Тіл дамуының кемшіліктерін түзетуге арналған сабақтың жеке жоспары Оқушының аты-жөні: Саниева Аяжан Сынып: 4 «А» Күні: Мақсаты: ж



Дата14.12.2021
өлшемі14,88 Kb.
#126662
түріСабақ
Байланысты:
жеке сабак
жеке сабак

Тіл дамуының кемшіліктерін түзетуге арналған сабақтың жеке жоспары

Оқушының аты-жөні: Саниева Аяжан

Сынып: 4 «А»

Күні:

Мақсаты: жалпы сөйлеу тілін дамыту.

Міндеттері:



Білімділік: ерінге, тілге, саусақтарға, фонематикалық процестерінің дамуына әсер ететін жаттығулар жиынтығын дұрыс орындай білу.

Түзету-дамыту: сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысы мен фонематикалық естуін, психикалық процестерін дамыту. Есту зейіні мен қабылдауын және сөйлеу тілді түсінуін дамыту.

Тәрбиелік: сабаққа қызығушылығын арттыру.

Сөздік: жағымды, жағымсыз,дұрыс, бұрыс сөздерінің мағынасын түсіну сол бойынша әрекеттерін түзеу.

Көрнекілік: айна,музыкалық аспаптар,тақырыптық-сюжеттік суреттер, шар, моншақтар, дәптер.

Сабақ барысы

п/п

Сабақтың кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Нәтиже

1

Ұйымдасты

ру кезеңі

  • Сәлеметсің бе!!!

  • Ыңғайланып, тік отырамыз, аятарды дұрыс , қолымызды үстелге қоямыз

Сәлеметсіз бе!




2

Артикуляциялық гимнастика

Ерінге және бетке арналған жаттығулар:

Сағат – ауыз ашық, тіліміздің ұшын ерніміздің екі жақ шетіне кезек-кезек апарамыз.

Футбол – ауыз жабық. Тілімізді ұртымызға батыра тигіземіз.


Бала өзі, немесе еліктеу арқылы, я болмаса үлкеннің көмегі арқылы орындайды.




3

Тыныс алу мен дауысқа арналған жаттығулар

Ауыз және мұрын арқылы дем алуды ажырату


Үрлейді




4

Саусақ гимнастикасы

«Саусақтар сәлемдеседі» - бас бармақ әрбір саусақтармен кез-кезек түйсістіру.

Бас бармағым бастап берді,

Саусақтарым ән сап берді.

Шылдыр шүмек шылдырлады,

Кіші бөбек былдырлады.

Саусақ ойыны

Жіпті домалақ тесіктерден өткізу.


Алдымен оң, сол қолымен сосын екі қолымен бірдей жасайды..




5

Сылау және өзіндік сылау

«Ғажайып нүктелер»

«Басымызды жуамыз» саусақ ұшымен басты белгілі бір бағытқа қарай сылау.



Бала өзі орындайды.




6

Фонематикалық естуі мен қабылдауын дамыту

Дыбыс күші бойынша ажырату:

Д/о: «Ойыншықтарды сәйкестендір»



Айтылған ойыншықтарды шеңбердегі ойыншықтармен сәйкестендіру.


Мұғалімнің айтқан ойыншықтарын, суреттегі берілген шеңбердегі ойыншықтармен сәйкестендіреді.




7

Қорытынды


- Жарайсың барлығын дұрыс орындадың.


- Сау бол!






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет