Тарих-кафедрасы



бет1/7
Дата19.10.2023
өлшемі44,35 Kb.
#186612
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БӨЖ ЭТНОЛОГИЯ 2
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ

ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-КАФЕДРАСЫ

БӨЖ
Тақырыбы: Дүние жүзі тілдері.



Орындаған: Садуллаев Ш.
Қабылдаған: Т.ғ.к, доц. Примкулова Г.
Тобы: ТТА-111

Жоспар


ТАРИХ-КАФЕДРАСЫ 1
КІРІСПЕ 3
1. Дүние жүзі тілдері 4
2. Дүние жүзі тілдерінің жіктелуі 5
Үндіеуропа тілдері шоғыры 5
Алтай тілдері макрошоғыры 7
Орал тілдері макрошоғыры 8
Қытай-Тибет тілдері шоғыры 10
3. Типологиялық жіктелім 10
ҚОРЫТЫНДЫ 14
Қолданылған әдебиеттер 15



КІРІСПЕ


Дүние жүзінде шамамен 7 мың тіл бар. Олардың ішінде тайпа тілдері дс, халық тілдері де, ұлт тілдері де жоқ емес. Кейбір тілдер кең қолданылып, халықаралық тілдер дәрежесіне дейін жеткен. Олар: қытай, ағылшын, испан, орыс, араб, француз тілдері.
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдерді екі түрлі тұрғыдан топтастырады: біріншісі - тілдің шығу тегі тұрғысынан, яғни туыстығы, бір негіз тілден бөлініп шыққандығы тұрғысынан; екшшісі - шығу тегіне байланыстырылмай, грамматикалық құрылысы мен типінің ұқсастығы тұрғысынан. Топтастырудың бірінші түрі - тілдердің генеалогиялық топтастырылуы, екінші түрі типологиялық (немесе морфологиялық) топтастырылу деп аталынады.
Дүние жүзіндегі тілдер өздерінің шығу тегінің бірлігіне, яғни туыстығына қарай әр түрлі семьяларға, семьялар әр түрлі топтарға бөлінеді.
Семья деген термин - шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарының жиынтығы дегенді білдіреді. Ал топ деген термин - бір семьяға жататын, бірақ туыстығы басқаларға қарағанда тіптен жақын тілдерді білдіреді. Мысалы, түркі тілдері өзара туыстас тілдер. Олар жалпы түркілік бір негізден шыққан. Сондықтан оларды түркі тілдер семьясы деп атаймыз. Ал роман тілдері үндіеуропа тілдер семьясына жатады. Оның ішінде өздері бір негізден, яғни латын тілінен шыққандығына орай олар роман тілдері тобын құрайды. Үңдіеуропа тілдер семьясына жататын герман тілдерінің негізі грек тілі болғандықтан олар өз алдына бөлек топ құрайды.
Тілдердің туыстығы, өзара жақындық дәрежесі әр түрлі. Сондықтан туыстас тілдердің кейбіреулері бір-бірімен өте жақын болуы мүмкін, кейбіреулері алшағырақ болуы мүмкін. Мысалы, бір ғана ундіеуропа тілдер семьясына жататын тілдердің бәрі де туыстас тілдер. Алайда бұлардың бір-біріне жақыңдық дәрежесі біркелкі емес. Сондықтан да, үндіеуропа тілдер семьясы өз ішінде: 1) славян тілдері, 2) роман тілдері, 3) герман тілдері, 4) индия тілдері, 5) иран тілдері деген сияқты т.б. топтарға бөлінеді.
Осындай белгілеріне қарап жоғарыда аталған топтардың әрқайсысы өз ішінде тағы да бірнеше кіші топтарға (подгруппаларға) бөлінеді. Мысалы, славян тілдер тобы өз ішінде: 1) шығыс славян, 2) оңтүстік славян 3) батыс славян тілдері болып үш кіші топқа бөлінсе, түркі тілдер семьясына жататын тілдер де өз ішінде осылай үлкен топтар мен кіші топтарға жіктеліне алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет