Тіл дамыту және жазба жұмыстарының әдістемесі



бет2/5
Дата02.12.2023
өлшемі84,45 Kb.
#194518
1   2   3   4   5
Байланысты:
жазба эссе
2 Мозговой отдел головы 2018, ссылка
ЭССЕ

ШЫҒАРМА

Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai –тәжірбие, лат.т. exagium – құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі.

Эссенің қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.

Шығармада жоспарды жазу міндетті.

Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.

Шығарма көркем мәтінді талдауға негізделеді.

Эссенің мақсаты – оқушының сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтау

Шығарманың мақсаты – жазылым тілін, логикалық ойлауды дамыту. Шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен тиісті орнын өз танымымен көркемдеп бере алу.

Эссе жанрын ашқан француз ойшылы Мишель Монтень (“Тәжірибелер”, 1580 ж.).

  • Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai – тәжірбие, лат.т. exagium халқының – құрау) – философиялық, әдеби, білімін тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа салада ғана емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.
  • Эссе – қысқа очерк-еркін стильде ойлау. Эссе нақты мәселе бойынша жеке әсер мен пікірді білдіреді және пәнді толық түсіндіруді талап етпейді. Эссе өз бетінше шығармашылық ойлау деңгейін, ақпаратты құрылымдап, себеп-салдарлық байланыстарды бөліп, өз тұжырымдарын дәлелдей алуды көрсетеді.
  • Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет