Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуін дамытуда қайталанудың маңызы



бет16/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
20. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуін дамытуда қайталанудың маңызы
Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасауға, заттық және әр түрлі ойын әрекеттерінде, ойлау әрекетінің көрнекі-заттық түріне, естуіне, көруіне, иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына үлкен назар аудару қажет. Осымен бірге ересек адамның сөйлеу тілі баланың фонематикалық есту қабілетінің, белсенді сөз қорының, сөздің мағынасын түсінуінің дамуына өз үлесін қосады.
Сөздік қор мен грамматикалық қатардың дамуы қайталау арқылы меңгеріледі. Баланың грамматикалық қатардағы тілді меңгеру процесі күрделі және көпқырлы екенін сипаттай келе А.И. Гвоздев ең алдымен баланың нақты және оңай категорияны тез меңгеретіндігін жазды.
Басты назарды баланың сөйлеу тілінің негізгі түрі – қарым-қатынас түріне аудару керек. Себебі, ол баланың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуының бірден-бір тәсілі.

21.Монологтық мөйлеуді оқыту әдістері-тәулсіз әңгіме және қайталау
МОНОЛОГ Монолог бұл мүлде реплика емес, қоршаған ортаға әдейі әсер ету болып саналатын ойды жеңілдетіп сөздік формаға келтірілген жүйе.Монолог күнделікті өмірде кездесе бермейді, өйткені ол кітаби стиль. Монологтың өзі әр түрлі болып келеді. Олар суреттеу монологы, баяндау монологы, сонымен қатар пікір айту монологы. Суреттеу монологы – бір мезгілде болатын фактілер туралы айту, ал баяндау монологы бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту. Балаларға монологтық тілді үйрету өте қиын, себебі олар монологтық тілі күнделікті өмірдегі ересектер сөзінен өте сирек естиді. Сондықтан тәрбиеші балабақша жасындағы балаларға монологты үйретуге көп көңіл бөлуі керек. Балалар монологтық тілді түсіне алуы және өз хабарын беруде оны пайдалана білуі үшін, олар соған сәйкес синтаксистік құрылымдарды білуі қажет.Монологты үйрету диалогты оқыту сияқты әр топ балаларында әр түрлі жүргізіледі.
СУРЕТТЕУ МОНОЛОГЫ – бір мезгілде болатын фактілер туралы айту БАЯНДАУ МОНОЛОГЫ- бірінің соңынан бірі келетін фактілер туралы айту. ПІКІР АЙТУ МОНОЛОГЫ- себеп-салдарлық қатынаста болатын фактілер туралы айту.
Сонымен, балалар бақшасының тәрбиешісінің жауапты міндеті – балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін, мақсатқа сәйкес дидактикалық материалдар табуға күш салуы керек, яғни, тәрбиеші баланың байланыстыра сөйлеуін дамыту үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн. Ал, әдіс-тәсілдерді дұрыс, тиімді пайдалану үшін тәрбиеші шебер, сонымен қатар, ізденгіш болуы керек. Көп ізденген тәрбиеші көптеген жаңа әдіс-тәсілдер ойлап табу арқылы баланың тілін жетілдіреді, олардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын биікке көтере алады. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету барысында олардың психологиясы әр түрлі болып келеді. Мектепке дейінгі ұйымда балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне сай топқа бөлінеді. Байланыстыра сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын диалог осы әр топтағы балаларға әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Балаларды байланыстырып сөйлеуге кез келген уақытта үйретуге болады, яғни ойын кезінде,немесе бос уақытты пайдаланып картиналар көрсету,ертегі немесе балаларға таныс әңгімені оқып беріп,сұрақтар қоя отырып балалардан жауап алу арқылы да жүзеге асыра білу тәрбиешінің тәжірибелілігіне байланысты.
Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.
Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі - бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән байымдау, синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді (единицаларды) таңдап жұмсау, біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл аталған белгілердің сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем монолог, шешендік сөз, тұрмыстағы әңгіме т. б.), функциональдық-коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әр түрлі монологтар көрініс береді. Жанрішілік айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылымы баяндама, үгіт-насихат мақсатындағы сез т. б.) монологтың стилистикалық ерекшіліктерін танытады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, монологтың белсенді болуы (риторикалық сұрақтардың жиі ұшырасуы, аудиторияға тікелей қарата сөйлеу дәстүрі т. б.) оны "диалогтандыра түседі", яғни адресаттарды (тыңдаушылар мен оқырмандарды) сөйлеуші немесе жазушы өзінің ойына етене араластыра алады. Монологтың бір көрінісі ретінде көркем шығармада, әсіресе, прозалық дүниедегі авторлық баяндау, бір жағынан, әдеби тілді ауызекі сөйлеу тіліне біршама жақындатса, екінші жағынан, тыңдармандар мен оқырмандарды оқиғаға араластырып жіберетін ұлы сөз зергерлері де бар. Демек, монолог туралы сөз болғанда, тек көркем әдебиеттегі мысалдарды келтіру бір жақты болады. Ғылыми баяндамада да, көпшілік алдында сөйлегенде де, екеу, үшеу ара сөйлескенде де, монологтың шебер құрылуы арқылы тыңдармандарымен диалог құрып кететін шешендер де болады.
Біліктіліктері
· хабарды хабарлама, баяндама, шағын сөз сөйлеу түрінде бере алу;
· хабарламаның тақырыбын, мәселесін, негізгі ойларын құрастыра алу;
· хабарламаның ауызша жоспарын жасай алу; · ауызша реферат дайындай алу; · фактілерге, құбылыстарға, жағдайларға түсініктеме бере алу;
· фактілерді, жағдайларды, құбылыстарды, кейіпкерлерді мазмұндау; · афоризмдерге, ұлылардың сөздеріне түсініктеме беру;
· нақты фактілерді логикалық бірізділікпен бере алу;
· оқылған немесе тыңдалған мәтіннің мазмұнын қысқаша/толық айтып беру; · оқылған немесе тыңдалған мәтін бойынша түйін (резюме) жасай алу;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет