Тіл дамыту және жазба жұмыстарының әдістемесі


Әдебиет сабағында оқушының ойлау әрекетіне негізделген шығармашылығын дамыту әдістері



бет4/5
Дата02.12.2023
өлшемі84,45 Kb.
#194518
1   2   3   4   5
Байланысты:
жазба эссе
2 Мозговой отдел головы 2018, ссылка

Әдебиет сабағында оқушының ойлау әрекетіне негізделген шығармашылығын дамыту әдістері

Жазу дегеніміз жаңа нәрсе құрастыру, ол - конструктивтік әрекет, шығармашылық.

Еркін жазу, Бес жолды өлең, Елес құшағында, РАФТ, Дәлелді эссе, Жазу семинары, Шығу парағы, Қос жазба күнделігі, Үш жазба күнделігі, Жазбаша интервью алу, Білемін-Білгім келеді-Үйрендім кестесі, әртүрлі графикалық органайзерлер – Венн диаграммасы, М-диаграммасы, W-диаграммасы, Х-кестесі, +-кестесі, Т-кестесі, Концептуалды кесте, Семантикалық кесте, INSERT-кестесі. «Авторға сұрақ қою» стратегиясы

  • Жазба жұмысы Академиялық эссе түрі бойынша жазылады. Академиялық эссе ұзақ және қысқа мерзімді қамтиды. Зерттеу жұмыстарына ұзақ мерзімді академиялық эссе тән. Ұзақ мерзімді академиялық эссеге кеңейтілген эссе түрі жатады. Оқушы қызығушылығымен таңдап алған тақырыбына зерттеу жүргізеді. Зерттеу 1- 1,5 жыл мөлшерін қамтуы мүмкін. Қысқа мерзімді академиялық эссе білім алушының оқыған, талдаған, сараптаған білімін бағалау үшін беріледі. Қысқа мерзімді академиялық эссе емтиханға бөлінген уақытта орындалады. Академиялық эссе кез келген пәндер: жаратылыс, гуманитарлық, тіл, әдебиет бойынша жазылады. Әр пән функционалдық міндетіне сәйкес білім алушының білім нәтижесін бағалауға бағыттайды. Ана тілі мен әдебиеті пәндерінің қорытынды аттестаттау емтиханында әдеби эссе жазады. Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатына қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сыни эссе, әдебисинтез эссе, әдеби-дәлелдеме эссе, әдеби-салыстырмалы эссе, әдеби-шығармашылық эссе болып бөлінеді. Әдеби эссенің әр түрінің жазу әдістері бар. Әдеби-талдау эссені туындыға талдау жасай отырып жазады. Әдеби-сыни эсседе автор көзқарасына, автор бейнесіне, автор үлесіне сыни көзқарасын, пікірін білдіріп жазады. Әдеби-синтез эсседе бір тақырыптың бірнеше туындыдағы көрінісін талдай келе, шешім шығарады. Шешіміне талдау жүргізе отырып, қорытындыға келеді. Әдеби-дәлелдеме эсседе өз ұстанымын көрсете отырып, аргументтер арқылы дәлелдеп жазады. Әдебисалыстырмалы эсседе туындыны басқа туындымен және сол 6 туындыдағы кейіпкерлерді, оқиғаны салыстыра отырып, талдап жазады. Әдеби-шығармашылық эсседе көркем туындыдағы оқиғаны өз шығармашылығымен оқиға тудырып және кейіпкер рөліне еніп немесе оқиға уақытына, мекеніне түсіп, сезімін, ойын, жай-күйін баяндап, сипаттап, суреттеп жазады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет