«тіл білімінің негіздері» ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені



бет5/5
Дата12.03.2018
өлшемі0,99 Mb.
#39014
1   2   3   4   5

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
7 тақырыбы: Жазу және оның даму кезеңдері. Алфавит. Графика. Орфография. Орфоэпия. Транскрипция мәселесі
Мақсаты: Жазу және оның даму кезеңдері жайлы мәліметтер беру. Алфавит. Графика. Орфография. Орфоэпия. Транскрипция мәселесі жайлы мәліметтер беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.
Пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазуы т.б.

Қазақ графикасы — қоғамдағы түрлі тарихи-әлеуметтік өзгерістерге сәйкес бірнеше жазу нұсқаларына (араб, латын, кирил жазулары) бағындырылған, фонематикалық принципке сүйенетін қазақтың дыбыстық жазуы.



Орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Орфографияның жұп-жұбымен тізбектеле қолданылатын алты түрлі принципі бар. Олар мыналар: Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принцип, фонетикалық принцип, этимологиялық принцип пен дәстүрлік-тарихи принцип, дәстүрлік-тарихи принцип. морфологиялық принцип пен иероглиф принципі, иероглиф немесе символ принципі біркелкі дыбысталатын сөздерді яғни омонимдерді жазуда бір-бірінен ажырату үшін қолданылады.
Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды . Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипцияның ең негізгі қызметі – сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Орфоэпия(грекше orthos-дұрыс және epo- сөйлеу) сөздер мен бунақтардың (сөз тіркестерінің) бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы.

Бақылау сұрақтары: 
1. Жазудың шығуы мен даму кезеңдері жайлы не білесің?

2. Алфавит, графика дегеніміз не?



3. Орфография қандай ұстанымдарға сүйенеді? Орфоэпия дегеніміз не?. 4.Транскрипция дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
8 тақырыбы: Лексикология және оның түрлері мен салалары. Сөздің лексикалық мағынасының түрлері.Полисемия құбылысы. Омоним.Синоним.

Антоним.


Мақсаты: Лексикология және оның түрлері мен салалары. Сөздің лексикалық мағынасының түрлері мағлұмат бере келіп, полисемия,омоним, синоним, антоним жайлы түссінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Лексика - тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология тарихи лексикология және сипаттама лексикология болып бөлінеді. Лексикологияның енді бір саласы салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің сөздік құрамын,ондағы сан алуан сөздерді бір бірімен салыстыра отырып зерттейді.

Бұдан басқа лексиканың фразеология, терминология, диалектология, лексикография,этимология деп аталатын түрлері бар.

Сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар – омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер.

Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады.Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады. Антонимдер - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер.



Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі қазақ тілі лексикасы курсының зерттеу объектісі мен міндетіне не жатады?

2. Лексикологияның көлемі мен жіктелетін салалары

3.Омоним дегеніміз не, олардың пайда болу жолдары қандай?

4.Синонимдер дегеніміз не және олардың қандай жасалу жолдары бар?

5.Антонимдер дегеніміз не және антоним болатын сөз таптары қандай?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
9 тақырыбы: Табу мен эвфемизмдер. Этимология және халық этимологиясы
Мақсаты: Табу мен эвфемизмдер. Этимология және халық этимологиясы жайлы мағлұмат беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салып, оларды басқаша атайтын болған. Бұл құбылысты әдетте табу деп аталады. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөркілеу, қолайсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады.

Тарихи лексикологияның бір саласы-этимология. Этимология сөздің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті. Этимологиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы бар. Оның бірі - тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы. Сөз этимологиясы жайында қазақ тіл білімінде бұрын соңды айтылған пікірлер де жоқ емес. Қ.Жұбанов, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Н.Қарашева т.б. тәрізді тіл мамандары қазақ сөздерінің төркінін іздеудің ұстанымдарын, әдістерін сөз етумен қатар, кейбір жеке сөздердің этимологиясын да берді. Этимологияның ғылыми этимология, халықтық этимология және қызықты этимология деп аталатын түрлері бар. Бұлардың әрқайсысының қарастыратын нысандары бар. Қазақ тіл білімінде 1966ж. шыққан «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі » жарық көрді.



Бақылау сұрақтары:

1. Табу, эвфемизм дегеніміз не?

2. Табу мен эвфемизмдердің жасалу жолдары қандай? Кімдер зерттеген?

3. Дисфемизм дегеніміз не?

4. Этимология нені зерттейді?

5. Этимологияның қандай түрлері бар?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
10 тақырыбы: Тілдің сөздік құрамы. Фразеологиялық оралым және олардың түрлері. Лексикография және сөздіктердің түрлері
Мақсаты: Тілдің сөздік құрамы. Фразеологиялық оралым және олардың түрлері жайлы айта келіп, лексикография және сөздіктердің түрлері туралы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы сол тілдің сөздік құрамын немесе лексикасын құрайды. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Негізгі сөздік қор – бүкіл лексикалық байлықтың басты тұлғасы, негізгі ұйтқысы. Негізгі сөздік қор талай замандар бойында өмір сүреді де , тұрақтылық қасиетімен сипатталады. Негізгі сөздік қор уақыт өткен сайын , әрине, өзгереді, бірақ оның өзгеруі, тілдің сөздік құрамына қарағанда, баяу болады.

Фразеология - тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады. Фразеологиялық оралымдардың түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек.

Лексикография- грек тілінің lexis («сөз») және grapho («жазамын») деген сөздерден құралған сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Теоретикалық лексикография екі бөліктен құралады. Оның бірінші, негізгі бөлігі – лексикография теориясы болса, екінші бөлігі лексикография тарихы.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не? Негізгі сөздік қор дегеніміз не?

2.Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамының шығу арналарына на жатады?

3. Фразеологизмдердің түрлері қандай?

4. Фразеологиялық оралымдар құрылымы тұрғысынан қалай бөлінеді?

5. Лексикография нені зерттейді?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.

11 тақырыбы: Грамматика және оның салалары. Сөздердің морфологиялық құрылымы. Түбір морфема мен аффикстік морфемалар жайында



Мақсаты: Грамматика және оның салалары. Сөздердің морфологиялық құрылымы. Түбір морфема мен аффикстік морфемалар жайында жан-жақты түсінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар: Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді, өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді және сөйлемді алады. Тексеру нысанасының осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді. Морфология – сөз және олардың формалары туралы ілім. Сөздің формасы деген ұғымға сөздің негізгі түбірі де, сөздің туынды, біріккен, қосарланған, әр қилы қосымшалар қосылған түрлері де, сөз тіркестері де енеді. Екінші сөзбен айтқанда, сөздің формасы деген ұғым – сөзден сөз тудырып, сөз бен сөзді байланыстыратын тәсілдері де, сондай-ақ, сөзге қосымша мағына жамайтын өзге тәсілдерді де қамтиды. Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалқ мағынасы. Жалпы және жеке грамматикалық мағыналар. Сөз құрылысы. Морфема – сөздің ең кішкентай мағыналық бөлшегі екендігі. Түбір және аффикс морфемалар. Сөз тудырушы, форма тудырушы аффикстер. Сөз формасы. Сөз формасы негіз бен форма тудырушы аффикстің бірлігі екендігі. Синтетикалық және аналитикалық сөз формалары.

Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері. Аффиксация. Фузия. (флективтілік) және агглютинация. Көмекші сөөздер (предлог, септеулік шылау, артикль, көмекші етістік, жалғаулық шылау және жалғаулық мәнді сөз, демеулік шылау). Нөлдік морфемалық форма. Грамматикалық мағыналарды берудің өзге түрлері мен тәсілдері. Сөздердің орын тәртібі, дыбыстардың алмасуы және «ішкі флексия», екпін мен интонация, суплетивизм мен редупликация. Грамматикалық мағыналарды беру тәсілдерінің түрлі тілдерді әр қилы таралуы және тарихи құбылмалылығы. Граммтикалық категория жайлы ұғым. Грамматикалық және ұғымдық категориялар, олардың қарым-қатынасы.

Морфологиялық және синтаксистік грамматикалық категориялар. Лексико-грамматикалқ категориялар. Әр түрлі тілдердің грамматикалық категориялары арасындағы айырмашылықтар.

Бақылау сұрақтары: 
1.Грамматиканың қандай салалары бар?

2.Грамматиканың құрылысы дегеніміз не?



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
12 тақырыбы: Негізгі грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық тәсілдер мен формалар. Сөз таптары, шығуы мен дамуы
Мақсаты: Негізгі грамматикалық ұғымдар,грамматикалық тәсілдер мен формалар. Сөз таптары, шығуы мен дамуы туралы жан-жақты түсінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар:Грамматика тілдегі грамматикалық бірліктерді және ол бірліктердің әр басын қосып ұйымдастырып, қатынас жасауда іске жарататын, әрі олардың бір – біріне жігін ажырататын тәсілдерді, құралдарды зерттейді.  Грамматикалық негізгі бірліктер – морфема, сөз тіркесі және сөйлем. Грамматикалық мағыналар сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастар тіл – тілде түрлі – түрлі грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құралдар, амал – тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы әр түрлі қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар: афиксация тәсіл, сөздердің орын тәртібі, ішкі флекция, екпін тәсілдері де жатады.

Грамматикалық әрі өте маңызы, әрі күрделі мәселелерінің бірі – грамматикалық форма туралы мәселе. Грамматикалық форма туралы туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдармен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Ал грамматикалық тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады. 
Грамматикадағы маңызды ұғымдардың бірі – грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматикалық категория туралы ұғым грамматикалық мағына мен грамматикалық форма туралы ұғымдармен ұштасып жатады.

Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Мысалы: шақжақетіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр.

Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш ұстанымы бар: 


семантикалық, морфологиялық,  синтаксистік. 
С.Исаев қорытынды пікір ретінде қазақ тіліндегі он сөз табын көрсетеді: 
1. Зат есім 6. Етістік 
2. Сын есім 7. Еліктеу сөздер 
3. Сан есім 8. Шылаулар 
4. Есімдік 9. Одағай 
5. Үстеу 10. Модаль сөздер 
Бақылау сұрақтары:

1. Грамматикалық ұғымдарға не жатады?


2. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма дегеніміз не?
3. Грамматикалық категорияның түрлері қандай?

4. Қазақ тілінде сөздерді таптастыру  ұстанымдарына не жатады?


5. Сөз таптарының шығуы мен дамуы туралы қандай көзқарастар бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.



4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
13 тақырыбы: Синтаксис мәселелері. Сөздердің байланысу амалдары формалары, сөз тіркесі.Сөйлем мен оған тән белгілер.Сөйлем мен байымдау.
Мақсаты: Синтаксис мәселелері. Сөздердің байланысу амалдары формалары, сөз тіркесі.Сөйлем мен оған тән белгілер.Сөйлем мен байымдау.

Әдістемелік нұсқаулар: Синтаксис - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөздердің сөйлемде байланысуының белгілі заңдылығы бар, сөздер бір-бірімен белгілі бір тәсілдермен байланысады.  Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер төрт түрлі тәсіл арқылы байланысады: жалғаулар арқылы; шылаулар арқылы; сөздердің орын тіртібі арқылы және интонация арқылы. Осы амалдарды біз былай топтап атаймыз: қосымшалар синтетикалық тәсілдер деп, шылаулар, сөздердің орын тәртібі, интотацияны аналитикалық тәсілдер деп аталады. Осы аталған тәсілдерді қолданып сөз тіркестерін құрауда тілдің қалыптастырған формасы бар. Сөздердің тіркесу формасы 5 түрлі: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу.Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі. Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады.

Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас; Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз; Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма; Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті; Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз болып бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:
1. Синтаксис дегеніміз не?

2. Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?

3. Сөздердің байланысу амалдары мен формаларына не жатады?

4. Сөз тіркесі дегеніміз не?

5. Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
14 тақырыбы: Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуы. Тілдердің даму заңдылығы. Тілдердің қарым-қатынасы
Мақсаты: Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуы. Тілдердің даму заңдылығы. Тілдердің қарым-қатынасы жайлы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар:Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі проблеманы бір-бірімен ажыратып алу қажет: оның бірі – жалпы адам баласы тілінің шығуы, яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі – жеке, нақтылы тілдердің, мысалы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, араб тілі, испан тілі немесе француз тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір –бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда болуы сонау көне заманға – адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына, алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке нақтылы тілдердің немесе туыс тілдердің тобының жасалып құрылуы жалпы адамзат тілінің шығып пайда болу заманынан анағұрлым бертінгі дәуірлерде болған. Нақтылы, жеке тілдердің, мысалы, қазақ тілінің, орыс тілінің немесе ағылшын тілінің пайда болып жасалуын және олардың пайда болу дәуірін тарих пен лингвистика ғылымдары тұрғысынан зерттеп айқындауға болады. Ал жалпы адамзат тілінің шығуы, яғни адамдардың о баста сөйлеп үйренуі туралы проблеманы қарастырып айқындау үшін, тек қана тарихи-лингвистикалық зерттеулердің өзі тіптен жеткіліксіз болады. Адамзат тілінің шығуы адамның пайда болуы және адам баласы қоғамының пайда болуы тәрізді күрделі мәселелермен тығыз байланысты.

Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде көп үшырасқанымен, оның нақты анықтамасы жасалмаған. Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің шығуы.
2.Тілдің жасалуы
3.Тілдің өзара әсерлері
4. Тілдің дамуының жалпы заңдары.

5Тілдің дамуының жеке заңдары.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.

4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
15 тақырыбы: Тілдердің генеологиялық классификациясы. Тілдердің типологиялық классификациясы
Мақсаты: Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы, тілдердің типологиялық классификациясы, тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы жайлы түсінік беру.

Әдістемелік нұсқаулар:Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады. Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді: 1. Үндіевропа тілдері, 2. Афразиат тілдері: 3) Дравид тілдері,

4) Орал тілдері, 5) Алтай тілдері, 6) Чукот-камчат тілдері жатады. Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды.

2. Тілдердің типологиялық классификациясы Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді: 1. Фонетикалық типология, 2. Синтаксистік типология. 3. Морфологиялық типология.Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ.

Бақылау сұрақтары: 

1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы.

2. Тілдердің типологиялық классификациясы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010

2. Исаев . С.  Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011

3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.



4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.


  1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ



СӨЖ

Тексеру формасы.

1. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны

Конспект

2. Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі. Тіл мен ойлау

Конспект

3. Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы мен дамуы

Реферат

4. Тілдердің генеологиялық классификациясы

Реферат

5 . Тілдердің типологиялық классификациясы

Конспект

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет