жүйелеуге

үйрету арқылы осы екі пәннің өзара байланысы жүзеге асырылады.

Мысалы,  Алматыда  Тәуелсіздік  Монументінің

ашылуынан  бастап

Қазақстан Республикасының бас қаласы –

Астана  болмысының дүние  жүзі

мойындап  отырған  ерекше  бейнеде қалыптасуы – қазақ бейнелеу өнері

дамуының жаңа дәуірі екендігі әдебиетпен тығыз байланыстырыла танытылуы

керек.

Жаратылыстану-математикалық пәндер  циклімен  байланысы.Әдебиет

пәні  бойынша  берілген  оқу  материалдарының мазмұны  жаратылыстану

пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады.

Бұл 


пәндермен,

әсіресе,


биологиямен, 

химиямен, 

экологиямен

байланыстыру  арқылы  адамның

осы

үдерістің  (биогеохимия)



құраушы

ажырамас  бөлшегі  екендігін  танытады. Ә.Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз»,

С.Елубаевтың 

«Жиырмасыншы

ғасыр» 

т.б. 


көптеген 

шығармалардың

жаратылыстану  пәндерінің

мазмұнымен  тікелей  байланыста  оқытылуы

оқушылардың дүниетанымын кең арналы етіп қалыптастырады.



23



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет