«Тіл білгірі» лингвистикалық ойын (5 8 кл арасында)



Дата17.06.2018
өлшемі35.71 Kb.


«Тіл білгірі» лингвистикалық ойын

(5 - 8 кл арасында)
Мақсаты:

Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой-өрісін,дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, өз пікірін қорғай алуға үйрету.
Көрнекілігі: плакаттар, сызбалар
Барысы: Ұйымдастыруы

Ақыл-тон аңдағанға тозбайтұғын,


Білім- кен қанша болса азбайтұғын
Қатарың оза шауып бара жатса,
Сенде қалмай өнеріңді, көрсет, қосыл.
Ойынға қатысушы топтар ортаға шақыру олар өздерін таныстырады. Ойын барысымен таныстыру.

1 слайд.

1. «Кім көп біледі (тест сұрақтары)

2. «Жауабын тап» сайысы

3. «Кім жылдам» сайысы

4. «Деңгейлік тапсырмалар»

5. «Егер де мен... болса»

І бөлім: «Кім көп біледі?»  (тез әрі нақты жауап беру керек. 10 сұрақ 10 ұпай 3 минут)

1.Қазақ тіл білімінің қандай салалары бар? (а)

а) фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксис

ә) синус, косинус, тангенс, котангенс

б) роман, проза, поэзия, ертегі

в) азот, натрий корбанаты, сутегі
2.Қазақ тілінде неше әріп бар? (б, 42 әріп)

а) 33


ә) 28

б) 42


в) 36
3.
Әріп деген не? (ә, дыбыстың таңбасы)

а) сөйлем мүшесі

ә) дыбыстың таңбасы

б) сөз тіркесі

в) қысқарған сөз
4.
Қас-дос деген қандай сөздер? (в, антонимдер)

а) синонимдер

ә) омонимдер

б) біріккен сөздер

в) антонимдер
5.О-қу-шы  сөзінде неше буын бар ? (ә, 3 )

а) 5


ә) 3

б) 2


в) 4
6. Дыбысталуы бірдей, бірақ жазылуы  басқа  сөздер? (в, омоним)

а) синоним

ә) антоним

б) жұрнақ

в) омоним
7.Фонетика нені зерттейді? (а, әріп, дыбыс)

а) әріп, дыбыс

ә) сөз мағынасын

б) сөз таптарын

в) сөйлем мүшелерін
8. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (ә, 9)

а) 10


ә) 9

б) 7


в) 6
9. Көптік жалғауларын көрсет (Б, –лар, -лер, -дар, - дер, -тар, -тер )

а) –ды, - ді, -ты, - ті, -н, -ні

ә) –ған, -ген, -қан,- кен

б) –лар, -лер, -дар, - дер, -тар, -тер

в) –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек

10. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? (а, не істеді? Не қылды? Қайтты?)

а) не істеді? Не қылды? Қайтты?

ә) кім? Не? Кімдер? Нелер?

б) қандай? Қай?

в) қанша? Неше? Нешінші?
ІІ бөлім: «Жауабын тап» ойыны (әр топқа 3 жұмбақтан оқылады, жауабын 3 тілге аударады)

(жауабын тапса 1 ұпай, 2 тілге аударса 3 ұпай, 3 тілге аударса 5 ұпай)


1 топ

Кезікті бір жануар,


Үстінде екі тауы бар. (Түйе, верблюд, camel)

2. Ерте тұрдым,


Алып ұрдым. (Етік, сопоги, boots)
3 . Сырты – жасыл , іші тәтті      ( қарбыз, арбуз,watermelon)

2 топ

1.Кішкентай ғана бойы бар,


Айналдырып киген тоны бар. (Қой, овца, sheep)
2. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама (Кітап, книга, book)
3.Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім. (Шалбар, брюки, trousers)
3 топ

1.Тұрады ылғи сөреде,


Іші толы өнеге (Кітап, книга, book)

2 . Тыста – арқаңда, класта  - партаңда     ( портфель , сөмке, bag)

3. Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен (су, вода, water)
ІІІ бөлім: «Кім жылдам» бөлімі (арнайы плакатқа жазылған «ЖАСАМПАЗДЫҚ» (сөзінен сөз жасау, әрбір тапқан сөзге 1 ұпайдан, 3 топқа 3 плакат)

 

IV бөлім: «Деңгейлік тапсырмалар» (тақтада 10, 20 ,30 ,40, 50 деген сандар жазылған плакат ілулі тұрады, сандардың өсу ретімен сұрақтардың деңгейі қиындай түседі, әр тақырыпта «әділ қазылар» сұрағы болады. 3 тақырыпта сұрақтар қойылады)



1-тақырып._«Салт-дәстүр,_әдет-ғұрып,_ұлттық_ойындар»__2-тақырп._Қазақстан_республикасының_«Тіл_туралы»_заңы__3-тақрып._«Менің_елім_Қазақстан'>1-тақырып. «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық ойындар»

2-тақырп. Қазақстан республикасының «Тіл туралы» заңы

3-тақрып. «Менің елім Қазақстан»

1-тақырып. «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық ойындар»

10. Жігіт қызды атпен қуып, қуып жетсе бетінен сүйіп, қуып жете алмаса қыз жігітті қамшысымен ұратын қазақтың ұлттық ойыны қалай аталады? (Қыз қуу)

20. 182 құмалақтан тұратын қазақтың ұлттық ойын түрін атаңдар (тоғызқұмалақ)

30. 7 түрлі заттан пісірілетін тағам түрі (Наурыз көже)

40. 2 ойыншы аттың үстінде отырып, бір-бірімен күресіп, қарсыласын аттан құлатқан ойыншы жеңімпаз болатын ұлттық ойынды қалай атаймыз?

50. Дүниеге келген сәби алғашқы қадамдарын басқан кезде оған дәстүр бойынша не істеледі? (тұсау кесіледі)

2-тақырып. Қазақстан республикасының «Тіл туралы» заңы

10. Қазақстан республикасының «Тіл туралы» заңы неше тараудан тұрады? (6)

20. «ҚР Тілдер туралы» Заңы қабылданып, қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» статусы қай жылы берілді? (1989жыл, 22 қыркүйек)

30. «ҚР Тілдер туралы» Заңы Парламентте қайтадан талқыланып, ол ҚР Президентінің жарлығымен бекітілді. Бұл заң бойынша, қазақ тілі ҚР-ң мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып қашан өзгертілді? (11 шілде, 1997 жыл)

40. ҚР «Тіл туралы» заңның 5-ші тарауының тақырыбы қандай? ( Тілді құқықтық қорғау)

50. ҚР «Тіл туралы» Заңының 5-ші тарауы «Тілді құқықтық қорғау» қай баптарды қамтиды? (23-26 баптар)

3-тақырып. «Менің елім - Қазақстан»

10. Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)

20. Қазақстанда неше облыс бар? (14)

30. Қазақстанда неше қорық бар? (9)

40. Маңғыстау облысының орталығы қай қала? (Ақтау)

50. Қазақстанның ең биік тауы қандай? (Хан Тәңірі)

5. «Егер де мен... болсам» капинтандар сайысы. Әр топтың капитаны 3 тақырыптың біреуін таңдап, сол тақырыпта шағын ғана әңгіме құрастыруы керек. 5 минут уақыт беріледі.


}
Тақырыптар:
1. Ұшқыш

2. Президент болсам

3. Дәрігер


Каталог: uploads -> doc -> 10a1
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10a1 -> Сабақ: 10 Атмосфера Мектеп: №77 Асанбай Асқаров атындағы мектеп-лицей Күні
10a1 -> «Химия әлеміне саяхат»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет