Тіл дамыту және жазба жұмыстарының әдістемесі


Шығарма екі түрлі бағытта жазылады



бет5/5
Дата02.12.2023
өлшемі84,45 Kb.
#194518
1   2   3   4   5
Байланысты:
жазба эссе
2 Мозговой отдел головы 2018, ссылка
Шығарма екі түрлі бағытта жазылады
1.Әдеби талдау шығармасы. Мұндай шығарма белгілі бір әдеби шығарманы талдауға арналады. Мектеп бағдарламасында оқылған көркем шығарманың белгілі бір проблематикасы (көркемдігі, образдар жүйесі, композициясы мен тілі, идеясы мен тип мәселесі т.б.) шығарма тақырыбы бола алады. Мысалы, «Абай поэзиясының көркем тілі», «эпопеядағы Абай образы» т.б. Кейде белгілі бір кезеңдегі әдеби үрдіс пен жазушы шығармашылығына байланысты жинақтау мен шолу мәселелері де тақырыпқа алынады. («Бақытсыз Жамал»- қазақтың тұңғыш романы», «Абай сатирасы», т.б.
2. Іздену бағытындағы шығарма –еркін тақырыпқа арналған шығармалар. Еркін тақырыпқа өмір-тұрмыстағы, қоғамдағы кез-келген құбылыстар тақырып болады. Еркін тақырып мақсаты- оқушының білім-білігін, аналитикалық ойлау, пікірін дәлелдей алу, көзқарасын тұжырымдай білу машығын тексеру.
Жазба жұмыс түрлері
Мазмұндама- 5-8 сыныптарда байланыстыра сөйлей білу және түсінігін шебер, айқын баяндау дағдыларын дамыту мақсатында жаздырылады. Мазмұндама білімдік, тәрбиелік мақсатта, бағдарламадан және одан тыс мәтіндерден алынады. Мазмұндаманы мұғалім бір-екі рет мәнерлеп оқып шығады, бір оқушы немесе мұғалім мазмұнын әңгімелейді. Оқушылардың өздеріне жоспар құрғыз құрғызуға болады. Жоспар мәтінді жүйелі баяндауға, ой шашыраңқы болмауына септігін тигізеді
Шығарма – 9-11 сыныптарда оқушының әдебиеттен алған білімінің шығармашылық сипатын танытатын, көркемдік-эстетикалық талғамы мен қаламгерлік икем-машығын көрсететін көрнекті жұмыс. Шығарма –оқушының әдеби білімі мен шығарманы талдау қабілетін, алған әсерін көркем тілмен баяндай білу шеберлігін, ой-пікірін, баға беру, тұжырымдау дағдысын дамытады. Шығармаға жоспар құрылады, эпиграф таба білсе мазмұн ашыла түседі.
Жазба жұмыс көлемі
Мазмұндама мәтінінің көлемі 5-9 сыныптарда:
5 сынып – 100-150 сөз
6 сынып – 150-200 сөз
7 сынып – 200-250 сөз
8 сынып – 250-350 сөз
9 сынып – 35 0-450 сөз
5-8 және 9-11 сынаптардағы шығарма жұмысының көлемі:
5 сынып – 1,5 бет
6 сынып – 1,5-2 бет
7 сынып – 2-2,5 бет
8 сынып – 2,5 -3 бет
9 сынып – 3- 4 бет
10 сынып -4-5 бет
11 сынып - 5-7 бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет